Архив рубрики: Қоғам

«Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл

8 жыл ішінде Мемлекеттік корпорация 302 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы 1281 қызмет түрін алуға болады. Оның 41-і қағаз жүзінде, 486 қызмет – қағаз және электронды түрдежәне 754-і тек электронды түрде көрсетіледі.

2023 жылдың қорытындысы бойынша сұранысқаие мемлекеттік қызметтердің көшін бастаған электрондық цифрлық қолтаңба алу қызметі. Оған3,4 млн рет тапсырыс берілген. Екінші орынға – көлік құралдарын тіркеу, үшінші орынға – жүргізуші куәліктерін алу орналасты.

Қазіргі таңдағы «Азаматтарға арналған үкімет» — бұл еліміз бойынша 263 ХҚКО мен 25 автодромы бар 30 мамандандырылған ХҚКО (арнайы секторларды қоса алғанда), 7 көші-қон қызметтері орталығы және 35 сектор (сұранысқа ие қызметтерді көрсететін бөлім).

«Азаматтарға арналған үкімет» — халық үніне құлақ асатын мемлекеттің бейнесі. Біз арқылы билікке жүгініп, біз арқылы жауаптар алынады және біздің міндетіміз – тиімді әрі жылдам байланыс орнату. Жақын уақыттағы ең өзекті міндет – қазақстандықтар үшін қолжетімді және неғұрлым ашық цифрлық мемлекет құру.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің тапсырмасы бойынша басқа ведомстволармен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі барлық платформаларды бірыңғай кеңістікке біріктіреміз. ИАЖ ХҚКО 2.0, 1414 байланыс орталығы,eGov.kz, eGov mobile смартфонда, үйдегі компьютерде, оператордың мониторында бір интерфейске ие және кез келген құрылғыдан қызмет алуды бастап, басқа құрылғыдан аяқтауға мүмкіндік береді және қызмет алуды қолжетімді етеді — деді «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

«Азаматтарға арналған үкіметтің» ең іріжобалары:

• «ХҚКО» мобильді қосымшасының іскеқосылуы;

  «Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры» жүйесінің құрылуы;

• АХАТ қызметінің Мемлекеттік корпорацияға өтуі;

• connection points желісін құру– мемлекеттік қызметтерді қоғамдық орындарда, мысалы, сауда орталықтарында алу мүмкіндігі;

• жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру ЖЖЕ 3.0 жүйесін енгізу.

Естеріңізге сала кетейік,» Азаматтарға арналған үкіметтің» құрылғанына 8 жыл. 2016 жылы 7 сәуірде әділет органдарында жаңа коммерциялық емес акционерлік қоғам тіркелді. Оның міндеті»мемлекеттік қызметтерді алуға өтініштерді қабылдау және нәтижесін «бір терезе» қағидатыбойынша беру.

Қ.Балабиев: Өзен, көлге жақын орналасқан ауылдарды қажетті техникамен қамтамасыз ету қажет

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев су тасқынына байланысты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады.
Солтүстік, Батыс, Шығыс және орталық Қазақстанда күн жылынып, қар еріп, өзен-көлдер тасып, тоң боп қатқан жерге сіңбей бірқатар ауылдарды су басты. Бұны төтенше жағдай деуге келмейді. Себебі, бұл апат солтүстікке де көктемнің ерте келетінін, демек, әр маусымға мерзімді дайындық жүргізу керектігін дәлелдеді. Өкінішке қарай, аймақтар су тасқынына да дайын болмай шықты.

Салғырттық танытқандарға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатаң сөгіс жариялап, төтенше жағдайды өз бақылауына алды.

Былтыр Семейде орман өртенгенде де ешбір стихиямен күресуге қауқарсыз екенімізге көзіміз жетті. Содан кейін республикалық бюджеттен өрт сөндіру қызметін қажетті құрал-жабдықпен жабдықтауға қыруар қаржы бөлінді. Алайда, алыстағы ауылдарға сол комплектацияның түгел жеткеніне күмән бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында да, халыққа арнаған Жолдауларында да табиғи жолмен келген су ресурстарын тиімді басқару әрі пайдалану, каналдарды, дренаждарды қалпына келтіру, қосымша су қоймаларын салу сияқты маңызды мәселелер көтерілген. Арнайы Су ресурстары және ирригация министрлігі де құрылды. Су көздерін экологиялық зерттейтін мамандар жұмыс істеу керек еді. Бір жылда татымды тірлік тындырмаған, жарты айда не жарытады?

