Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев көзі тірісінде-ақ ерен еңбегінің арқасында халық сүйіспеншілігіне бөленген жан еді. Күллі қауымның «Димекең», «Димаш аға» деп еркелетіп атауынан-ақ оған деген зор ықыластың бар екенін, көпшіліктің Димаш атамызға арқа сүйегенін аңғаруға болады.
Басшылық қызмет атқарып жүрген кезде Дінмұхамед Ахметұлы ғылым, денсаулық, спорт, мәдениет салаларын назардан тыс қалдырмай, оларды дамыту мақсатында зор еңбек сіңірді.
Д.Қонаевтың Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне келгені жайлы Әділ Сасбұқаев былай дейді: «1959 жылдың күз айы. Мен ол кезде Түркістан аудандық Кеңес атқару комитетінің төрағасымын. «Димаш Ахметұлы Шымкент қаласына келіп, онда жаңадан салынып жатқан алып цемент зауытының құрылысымен танысып, Кентау қаласына келетін болды»- деген хабарды сол кездегі Ащысай полиметалл комбинатының директоры Печенюктен естідім. Күздің суық күні еді. Кешке қарай суық желдің ызғары күшейе түскен. Соған қарамастан Димекең қасындағы адамдармен бірге Қожа Ахмет Ясауидің мешітіне барып тәу етіп, бір жарым сағаттай асықпай, мұқият танысып шықты. Абырой болғанда, мешіттегі керекті кісілердің бәрі де орнынан табылды. Ол кезде Түркістан қаласы ауданға қарайтын еді. Оның басшылары да сол жерде екен.
Жасыратыны жоқ, мешіттің жағдайы өте нашар болатын. Әсіресе соғыс жылдарында кейінгі дінге қарсы үгіт насихаттың кесірінен бұл ғимараттың сұқбыты адам көргісіз тозып кеткен еді. Мұны байқаған Димекең қатты қынжылды. Алматыға оралған соң тиісті комиссия құрып, Министрлер Кеңесінде арнайы мәселе етіп қарайтынын, қажетінше қаржы бөліп, арнайы шеберхана құрып, жөндеу мәселесін қолға алатынын айтты. Ол солай болды да. Сол кездегі игілікті бастама көп кешікпей қолға алынып, осы күнге дейін жақсы жалғасын тауып келеді».
Естеліктен көріп отырғанымыздай, кесенеде жөндеу жұмыстарын жүргізу, оны келешек ұрпаққа жеткізуінің қажеттілігі ең алғаш Димекеңнің ойына келіп, сол кісінің бастамасының негізінде, кесенені қалпына келтіру жұмыстарына ең алғашқы алғышарттар жасалып, ол іс күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді.
Д.А.Қонаевтың Түркістанға келгені туралы Түркістан қаласының құрметті азаматы, Ұлы Отан соғысының ардагері Төлеген Жақыпбаевтың естелігінде мынадай қызықты деректер бар. “Түркістанға келгенде Димаш аға көбіне Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне кіріп шығатын. Біздер мұсылманбыз ғой, ағамыздың бұл қадамын ішімізден сүйсініп, жақсы көретінбіз. Сезетініміз, ол кісі Түркістанның бұрын да рухани астана болғандығын, келешекте де солай болатынын қолдайтын. Қожа Ахмет Ясауидің кесенесінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына үлкен мән беретін. Белгілі ақын, жазушы, мәдениет саласының қайраткері Орынбай Дастанов ағамыз түсініктемелер беріп жүріп, Димекеңнен көмек сұрап, тілектерін білдіретін-ді. Бір ретте Димаш аға: «Орынбай інім, сенің мына бабамыздың кесенесін сақтау үшін жөндеу шеберханасын ашып, оны басқарып жатқаныңды білем, зерттеу еңбектеріңнен де хабарым бар. Саған көп рахмет. Әзірет Сұлтан бабамыздың әруағы қолдасын, — деп Орекеңнің арқасын қағып, көңілдендіріп тастағаны есімізде.
Кесененің ішіндегі үлкен залында істеліп жатқан жұмыстармен танысып болған соң Димаш аға көрханаға кіріп, бір-екі минуттай болып, құлыптасын сыйпап, өзінше ішінен күбірлеп, бетін сипайтын-ды. Одан шығысымен «Құдық» бөлмесінің жағдайымен танысайық деп кіріп, байлаулы тұрған шелекті құдыққа салмас бұрын қалтасынан тиын шығарып: «Жігіттер, тыңдап көріңдерші» дейтін де құдыққа салып жіберетін. Құдықтың суына шолп етіп түскен дыбысын құлағымызды тігіп бәріміз де еститінбіз.
Содан кейін қауғаны өзі құдыққа салып тартып алып, суды өзі бір ұрттап, қасындағыларға да ішкізетін. «Жігіттер, мына су өзгеше, таза, мөлдір, қасиетті зәм-зәм су, мұны ішсеңдер армандарың орындалады» дейтін. Бір жолы ізеттік сақтап па, әлде басқа бір жедел тапсырма беріп пе, кейінірек тұрған Жалмағамбетовке қарап: «Әй , Тәңірберген, сен де зәм-зәм судан іш, тезірек генерал болар ма екенсің» — деп күлдірген-ді.
Д.А.Қонаев әулиелер сұлтаны Қожа Ахмет Ясауидің кесенесіне жөндеу жұмыстарын бастап, бүлінген жәдігерлерді қалпына келтірудің жоспарын қадағалады… Кесенені «тарихи ескерткіш» деп тізімге кіргізіп, Үкімет қаулысымен оның қорғалуын назарда ұстады. Түркі ойшылы, сопы, Мұхаммед Пайғамбар ілімін уағыздаушы Әзірет Сұлтан есімін ұлықтап, ұрпақ ұмытпауы үшін, осылай жол тапқан оның әрекеті көрегендік іс еді.
Жоғарыдағы естеліктерден сол жылдарға Дінмұхамед Ахметұлының партияның дінге деген қатаң саясатын байқатпай, шебер, ақыл-оймен айналып өтіп, адамгершіліктің, қазақылықтың мұсылмандықтың, ар-ұяттың талаптарына сай өмір сүргендігін байқаймыз.
Түркістан қаласы діни-рухани орталық болғаны ортағасырлық Қазақстан тарихынан белгілі. Ықылым заманнан бері жартылай көшпелі, жартылай отырықшылық мәдениетті ұстанған, Сырдың орта ағысын мекендеген халықтың дінге деген көзқарасы түзу болған. ХІV ғ. Әмір Темір бұйрығымен бой көтерген Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің маңызы Түркістан және оның айнала шетіндегі қала, қоныстарға ислам мәдениетінің берік орнығуына септігін тигізді. Қалаларда сол заманда-ақ көптеген мешіттер салына бастады. Әйтсе де, олардың біразы бертін келе бұзылып жермен жексен болып кетті.
Тарихи деректерге сүйенсек, ортағасырлық Түркістан қаласында 1864 ж. 20 мешіт болған Ал, 1908 ж. 41 мешітке көбейсе, жалпы өңірде 22- мектеп-медреселер жұмыс істеп тұрған Қоқан хандығы билігі (1819 – 1864 жж.) тұсында Түркістанда жаңадан құрылыс салу жағынан өзгерістер болды. Қаланы қоршаған қорған, қақпалар қайта тұрғызылды. Қаланың әрбір шағын, магистралды көшелерінде махәлләлық мешіттер бой көтеріп ислам дінінің артуына одан да жақсы ықпалын тигізді. Бұл ретте, Оңтүстік Қазақстан облыстық мұрағат деректеріндегі тізімге сүйенсек 1920 ж. Түркістан өңірінде 62 мешіт болған. Бұлардың көбісі дерлік бертін келе 1930 ж. Кеңес өкіметінің солшыл саясатының әсерінен бұзылып қиратылды. Бұған сталиндік қуғын – сүргін жылдары молдалардың қамауға алынып, жер аударылып, босып кеткені де өз әсерін тигізбей қоймады. Жәудір мешіт- медресесі, Хан мешіті, Сейітмұрат мешіт-медреселері де осылайша жойылды. Міне, сондай аты аңызға айналған осы мақалаға тақырып болып отырған Баб Араб әулиенің кесенесі мен мешіті де сол кезде бұзылған болатын.
-Баб Араб кесенесі Ескі Түркістан қаласының Жеті ата қақпасының қасында орналасқан және салынған уақытын ғалымдар ХІХ ғасырға жатқызады. 2009-2010 жылдары Жеті Ата қақпасы маңында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған кесене, 2011 жылы қайта қалпына келтірілді. 2011 жылы Жеті Ата қақпасын тарихи деректер негізінде сақталған іздері бойынша қалпына келтіру жұмыстары барысында кесектен қаланған Баб Араб кесенесі қабырғасы да анықталған болатын. Сондай-ақ, Баб Араб кесенесі ізімен бірге төртбұрышты кірпіштен тұратын еден мен құлпытасы да табылды. Бұл құлпытас еденінің ортасында күйген қыштан қаланған және сырты кейінгі кездері бірнеше рет қара сыбақпен, соңыра құм сыбақпен сыланып, ақталған. 1910 ж. түсірілген фотосуреттен кесененің қабырғалары мен күмбезі қам кесектен қаланғандығын байқаймыз, қалай болғанда да, сырты қалың етіліп қара сыбақпен сыланған, биіктігі шамамен 5м (күмбезінің ұшына дейін). Кесененің еденіне төселген кірпіштері көне заманға жатады, шамамен XIV-XVғғ.
Кесененің салыну тарихы жайында мынадай аңыз тараған: Түркістаннан бір кісі Меккеге барады, алайда қайтуға ақшасы жетпейді. Әбден шаршаған ол Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбардың қабірін құшақтап жылайды екен. Күндердің бір күнінде оған бір адам келіп ертеңгі жұма намазы кезінде бір ағашқа қара ат байланатындығын және сол аттың иесі кез келген арманын орындай алатындығын айтады. Еліне оралуды қалаған кісі айтылған ағашқа барып байланған қара атты көреді. Аттың шылбырын ұстап, оның иесін күтуге қалады. Жұма намазы аяқталған соң аттың иесі келеді, алайда күтіп тұрған кісі шылбырын жібермей оны тастамауын жалына айтады. Кісіні аяған ат иесі оны артына отырғызып, көзін жұмып және сол сәтте ашуын сұрайды. Көзін ашқан кезде олар Түркістанда болады. Ат иесі Әзірет Сұлтанға қарай кетіп бара жатқан кезінде оның есімін сұрағанда «мен Баб Арабпын» деп айтады да сол сәтте ғайып болып кетеді. Еліне оралған кісі бұл оқиғаны халқына айтып, атпен түскен жерінде Баб Арабқа арнап күмбез салады делінген аңызда» — дейді қорықшы Н.Әкімқұлов
Ш. Әшімұлының «Әзиз Әулиелер» атты еңбегінде – «Баб Араб» мешіті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 300 м – дей жерде орналасқанын айтады. Домалақ ана әулиенің бабасы Махтым Ағзам Қожа осы Баб Араб мешітінің имамы болады. Бұл кісінің баласының, яғни, Домалақ ананың әкесінің есімі Әлисман, шежіре кітаптарда осылай делінген. Кейбір деректерде Сайрамдағы Мір Араб мешіті де Баб Араб салдырған мешіт, бұл екі кісі бір адам деп көрсетеді. Ал, Қызылорда қаласы Қазбек би көшесі №43 үйдің 6 пәтерінде тұратын Жолдыбаев Өтеген Ысқақұлы өзін Баб Арабтың ұрпағы екенін, ондағы Баб Араб есімі лақап ат екенін, оның шын есімі Сабыр Мәлік болғанын айтады. О.Дастанов өзінің «Әулиелі жерлер туралы шындық» деген еңбегінде Баб Араб аңызын айта келіп әулиенің жатқан жері жайлы хабар береді.
-Ш. Әшімұлы, О.Дастановтардың аңыз әңгімелері мен жергілікті халықтың ауызша берген дерегіне сүйеніп Қ.А.Ясауи кесенесінен батысқа қарай 300 м жердегі Ескі Түркістан қаласының Жеті ата деп аталатын қақпасының оңтүстік мұнарасының артында орналасқан Баб Араб кесенесі мен мешіті орынына 2009 – 2011 жж. аралығында археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргіздік.
«Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес жүргізілген 2009 ж. жұмыс барысында оңтүстік мұнараның арт жағына орналасқан кесене едені аршылды, тұрғындар Баба Ғаріп (Баб Араб) деп атайтын бұл кесененің ортасында қыштан қаланған құлпытас орнатылған Бөлменің ішкі жағында күйген қыштан төселген едені бар. Қабырғалардың іргесін «патша кірпіші» деп аталатын кірпішпен бекіткен екен. 2011 ж. археологиялық қазба жұмыстары қайта жалғасын тауып, 2009 ж. зерттелген Баб Араб кесенесінің солтүстік-шығыс бетінде орналасқан, тарихта Баб Араб мешіті аталған төбешікке қазба жүргіздік. Реперлік нүктеден 2 м тереңдіктен өлшемі 6 х 6 м мешіт бөлмесінің орны анықталды. Бөлме еденіне өлшемі 28 х 28 х 5 см жалпақ қыш төсеген. Еден қышы 4,6 х 3 м шамасында сақталған. Еден үш рет жөндеуден өткен. Әуелгі едені реперлік деңгейден 2,25 м, екіншісі 2,15 м, соңғысы 2,1 м төмендікте орналасқан. Өлшемі 1 х 1 м етіп патша қышымен қаланған мешітке енетін қақпаның шығыс пилоны мен қабырғасы да табылды. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында мешіттің кіре беріс қақпа пилоны қабырғалары және едендері қайта жөндеуден өткен. Мұны А.И. Добромысловтың «Города Сыр – Дарьинской области» атты еңбегіндегі дерек қуаттай түспек. Онда: Соңғы рет мешітті 1908 ж. Шейх әл-ислам атағынан үміткер Атахан қожа Асқар Қожынов қайта салғызғаны айтылған. Осы кезден бастап мешіт Атахан қожа мешіті деп атала бастаған, мұны 1920 ж. Түркістан өңіріндегі аталып өткен мешіттердің тізіміндегі картаға жазылған мазарат ішіндегі Атахан қожа мешіті деген атау да растайды.
Кейінірек (ХХ ғ. басы) мешіт 1930 ж. бұзылып ішіне адам жерленіп, құрылыс кешенді кесенеге айналған. Мұны археологиялық зерттеу барысында анықтадық. 2009 – 2011 жж. қазба барысында байқағанымыздай оңтүстік мұнара құрылысы түгелдей кешенді кесенеге айналып кеткен. Мұның себебі, ХІІ – ХVІІІ ғғ. бұл маңда Жеті ата деген қала сыртындағы мазарат болған. Оның Жеті ата аталу себебі бұл жерде Ахмет Ясауидің (өз өтініштері бойынша) бір молаға жерленген жеті мүридінің кесенесі орналасқан. Бір кездері бұл жерде қалың тұт бағы мен орасан үлкен мазарат болғандығын, ол мазаратқа өтетін Бабырат ата көпірі болғанын Наушарбай ақсақал айтып кеткен болатын. Бұл мазарат кейін қақпаның да «Жеті ата қақпасы» деп аталуына және аталған қақпаға алып баратын Бас көшенің де Жеті ата көшесі деп аталуына негіз болған.Қақпаның оңтүстік мұнарасының ішіне және сыртына бірнеше мәйіттің жерленуіне қарағанда (бір кездері сүйектерді Ясауи кесенесі маңына жақын жерлеуге тырысқандай, сүйектерді Баб Араб және осы қақпа мұнарасының түбінде жатқан Үндемес ата әулиелердің маңына жақын қою да ғұрып болған секілді.» — дейді тарихшы, өлкетанушы Қайрат Мұсабаев.
Қазіргі таңда, Баб Араб кесенесі мен мешітінің онда орналасқан Үндемес ата кесенелерінің эскиздік жобасы жасалынуда, болашақта Ескі Түркістан қаласының тағы басқа ескерткіштерін қайта қалпына келтіріп, Түркістанды туризм қаласына айналдыруымыз қажет деп есептейміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тұяқбаев М., Мұсабаев Қ., Өсеров Т. Археология және тарихи ескерткіштерді қорғау бөлімінің 2013 ж. Жәудір мешіт-медресесі орынында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының Есебі.
Тұяқбаевтың жеке қоры.
Смағұлов Е., Тұяқбаев М., Өсеров Т., Күмісбаева Ұ., Мұсабаев Қ., Мүташев Е. Ескі Түркістан қаласының Жеті ата қақпасының тарихи орынында 2009 ж. жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысының Есебі. Түркістан, «Әзірет Сұлтан» қорығы мұрағаты.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылдың 30 – қарашадағы 962 қаулысына сәйкес, Ұлттық жобасы аясында облыс аумағындағы 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы 2024 жылға жоспарланған болатын. Атап айтқанда 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық бекеттер тізімге енгізілген. Оның ішінде, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Түлкібас ауданы, Түлкібас аудандық орталық ауруханасына қарасты 4 нысан бой көтермек. Бұл өз кезегінде ауылдағы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың дер кезінде медициналық қызмет алуларына септігін тигізеді.
Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының негізгі мақсаты – барлық ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ете отырып, дені сау ұлт қалыптастыру. Сондай-ақ шалғайда жатқан ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру.
Осы мақсатта ауыл-аймақтарда фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар сынды БМСК объектілерін салу жоспарланған. Мұнымен қатар еліміздің көптеген аумағында заманауи көп бейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісін, атап айтар болсақ инсульт, кардиология орталықтарын салумен бірге реанимация, оңалту бөлімшелерін КТ, МРТ, УДЗ, ӨЖЖ сынды қажетті аппараттармен жабдықтау күннің басты міндетіне қойылған. Жоба шеңберінде ауылдарда 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерін салу, реконструкциялау, қосымша жарақтандыру көзделген. Соның ішінде 700 мыңнан астам ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік сыйлайтын 228 жаңа, ал жұмыс істеп тұрғандарының орнына 427 объект салу жұмыстары және ауылдағы денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жағы қолға алынды.
Ағымдағы жылдың ақпан айында Үкімет үйінде өткен кезекті отырыста аталған ұлттық жобаны іске асыру барысы талқыланған болатын. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасап, салынып жатқан бірқатар нысандар төңірегінде сөз қозғаған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап пилоттық ұлттық жобаны іске асыру аясында 3 міндет іске асырылу үстінде.Ал ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында қолға алынған бұл міндеттер бойынша 1 100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отырған көрінеді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке арналған барлық нысанда компьютерлік техникасы бар телемедицина кабинеттерін ұсыну жағы қарастырылғанымен, құрылыс аясында телемедициналық консультациялар өткізу үшін медициналық жабдықтармен жарақтандыруға қаражат бөлу жағы көзделмеген. Осыған байланысты ауылдағы тұрғындарды сапалы медициналық көмекке тең қолжетімді ету мақсатында жергілікті атқарушы әкімдіктерге нысандарды интернет желісіне қосу және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша өтініш жасалған.
Медициналық және медициналық емес бұйымдарды таңдау кезінде отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне басымдық берілмек. Ұлттық жобаның бірінші міндетін орындау аясында барлығы 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланса, өткен жылы 92 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды. Жоба аясында қарқынды жүріп жатқан жұмысқа сүйенген министр 2024 жылы 556 нысан пайдалануға берілетінін ескеркені есімізде. Биылғы нысандардың құрылысын аяқтаудың жоспарланған мерзіміне тоқталып өтер болсақ, 7 нысан – биылғы маусым, 10 нысан – қазан, 226 нысан – қараша, ал желтоқсанда 120 нысан беріледі деп межеленген.
Ұлттық жобаның екінші міндеті аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 12 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама бар болса, оның ішінде 9 жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ұлттық жоба аясында 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд теңге қаражат бөлінеді. Әлназарованың айтқанына құлақ түрсек, 2023 жылы жалпы сомасы 10,5 млрд теңгеге 1 800 медициналық техника сатып алынған. 2024-2025 жылдары 23 млрд теңге сомасына 9 ангиограф, 6 КТ және 17 МРТ сатып алу көзделіп отыр.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны үшін 254 медицина қызметкері қажет болады. Ал 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана үшін 898 маман жұмысқа тартылуға тиіс. 2023 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанына 39 жас маман, көпбейінді аудандық орталық ауруханаға 89 жас маман жұмысқа орналасса керек. Биыл осы бағыт бойынша ауылдық өңірлерге 215 грант иегерін жұмысқа жіберу жіберу жағы жоспарланып отыр.
Жалпы 2024-2025 жылдары ұлттық жобаның екі бағыты бойынша өңірлер 486 дәрігермен және 323 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілмек. Бұл әлеуметтік пакеттер өңір қаражатының есебінен жүзеге асатын болады. Министр аталмыш мәселе төңірегінде әкімдердің қолдауы ауадай қажет екенін қадап айтқан. Қазіргі таңда Ұлттық жобаны іске асыру бойынша кешенді жұмыс жалғасуда.
Түркістан өңірінде де медицина және білім нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Айта кетейік, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында өңірде 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынады деп көзделген. 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 60 грант бөлініп, 40 үміткер өтінім білдірген. Қазіргі таңда, 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде. Ал биылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 139 грант бөлініп отыр. Осы қадам арқылы акушерлер, гинекологтар, аллергологтар, иммунологтар, анестезиологтар мен реаниматологтар, нейрохирургтар, балалар хирургтары, гастроэнтерологтар және өзге де мамандар даярланады.
Сауран ауданы көлемінде кәсіпкерлер санының артуына бірден-бір себеп — жылдан-жылға кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолайлы бағдарламалар ұсынылып, қолдаулар көрсетілуде. Осы ретте аудан әкімі Мақсат Таңғатаров Иассы ауылдық округінде кәсіпкерлермен кездесіп, шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін арнайы 9 гектар жерге қазықтары тағылып, орындары белгіленді. Кәсіпкерлер түрлі бағытта шағын және орта бизнесін дамыту үшін алдағы уақытта жұмыстарын жалғастыратын болады.
Кездесу барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров кәсіпкерлерге барлық бағыт бойынша қолдау көрсететіндігін жеткізді. Аталмыш индустриалды аймақта кәсіпкерлер өздері тарапынан атқаратын жұмыстарын айтып, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтымақ. Бұл бастама ауданның көркеюі мен дамуы тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруына, жұмыс күшінің артуына сеп болмақ. Сонымен қатар, шағын және орта бизнестің өркендеуіне оң серпін бермек.
Иассы ауылдық округіндегі индустриалды аймаққа өз кәсіптерін бастауға ниетті азаматтардың жұмыстарына тоқталып өтсек. Жеке кәсіпкер Фархад Абишев 15 соттық жерге бурчатка шығаратын цехты іске қоспақ. Ал, жеке кәсіпкер Қанат Қыдырбек 15, Рустем Худайбергенов 60, Худратулла Мамадалиев 15 соттық жерге жиһаз өндірісін ашқалы отыр. Сонымен қатар, Данияр Қасымов 15 соттық жерге пенопласт, клей, Зафар Зайров 30 соттық жерге пенопласт, Жеңіс Тойбеков шеге, темір бұйымдарынан және метал өнімдерінен құрылыс заттарын шығаратын цехтарды ашуды көздеп отыр.
Жиында аумақты бөліске алған кәсіпкерлерге индустриалды аймақтың құжаттарын дайындауға көмек көрсетіледі. Қажетті электр жарығы мен су тағы басқа көптеген мәселелер ауылдық округ әкімдігі тарапынан жүзеге асырылады. Шара соңында Иассы ауылдық округінің әкімі Сыздық Пірметов пен кәсіпкерлер арасында екі жақты меморандум жасалды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге инвестиция тарту – ең маңызды міндеттердің бірі екенін айтып келеді. Бұл аймақтардың әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Президент еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыруды да тапсырған болатын. Бұл бағытта өңірлерге жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі екенін де атап өтті.
«Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек. Жалпы, барлық мемлекеттік орган ел экономикасына мейлінше көбірек инвестиция тартуға баса мән беруге тиіс. Бұл – негізгі басымдық, олардың жұмысы да соған сәйкес бағалануы керек. Мәселе штат санын көбейтіп, жұмыс тобын құрып, жаңа тұжырымдама жазуда емес. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу тәсілін өзгертетін нақты реформа. Соны дұрыс түсіну қажет. Біз жарты жылдың нәтижесі бойынша Инвестициялық штабтың жұмысын қорытындылаймыз. Әрбір министр мен әкімнің осы бағытта атқарған жұмысына нақты баға береміз. Талап қатаң болады», деді Президент.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы шет елге барған әрбір басшысының сапары оң нәтиже беру керектігін де атап өткен болатын.
«Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ең бастысы, Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек. Мекеме басшыларының шетелге жасаған әрбір іссапары нақты нәтиже беруге тиіс. Сапар қорытындысы бойынша Үкімет басшылығына, қажет болған жағдайда Президентке есеп берілуі керек. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты кедергілер, әсіресе, аймақтарда жиі болып тұрады. Әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп отырады. Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек, – деді Президент.
