ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 512 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ҚР Мемлекеттік рәміздер күні Түркістан қаласында 512 отбасы, яғни 3 мыңнан астам адам баспаналы болды. Ал, былтыр облыс көлемінде 3564 азаматқа пәтер кілті табысталды. Түркістандық тұрғындардың қуанышын бөлісуге арнайы барған Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға жаңа пәтер кілттерін табыстап, ізгі тілегін жеткізді.

– Баршаңызды бүгінгі жүректі тебірентер қуанышты сәтпен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жүздеген отбасының көптен күткен арманы орындалған ерекше мереке. Қазақ халқы «Үйі бардың – күйі бар» дейді. Расында, баспана – әр отбасының бақыты мен берекесінің, тұрақтылығы мен тыныштығының негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың әл-ауқатын арттыру мен тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуді үнемі басты міндет ретінде белгілейді. Осы міндеттерді жүйелі жүзеге асырудың нәтижесінде өңірімізде тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, мыңдаған азаматтың тұрғын үй мәселесі шешімін табуда. Былтыр тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға 3564 пәтер берілсе, осы жылы 2292 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Бүгін тағы да 512 отбасының қуанышы еселеніп отыр. Бұл үйлердің жайлы әрі көрікті болуы тұрғындардың өздеріне байланысты. Сондықтан баршаңызды ауланың тазалығын сақтауға, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысуға шақырамын. Өйткені дәл осы аулада өз балаларыңыз өсіп, тәрбиеленіп, алаңсыз ойнайды. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын қолдап, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне әрқайсымыз үлес қосуымыз қажет. Шаңырақтарыңыздан шаттық пен береке кетпесін! Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Қаладағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде қоныс тойын тойлап жатқан отбасылардың қатарында әлеуметтік осал топ және көпбалалы отбасылар бар.

2025 жылғы 24 мамырдан бастап күшіне енген тұрғын үй заңнамасындағы өзгерістерге сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, кезектілігін жүргізу және тұрғын үйлерді бөлу функциялары «Отбасы банк» АҚ-ға берілді.

Бүгін баспана кілтін алған тұрғындар – жаңа тәртіп бойынша «Отбасы банк» арқылы іріктеліп, жолдама алған алғашқы азаматтар.

Сайрам ауданы, Ақсукент кентіндегі “Ақсукент паркінде” студенттік және жастар жасақтарының мерекелік салтанатты шеруі өтті.

Іс-шараға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасының орынбасары, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ермаханов Мейрамбек Нысанбекұлы, Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі Керімбеков Талғат Айтқұлұлы, Сайрам ауданы бойынша аумақтық ұйымның төрағасы Жайлаубеков Есіркеп Оразбекұлы, Өңірлік филиал кеңесшісі Қалдыгозов Нартай Әшірбайұлы және жоғары оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.

Шара барысында құрылған төрт студенттік және жастар жасақтары таныстырылып, отаншылдық рухтағы ұрандар айтылды. Сонымен қатар, жастар мамандықтарына сәйкес еңбек маусымындағы жұмыстарға салтанатты түрде жолдама алды.

Мұндай бастамалар жастардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, жауапкершілік пен патриоттық рухты нығайтуға бағытталған.

В ТУРКЕСТАНЕ СОСТОЯЛСЯ ПРАЗДНИЧНЫЙ ВЕЧЕР «БЕЗГРАНИЧНЫЙ МИР» ДЛЯ ОСОБЕННЫХ ДЕТЕЙ

В Туркестане в честь Международного дня защиты детей состоялось праздничное мероприятие «Безграничный мир» с участием детей с особыми образовательными потребностями. Основная цель мероприятия — поддержка социальной активности особенных детей, популяризация их творческих и спортивных достижений, а также создание условий для их полноценной интеграции в общественную жизнь.

Праздничный вечер начался с выставки декоративно-прикладного творчества, подготовленной детьми. Гости мероприятия ознакомились с работами юных мастеров и высоко оценили их талант, творческий потенциал, трудолюбие и стремление к самореализации.

В мероприятии принял участие аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров, который поздравил детей и их родителей с Международным днем защиты детей и вручил ребятам памятные подарки.

— Дорогие дети! Уважаемые родители! От всей души поздравляю вас с Международным днем защиты детей! Нет большего счастья, чем видеть искренние улыбки и радость детей. Сегодняшний вечер посвящен нашим особенным детям, которые своим мужеством, упорством и жизнелюбием являются примером для окружающих.

Ваше стремление к жизни, настойчивость и целеустремленность неизменно вызывают восхищение и уважение. Глава государства уделяет особое внимание вопросам всесторонней поддержки детей с особыми потребностями. В этом направлении в нашем регионе проводится системная работа. Создание условий для получения качественного образования, прохождения реабилитации, занятий творчеством и спортом является одной из наших приоритетных задач.