Төтенше жағдайлар министрлігі ше, тек төтеннен қауіп төніп, төтенше жағдай орнағанда қимылдап, апаттың алдын алумен қашан айналысады? Қазір көктем мезгілі. Күн райы осылай жылынып, жауынды-шашынды бола берсе, апаттың атасы алда келе жатыр деген сөз. Өйткені, елімізге көрші мемлекеттерден келетін өзендер бар, өздерінде су артығымен жинала бастаса, бізге қарай жөнелтеді. Бұл жағдайда қайтпек керек?

Топан су мен сел тұрмақ, әлемде цунами мен вулканнан қорғану шараларын қабылдаған елдер бар. Нидерландының қырық жыл бойы салған дамбасының арқасында, мұхиттың толқынынан сақтанып жатқаны әлемді мойындатқаны былай тұрсын, су тасығанда су бетінде де қалқып тұра беретін тұрғын үйлер мен фермалар, кәсіпорындар құрастырып қойған.

Ал, жапондар 13 жыл жасаған резервуар мен коллекторға тасқын суды құйып алып, 38 млн адам тұратын Токио жұртын апаттан аман сақтандырып жатыр.

Жалпы, түрлі табиғи суларды басқару әрі реттеуде дүниежүзі неше түрлі технология мен жобаларды жүзеге асырып жатыр.

Ал, біздің құзырлы министрліктер мен атқарушы биліктің, қала берді ғалымдардың жайбасарлығы, жыл сайын қаншама ауылдың су тасқынынан зардап шегуіне жол беріп отыр. Бұл жолдар мен ғимараттардың сапасыздығын, кей жерлерде жолдың жоқтығын көрсетіп берді. Апатты аймақтарда елмен бірге жүрген әріптестердің айтуынша, техниканың да, қайықтардың да, тіпті резеңке етіктердің жеткіліксіздігін айтуда.

Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, төмендегідей ұсыныстарды:

1) Қазақстандағы барлық өзендердің жағасының ерекше су қорғау аумағын 4 шақырымға дейін ұзарту, мемлекет қорғауындағы аумаққа жатқызу нормативтерін енгізуді;

2) тұрғын үй салу мен жер бөлу кезінде өзен, көл, су қоймасының жағасынан 100 шақырым қашықта салу және қырға қоныстандыруды, ауылдардың сәулетін реттеуді;

3) ауыл маңынан өтетін өзендердің табанын тазалауды, одан шыққан құмды көктемгі су тасқынынан сақтану шаралына, яғни, бөгеттерге пайдалануды;

4) Ертіс, Жайық, Есіл, Нұра, Тобыл, Еділ, Іле, Шу, Сырдария сияқты және таулардан ағатын трансшекаралық сулар құйылатын өзендердің қар мен жаңбыр суы қосылғанда тасып кетпеуі үшін және ауылдарды басып қалмауы үшін жасанды арналар немесе өзендер жасауды, солар арқылы аса қауіпті аумақтарда табиғи суларды айдайтын су қоймаларын салуды;

5) Кеңес өкіметінің кезінде жұмыс істегендей су соратын дренаждар мен насостарды қайта орналастыруды;

6) өзен, көлге жақын орналасқан ауылдарды қажетті техника, қайық және арнайы формалармен қамтамасыз етуді;

7) құтқарушылар қызметінің штаттық бірлігін көбейтуді;

қалалар мен ауылдарда ирригация, кәріз, дренаж жүйелерін әлемдік тәжірибеге сүйеніп жасауды және жауған жаңбыр, еріген қар суының арықтар арқылы, өзен, көлдерге немесе каналдарға құятын етіп құбырлар тарту жобасын жасауды;

9) барлық қалалар мен ауылдарда қардан тазалау техникасы мен су сорғыш көліктерімен қамтамасыз етуді;

10) топан суды бөгейтін бөгеттер мен дамбаларды, резервуарларды көбейтуді, минералды жолақтар сияқты өзен жағалауларынан және ауылдардың айналасынан ен далаға ағып кететін арықтар қазып қоюды Үкіметке жолдаймын.