Бұл бағытта Түркістан облысында нақты жобалар қолға алынып, инвесторлар тарту шаралары қарқынды түрде орындалуда. Облыс әкімі өндіріс орнын ашып, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгіземін дейтін азаматтарға да ерекше қолдау білдіріп келеді. Осындай ауқымды жобаларды Сауран ауданында «Жаңа Жібек жолы» ЖШС жүзеге асырмақ. Компания құрылтайшысы Нұртай Шайакыметпен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвестициялық жобаларға қашанда қолдау көрсетілетінін айтып, қабылдауға келген шетелдік инвесторлармен де келіссөз жүргізді.
– Түркістан өңіріне қош келіпсіздер. Түркістан – елімізде мақта өсірілетін жалғыз облыс. Сондықтан осы саланы мейлінше дамытып, мақта кластерін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Осы бағытта жұмыстар жүруде. Біз мақта сұрыбын жақсартып, мақтаны терең өңдейтін зауыттар ашамыз. Сіздер ұсынған жобаларды қарастырып, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.
«Жаңа Жібек жолы» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұртай Шайакымет Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамыту бағытында жүзеге асырғалы жатқан жобаларын таныстырды. Біріншісі – Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып жоғарғы сортты мақта дақылын өндіру көзделген. Жоба құны – 1,5 млрд. тенге. Жер көлемі – 1000 га, іске асыру кезеңі – 2024-2025 жылдар аралығы, 30 адам жұмыспен қамтылады. Екінші жоба – Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту. Жоба құны – 500 млн тенге, жер көлемі – 518 га. Мұнда 200 га жерге тұқымдық мақта, 200 га жерге тәтті жүгері және 118 га жерге ащы бұрыш егу көзделген. 2024-2025 жылдары жүзеге асатын жоба арқылы 15 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен бірге Ескі Иқан ауылдық округінде замануи технологиялар қолданылған мақта өңдеу зауытын салу көзделген. Жоба жүзеге асса, 120 адам жұмыспен қамтылады. Бұл жобалардың бастамашысы – «Жаңа Жібек жолы» ЖШС.
Жалпы, Түркістан облысында инвестиция тартуға басым бағыт берілген. Өңірде инвестициялық штаб жұмыс істейді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестормен жеке кездесіп, қолдап, әр жобаның түпкілікті жүзеге асуын жіті бақылайды. Барлық аудан, қала әкіміне нақты индикаторлар бекітілген. Аудан, қала басшылары жергілікті кәсіпкерлермен бірге Түркия, Қытай, Аустралия, Өзбекстан елдерінің өндірістік аймақтарына іссапарларда болды. Делегация әлемге танымал кәсіпорын, зауыттарды аралап, алпауыт компаниялармен келісімдер жасалды. Озық шетел тәжірибесі кеңінен қолдану мақсатында атқарылған тиісті жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. 6 жылда облыс экономикасына тартылған инвестиция 3 есеге артып, 2023 жылы 972 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған қаржының басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі. 2023 жылға жоспарланған 56 инвестжоба толық іске қосылды. Экономикаға тың серпін беретін 145 жоба пулы қалыптасты. Оның ішінде өндіріс пен ауыл шаруашылығында терең өңдеуді дамытуға басымдық берілді. Бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасауға баса мән берілген. Ең алдымен, өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Екіншіден, өндірістік парк аумағында 42 ғимарат салынып жатыр. Жобаның бірінші кезеңінде 14 ғимарат құрылысы аяқталды. Жалпы құны 30,7 млрд теңге болатын 10 жоба жоспарланса, соның жетеуі (24,2 млрд теңге) іске қосылды. Олардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC group», әскери шатыр мен жиһаз өндіретін «Aqniet holding», жаңбырлатып және тамшылатып суғару жүйесін шығаратын «BNK group» компаниялары бар. Өндірістік парктің биыл аяқталатын екінші және үшінші кезеңінде 70 млрд теңгеден астам инвестиция қаржысына өндіріс орындарын ашу жоспарланған. Облыс әкімінің тапсырмасымен осындай парктерді аудандарда да салынады. Мемлекет басшысының қомақты қаржы салуға дайын ірі компанияларға «бір терезе» қағидатымен жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы да айрықша назарда. 2024-2027 жылдар аралығында 2,1 трлн теңгеге 145 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беріліп, осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты түрде Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарына төрағалық етіп, осы саладағы мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің инвесторларымен тұрақты түрде келіссөз жүруде. Нәтижесінде инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарынан табылып жүр.
Ал, жыл басынан бері Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 420,8 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Оның ішінде, 344,3 млрд теңге немесе 80%-дан астамы – жеке инвестиция құрайды. Өңір капиталына салынған инвестициялардың басым үлесі Түркістан қаласы (35,2%) және Созақ (15,4%), Сайрам (6%), Сарыағаш (5,5%) аудандарына тиесілі. Пайдалану бағыты бойынша негізгі 29% үлесі өнеркәсіп арқылы үйлестірілген. Ол 123,9 млрд теңгені құрайды, Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіне 64,1 млрд теңге бағытталса, өңдеу өнеркәсібіне 25,3 млрд теңге тартылған. Ауыл шаруашылығының үлесі 28%-ды құрап, 116,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, егін шаруашылығы – 31 млрд теңге, ал мал шаруашылығы – 21,4 млрд теңге.
Кездесу барысында өңір басшысы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров пен жауапты басқарма басшыларына инвесторға сүймелдеу жұмыстарын жүргізуді, инфрақұрылым бойынша көмектесуді тапсырды.
Түркістан облысының әжелері “Даналық мектебінің клубы” сабақтарын өткізу бойынша, «Бесік жыры – бар тәлімнің бастауы» тақырыбында бесікке салу салт-дәстүрін орындады. Аталған мәдени-рухани шаралар өңірдің білім беру мекемелерінде ұйымдастырылып келеді. Басты мақсат, қазақтың салт-дәстүрін насихаттау, «Салт-дәстүр», «Әдеп –ғұрып» ұғымдарының мәнін ашу және оларды сақтап, құрметпен қарау, сондай-ақ өркениетке барар ұлт болашағын айқындайтын факторлардың бірі екендігін ұғындыру.
«Қазақ халқы бесікті тәлім – тәрбиенің қайнар көзі, бабамыздан қалған киелі мүлік, қой үстінен бозторғай жұмыртқалаған мамыражай тіршіліктің белгісі деп есептеген. Бесікті қатты қадірлейтіндігі соншалықты, қазақ атасы жатқан бесікке бала, немере, шөбере, шөпшек, тіпті туажатына дейін бөлеген екен. Яғни, ол сан ғасырлардан бері құндылығын жоғалтпаған ұлттың алтын ұясы. Баланы бесікке бөлеу — қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш болады, бойы жылы және тәні таза болады. Жас сәбиді бесікке бөлеу халқымыз үшін елеулі дәстүрлердің бірі болған. Бесікке салу жолы көпті көрген ақжаулықты аналарымызға, елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне тапсырылған. Әжелеріміз бесікті отпен аластап, «тыштырма» жасап, баланы бесікке бөлейді. Дәстүрге сәйкес бесіктің үстіне жеті түрлі қадірлі, қасиетті таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» кәде сыйы да беріліп, бөлеген сәбиді тербетіп отырып аналарымыз бар мейірімін төгіп, бесік жырын айтқан. Бесік – сәбидің алтын ұясы, «Ел іші алтын – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Бесік жырының басты қызметі —тербелісіне ыңғайлас сазды әуен және ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, сәдидің жан дүниесі мен оның санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Қазақ халқының бесік жыры «Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!» деген ана мейіріміне толы өлең жолдарымен басталып, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын, ана арманы қиялға ұштасып, баланың болашағына жол сілтейтін шумақтарға ұласып отырған. Бұл дана халқымыздың ұрпағына және оның тәрбиесіне деген басты назары, мейірімі мен құндылығы деуге болады. Қазіргі таңда кейбір әжелеріміз немерелері мен шөберелеріне ертегі, жыр айтпақ түгілі ұрпағының денсаулығына да алаңдамайтын секілді. Бірақ бұл дұрыс емес. Ал, кейбір дәрігерлер баланы бесікке бөлемеуге кеңес береді. Баланы бесікке салу зиян, шүмектерінің тазалық тұрғыдан талапқа сай емес деген секілді пікірлерді ұстанып жүргені баршамызға аян. Бірақ, данышпан халқымыз «тәрбие – тал бесіктен», «есік көргенді алма, бесік көргенді ал», деп ұрпағының тәлім –тәрбиесіне баса назар аударғанын ұмытпағанымыз абзал. Себебі, ата-бабамыздан қалған құнды мұра бесіктен қазақтың атақты ұл -қыздары еш кедергісіз өсіп-дамып, еліміздің талай батыл азаматтары шыңдалғандарын атап өткім келеді.» — дейді Арыс қалалық әжелер құрамының төрайымы Айымхан Тәшімбетова
Расында, Айымхан апамыздың айтқанын орынды пікір деп қабылдауға болады. Бесік жырын естіп, ұғынып өскен ұлы даланың талай дана азаматтары дүниежүзіне танымал тұлғалар атанды. Бесіктің және бесік жырының пайдасын атақты академик, ғалымдар да дәлелдеп берген екен. Мысалы, кейбір деректерге сүйенсек 1916 жылы психоневрология институтының негізін қалаған академик Владимир Бехтерев «Балалардағы невроз ауруының алдын-алу үшін, бесік жырын тыңдату керек» деген тұжырым айтқан екен. Ал, психолог Виталий Леутиннің бесік жырын тыңдау сәбидің ми қыртыстарындағы нейрондардың дұрыс дамуына түрткі болады деп атап өтіпті. Ал, Америкалық психолог, медицина ғылымдарының докторы, трансперсоналды психология ғылымының негізін салушы Станислав Гроф өзінің ғылыми кітабында бесік жыры баланың психотерапевтік аурудан жазылуына бірден-бір себеп бола алатынын мәлімдеген екен. Жалпы бесік жырының ерекше маңызы туралы сөз қозғаған беделді ғалымдар аз емес және олар бұл бағытта нақты зерттеулер жүргізіп, бесік жырының сәбидің дамуына оң әсер ететінін айтып кеткен.
Сондықтанда, өңірдегі білім ордаларында ұйымдастырылып жатқан игі шаралардың кейінгі ұрпаққа берер тәлім — тәрбиесі ерекше. Себебі асыл аналарымыз жас өркендерге қазақ халқының өркениеті мен руханиятын насихаттап, оларға үлгі — өнеге көрсетіп жүр. Ананың балаға берер тәрбиесі, мейірімі дәл осы бесік жырымен үндеседі.
« Баланың психологиясына әсер етіп, өмірге деген сүйіспешілігін оятуға әсер ететін алғашқы қадамдардың бірі — аналардың бесік жыры. Ал, әрбір баланың алғашқы ұстазы, ол – ана. Ешбір ана баласының жаман болғанын қаламайды. Баланың жақсы болуы аналардың қолында, сондықтан ғасырлар бойы жалғастығы үзілмей келе жатқан салт-дәстүрлерді санадан шығармай, баламыздың бойына дарытуға көңіл бөліп, білмегенімізді ізденіп тауып, тәрбиеге аса көңіл бөлетін жағдайға жетіп отырмыз. Айтпағым, бесік жырында ұлттық тәрбиенің үздік үлгісі жатыр. Қазіргі таңда көп ата-ана баласының бойында ашушаңдық, мейірімсіздік бар екенін байқап, оның қайдан пайда болғанына таң қалып жатады. Бұл сізбен біз берген бастапқы тәрбиеден. Интернет және жат қылықтар баланың даму жүйесіне осылай әсер етеді. Бұл мәселе турасында, қазір ғана емес, әр кездері үлкен мінберлерде айтылып келеді. Ал, біз осындай игі істермен жастарымызға ой сала отырып, халқымыздың салт-дәстүрлері мен шешендік сөз өнері маңыздылығын жеткізуге тырысып келеміз. Себебі, жастарға біліммен қатар дұрыс тәрбие беру де маңызды. Білім мен тәрбие қатар берілсе ғана жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, елдік сана мен ұлттық рухты, халқымыздың мәңгілік ұлттық идеясын қалыптастыра аламыз. Ал оның таусылмас қоры ұлттық тәрбие, ұлттық санада екені анық. Ұлттық тәрбиеден нәр алып, санасына сіңірген адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бағалап, кемел адам сатысына көтеріле беретіні сөзсіз» — дейді әжелер құрамының мүшесі Исаева Несібелі
«Бесік жыры – бар тәлімнің бастауы», деген әжелеріміз бесікке бөлеудің пайдасы ерекше екенін айтады.Біріншіден, қолы мен аяғын ербеңдетіп бос жатқан сәбидің ұйқысы тыныш болмайды, жиі шошынады. Ол сәбидің жүйке жүйесінің дұрыс жетілмеуіне әсерін тигізеді. Сонымен қатар, ұйқысы қанбаған баланың санасы мен ой зердесі өз уақытында толық жетілмейді. Екіншіден, баланың мазасыздығы ананың психологиясына да әсер етедi. Ал, мұндай жайсыздық сүт арқылы сәбиге беріледі.