Сегодня в области успешно функционируют реабилитационные центры и центры «Қамқорлық», оказывающие помощь тысячам детей. Работа по формированию инклюзивного общества будет продолжена и впредь. Дорогие дети! Искренне желаю, чтобы ваши мечты обязательно сбылись, а впереди вас ждали новые достижения и победы, — отметил Нуралхан Кушеров.

В ходе мероприятия глава региона пообщался с детьми, сфотографировался с участниками праздника и пожелал им дальнейших успехов в творчестве, учебе и жизни.

Концертная программа стала настоящим украшением праздничного вечера. Талантливые и целеустремленные дети исполнили музыкальные и танцевальные номера, подарив зрителям яркие эмоции и хорошее настроение.

Особое впечатление на гостей произвел показ мод с участием детей с синдромом Дауна, который был встречен зрителями продолжительными аплодисментами и теплыми словами поддержки.

Праздничное мероприятие стало ярким свидетельством того, что каждый ребенок, независимо от особенностей развития, обладает уникальными талантами и безграничными возможностями для самореализации.

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турнирін жеңіспен бастады

17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасындағы Франция ашық чемпионатының алғашқы айналымынан сүрінбей өтті.

Старттық матчта отандасымыз ұлыбританиялық Марк Чебанмен (ITF жасөспірімдер рейтингінде 36-орын) шеберлік байқасты. Кездесу барысын толықтай бақылауда ұстаған Заңғар 6:3, 6:4 есебімен екі сетте сенімді жеңіске жетті. Корттағы тартысты бәсеке 1 сағат 37 минутқа созылды.

Осы табысының арқасында Нұрланұлы Париждегі Үлкен дулыға турнирінің 1/16 финалына жолдама алды. Жасөспірімдер арасындағы доданың келесі кезеңінде түркістандық теннисші Мотохару Абе (Жапония) – Агасси Рашер (АҚШ) матчының жеңімпазымен кездеседі.

Түркістан қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақ мекені» атты республикалық акция өтті.

 

“Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада облыстық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Салыбек Қайрат Келесұлы және “Ауыл” партиясының Түркістан қаласы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Раманкулов Бақытжан Сұлтанұлы бүлдіршіндерді мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, қызықты ойындар ойнатылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды. Сонымен қатар, бүлдіршіндерге мерекелік сыйлықтар таратылып, балғын балалық шақтың шаттығы мен қуанышы сезілді.

Бұл акцияның басты мақсаты – балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, олардың бақытты балалық шағына қолдау көрсету, қоғам назарын бала құқығы мен болашағына аудару. “Ауыл” партиясы алдағы уақытта да өскелең ұрпаққа арналған осындай игі шараларды жалғастыра бермек.

В областном перинатальном центре №2 Туркестанской области родились тройняшки

4 мая в областном перинатальном центре №2 Туркестанской области на 32-й неделе беременности родились первые тройняшки. Все три девочки. Вес новорожденных составил 1775 грамм, 1990 грамм и 1850 грамм. Мать девочек – 38-летняя Оринбаева Турсунай, жительница села Карамурт Сайрамского района. Ее специальность – логопед. Отец, Оринбаев Мамуржан, работает учителем труда. В счастливой семье уже трое детей: две девочки и один мальчик.

Врачи провели кесарево сечение по медицинским показаниям и благополучно извлекли новорожденных. В настоящее время состояние недоношенных детей стабильное. Родственники назвали тройняшек Сафия, Садия и Самия. По словам матери, на 14-й неделе беременности во время ультразвукового исследования в Отделении охраны матери и ребенка Регионального перинатального центра № 2 врачи сообщили, что ожидают тройняшек. Она сказала, что, услышав эту новость, испытала особое волнение и тревогу.

Тройняшки были выписаны домой через 22 дня, весом 2018 грамм, 2010 грамм и 2008 грамм. За это время малыши находились под необходимым медицинским наблюдением в отделении интенсивной терапии новорожденных и отделении специального ухода, и их состояние полностью стабилизировалось. Сегодня мать и дети здоровы. Замечательные люди в белых халатах обеспечили малышам своевременную медицинскую помощь и всестороннюю поддержку в адаптации к жизни.

На торжественной церемонии прощания семья выразила искреннюю благодарность врачам и медицинским работникам. Рождение тройняшек стало огромной радостью не только для семьи, но и для жителей района. Согласно имеющейся информации, в 2024 году в Региональном перинатальном центре № 2 родились 3 тройняшки. С начала 2026 года в центре родилось 1810 детей, включая первые тройняшки и 35 двойняшек.

Кроме того, 35-летняя жительница Толебского района впервые стала матерью в Туркестанском региональном перинатальном центре № 1 и родила сразу троих детей. Тройняшки, родившиеся на 35-й неделе беременности, были рождены путем кесарева сечения. Вес одного из детей составил 2120 граммов, второго — 1610 граммов, а третьего — 2190 граммов.