СУ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР БАЯНДАЛДЫ

Түркістан облысына ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған топ жұмыс сапарымен келді. Сенат спикерінің төрағалығымен Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі парламенттік комиссияның бесінші отырысы өтті. Іс-шара барысында су ресурстарын үнемді пайдалану және санитария мәселелеріне қатысты проблемалар талқыланды.
Маңызды жиында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды су саласын дамыту бағытындағы жұмыстар, мәселелер және алдағы жоспарлар жөнінде баяндама жасады.
– Құрметті Мәулен Сағатханұлы! Парламенттік комиссия отырысының Түркістан облысында өткізіліп жатқаны біз үшін өте маңызды. Мемлекет басшысы «Ішкі су қорымыз көктемгі және қардың суын жинап және оны егістікке тиімді пайдалану» үшін 20 жаңа бөген салу, кемінде 15 су қоймасына күрделі жөндеу жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгінгі таңда облыста жалпы сыйымдылығы 8,8 млрд. текше метрді құрайтын 42 су қоймасы бар. Жаңа су қоймаларын салу және қолданыстағы су қоймаларын қалпына келтіру жұмыстары атқарылуда. «Боралдай», «Бәйдібек ата» су қоймаларын салу жобалары әзірленді. Жобалар толық іске асқан жағдайда «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн.м3 ағын су жеткізіліп, Түркістан қаласы аумағында ағын су мәселесі шешімін табады. «Бәйдібек ата» су қоймасын салу жұмыстарына 2023 жылға облыстық бюджеттен 680 млн. теңге қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. «Боралдай», «Бөген», «Қосқорған» су қоймаларының техникалық экономикалық негіздемесі және жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Түркістан облысында барлық каналдардың жалпы ұзындығы 12,3 мың шақырымды құрайды. Ұзындығы 59 шақырымды құрайтын «Түркістан магистральды каналын күрделі жөндеу» жобасының 1-ші кезеңі аяқталды. Нәтижесінде, жылына 60 млн. м3 ағын су үнемделіп отыр. Ендігі кезекте каналдың 2-ші кезеңінің жобасы дайын. Жобаны аясында 25 дана су өткізу құрылымдары автоматтандырылады, 24,9 шақырым каналды бетондау арқылы жылына 29 млн. м3 ағын су үнемделеді. Сонымен қатар бірінші кезекте жөндеуді қажет ететін су нысандарына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Бүгінгі таңда жалпы құны 73,9 млрд. теңгені құрайтын 17 жоба дайын. Тиісті қаржы бөлінсе, 236 шақырым канал бетонмен қапталып, 49,8 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Облыстық «Тұран су» коммуналдық кәсіпорнының жұмысы жүйеленіп, 46 дана арнайы техникалар сатып алынды. Мекеме өз қаражаты есебінен 680 шақырым каналға тазалау жұмыстарын жүргізді, – деді Дархан Сатыбалды.
Облыста су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорындар ашылуда. «BNK Group LTD» ЖШС-нің жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару зауыты іске қосылды. «Тұран су» кәсіпорны жанынан жылдық қуаттылығы 9 мың гектарға тамшылатып суғару жүйесін шығаратын кәсіпорын іске қосылады. Сонымен бірге өңір тұрғындарын ауыз сумен қамту бағытында да жүйелі жұмыс атқарылуда.
Түркістан облысына сапар аясында Мәулен Әшімбаев бастаған сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен де кездесті. Өз сөзінде Сенат төрағасы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда белгілеп берген бастамаларына кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ облыс тұрғындарымен бірге өңірдегі өзекті мәселелерді оңтайлы шешу жолдарын талқылады.
 
Облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. 2023 жылы өңірдің негізгі экономикалық көрсеткіштерінің оң өсімі сақталды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3,8 трлн. теңгеге жетіп, өнеркәсіп өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асып, 2,5%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібін дамыту мақсатында жоспарланған 20 жоба толық іске қосылды. Нәтижесінде 30,2 млрд. теңге инвестиция тартылып, 594 жұмыс орны құрылды.
Ауыл шаруашылығында өнім көлемі 1,2 трлн. теңгені құрап, республикада көш бастады. Облыс экономикасына 972 млрд. теңге инвестиция тартылып, көлемі артты. 2023 жылға жоспарланған 56 инвестициялық жоба толығымен іске қосылған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 407,5 млрд. теңгені құрап, +11,1%-ға өсті 2023 жылы 899 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ТҮРКІСТАНДА ӨТТІ