Сондықтан бесікке жатпаған бала болашақта сабырсыз, мейірімсіз болуына себеп болуы мүмкін. Керісінше бесікке бөленген сәбиді бесiктен шешкен кезде, сәбидің керiлiп, созылып рахаттануы, денесінің әр түрлі күйде болуы оған ерекше демалыс сыйлайды емес пе?! Бесікте жатқан баланың тұла бойы таза болып, тазалыққа бойы үйренеді. Сәбидің денесіне дымқыл, сыз дарымайды. Бесікке бөлеу әдісі құрғақ табиғи таза мақтадан жасалған жұмсақ дәке, шыт сияқты материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асатындықтан бала денсаулығына да зияны болмайды. Сондықтан бесікке бөлеу — мықты денсаулық кепілі деп айтуға негіз бар. Себебі қазіргі қолданыстағы памперстер, тек химиялық жолмен алынған заттар, оның бала денсаулығына тигізер зияны туралы туралы айтпаса да түсінікті. Негізі бесіктегі балаға ана әлдиі әбден сіңсе,оның бойында қайырымды мінез қалыптасады, бесік жырын тыңдаған баланың қанына ұлттық қасиет дариды. Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін бесік жыры халық педагогикасының бастау бұлағы ғана емес, қазақ әйелінің жан дүниесін танытатын, кезеңдік ел тұрмысынан мол мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Бесік жырының баланың көкірек көзін ашып, жан-жүйесін тербейді, сезімін сергітеді. Жалпы бесік жырында қазақ халқының төл тарихы, мәдениеті мен дәстүрі, наным-сенім мен дүниетанымының көрінісі бар. Бесік жырын халқымыз ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Тіпті ананың бесік жырын сәби ғана емес, ауыл балалары, тіпті үлкендерде құлағын салып тыңдап отыратын. Яғни, ананың балаға деген мейірі, махаббаты, ой-арманы, ізгі ниеті, халықтың ақыл өсиеттері бесік жырында айқын керінеді.
«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 қарашадағы № 1050 қаулысы аясында, 2024 жылы Сауран ауданы бойынша 6840 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған және жыл соңына дейін халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады. Бұл туралы Сауран аудандық Мансап оралығының директоры Әуез Азамат Асылбекұлы мәлімдеді.
— «Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған» аясында 2024 жылдың маусымға дейін, жобадағы бағдарламар бойынша 6368 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 2487 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу пайызы 39 % құрап отыр. Оның ішінде, санаттары бойынша бөлінісі: жұмыссыздар –1011 азамат, өзін өзі қамтығындар – 1017 азамат, жұмыс іздеушілер–970 азамат, 154 азамат композиттік қызметке тіркелді (композиттік қызмет жоспары — 220). Жұмыс орындарын субсидиялауды ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау шаралары, оның ішінде: Әлеуметтік жұмыс орнына – 260 орын жоспарланған, қамтылғаны 177 азамат, орындалуы 68 %; Жастар практикасына – 460 орын жоспарланған, қамтылғаны 119 азамат, орындалуы 26%; Қоғамдық жұмыстарға – 700 орын жоспарланған, қамтылғаны 774 адам, орындалуы 110.5%; Алғашқы жұмыс орындарына – 100 орын жоспарланған, қамтылғаны 90 адам, орындалуы 90%.; Күміс жас жобасына бойынша 130 орын жоспарланған, қамтылғаны 152 адам, орындалуы 117%; Грант бойынша – 93 орын жоспарланған, орындалуы 46.2%. Грант бойынша инстаграм фэйсбук әлеуметтік парақшаларға 10.05.2024 жылы жарияланды. Құжаттарды қабылдау enbek skills платформасында өтініш беру арқылы жүзеге асырылды. 05.06.2024 жылы үміткер 115 адамның құжаты комиссияда қаралды. 43 адамға оң шешім берілді.«Бастау бизнес» жобасы аясында 900 азамат оқу жоспарланып, орындалуы 133 азамат оқытылды. Орындалуы 14,7 %.
Тұрақты жұмыс орындарына – 3888 орын жоспарланған. Бос жұмыс орындарына 2123 адам жоспарланған, жолданғаны 1296 адам, орындалуы 61%. «Ұлттық жоба» шеңберінде 27 жоба бойынша жаңа жұмыс орындарына 227 адам жоспарланған, 17 жобаға 98 адам жолданды, орындалуы 43% құрап отыр. Маусым айының соңына дейін 97 жаңа жұмыс орнын ашып, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтылады. Әлеуметтік жұмыс бойынша мүгедектігі бар 1 адамды жұмыспен қамту жоспарланған, 2024 жылдың соңына дейін орындалады, квота бойынша — 10 мүгедектігі бар 2 азамат жұмыспен қамтылды. Орындалуы 20%. Бизнес бастау жобасы бойынша жоспар — 900 адам, орындалуы 133 адам оқыды. Мемлекеттік грантқа 93 адам жоспарланған. Бірінші лекте 43 адам грант алды.» — дейді Мансап оралығының директоры Әуез Азамат Асылбекұлы
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс шаралар қарастыру бойынша нақты міндеттерді айқындап берді. Яғни, еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Дәл осы бағытта, 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап, Түркістан облысының аудан, қалаларында еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін 17 орталық құрылды. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары, енді мансап орталықтары болып қайта құрылып отыр. Қазіргі таңда, аталған мекемелер «Ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыстарды жүзеге асыруда. Қазіргі таңда Еңбек мобильділігі орталығының аудан, қалаларда 17 филиалы – яғни, «Мансап» орталықтары халыққа қызмет көрсетіп келеді. Олар жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту шараларын іске асырады.
Биыл, Түркістан облысында «Жұмыспен қамту» бағдарламасы аясында 33 005 адам субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, қажетті қаржы қаралды. Биылғы жылдың І жартыжылдығында жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруды қолдау мақсатында 1793 азаматқа 2,6 млрд теңге қаржы жоспарланып, бірінші лек бойынша 897 азамат комиссияның қорытындысымен оң шешімін алды. Соның ішінде, 893 азаматқа мемлекеттік грант 1 млрд 318 млн қаражат ұсынылды. Олардың қатарында 27 АӘК алушы, 623 көпбалалы отбасы, 139 мүмкүндігі шектеулі азамат, 86 мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырғандар және асыраушысынан айрылған 22 отбасы бар. Грант иелері қаражаттарын мал, құс, бал және балық шаруашылықтарын жүргізуге, қолөнер және тігін, техника жөндеу, құрылыс материалдарын шығару, шаштараз өнері және косметогиялық қызметтер көрсету сияқты кәсіптермен айналысуға бағыттаған.
Ақылы қоғамдық жұмысқа 13605 адам жұмыспен қамтылса, жастар практикасы бағытымен 2329 жас жұмысқа жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 3846 адам жолданса, алғашқы жұмыс орындарына 1396 адам орналасты. «Күміс жас» жобасы бойынша 2208 адамды жұмыспен қамту жоспарланып, 2299 адамға жолдама берілді. Жоспар 104%-ға орындалды. Жалпы бағадарламалар бойынша мүмкіндігі шектеулі 2169 азамат жұмыспен қамтылды.
Түркістан облысында Ұлттық жобалар негізінде жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысы бойынша 397 инфрақұрылымдық жоба аясында 3671 жұмыс орнын ашу жоспарланып, нақты 1259 жұмыс орны ашылды. «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 36 жоба бекітіліп, қазіргі таңда 16 жоба іске қосылды. Нәтижесінде, 246 жұмыс орыны ашылды.
Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметін де бекітіп берген болатын. Олар:
— Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету; өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру; жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасау; жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру; жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз азаматтарды тіркеу; халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілеттік мемлекеттік органдарды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Қазіргі таңда, Сауран ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытында нақты іс-шаралар жоспары нақтыланып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамту үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, «Халықтың кірісін арттырудың 2025 жылға дейін бағдарламасын» іске асыру, ауданға инвестициялық жобаларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту бағыты да басты назарда. Сауран ауданының туристік әлеуеті де өте жоғары. Аудандық Мансап орталығының басшысы мемлекет осындай қолдауларды жасап жатқанда, азаматтар еңбек етуге ұмтылуы керек екенін айтады.
— «Біздің ауданда еңбек етемін деген тұрғындарға, яғни қос қолға бір күрек табылады. Шағын кәсіп, ауылшаруашлығымен айналысу, туризм бағытында қызмет көрсету бойынша да ауданның әлеуеті жоғары. Сондықтан, мемлекет қолдап тұрғанда, жастардың өсуіне көмек көрсетіп тұрғанда, қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. Біз, барынша көмектесуге, жол көрсетуге дайынбыз. Орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Негізі, халықтың басым бөлігі мамандығы бойынша еңбек жалақысы жоғары тұрақты жұмыспен қамтылуды қалайды. Ал, ауылдық жерде қыруар қаржы алып, жалақының жоғары болуы екіталай. Ондай мамандықтар бірен-саран. Сол себепті «маған жалақысы жоғары жұмыс қажет» деу орынсыз. Барға қанағат етіп, жұмысыңды жасап, қосымша кәсіп ашып, оны да талапқа сай жүргізіп отырсаң, соның өзі бақыт деп білемін», — дейді Азамат Асылбекұлы
Айта кетейік, бүгінде электронды еңбек биржасының арнайы сайты бар. Порталдың басты жұмысы- жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электронды еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді. Жалпы, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы Ұлттық жобалардың бірыңғай платформасында жұмыс орнын табуға көмектеседі. Сондай-ақ, жұмыс іздеушілер жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға өтінім бере алады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік тұрғыдан қорғаудың маңызды бағыты екенін атап өткен болатын. Президент еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Үкіметке және әкімдерге 2030 жылға қарай 3 миллион 300 мың адамды жұмысқа тұрғызу туралы тапсырма беріп, оның 2,2 миллионы жастар болуға тиіс екенін де мәлімдеген еді. Сондай-ақ халықты, жастарды жұмыспен қамту Үкімет үшін аса маңызды міндет екенін, әкімдер бұл жұмыстың нәтижелерін тұрақты түрде баяндап тұруы керек екенін де ескертті. Яғни, елімізде жұмыс істеймін деген азаматтарға әрқашан жан-жақты қолдау көрсетіледі және өз кәсібін ашып, өркендетемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар қарастырылған.
-«Елімізде аймақтардың жұмыспен қамту карталары бекітілген. Соған сәйкес жыл сайын шамамен 950 мың адамға жұмыс тауып беру көзделген. Ол үшін бюджеттен 130 млрд теңге бөлінді. Осы қаржы арқылы, яғни субсидия арқылы 150 мың адам жұмысқа орналасады. Оның бәрі – жастар және әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы азаматтар», — деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде де нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда, Түркістан облысында халықтың табысын арттыру бағдарламасын орындау мақсатында «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асырылып келеді. Бүгінде, әр аудандарда бағдарлама аясында 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүйелі жүргізіліп жатыр. Жалпы бұл жоба еңбек етіп, табысын арттырып, кәсібін өркендеткісі келетін жандарға ауылда да, қалада да жұмыс табылатынын және әр істің берекесі болатынын дәлелдеді деуге болады. Осы орайда мемлекеттік қолдау тарыққанға балық емес, қармақ беру екенін үйретіп, азаматтарды табандылық танытып еңбек етуге, несібесін молайтып, әр шаңырақтың әлеуетін көтеруге үндеді. Тиісінше мемлекеттік бағдарламалардың қолдауын сезінген кәсіпкерлер жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, өз кәсібін де дамытып отыр.
Мысалы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округінің кәсіпкері Альберт Муслимов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайызбен 7 млн теңге несие алып, өзінің кәсібін бастаған. Бүгінде кәсіпорын иесі өзінің шағын цехында кондитерлік өнімнің 10 түрін шығаруда. Кәсіпкер тәтті нандарды пісіруге арналған технологияны Ираннан арнайы алдыртқан. Тіпті бизнесін өркендету үшін кондитер пісірушінің өзін жол шығындарын көтере отырып, сол Иран елінен шақырған екен. Ол ең бірінші кезекте 10 күннен аса уақыт ауыл азаматшаларына тәтті пісірудің түрлі тәсілдерін үйретіп, өзінің тәжірбиесімен бөліскен. Әрине, игі істі бастауда нағыз маманның керегін түсінген Ескі Иқан ауылдық округінің кәсіпкері Альберт Муслимов қызметкерлерінің де білікті болуына мүмкіндік жасапты.
