Архив рубрики: Жол саласы

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 10 МЫҢНАН АСТАМ ШЕТЕЛ КӨЛІГІ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

Бұл туралы  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков мәлімдеді.
ҚР Президенті Қ.Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінген шетел автокөліктерін біржолғы заңдастыру туралы айтқан болатын. Осыған сәйкес, елімізде автокөліктерді тіркеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Спикердің айтуынша елімізге шетелден әкелінген көліктерді тіркеп, қазақстандық нөмір беру бағытында бір реттік акция өткізілген. Ал Түркістан облысында 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелмеген шетелдік көліктерді заңдастыруды жүргізу туралы тапсырма сапалы орындалған. Ал 2023 жылдың 30 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіркеу нөмерін алуға 19231 өтініш түскен. Оның ішінде 10615 автокөлік құралы тіркеліп заңдастырылып, 8616 автокөлік құралы заңдастырудан бас тартылған. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, еліміздің аумағына конструкторлық жолмен бөлшектеніп әкелінген шетелдік 250 автокөлік тіркеліп рәсімделген.
Осы ретте Алмасхан Тастанбеков Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Түркістан облысының полицейлері жүйелі жұмыстар атқарып жатқандығын және «Шетелдік көліктерді уақытша тіркеу туралы» енгізілген өзгерістердің тәртібін түсіндіріп өтті.
«Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген және заңдастырудан өтпеген автомобильдерді мемлекеттік тіркеу жөніндегі жұмысты көрсетілген мерзім өткеннен кейін кері әкету немесе бастапқы тіркеуден өту туралы міндеттеме қойылды. Яғни 5 жыл мерзімге уақытша есепке алу рәсімі енгізіліп, облысымызда осы бойынша жалпы 297 өтініш түсті. Оның ішінде 289 автокөлік құралы уақытша тіркеуге алынып, 8 көлік құралы уақытша тіркеуден бас тартылды. Осы орайда өңір тұрғындарын заңдастырылған көліктерді сатып алуға шақырамын. Өз кезегінде полицейлер заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, көлік құралдарын заңдастыру кезінде заңдылықты сақтау мәселелері қатаң бақылауда тұрғандығын ескертеміз»,- деді Алмасхан Мамбетұлы.

Автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 87%-дан 92%-ға өсті.

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті төртінші сессиясында Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов 2022 жылы атқарылған жұмыстардың есебін баяндады. Айта кетейік, бұған дейін депутаттардан құрылған тексеру комиссиясы өңірдегі жолдардың сапасын бақылау,  танысу мақсатында арнайы сапарларға шыққан болатын. Тиісінше,комиссия мүшелері өңірдегі жол саласындағы жұмыстармен танысып, сессия отырысында оң бағаларын берді.
 
Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 503,9 шақырымды құрайды.
2022 жылы облыс аумағында құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 794 нысан н/е 2 094,9 шқ. жолдар мен көшелер қамтылып, жыл қорытындысымен 645 нысан н/е 1 247,5 шқ. жол мен көше пайдалануға берілген.
Соған сәйкес, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2022 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 87%-дан 92%-ға өсті.
Оның ішінде бақарманың тапсырысымен 2022 жылы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарды жөндеуде негізгі басымдық – облыс орталығы мен үлкен елді мекендерді «БЕ-БҚ» дәлізімен қосатын және туристік бағыттағы жолдарға берілді. Атап өтсек:
Төлеби ауданындағы Қасқасу және Біркөлік елді мекендеріндегі туристтік нысандарға баратын 18 шақырым жолдар толық жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.
Отырар ауданындағы Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындар тізіміне енген Отырар ескі қалашығына баратын 16,9 шақырым жол жөндеуден өтіп, халық игілігіне берілді.
Сауран ауданы тұрғындарын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын Шорнақ, Бабайқорған, Қарашық және Жүйнек елді мекендерінен өтетін 52,6 шақырым облыстық маңызы бар жолдар жөндеу жұмыстарымен қамтылып, 2022 жылдың қорытындысымен толық пайдалануға берілді.
Түлкібас ауданының Келтемашат, Даубаба және Састөбе бағытындағы 37,6 шақырымды құрайтын жолдарға күрделі және орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.
Қазығұрт ауданындағы Тұрбат, Қақпақ, Қаржан, Жаңабазар елді мекендерін «БЕ-БҚ» көлік дәлізіне қосатын 56,7 шақырымдық күре жолдар орташа жөндеуден өткізілді.
Ордабасы ауданындағы Бадам, Шұбар, Қайнар, Ұялыжар, Теспе елді мекендерін «БЕ-БҚ» көлік дәлізімен жалғайтын 53,4 шақырым жолдарда асфальт жабындылары жаңартылды.
Бәйдібек ауданы аумағындағы Шаян-Жамбыл, Мыңбұлақ-Нұра, Шалдар-Сарқырама-Бірлік бағыттарындағы 71,4 шақырым жолдар жөнделіп, халық игілігіне берілді.
Жетісай ауданының Сұлубұлақ, Үтіртөбе, Көктөбе елді мекендерін қосатын 11,5 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, толық пайдалануға берілді.
Келес ауданындағы Жаңадәуір, Ынтымақ, 28 гвардияшылар, Диқан, Қазақстан ауылдарын қосатын 15 шақырым жол орташа жөндеуден өткізілді.
Сайрам ауданының Көлкент, Ақсуабад, Әйтекеби және Сайрам, Абдуллабад елді мекендерін жалғайтын 38,2 шақырым жолдарға күрделі және ортташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, 1 көпір күрделі жөндеу және 4 көпір ағымдағы жөндеу жұмыстарымен қамтылып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, 2023 жылы автомобиль жолдарының құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 660 нысан н/е 1594,2 шқ. жолдар мен көшелер қамтылып жұмыстар жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 604 нысан н/е 1238,3 шқ. пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.