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің көшпелі отырысы болып өтті.
Кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың жетекшілігімен өткен жиынға Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Кеңес мүшелері Парламент Мәжілісінің депутаттары Абзал Құспан, Мұқаш Ескендіров, Нұрлан Әуесбаев, Қайрат Балабиев, «Генералдар кеңесі» РҚБ Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы Өміртай Бітімов, партияның Орталық аппараты Партиялық бақылау департаментінің директоры Дәурен Бижуманов және осы департаменттің инспекторы Венера Есілбаева қатысты.
Кеңестің жұмыс жиынына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев, Түркістан облысы полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Мұрат Төлеубаев, Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастығы Ерболат Балғабаев, Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Ғалымжан Тапеев, Түркістан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Берік Меңдыбаев, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық кеңес мүшелері, облыстық басқарма басшылары, аудан, қала әкімдері, партия филиалының жауапты қызметкерлері қатысып, күн тәртібінде талқыланған мәселелер жөніндегі деректермен танысты.
Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша хабарлама жасаған Кеңес мүшесі, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Әуесбаев Түркістан облысында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша құқыбұзушылықтар мен қозғалған қылмыстық істердің 2022 және 2023 жылдардағы динамикасын айтты. Партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындаушылық деңгейін саралап көрсетті. Жергілікті атқарушы органдарда, оның ішінде аудан әкімдіктері мен облыстық басқармалар кесіндісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелділігін төмендету, оның профилактикасын жүргізу, ведомстоаралық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы, білім беру, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жер қатынастары салалары бойынша сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарының тиімділік деңгейін бағалау нәтижесімен таныстырды.
Өзге де қоғам белсенділері өз ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Көтерілген мәселе бойынша Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жауап беріп, жергілікті атқарушы органдарда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу және жою жұмыстары барысын баяндады. Тұрғындарға ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің жекелеген салаларында тәуекелдерді анықтау, олар бойынша орнықты қоғамдық бақылау жүйесін түзу арқылы ашықтық пен жариялықты қамтамасыз ету, мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімде адами факторды мейлінше төмендетуде қызметтерді автоматтандыру бағытында кешенді жұмыстар қолға алынғанын мәлімдеді. Түркістан облысының әкімі бұл бағытта орнықты ұстаным білдіріп отырғанына тоқталып, өңірдің білім беру жүйесін жемқорлықтан тазартуда ауқымды жұмыс қолға алынғанын жеткізді.
Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев сыбайлас жемқорлықпен күрес қоғамда өте өзекті мәселе екенін айта отырып, Түркістан облысының көлемінде бұл келеңсіздікті жою бағытындағы қол жеткізілген кешенді жұмыс көрсеткіштері жөнінде ақпар берді. Нәтижесінде соңғы үш жылда жемқорлық деректері бойынша тіркелген қылмыстық істер төмендеп жатқанына назар аударды. Білім беру жүйесіндегі бюджет қаражатының талан-таражға түсуінің жолын кесу, заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару, табиғи ресурстарды қорғау, жер қойнауын заңсыз пайдалану деректерін анықтау мәселелерінде нәтижелі жұмыс атқарылып жатқанын мәлімдеп, олар қоғам тарапынан жылы қабылданып жатқанын, оң қоғамдық пікір қалыптасып отырғанын жеткізді.
Кеңес төрағасы Ерлан Саиров алқалы жиынның мақсаты – жазаға тарту емес, жемқорлық сынды келеңсіздікті жоюға үлес қосу екенін назарға алды. Қоғамдағы өзекті мәселелерді анықтап, шешуде азаматтық белсенділермен жұмыс жүргізіп, саяси салмағы бар «AMANAT» партиясының қызметіне, ол қабылдаған шешімдерге тиянақты қарауға шақырды.