Қазіргі таңда аталған цехта жергілікті 10 тұрғын тұрақты түрде жұмыс істейді. Тәтті нандарды пісіруге ең қажет шикізаттың бірі – сүт болғандықтан, кәсіп иесі оны ауыл ішіндегі сүтті бағытпен айналысатын отбасылардан сатып алып отыр. Оның өзі ауылдағы шаруалардың өнімін өткізіп, табысын еселеуге септігін тигізуде. Кондитер иесі енді цехты кеңейтіп, жұмысшы санын 20-ға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда аталған кәсіпорынның өнімін тұтынушылардың саны да арта түскен. Ауылдағы жанұялар да, түрлі мекемелер де жергілікті өнімге сұранысты көбейткен екен.
-Бұл жобаның бастау алып, ауыл тұрғындарына жаңа серпіліс сыйлағанына қуаныштымын. «Ауыл аманаты» жобасы біз секілді адамдарға, жалпы барлық азаматтарға үлкен мүмкіндік беріп отыр деуге болады. Жолдасым екеуміз «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының 6-шы бағыты арқылы 7 миллион теңге алып, наубайхана жұмысын бастадық. Жалпы өз кәсібін ашамын деген азаматтарға бұл таптырмас мүмкіндік. Қазіргі таңда отбасымызбен нан жауып, халыққа қызмет жасап келеміз. Наубайханада күніне 1600 дана бөлке нан шығарылып, оны ауылдағы дүкендерге өткіземіз. Кондитерлік өнімдердің он түрін шығарып жатырмыз және жергілікті он тұрғынды жұмысқа алып, ауызбіршілікте қызмет атқарып жатырмыз. Тәтті нандарымызды пісіруге ең қажет шикізаттың бірі сүт болғандықтан, оны күнделікті ауыл ішіндегі сүт сауып отырған, мал шаруашылығымен айналысатын отбасылардан сатып алып жүрміз. Алға қайған мақсаттар көп. Бастысы осы цехтың жұмысын одан әрі өркендетіп, тағы да ауыл азаматтарын жұмыспен қамтып, табысымызды еселегеміз келеді. Ерінбей еңбек етсек оғанда жететін күн алыс емес деп есептеймін. Мемлекеттік қолдауға мың алғысымды айтамын.»- дейді цех басшысы Альберт Муслимов жұбайы.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасының 50 пайыздан аспайтын бөлігі мал, құс, балық сатып алуға да берілген. Бұл бағытта Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата елді мекенінің тұрғыны Жасур Муминов 240 шаршы метр жерге балық өсіріп отыр. Кәсіпкер өз кәсібін, яғни «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша балық шаруашылығын өткен жылдың қыркүйек айында. Кәсіпкер 2,5 пайызбен 8,5 миллион теңге алған. Бүгінде балықтың «форель» түрін өсіріп жатыр. Жасур Муминов төрт бассейінде балық өсіріп, 6 айда 2 тонна, жылына 4 тонна балық алуды көздеп отыр. Өзімен бірге жергілікті ауылдың 4 азаматтын тұрақты жұмыспен қамтыған. Сонымен қатар, кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы өз кәсібін ашамын деген азаматтарға таптырмас мүмкіндік екенін айтып, бұйыртса алдағы уақытта кәсібін үлкейтіп, бірнеше азаматты жұмыспен қамтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.
-Форель – лосось тұқымдас, еті ақ, қызыл, сарғылт түстес, адам ағзасына өте пайдалы балықтың түрі. Көбіне теңіздер мен өзен-көлдерде өсетін, қымбат дәмханалар мен мейрамханаларда пайланылатын балық. Бұған дейін Сауран ауданында форель балығын өсірумен ешкім шұғылданбаған болуы керек. Форельге сұраныс үлкен, себебі, балықтың бұл түрінде адам ағзасына аса пайдалы А,В,С дәрумендері өте көп болады. Форельді суға пісіріп немесе қуырып жеуге де болады, дәмі тіл үйіреді. Балық шаруашылығы – қазіргі таңда ауыл шаруашылығының маңызды саласы деуге болады. Балықтың етіне қазіргі таңда сұраныс та артып келеді. Балық өсірудің негізі көптеген әдіс-тәсілі бар. Шабақ өсіріп, уылдырық алу, балықты сату, тұздау деген секілді. Форель өсіру экономикалық тұрғыдан тиімді әрі сұранысқа ие. Бұл балықты тоғандарға жіберуге немесе тікелей нарыққа шығаруға болады. Мен 2,5 пайызбен 8,5 миллион теңге алып, төрт бассейінде балық өсіріп отырмын. Жоспарым жарты жылда 2 тонна, жылына 4 тонна балық алу. Кәсібімді өркендету үшін, әрі жұмысты жүргізу үшін ауылдың төрт азаматын тұрақты жұмысқа алдым. Бүгінде олардың да қызығушылығы артып келеді. Осылай әрбір тұрғын әрекет жасаса, кәсібінің берекесін көрері сөзсіз. Балық өсіру ісінде өзге де шаруалармен тәжірбие алмасып жүрміз. Мұндай қадамдар шаруамыздың одан әрі дамуына септігін тигізеді.» — дейді Жасур Муминов.
«Ауыл аманаты» пилоттық жобасына қатысушы ретінде Сауран ауданына қарасты 4 ауылдық округ таңдалғанын айта кету керек. Атап айтқанда: Оранғай, Қарашық, Майдантал, Ескі Иқан ауылдық округтері. Ал, жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде. Жалпы, Сауран ауданында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылып жатыр. Жоба арқылы 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиеге қол жеткізгендердің қатары да күн санап артып келеді. Ауыл тұрғындарының басым көпшілігі несиені мал шаруашылығына алған.
Солардың бірі — жылқы бордақылау ісін қолға алған Оранғай ауылының тұрғыны Е.Досжанов. Ол алдымен «Қарызсыз қоғам» бағдарламасы арқылы қаржылық сауаттылығын арттырып, бизнесті қалай жүргізу керек және кәсіпті бастаудағы ұтымды әдіс-тәсілдердің қыр-сырын үйреніпті. Кейіннен «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға өтінім беріп, 7 миллион теңге көлемінде несие алған. Аталған сомаға Батыс Қазақстан облысынан 20 бас қарабайыр жылқы алып, мал бордақылауға кіріскен.
Сондай-ақ, Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округінің тұрғыны Алиасқар Шойбеков етті бағыттағы мал шаруашылығымен айналысады. Шаруа «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5%-бен 7 млн.теңге несие алған. Қаржыға 20 бас жылқы сатып алған.
«Ауыл тұрғындарының көпшілігі мал шаруашылығымен айналысады. Мен де бұл жобаны тиімді пайдала отырып, кәсібімді бастадым. Бұл бағдарлама — кәсіппен айналысамын деген азаматтарға үлкен көмек. Жоба — ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеріп, кәсіп бастауына септігін тигізіп жатыр», — дейді шаруа.
Сонымен қатар, аталмыш бағдарлама аясында 7 миллион теңге қаражат алып, өз кәсібін жандандырып отырған жеке кәсіпкердің тағы бірі — Бахадир Исрайлов. Оның «Рустамбек» шаруа қожалығы аталмыш жоба аясында 3 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, егін шаруашылығымен айналысуда. Онда жылына 120 тонна бидай мен 100 тонна бақша өнімдерін өндіріледі. Сонымен қатар, ауылдық округте жер жырту мен дәрілеу қызметтерін қатар атқарады. «Рустамбек» шаруа қожалығы аталмыш жоба аясында 3 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алып, егін шаруашылығымен айналысуда. Онда жылына 120 тонна бидай мен 100 тонна бақша өнімдерін өндіреді. Сонымен қатар, ауылдық округте жер жырту мен дәрілеу қызметтерін қатар атқарады. Кәсіпкердің ірі қара мал бордақылау алаңына өз жұмысын атқарып жатыр. Бахадир Исрайлов шаруа қожалығының жұмысына өз отбасысынан бөлек, ауыл азаматтарын жұмысқа алып отыр.
Ал, Оранғай ауылдық округіндегі жеке кәсіпкер Нигора Сейтходжаева 0,80 гектар аумақта орналасқан жылыжай кешенінің жұмысын бастаған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 5 миллион теңге несие алған кәсіпкер, қазіргі таңда жылына 4 тонна қияр өнімін алады. Жылыжай кешені толықтай тамшылатып суару жүйесі арқылы жабдықталған.
-«Жылыжайымның жұмысы жанданып келеді. Еңбек ең басты ұстаным болуы керек екен. Жылыжайдағы қиярдың күтімі, оның ішінде жұмыс жасау оңай деп айта алмаймын. Алайда барлық жетістік маңдай тердің арқасында келеді. Ал, мемлекеттік бағдарламалардың біз секілді шаруаларға берері өте көп, себебі осындай қолдаулардың арқасында өнімдерімізді еселеуге мүмкіндік алдық. Жаныма әр маусымда көмекші ретінде ауылдың тартып отырамын. Қазір, жұмыс жасаймын деген адамға бәрі қарастырылған ғой. Әлбетте, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер қарастырылған. Бірақ атаулы әлеуметтік көмек мәселені толық шешпейді деп ойлаймын. Адам өзі жұмыс істеп, кәсіппен шұғылданбай, іс өнбейтіні анық. Бұл ретте «Ауыл аманаты» жобасының берері көп деуге болады.» — дейді жеке кәсіпкер Нигора Сейтходжаева.
Сондай-ақ, ауылдық округтің тұрғыны Бабыр Насыров 5 миллион теңге қаражат алып, дәнекерлеу цехын ашқан азаматтың бірі. Бүгінде өндіріс орны кеңейтіліп, цехтың аумағы 300 шаршы метрді құрайды. Заманауи технологиялармен жабдықталған цех жылына 3000-нан астам темір есік және үстел шығаруға қауқарлы. Кәсіпкер бүгінде 12 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жұмысшылардың орташа жалақысы – 250-300 мың теңге. Тиісінше, «Абдусардар» жиһазының өнімдері сұранысқа ие екен.Шығарылған өнімдер қазіргі таңда Түркістан қаласы мен Сауран ауданына өткізіледі. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор екенін айттып отыр. Бабыр Насыров Негізгі арнайы жабдықтарды Өзбекстаннан алдыртатынын атап өтті. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып келеді екен.
– «Жиһаз өндіру саласы қарқынды дамып, кәсіп жасаймын деген азаматтарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау тауып келеді. Отандық нарықта бәсекеге қабілеттілік өсуде. Жылдан-жылға елімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бұл жиһазға деген қажеттілікті арттырады. Осылайша біздің өнімдер сұранысқа ие болып, өз кәсібіміздің кеңейуіне жол ашылуда. Жиһаз жасаудың да өзіндік қиындықтары бар. Оны сапалы етіп жасау тұтынушылардың сенімін ақтаумен тең. Сондықтан, цехтағы мамандар да өз ісін жақсы білетін азаматтар деп айта аламын. Алға қойған мақсаттар көп негізі. Оған жету үшін тынбай еңбектену қажет.»– дейді жеке кәсіпкер.
Оранғай ауылдық округіндегі оңды істерден кейін, Қарашық ауыл округіндегі қарқынды істерді де атап өткіміз келеді. Ауыл халқының негізгі күнкөрісі — мал мен егін шаруашылығы. Ауылдық округте «Ауыл аманаты» жобасымен жеңілдетілген несие алуға 40 тан аса азамат өтінім білдіріп, нәтижесінде олардың көпшілігі мақұлданған. Оларға тиісінше өз кәсіптерін өркендету үшін қаражат бөлінген. Солардың бірі – Құмтүйін ауылының тұрғыны Нұрлан Адырбекұлы. Ол аталған жоба аясында жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізіп, 3 млн теңгеге 8 бас жылқы сатып алған.
«Жылқыны Қызылорда облысы Қармақшы ауданы, Үшінші интернационал ауылының мал базарына барып, халықпен кездесіп, үйден барып алдық. Әкелдік, алғаныма айдан асты. Содан жайлап бордақыға қойдық. Енді халыққа қызмет қыламыз»,- дейді кәсіпкер.
