Архив за месяц: Май 2023
9 дана «Iphone» ұялы телефонын белгісіз біреу жымқырып келген
Түлкібастағы өзекті мәселелер шешімін табады
Көші-қон мәселесі талқыланды
ТҮРКІСТАН: ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР БАСТЫ НАЗАРДА
Бүгін, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Алтынсары Дүйсенбекұлы Үмбеталиев қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қоғамдық қабылдауға Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауылдық округіне қарасты Еңбекші елді мекенінің бір топ тұрғындары ауыл маңындағы жайылым жерлердің заңдылығын анықтап, бұлақ басын ашып беру қажеттігі жөнінде өтініштерін білдірді. Өтініштері бойынша «Жер Аманаты» жобасы аясында заңдылығын анықтап, партия тарапынан тиісті жұмыстары жүргізетінін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Еңбекші елді мекенге ФАП салу қажеттігін алға тартты. Өтініші бойынша жазбаша өтініші қабылданып, бақылауға алынды.
Қабылдауға келгендер партия Төрағасына ризашылығын айтып, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
@amanat
«AMANAT” ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
«AMANAT” партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыруымен бүгін республикалық Партиялық бақылау комитетінің өңірлермен ZООМ байланысы арқылы мәжілісі өтті. Жиынға «AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, «AMANAT” партиясы Түркістан облысы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов және облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Асқар Еркінбеков қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде ««Өңірлерде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы, оның ішінде ауылшаруашылығы саласы кәсіпкерлеріне мемлекеттен берілетін субсидияның тиімді игерілуі мақсатында жүргізіліп отырған жұмыстар» қаралды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облыстық Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан осы уақытқа дейін мониторинг жұмыстары жүргізілген. Осыған орай мәжіліс отырысында қазіргі таңда орын алып отырған бірқатар өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар айтылды.
Атап айтар болсақ, Түркістан облысы республикадағы мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылығында 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Облыста жыл сайын 120 мың га мақта егіліп, 300 мың тоннаға жуық шитті-мақта жиналады. Елде тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан, шикі мақтаны сату бағасы Ливерпуль мақта биржасындағы мақта талшығының индексіне тікелей тәуелді. Мақта бағасының тұрақсыздығы жыл сайын шаруалардың наразылықтарын тудыруда.
Елімізде мақта талшығын терең өңдеу бойынша тек 3 кәсіпорын бар, олардың үлесіне қайта өңделген мақта талшығының 18% — дан аспайды. Сондықтан біз көрші Өзбекстан мемлекетінің мақта-тоқыма кластерін дамытудағы оң тәжірибесін пайдалануымыз керек деп санаймын, — деді Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.
Сонымен қатар, Үкімет тарапынан мақта-тоқыма кластерін құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажет. Ол мақта шаруашылығын, оның ғылыми базасын, елдегі тоқыма және жеңіл өнеркәсіпті жүйелі дамытуды көздеуі тиіс.
Осы бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларын, оның ішінде мақта өңдеу және тоқыма кәсіпорындарының салу шығындарының бөлігін инвестициялық субсидиялау және дайын өнімді экспорттайтын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер қарастыру тағы басқа қолдаулар қажет.
Жиында сөз алған Алмас Алтайұлы, Облыста жылыжайлар көлемі 1459 гектарды құрайтындығын алға тартып,
өңірдің жылыжай шаруашылықтары көкөніс өнімдері нарығында жоғары бәсекелестікке ұшырап отырғандығын сөз етті.
Мәжілісте елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өндірістерді дамыту, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жылыжайларды мемлекеттік қолдаудың бірнеше шараларын қабылдау қажет деп ұсыныс білдірілді.
#AMANAT
Жетісайдағы жанжал: «Әйелім мен бала-шағамның көзінше ұрғаны намысыма тиді»
Түркістан облысы Жетісай ауданында болған жанжалға байланысты жаңа деректер пайда болды,деп хабарлайды ТАQ.KZ ақпараттық агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеода оқиғаның Жетісай ауданында орын алғаны айтылған болатын. Яғни орталық саябақтардың бірінде болған жанжалдың аяғы сұмдық оқиғаға ұласқан еді. Т есімді азамат А есімді азаматты ұрғаннан кейін, А есімді азамат Т есімді азаматты өз көлігімен қағып, оның денсаулығына зақым тигізген. Видеода зардап шеккен азаматтың аяғы сынғанын айтады. Бүгінде бұл оқиғаға байланысты қос тарап видео үндеу жариялап, бір-бірінен кешірім сұрады. А есемді азамат көлікпен не себепті қаққанын айтты. Толығырақ, @TAUELSIZ AQPARAT ютуб каналынан көре аласыздар…
ДЕПУТАТ ҮЙ СЫЙЛАДЫ
Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының тұрғыны Гүлзат Шайхұстанова облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен салынған жаңа баспанаға қол жеткізді. Бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған, қазіргі таңда жолдасымен бірге жалдамалы пәтерді паналап отырған І топтағы мүгедектігі бар баспана иесіне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғын үй кілтін табыстап, қоныс тойымен құттықтады.
– Біздің жағдайымызды, жеткізген мұң-мұқтажымызды елеп, ескеріп осы игі істі ұйымдастырып отырған облыс әкіміне, аудан басшысына үлкен рахмет. Қатты қуанып отырмын. Бақытты болыңыздар, – деді қуанышын жасыра алмаған жаңа үйдің иесі Гүлзат Темірханқызы.
Аудан орталығынан берілген жаңа үйге асхана жабдықтары орнатылып, су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Бау -бақша өсіруге арналған жері бар. Жер учаскесі қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді. Мүгедектік арбамен үйіне кіріп-шығуға қолайлы болу үшін пандус қойылып, бар мүмкіндік жасалған.
КЕҢЕСТІҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Экологиялық кеңесінің көшпелі жиыны өтті. Көшпелі жиынға филиал жанындағы кеңестің төрағасы Ж. Тұрғанов, жайлы ортаны қалыптастыру басқармасы бөлімінің басшысы Н. Сейтжанов, кеңес мүшелері және партия филиалының қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасының Шымкент қаласы бойынша әзірленген Жол картасындағы тармақтардың жүзеге асырылуы талқыланды. Зерделеу жұмыстары Бозарық, Тұран және Шымсити елді-мекендерінде 2022 жылдың күз айы мен 2023 жылдың көктем айында отырғызылған ағаш көшеттерінің бүгінгі ахуалына жүргізілді.
Кеңес мүшелері көшпелі басқосуда сайлауалды бағдарлама аясында әзірленген Жол картасы тармақтарының орындалуы бойынша басқарма басшылығымен орман қызметкерлеріне бір қатар ұсыныстарын жеткізді.