БЕЙЖІҢДЕ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ «NAURYZFEST» ӨТКІЗДІ

Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы аясында Түркістан облысының әкімдігі «NAURYZFEST» мерекелік іс-шарасын ұйымдастырды. ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев қатысып, сәттілік тіледі. Концерт алаңына жиналған қауымға ұлттық тағамдар ұсынылып, өңірдің туристік әлеуеті қамтылған үнпарақтар таратылды.
Облыстың шығармашылық ұжымдары қазақ халқының таңдаулы ән-күйі мен биін көрермендерге паш етіп, қошеметке бөленді. Атап айтқанда, «Сүгір» атындағы қазақ-ұлт аспаптар оркестрі, «Яссы» би ансамблі, «Таңба» этноквартеті және әншілер Бейжің халқы мен Қытай қазақтарына рухани серпіліс сыйлады. «Шашу», «Гәкку», «Түркістан», «Сарыарқа», «Сүгірдің термесі», «Махамбет», «Отан» және тағы басқа үздік туындылар орындалып, театрландырылған қойылым сахналанды.
ҚР Қытайдағы Елшілігі мен Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасының бірлесіп үйлестіруімен өткізілген «NAURYZFEST» іс-шарасына өңірдің өнерпаздары, туризм және мәдениет саласының өкілдері атсалысты.
Айта кетейік, биыл Қазақстан-Қытай арасындағы мәдени-рухани және туризм бағыттары бойынша қарым-қатынас одан әрі нығаяды. 2024 жыл — Қытайдағы Қазақстан туризм жылы болып бекітілген. 28 наурыз күні Бейжің қаласында Қытайдағы Қазақстанның ресми ашылуы басталған болатын. Халықаралық туристік көрмеге Түркістан облысы белсене қатысып, өз өңірінің туристік өнімдерін жоғары деңгейде танытқаны үшін 2-орынды иемденді.

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА КЕНТАУЛЫҚ ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесіне орай Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қазыналы қариялардың шаңырағында болып, мерекемен құттықтады.
  
«Біз қашанда үлкенді құрметтеген, қариясын сыйлаған халықтың ұрпағымыз. Сіздер бүгінде зейнет жасында болсаңыздар да қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, қариялық болмыстарыңызбен жас ұрпаққа бағыт-бағдар, кеңес беріп, қоғамның алға дамуына зор үлес қосып келесіздер. Өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымды айтамын»,- деді қала әкімі.
Ардагер қариялар шуақты мерекеде қала әкіміне құрметі үшін ризашылықтарын жеткізді. Барша халыққа баталарын беріп, бейбіт те берекелі өмір тіледі.

ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН НАУРЫЗ МЕЙРАМЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Алматы қаласына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шарада Қазақстан халқын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде төл жаңа жылымыз Наурыз мейрамын ата дәстүрімізге сәйкес барша жұртымыздың бір ел, бір халық болып қарсы алатыны жөнінде айтты.
– Бабаларымыз ежелгі заманнан бері Ұлыс күнін жыл басы ретінде атап өткен. Қазір Әз Наурыз күллі халыққа ортақ жалпыұлттық мерекеге айналды. Оны ұлтына, дініне қарамастан барша жұртымыз ерекше күтеді, бірге атап өтеді. Дана халқымыз «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп бекер айтпаған. Жаңа жылды жақсы ниетпен, пайдалы іспен бастау – талайдан қалыптасқан дәстүр. Бұл күні қонақжай жұртымыз ақ дастарқан жайып, бір-біріне ақжарма тілектерін айтады. Бұлақтың көзін ашып, тал егеді, тазалыққа баса мән береді. Наурыз мерекесінде халқымыздың асыл қасиеттері мен құндылықтары түгел көрініс тапқан. Биыл Ұлыстың ұлы күні Рамазан айымен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақ жеріндегі дін мен дәстүрдің үйлесімі дәл осы кезде айқын көрінеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент биылдан бастап Наурыз мейрамы 10 күн бойы аталып өтіп жатқанына тоқталды. Наурызнамаға сәйкес, бүгін елімізде «Ынтымақ» күні.
– Бірлік пен ынтымақ – еліміздің басты құндылықтарының бірі. Біз жанашырлық, тілеулестік сияқты асыл қасиеттерді дәріптеуіміз қажет. Еліміздің бірлігі мен татулығы әрдайым бекем болса, елдігіміздің тұғыры мәңгі болады. Мен бұған кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы.
Нравится
Комментировать
Поделиться