Ауыл халқының әлеуетін аттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Сауран ауданында Қарашық, Оранғай, Ескі Иқан, Майдантал ауыл округтерінен 1 млрд. 267 млн. теңгені құрайтын 191 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 3 172 бас ірі қара мал сатып алынған, 1,7 гектар жерге жылыжай салынып, 2 кәсіпкер балық шаруашылығын дамытуды қолға алған. Ал, өндірістік кооперативтерде – 3 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Сондай-ақ, өз кәсібін ашу бағытында — 10 жоба қаржыланып, 190 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ағымдағы жылы жоба аясында Үшқайық, Иассы, Жаңа Иқан, Шаға ауыл округтерінен 280 шаруа несие алуға ниет білдіріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Жалпы аудандардың экономикалық дамуын анықтайтын басты сала, ол — ауыл шаруашылығы саласы. Бұл бағытта Сауран ауданында өткен жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 112,1 млрд. теңгеге дейін арттыру жоспарланған. Ал, 5 айда нақты 9,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліпті. Ағымдағы жылы аудан бойынша 43 396 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген, ал мал саны – 682,7 мың басты құрайды. Сауранда есепті кезеңде етті және сүтті бағыттағы ауыл шаруашылығы жануарларынан 3 780 тонна ет және 14 696 тонна сүт өндірілген. Құс басы саны – 147,9 мың басты құрайды. Есепті кезеңде құстардан 2,9 млн-нан астам жұмыртқа алынды. Ал, бүгінгі таңда жер аманаты бағдарламасы аясында 104 мың гектар ортақ жайылым қайтарылса, жыл соңына дейін 6 мың гектар жерді қайтаратын боламыз. Ауданның жалпы аумағы 646 мың гектар болса, оның ішінде суармалы жерлер – 56 мың гектар және жайылым жерлер – 248 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2022 жылмен салыстырғанда 1 945 гектарға артқан. Бұдан бөлек, 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндіріліп, жалпы өнім көлемі – 30,5 млрд. теңгеге жеткен.
Ал енді, аталған тақырыпқа өзек болған «Ауыл аманаты» жобасы туралы оқырмандарға бірқатар ақпараттарды айта кетсек. Жалпы бұл пилоттық жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылдың 26 қарашасында бекіткен №1 «ҚР ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды. Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл республикалық бюджеттен 11 миллиард теңге қаржы бөлінген. Қосымша 14 миллиард теңге бөлу жөнінде ҚР Ауылшаруашылығы министрлігіне өтінім берілген.
Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатыр.
Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді деген болжам бар. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ.
Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған. Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді.
Негізі мамандар несие алушы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруіне кеңес береді. Себебі, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, кооперативке бірігудің пайдасы өте көп. Бірінші кезекте сату мәселесі шешіледі. Мәселен кооперация мүшесі 8,6 миллион, ал төрағасы 27 миллион теңге ала алады, дейді мамандар. Аталған жоба арқылы Түркістан облысында 3220 тұрғынға несие беріп, 3413 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Жұмыстар нәтижесінде орташа айлық кіріс 1,5 есеге, сүт өнімін өндіру 40,6 пайызға, ет өндіру 63,2 пайызға, жылыжай өнімі 26,2 пайызға, құс еті 2,4 пайызға, балық өнімі 2 пайызға ұлғаяды деп жоспарланған.
Бастапқыда бекітілген құжаттардың тізбесі 16 болып бекітілген. Жоба аясында қағазбастылықты жою мақсатында қажетті құжаттар тізімі жұмысшы топпен қайта қаралып, құжаттар саны 8-ге дейін қысқартылды. Бұл ауыл тұрғындарына қолайлы. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы тарапынан 50 бизнес жоспар әзірленіп, тұрғындарға ұсынылған. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын ашу бағытында да жұмыстар әлі де жалғасын тауып келеді.
Жоба аясында қандай жеңілдіктер қарастырылған дейтін сауалға жауап беретін болсақ, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындары өз бизнесін дамытуға немесе кооператив құрамында жеңілдетілген несие ала алады, сондай-ақ техниканы лизингке рәсімдеуге болады. Қарыз алу шарттары да өте тиімді, себебі ондағы пайыздық мөлшерлеме әлдеқайда төмен. – несие/микронесие мерзімі – 5 жыл, ал мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру саласындағы жобалар бойынша 7 жылға дейін; – несиенің/микронесиенің ең жоғары сомасы қолданыстағы заңнама бойынша айқындалады; – номиналды сыйақы мөлшерлемесі – 2,5 пайыз, кепілмен қамтамасыз ету. Мұндай несиенің халыққа пайдалы болары анық. Мәселен, бүгінде бірде-бір коммерциялық банкте ауыл тұрғындарында мұндай шарттармен несие алу мүмкіндігі жоқ. Әлемдегі инфляцияны ескеретін болсақ, 2,5 пайыздық несие бұл – өте тиімді. Сондықтан да ауылда қандай да бір өндіріс ашып, оны дамыту үшін бұл – үлкен мүмкіндік. «Ауыл аманаты» жобалық кеңсесі хатшылығының басшысы Нұркен Шарбиевтің айтуынша, ел тұрғындарының табысын арттыру мәселесін шешу «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Бағдарлама адамдардың тұрақты табыс жолына түсуіне бағытталған. Тиісінше мамандар ауыл тұрғындарына барлық ақпараттар бойынша көмектесіп келеді. Мысалы, жобаның ең бірінші жүзеге асқан Жамбыл өңірінде тұрғындардың 68 %-ы атаулы әлеуметтік көмек алушылар санатынан шыққан екен. Көпшілігі атаулы әлеуметтік көмек алуды емес, осы бағдарлама арқылы өз кәсібін ашып, табысын еселеуді таңдаған. Бұл бағытта кәсіп ашуға немесе істі дұрыс жүргізуге мамандануға ауылдық округ әкімдері де көмектесіп жатыр. Осы ретте «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ауылдық округ әкімдеріне және «AMANAT»-тың аумақтық филиалдарының атқарушы хатшыларына арнайы курстар өткізген. Халықтың экономикалық белсенділігін арттыру саласында 2 346 адам курстан өтіп, білімін жетілдіріпті.
Орайы келгенде ерекше айта кеткен жөн, Түркістан облысында да «Ауыл аманаты» жобасы жүзеге асқалы, атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатары азайып келеді. Бұл дегеніміз, халықтың кәсіп ашуға деген қызығушылығы мен өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылып жатқандығын аңғартады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырған болатын. Қазіргі уақытта «Ауыл аманаты» бағдарламасының аясында шаруаларды несиелендіру жүргізіліп, жаңа жоба біздің өңіріміз үшін өте маңызды екені дәлелденіп отыр. «Ауыл аманатын» іске асыру ауылдарды сақтап қалуға және халықтың қалаға көші-қонын қысқартуға, кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құруға, жұмыссыздықты азайтуға, халықты сапалы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысының тапырмасымен жүзеге асып жатқан жаңа жобаның мақсаты да ауыл халқының табысын арттыру, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Жоба аясында ауыл тұрғындары өз кәсібін ашып, қосалқы шаруашылықпен айналысып, есік алдындағы жерлерін игеріп, ауладағы мал шаруашылығын дамытып және өзге де кәсіп түрлерімен айналысу тұрғындардың негізгі мақсатына айналмақ.
Мемлекет басшысы өзінің «Әділетті мемлекет, Біртұтас ұлт, Берекелі қоғам» Қазақстан халқына жолдауында жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу мәселелеріне басты зейін қойды. Осыған орай, Сауран аудандық «Мансап» орталығы және «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жастарға жұмыс» атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің басты мақсаты – азаматтардың жұмысқа орналасуына, бос жұмыс орындар туралы хабардар болуына, еңбек нарығындағы мәселелер туралы мәлімет алуына мүмкіндік беріп, жастар арасында жұмыссыздықты азайта отырып, олардың тұрақты жұмысқа тұруына жаңдай жасау болып саналады.
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Білімге деген ұмтылыс, адал еңбек пен отансүйгіштік» деп жастар үшін маңызды үш басымдықты атап өткен болатын. Осыған орай еңбекке деген басымдықты іске асыру мақсатында «AMANAT» партиясы 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Жастарға жұмыс!» жобасын қолға алған еді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп іске қосылған жобаның басты бағыты жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Жобаның басты мақсаты да жастар арасында жұмыссыздықты азайта отырып, олардың тұрақты жұмысқа тұруына мүмкіндік жасау болып табылады. Соның арқасында жастар маман ретінде біліктілігін арттырып, кәсібилігін шыңдай түсетіні анық. Бұл қадам жастар арасында кәсіби маман ретінде өзін тауып қана қоймай, кәсібін ашып, табыс табуына мүмкіндік туғызады және елдің болашағы ретінде мемлекетіміздің әлеуетін арттыруға өз үлестерін қосады. Бұл бағытта партиямыздың төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету негізгі мәселелердің бірі екендігін айтқан болатын.
«Жастардың қалауы мен әлеуетіне сай келетін лайықты жұмыс табу өте маңызды. Бұл олардың өз қабілет-қарымын шыңдаудың, отбасы мен елдің игілігі үшін адал еңбек етудің алғышарты. «Жастарға жұмыс» жобасы, міне осыған бағытталған. Бұл бастама жастардың жұмыс табуын қолжетімді, ашық әрі ыңғайлы етеді», – деді партия Төрағасы. Ерлан Жақанұлы партия жанындағы Жастар қанатының басты мақсаты – мемлекет ұсынатын мүмкіндіктерді қалай пайдалануға болатынын жастарға түсінікті тілде сауатты әрі жан-жақты түсіндіру екенін де атап өтті. Біз бұнымен тоқтап қалмаймыз. Жоспар бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырып, облыстағы жұмыс беруші мекемелермен кәсіпорындарды тарту көзделген. Тиісінше кәсіпорындар бос жұмыс орны болған уақытта хабардар етіп отырады. Біз өз тарапымыздан жұмыс іздеген жастарға ақпарат таратып, жұмысқа тұруға ықпал жасаймыз.» — дейд» «AMANAT» партиясы Сауран аудандық филиалының төрағасы С.Асылбеков
Жалпы «Жастарға жұмыс» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істейді. Онда ізденуші бос жұмыс орындарының бар-жоғын біліп қана қоймай, сол жерде қажетті мәлімет алып, жұмыс жағдайын нақтылай алады. Сауран ауданында өткен жәрмеңкеде жұмысқа орналастырудан бөлек, жастарды әлеуметтік қолдауға қатысты мемлекеттік барлық бағдарлама бойынша кеңестер де берілді. Яғни, мамандар тарапынан баспана алудан бастап, емделуге, жеке кәсіп бастауға және білім алуға қатысты бағыт-бағдар ұсынылып, жоба аясында жылдық мөлшерлемесі 2,5%-ды құрайтын жеңілдетілген несиелендіру, егер кәсібі бар азаматтар болса бос жұмыс орындарын ашу , жас мамандарды IT дағдысына үйрету секілді және тағы басқа бастамалар қарастырылды.
-«Жастарға жұмыс» жобасы 2023 жылдың қаңтарында бастау алса, осы уақыт аралығында жалпы ел аумағында 150 — ден астам бос жұмыс орын жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған 100 мыңнан астам азаматтар қатысыпты. Деректерге сүйенсек оның ішінде, 20 мыңға жуық жастар жұмысқа орналасуға жолдама алып үлгерген екен. Бұл бағдарлама аясында еліміздегі үш мыңнан астам ірі және шағын кәсіпорындармен жастарды жұмысқа орналастыру жөнінде келісімдер жасалған. Бұл үлкен мүмкіндіктерге жол ашады. Қазіргі таңда еңбек етемін деген азаматтарға мемлекет тарапынан барынша қолдаулар көрсетіліп келеді. Тиісінше, жастардың да ынтасы мен қызығушылығы арта түсуде. Биыл, Сауран ауданының құрылғанына үш жыл толып отыр. Осы қысқа уақыттың өзінде ауданда 39 жоба іске қосылып, 650 жаңа жұмыс орындары ашылды. Сонымен қатар, 9 жиһаз цехтар өз жұмысын бастады. Одан бөлек трансформатор құрастыру, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін цех, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағытында өнеркәсіптер, жаңбырлату қондырғыларын өндіру, тері өңдейтін, мақта және мақта шитін өңдейтін, жылыжай жабдықтарын өндіретін, сондай-ақ, өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіретін кәсіпорындар іске қосылмақ. Бұл нысандардың барлығы жаңа жас мамандарды қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан, алдағы уақытта жастарды мемлекеттік бағдарламалар аясында қызметпен қамту ісі жалғасын табады.
Мысалы түлектерге алған кәсібі, яғни мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесу үшін мансап орталықтары жұмыспен қамтуға 12 айға дейінгі мерзімге жастар практикасын өтуге жәрдемдесу шарасын ұйымдастырады. Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне, яғни мамандығына сәйкес болуы тиіс. Салықтарды, міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да әлеуметтік аударымдарды ескере отырып, айлық жалақы 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жастар практикасына қатысу үшін түлек тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгіну тиіс.