По словам врачей, беременность протекала очень осложненно. У матери имелся ряд факторов риска, таких как тяжелая преэклампсия, тройняшка, эпилептиформный синдром и гестационный пиелонефрит. Тем не менее, благодаря профессиональной и скоординированной работе специалистов регионального перинатального центра, матери и малышам была оказана своевременная и необходимая медицинская помощь. В настоящее время тройняшки находятся в хорошем состоянии. Все они с матерью и находятся на грудном вскармливании. Родители назвали малышек Фатимой, Зухрой и Хасаном.

Тройняшки, ставшие долгожданным счастьем одной семьи, были благополучно выписаны домой врачами. Счастливая мать очень благодарна замечательным людям в белых халатах.

«БАЛАЛАР ФУТБОЛ ЛИГАСЫ» СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне және жаңа жабық футбол алаңының ашылуына орай жасөспірімдер арасында кіші футболдан «БАЛАЛАР ФУТБОЛ ЛИГАСЫ» атты ауқымды спорттық іс-шара өтті.

Ш.Ниязов көшесінде орналасқан жаңа жабық футбол алаңында ұйымдастырылған турнирге 2013–2014 және 2015–2016 жылы туған жасөспірімдер қатысып, өзара бақ сынасты.

Жалпы саны 24 командадан құралған 350-ге жуық жас спортшы қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті.

Іс-шараның ашылу салтанаты ұлттық бимен және концерттік бағдарламамен басталды. Сонымен қатар, қала әкімінің орынбасары Аманжол Бақытжанұлы, Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Сәрсенбаев Ғаппар Амантайұлы және ардагер спортшылар жас футболшыларға сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі.

Турнир аясында жаңа жабық футбол алаңының ашылуына арналған алғашқы символикалық доп соғу рәсімі ұйымдастырылды.

Спорттық іс-шара жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға және балалар футболын қолдауға бағытталды.

Қазығұрт ауданында “Auyl Jastary” «Цифрландыру және жасанды интеллект» атты өңірлік жастар форумы өтті.

“Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен өткен форумға Түркістан облысының аудандарынан келген 100 жас қатысты.

Форум барысында спикерлер жасанды интеллектпен жұмыс жасау, цифрландырудың мүмкіндіктері, заманауи технологиялардың болашағы және жастар үшін жаңа бағыттар тақырыптарында өз ойларын ортаға салды.

Форумға “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы, Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары Медеуов Нұрсұлтан Данабайұлы, “Ауыл” партиясы Орталық аппарат Креатив және жастармен жұмыс департаментінің директоры Абдужаббаров Мақсадбек Хусанұлы қатысып, жастарға сәттілік тілеп, мазмұнды пікірлерімен бөлісті.

Форум аясында ұлттық дәстүр дәріптеліп, кішкентай бүлдіршіннің тұсауы кесілді.

Осындай тағылымы мол жиындар — жастардың заман талабына сай білім алып, жаңа технологияларды игеруіне, сондай-ақ ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азамат болып қалыптасуына үлкен серпін береді.

Депутат зағип жандармен кездесу өткізді.

Қазығұрт ауданындағы Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінде “Ауыл” партиясының атынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі, “Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі” комиссия төрағасы Салыбек Қайрат Келесұлы Түркістан облыстық филиалының Қазығұрт аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Дандибаев Сакен Баликбаевич және зағип жандармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, ашық пікір алмасу өтті. Көтерілген мәселелерге заң аясында нақты жауаптар беріліп, өзара жақсы диалог қалыптасты. Кездесу соңында қатысушылар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

Осындай кездесулер қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, азаматтардың үнін естуге үлкен мүмкіндік береді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2026 жылдың 26 мамырында Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті қорытынды отырысы өткізіліп, күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Отырыста «Мақтаарал ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары қызметінің және аудан бюджетінің жоспарлануымен атқарылу тиімділігінің мемлекеттік аудиті» аудиторлық іс-шарасының қорытындысы талқыланды.

Мемлекеттік аудит 2023–2025 жылдар аралығын қамтып, 32 аудит объектісінде жүргізілді. Нәтижесінде жалпы сомасы 45,1 млрд теңгеден астам бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда:
қаржылық бұзушылықтар – 14,8 млрд теңге;
тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаты – 30,1 млрд теңге;
тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты – 179,6 млн теңге.

Тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің басшыларына анықталған бұзушылықтарды жою, алдағы уақытта мұндай кемшіліктерге жол бермеу және жауапты тұлғалардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар 27 материал жолданып, 23 жауапты тұлғаға тәртіптік шара қолданылды.

№KZ89VPY00063999 Куәлік нөмірі

Lost your password? Please enter your email address. You will receive mail with link to set new password.

Exit mobile version