Түркістан: Төрт аудан басшыларының есебі тыңдалды

Түркістан облыстық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының көшпелі мәжілісі Сарыағаш ауданында өтті. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің жетекшілігімен өтіп, оған Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов бастаған аманаттық мәслихат депутаттары қатысты.
Көшпелі мәжілістің күн тәртібінде өңірдің оңтүстік аудандарында көктемгі жауын-шашын кезеңіндегі ықтимал су тасқындарының алдын алу жұмыстарының атқарылу барысы және «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының орындалу көрсеткіштері бойынша Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандары басшыларының есебі тыңдалды.
Жиында Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, осы аумақтағы негізгі нәр көзі болып табылатын Орталық бетпақдала коллекторының, «Достық» магистралды каналының бүгінгі ахуалы жөнінде баяндап, ауыл шаруашылығы мақсатындағы каналдардың механикалық тазалаудан өткізілуі жөнінде мағлұмат берді.
Ал, Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаев «Ошақты», «Бес-Абдал», «Оймауыт» гидротехникалық нысандарының дайындығы жөнінде хабарлады. Сонымен қатар, Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Марат Айнабеков су тасқынының алдын алу мақсатында тиісті қаржы бөлініп, арық-атыздарды механикалық тазалаудан өткізу, қашыртқылар қазу, бетон лотоктарын орнату, су сорғылар қою жұмыстары атқарылғанын мәлім етті.
Депутаттық корпустың көшпелі мәжілісіне қатысқан Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағынан Келес өзені мен барлығы 88 канал ағып өтетінін, өткен жылы 20 канал механикалық тазалаудан өтіп, биылғы жылы «Тұран су» МКК арқылы алынған 3 бірлік жаңа техникамен аймақтағы 68 су нысандары тазалықтан өткенін жеткізді.
Жиын соңында, фракцияның көшпелі мәжілісінің қорытындысымен тиісті қаулы қабылданып, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш аудандарында су тасқынының алдын-алу бойынша кешенді жұмыстар жүргізу міндеттелді. «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы аясындағы оқу курстарына шалғай елді-мекендер тұрғындарын белсене тарту қажетті ұсынылды.

ТҮРКІСТАНДА НОТАРИАТТЫҚ ПАЛАТА МЕН АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ҒИМАРАТЫНЫҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

Түркістанда облыстық нотариаттық палата мен адвокаттар алқасы ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Аталған шараға Қазақстан Республикасының Әділет министрі Азамат Есқараев және Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, жаңа ғимараттың лентасын қиды.
Түркістан облысының адвокаттар алқасы ғимаратының жалпы аумағы – 800 шаршы метр, ал облыстық нотариаттық палата ғимаратының жалпы аумағы 711,11 шаршы метрді құрайды.
Бұдан бөлек, ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Түркістан облысының Әділет департаментінің ғимаратын аралап, қызметкерлермен кездесті. Сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Сот сараптамалары институтының материалдық — техникалық жағдайымен танысты.
Айта кету керек, Түркістан облысы аумағында жалпы саны 179 адвокат және 196 нотариус бар.

Түркиялық компания Түркістанға инвистиция салуға ниетті

Түркиялық «EAE Elektrik» өнімдерін 120 елге экспорт жасайтын компаниялардың бірі. Түркия және Ресей мемлекеттерін қосқанда Дубай қаласында да фабрика жұмысын тұрақты жүргізіп отырған ұйым енді Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатуға ниетті.
Әлем нарығында 50 жылға жуық уақыттан бері электр жабдықтарын өндірумен айналысатын тәжірибелі кәсіпорын Түркістаннан зауыт ашуды жоспарлап отыр. Осы мақсатта компанияның Халықаралық жобалар және сату жөніндегі директоры Ердоған Димерел Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевпен жүздесті. Кездесу барысында кәсіпкерлер палатасы тарапынан қолдау білдіру жайы сөз болды.
«Кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлерге қолдау білдіріп отырған кәсіпкерлердің қарашаңырағы. Жобаларды сүйемелдеу мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау басты бағытымыз. Сіздің ұсынып отырған жобаңыз өте ауқымды. Әрине шетелдік инвесторлармен де бірлесіп жұмыс істеуге әзірміз», — деді Асылан Сейілбекұлы.
Инвисторлар энергетика саласындағы біліктілігін пайдалана отырып жобаны іске асыруға күш салмақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінге күнге дейін оңтүстік өңірде түрік инвестицияларының қатысуымен 50-ден астам инвестициялық жоба жүзеге асқан.