Сонымен қатар, жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында еңбек мобильділігі орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады. Бүгінгі таңда еліміз бойынша «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны Түркістан облысында тіркеліп отыр екен. Бұл қуантарлық ақпарат, әрине. Айта кетейік, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы еңбек жолын енді бастағалы жүрген жұмыссыз жастарға арналған. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет. Жобаға жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды үнемі аударатын барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар жұмыс беруші ретінде қатыса алады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу ұзақтығы 18 айдан аспайды, бұл кезең азаматтың еңбек өтіліне есептеледі. Жобаға қатысушының жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді ескере отырып, айына кемінде 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Яғни ол 2023 жылы 103 500 теңге болса, ал 2024 жылы оның көлемі 110 760 теңгені құрап отыр. Бұл жобаның тиімділігі жас маман қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін, жұмыс беруші қатысушыны кемінде 12 ай мерзімге тұрақты жұмыс орнына орналастыруға міндетті.» — дейді Сауран аудандық Мансап орталығы директорының міндетін уақытша атқарушы А.Молдалиев.
Оның айтуынша, жастарға арналған тағы бір жоба бар. Ол – «Ұрпақтар келісімі» жобасы. Яғни, жұмыс іздеушілер мен жұмыссыздарды, оның ішінде білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша қосымша шараларды іске асыру шеңберінде, еңбек мобильділігі орталықтары жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қатысушыларды зейнеткерлік жасқа жеткен белсенді жұмыскерді кейіннен ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады екен. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен шарт негізінде Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 6 ай мерзімге жұмысқа алады. Ал, жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына қатысу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына өтінішпен жүгінуі керек дейді мамандар.
Жалпы жастар практикасына, «Брінші жұмыс орны» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобаларына қатысу үшін «электрондық үкімет» веб-портал және www.enbek.kz Электрондық еңбек биржасы арқылы мансап орталықтарына жүгінбей-ақ өтінім беруге де болады.
Сауран ауданында өткен жәрмеңкеде осындай мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі және бағыт-бағдары кеңінен түсіндіріліп, жұмыс іздеген жастарға арнайы жолдама беру мәселелері де қаралды. Айта кетейік жалпы аудан бойынша биыл 6241 азаматты жұмыс орнымен қамту жоспарланған екен. Ал, жыл басынан бері 3557 азамат жұмыс орындарымен қамтылыпты. Оның ішінде 1625 тұрақты және 1932 уақытша жұмыс орындары болып табылады. Жәрмеңкеде 46 мекемеден 68 тұрақты жұмыс орны және 60 мекемеден 331 уақытша жұмыс орындары ұсынылды.
Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысының жарлығымен Түркістан облысында Сауран ауданы құрылған болатын. Кезінде ірі сауда орталығы атанып, соның негізінде құрылып, Ақ орданың астанасы болған Сауран атауы өзінің тарихи мәртебесін қайта алды. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы терең Түркістан ұғымымен біте қайнасып жатқан ортағасырлық Сауран қаласының атауын жаңа ауданға беру Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жүзеге асып, қалың елді қуантқан ерекше оқиға болған еді. Жаңа ауданның әкімшілік орталығы – Шорнақ ауылы болып, ал Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері шығарылып, Сауран ауданына өтті. Міне, сол уақыттан бастап Сауран ауданы өзінің жаңа келбетін қалыптастырып үлгерді деуге болады. Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалады. Жаңа өндіріс орындары ашылып, ауыл шаруашылығы бағытында да көрсеткіштер артып келеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жаңа жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары да ашылмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының басты тапсырмаларының бірі де әр аймақта жергілікті халықтың өмір сүру әлеуетін көтеру және тың идеяларды қолға алып, тұрғындарды еңбекке тартуды іске асыру болып отыр. Бұл бағытта құрылғанына үш жыл толып отырған Сауранда қандай жұмыстар атқарылып жатыр және алдағы жоспарлар жайында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.
-Президент өз жолдауларында елімізді өркендету үшін ең бастысы халықтың әлеуетін арттыру керек екенін айтып келеді. Ол үшін жаңа өндіріс орындарын ашып, инвестицияны ұлғайту маңызды екенін мәлімдеген болатын. Бұл ауыл-аймақтардың да дамуына оң серпін берері сөзсіз. Мақсат Асылбекұлы бұл бағытта Сауран ауданында қандай жобалар жүзеге асырылуда? Ең бірінші осы бағыттағы жұмыстарды атап өтсеңіз?
-Ия,расында Мемлекет басшысы айтқандай халықтың жағдайы жақсы болса, әрбір азамат жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлер кәсібін дамытса, онда ол елдің әлеуеті арта береді. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдұлының тасырмасына сәйкес Сауран ауданында нақты жоспарларды орындап келеміз. Құрылғанына үш жылдың көлемі болса да ауданның экономикалық – әлеуметтік көрсеткіштері жақсаруда. Мысалы 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4млрд теңгені құраған болса, ағымдағы жылы 132,4 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ал, бүгінгі таңда бес айдың көрсеткішімен 13,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағытының 84 пайызы ауыл шаруашылығына, 9,2 пайызы өнеркәсіп саласына және 4,7 пайызы құрылыс жұмыстарының, 1,4 пайызы тауар айналымының үлесінде.
Енді инвестиция бойынша айтатын болсақ, 2023 жылы ауданға 34,6 млрд теңге инвестиция тартылған, ал ағымдағы жылы 42 млрд теңгеге дейін арттыруды жоспарланып отырмыз. Жалпы бес ай көлемінде 9,8 млрд теңге көлемінде ауданға инвестиция тартылды. Олардың ішінде жеке инвестициялар 6,8 млрд теңге, бюджеттік инвестициялар 2,9 млрд теңгені құрайды.
Жалпы біз Сауран ауданы бойынша 2024-2025 жылдар аралығында жалпы құны – 61,4 млрд теңгені құрайтын 102 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба. Олар:
Жиһаз жасау бағытында 12 цехті іске қосуды жоспарласақ, бүгінгі таңға 9 цех іске қосылды. Ал, 3 цех жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін 1 цех, Трансформатор құрастыру және жөндейтін 1 цех; Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағытында – 2 цех; Жаңбырлату қондырғыларын өндіретін 1 цех іске қосылды. Одан бөлек,тері өңдейтін 1 цехты, мақта және мақта шитін өңдейтін 2 цехты, жылыжай жабдықтарын өндіретін 1 цехты және 2 тігін цехы жұмысын бастап отыр. Сондай-ақ, өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіретін 1 кәсіпорын алдағы уақытта іске қосылады.
Демалыс аймағы және қоғамдық қызмет көрсету бойынша – 22 нысан жоспарланып, 2 нысан іске қосылды. Қалған 20 нысан 2025 жылы іске қосатын боламыз;
Әлеуметтік салада кәсіпкерлер есебінен – 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде;
Ауыл шаруашылығы саласында — 41 жоба жоспарланып отыр.
Сy ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында 1051 гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару құрал-жабдығын орнату бойынша 5 жоба жоспарланып, орнатылды. Тамақ өнімдері бойынша — 3 жоба. Сүт тауарлы фермасы бойынша — 3 жоба. Мал бордақылау және мал сою алаңдары бойынша — 18 жоба. Құс фермасын салу бойынша — 3 жоба. Балық шаруашылығы бойынша — 5 жоба. Мал азығын дайындайтын комбикорм цехы және 4 гектарға өнеркәсіптік жылыжай және 1,7 гектерға фермерлік жылыжай салуды жоспарлап отырмыз. Жалпы қазіргі қазіргі таңда осы аталған жобалар бойынша барлығы 39 жоба іске қосылып, 650 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл өз кезегінде, тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мол мүмкіндіктер беріп отыр. Жалпы ауданда экономикалық белсенді халық саны 39 903 құрайды. Ал, жұмыссыздар саны 1974 адам. Бүгінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Жұмыссыздық пен кедейлікті төмендету мақсатында ағымдағы жылы 6 840 тұрғынды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, 5 айда 2 654 азамат жұмыспен қамтылды. Бүгінде жоспардың орындалуы 40 пайызға жетіп отыр.
— Сауран ауданында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Оранғай ауылдық округінен «Turan» арнайы экономикалық аймағы және Шаға ауылдық округінен 30 гектар жерге өндірістік парк құрылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндірістік паркті индустриалды аймаққа айналдыру үшін қосымша 70 гектар жер бөлінінен хабардармыз. Қазіргі таңда бұл орындарда қандай жобалар жүзеге асырылуда?
-Шаға ауылдық округіндегі өндірістік паркінде бүгінгі таңда құны 2 млрд теңгені құрайтын және 250 адамды жұмыспен қамтитын тоңазытқыш жабдықтарын өндіру және машина жасау өндірісі қолға алынуда. Оны «UBC Group» ЖШС жүзеге асырады. Одан бөлек, «BNK Group Ltd» ЖШС — Жаңбырлату қондырғыларын өндіру. Жоба құны — 5,0 млрд.теңге. Бұл кәсіпорында 80 жаңа жұмыс орны ашылады.
Сондай-ақ, «World Medicine İlaç Sanayi ve Ticaret Anonim Şirketi» ЖШС — Фармацевтикалық өндіріс 50 жұмыс орындарын ашады. Жоба құны — 5,0 млрд. теңгені құрайды. Ал, «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Ұйымы Металл және мектеп жиһаздарын өндіру ісін жүзеге асырады. Жоба құны — 2,3 млрд.теңге болса, жаңа 70 жұмыс орындарын ұсынады. Өндірістік паркінде дәрі өндіру жобасы да бар. Мердігер «Жаңа Арна Құрылыс» ЖШС. Жобаның құны – 3,0 млрд.теңге шамасында. Ол жерде де 80 азамат тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндігі болады. Жоғарыда атап өткенімдей, жылыжай жабдықтарын өндіру жобасы да еніп отыр. «GEN GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС –гі жобамен 2,4 млрд.теңгеге жүзеге асырады және 70 адамды жұмыспен қамтитын болады.Тағы да жоба құны 2,5 млрд теңге болатын «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Ұйымы әскери шатыр өндірісін іске қосады. Ол жерде 100 адамға еңбек орны қамтамасыз етіледі. Және де дәл осы ұйым корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз шығарумен айналысады. Жобаның құны – 3,5 млрд.теңгені құрайды және ол жерде де 100 жаңа жұмыс орындары пайда болады.
Аталған жобалардан бөлек, Қарашық ауылдық округінен 10 гектар жер телімі бөлініп, 21 цехты салуды жоспарлап отырмыз. Дәл осы бағытта Иассы ауылдық округінен 8 гектар, Оранғай ауылдық округінен 13 гектар жер бөліп кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Бұдан бөлек, Шорнақ ауылынан жеке кәсіпкер Абишов Ықпал меншігіндегі 8 гектар жерден өндірістік алаң құрылып, 1 гектар аумаққа жиһаз жасау цехының құрылысын бастады, қалған жерлерге инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.
-Өзіңіз атап өткендей, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағытының 84 пайызын ауыл шаруашылығы құрайды. Шаруларға тиісті жағдайлар жасау, суармалы және жайылым жерлермен қамтамасыз ету және төрт-түлікті өсіруге қолайлы жағдай жасау мәселелері, Ауыл аманаты жобасы қалай жүзеге асырылуда? Сауран ауданы ауданы облыс орталығы мен бірқатар аудан-қалаларды азық-түлікпен қамтитын аймақтардың бірі болып саналады. Былтырғы өніммен, биылғы көрсеткіштеріңіз қандай деңгейде? Бұл салада қандай жобалар бар?
-Ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылығында 2023 жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 112,1 млрд. теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. 5 айда нақты 9,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ағымдағы жылы аудан бойынша 43 396 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда мал басы саны – 682,7 мың басты құрайды. Есепті кезеңде етті және сүтті бағыттағы ауыл шаруашылығы жануарларынан 3 780 тонна ет және 14 696 тонна сүт өндірілді. Құс басы саны – 147,9 мың басты құрайды. Есепті кезеңде құстардан 2,9 млн-нан астам жұмыртқа алынды.
Ауыл халқының әлеуетін аттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атап өтетін болсақ, 2023 жылы пилоттық жобасы аясында Қарашық, Оранғай, Ескі Иқан, Майдантал ауыл округтерінен 1 млрд. 267 млн. теңгені құрайтын 191 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 3 172 бас ірі қара мал сатып алынды, 1,7 гектар жерге жылыжай салынды, 2 кәсіпкер балық шаруашылығын дамытуды қолға алса, өндірістік кооперативтерде – 3 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Сондай-ақ, өз кәсібін ашу бағытында — 10 жоба қаржыланып, 190 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ағымдағы жылы жоба аясында Үшқайық, Иассы, Жаңа Иқан, Шаға ауыл округтерінен 280 шаруа несие алуға ниет білдіріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Ал, бүгінгі таңда жер аманаты бағдарламасы аясында 104 мың гектар ортақ жайылым қайтарылса, жыл соңына дейін 6 мың гектар жерді қайтаратын боламыз. Ауданның жалпы аумағы 646 мың гектар болса, оның ішінде суармалы жерлер – 56 мың гектар және жайылым жерлер – 248 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2022 жылмен салыстырғанда 1 945 гектарға артқан. Бұдан бөлек, 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндіріліп, жалпы өнім көлемі – 30,5 млрд. теңгеге жеткен.
-Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты жалғасын тауып келеді. Сауран ауданы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында қанша кездесулер болып, халықтың тарапынан қандай сауалдар қойылды? Тұрғындардың талап-тілегі қалай орындалып жатыр?
-Өткен жылы облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының қатысуымен өткізілген 2 кездесу барысында 29 мәселе көтерілген болатын. Бүгінгі таңда сол мәселелердің 22 –сі өз шешімін тапты. Ал жетеуі орындалу үстінде. Одан бөлек халықпен кездесулерде басым көпшілігі ауыз су, электр жүйсеімен қамту, көгілдір отынның жағдайын сұрайды. Бұл бағытты айтып өтетін болсақ, Аудан бойынша 1 елді мекен ауыз су жүйесімен қамтылмаған және 12 елді мекенде ауыз су кестемен берілуде. Аталған елді мекендерге 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету 12 елді мекеннің ауыз жүйелерін жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Жалпы жобаның құны 400 млн теңге, бүгінгі таңда бөлінгені 148 млн теңге болып отыр. Қаражатты толықтай бөлу басты назарда. Бұл жұмыстар Қазақстанның 30 жылдығы, А.Үсенов, Жүйнек, Қарашық, Шаға, Нұртас, Шойтөбе, Бершінтөбе, Достық, Қаражон, Құмтиын, Қосқорған ауылдарында жүзеге асырылады.
Ал,жаңадан қоныстанған 5 елді мекеннің аумағына ауыз су жүйесі тартылмаған. Олар: Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, Еңбекші Дихан, С.Қожанов. Қазіргі таңда жоба әзірленіп жатыр, жобаның құны — 8,6 млрд. теңгені құрайды.
Электрмен қамту жұмыстарына келетін болсақ, жасыратыны жоқ аудандағы елді мекендердегі электр желілері мен бағаналарының тозығы жеткен. Қазіргі таңда, осы мақсатта 36 жоба әзірленіп, 27 жобаның сараптама қорытындысы алынды, жоба құны 12 млрд. теңгені құрап отыр.Елді мекендердегі электр жарықтарының қуаттылығын арттырып, қысымын реттеу бағытында аудан тарапынан 53 дана трансформатор орнатылды.
«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында, ағымдағы жылы 102 данаэлектр бағанасы ауыстырылып, 17 шақырым электр желілеріне қайта құру жұмыстары жүргізіледі. 4 елді мекенге жаңа трансформатор орнатылады.
Ауданда 10 елді мекенге табиғи газ тартылып, газбен қамту үлесі 43 пайызды құрады. Ағымдағы жылы Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын салуға республикалық бюджеттен қаржысы мақұлданып, құрылысы басталатын болады. Ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 10 жоба әзірленді, жоба құны – 21 млрд. теңгені құрап отыр.Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне баратын магистральды газ құбыры және Қосқорған, Бостандық, Еңбекші Дихан елді мекендерінің ішкі газ жүйелерінің құрылысына жоба әзірлеудеміз.
-Облыс әкімінің қатысуымен өткен халықпен кездесудегі баяндамаңызда 2024 жылға Сауран ауданының бюджетінің шығыс бөлігі 10,5 млрд.теңгені құрап отырғанын атап өткен болатынсыз. Ал, кіріс бөлігіне 2 млрд. 822 млн. теңге түсімдер жоспарланғанын мәлімдедіңіз. Биыл аудан бюджетінің кірістер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 378 млн. теңгеге ұлғайтылыпты. Бұл көрсеткіштердің артып келе жатқандығын аңғартады. Одан бөлек, құрылыс, коммуналдық сала, әлеуметтік бағыттарда қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Атап өтсеңіз.
-Құрылыс саласына тоқталар болсақ, Сауран ауданының әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура, полиция бөлімінің ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
Халықтың ең көп сұранысы тұрғын үй бойынша айтатын болсам, бірінші маусымға тұрғын үй кезегіне 1 379 адам тіркелген. Әкімшілік іскерлік орталығынан 24 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта қосымша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізетін боламыз. Сонымен қатар, аудан орталығынан 1 гектар жерге рәміздер алаңын, 2,1 гектар жерге орталық балалар саябағын салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда белгіленген аумақтың 1-ші кезеңінде 25 мың көшет егілді. 2-ші кезең құрылысы 2025 жылы аяқталатын болады.
Білім беру саласы бойынша Сауран ауданында жалпы 53 мектеп жұмыс жасайды. Оның 12 сі жекеменшік мектептер. Білім беру мекемелерінде оқушылар саны 25 519 оқушыны құрайды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданымызда 5 мектеп жоспарланып, қазіргі таңда 3 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда: С.Қожанов елді мекенінде 300 орындық мектеп; Еңбекші дихан елді мекенінде 600 орындық мектеп; Аша елді мекенінде 600 орындық мектеп;
Сонымен қатар, Ынталы және Құмтүйін елді мекендеріндегі 600 орындық мектеп құрылысы және облыстық бюджет есебінен Абай елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы ағымдағы жылы басталатын болады. Биыл, Оранғай ауылдық округінен 150 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталды, жаңа оқу жылына ашуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер есебінен 5 мектептің құрылысы жүруде.
Олар: «M-School» Шаға ауылдық округінде орналасқан, 400 оқушыға арналған мектеп; «Гимназия Иқан» мектебі, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан, 380 оқушыға арналған; Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан 580 орындық білім ордасы; «Заңғар-М» 2 мектебі, Жүйнек ауылдық округінде салынып жатыр. 700 оқушыға арналған; «Жалил Абдуллаев зияткерлік мектебі» Жүйнек ауылдық округінде орналасқан 500 орындық мектеп.
Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, Ағымдағы жылы әкімшілік іскерлік орталықтан 500 адамға қызмет көрсететін емхана құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, 3 медициналық фельдшерлік акушерлік бекеттің құрылыс жұмыстары басталады. Олар: «Шаға», «Құсшы ата» фельдшерлік акушерлік бекеттері және «Жалантөс» медициналық бекеті.
Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Ойық» медициналық бекеті және «Шекербұлақ» фельдшерлік-акушерлік бекеті құрылысы жүргізілуде.
Ауданда мәдениет және спорт саласында да қуантарлық жаңалықтар бар. «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Бабайқорған ауылында 120 орындық клуб және кітапхана ғимаратының құрылысы басталды. Ал, Ескі Иқан ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Аудан орталығынан 500 орындық Мәдениет үйі мен Жастар орталығын салу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленіп республикалық бюджетке өтінім жолданды. Жобаның құны – 1,9 млрд. теңге.
Бабайқорған ауылындағы спорт зал ғимаратының құрылысы аяқталса, аудан орталығынан жаңа үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Ибата, Теке, Ынталы, Абай ауылынан спорт кешенінің жобалық сметалық құжаттары дайын, «Орталық стадион»-ның жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, кәсіпкерлер есебінен 4 елді мекенде спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде (Жаңа Иқан, Иассы, Шаға, Оранғай).
Балаларды спортқа баулу мақсатында 5 елді мекенде спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілсе, қосымша жыл соңына дейін 3 елді мекенде балалар ойын алаңшасы салынады.
Коммуналдық сала бойынша автомобиль жолдарына тоқталсам, Аудан бойынша аудандық маңызы бар жолдар 119,3 шақырымды және елді мекен көшелері 731,9 шақырымды құрайды. 2024 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 39,7 шақырымды құрайтын 29 ішкі көшелерге және облыстық бюджет есебінен 9 шақырымдық «Бабайқорған – Абай» жолына, 15 шақырымды құрайтын «Шорнақ – Ескі Сауран» жолына және 9 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғанда, елді мекен жолдарының жақсы және қанағатты жағдайы 5,4% жақсарып, жалпы көрсеткіш 70 % жетеді.
Цифрландыру бойынша ағымдағы жылы «Кар-Тел» ЖШС-гі мен «Кселл» АҚ-ы операторлары тарапынан келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 8 елді мекенге,яғни Бабайқорған, Ынталы, Аша, Шорнақ, Ибата, Ескі Иқан, Жүйнек, Қарашық жаңа базалық станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта қосымша 5 елді мекенде жүргізетін болады.
-Сауран ауданың туристік ауданға, туризм орталығына айналдырудағы мақсат — туристік нысандарды көбейту, туризмнің даму деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу, туристік саладан түскен табысты көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Сондықтан, бұл мәселе күн тәртібіндегі негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Сол мақсаттарға жету үшін туризммен байланысты салаларды және инфрақұрылымды дамыту, сервистік қызмет саласын жақсарту, туризм саласындағы білімді жетілдіру міндеттері қойылып отыр. Түркістан облысының әкімі Сауран ауданына жасаған сапарының бірінде осылай деп мәлімдеген болатын. Расында, Сауран – өз заманында Түркістанмен қатар дамыған көне шаһардың бірі. 2021 жылы наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырды деуге болады. Енді Сауран ауданында туризм саласын дамыту және оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан ауданының әлеуеті өте жоғары екені анық. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған деп атап өттіңіз. Бүгінде жаңарған ауданда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп жатыр екен. Бұл қуантарлық жағдай. Жалпы туризм саласында қандай жаңалықтарыңыз бар?
— Ауданда 56 тарихи-мәдени нысан бар. Олардың ішінде туристер қызығушылық танытып, жиі келетін Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата кесенелері бар. Тарихи-мәдени нысандарына өткен жылы 85 579 турист келген. Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран қалашығынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Биыл құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға беріледі. Айта кетейік, демеушілер есебінен 97 млн.теңгеге Жүсіп ата кесенесінің айналасына абаттандыру құрылыс жұмыстары жүргізілді.
-Қазіргі таңда, Мемлекет басшысының бастамасымен Таза Қазақстан акциясы іске асырылуда. Бұл тұрғындарды тазалық мәдениетіне үйретіп, қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп отыр. Аталған игі шараға атсалысып жатқан адамдар да жетерлік. Сауран ауданында бұл акцияның қарқыны қандай?
-«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, аудан бойынша 53 ауқымды іс-шара жүргізілді. Оған 8 мыңға жуық адам қатысты. Нәтижесінде 32 мың дана көшет, 12 мыңнан астам гүл егілді. 50 мыңға жуық ағаштар бұталанып, 48 аялдамалар мен басты көшелер бойында тозығы жеткен 450 үйдің қоршаулары мен қасбеттері ретке келтірілді, 7,5 шақырымды құрайтын иригация жүйелері тазаланып, 1 084 тонна қоқыс шығарылды. Полиция тарапынан Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-505 бабтарына сәйкес 364 хаттама толтырылып, 3 млн. 636 мың теңге айыппұл салынды. Тазалық барлық игі істің бастауы деуге болады. Сондықтан Мемлекет басшысының бастамасын Саурандықтар қашанда қолдай біледі. Өз аула, көшелерін қоқыстардан тазартуға атсалысып жүр. Үлкендер кішілерге насихаттап, өздері де әр апта сайын өткізілетін шараға қатысып келеді. Бұл тазалық акциясы үрдіске айналды деуге болады. Қазіргі таңда барлық аудан-қалаларда мемлекеттік қызметкерлерден бастап, үкіметтік емес ұйымның өкілдері де, тұрғындарда тазалыққа барынша үлестерін қосуда. Сауран ауданы да аталған игі істерді жалғастырып, тазалықты басты назарда ұстайтын болады.
Сауран ауданын дамыту бағытында ауқымды жоспарлар бар екен. Өзіңіз атап өткендей, басты міндет аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында кешенді жұмыстарды жалғасын тауып келеді. Өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы салаларын әрі қарай тұрақты дамыту бағытында қарқынды жұмыстар атқарылатынына сеніммен қараймыз. Бізге Сауран ауданындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларыңызбен бөліскеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Тұрғындар үшін жасалып жатқан жаңа бастамалар өз жемісін бере берсін!