Кентауда мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру мақсатында семинар өтті

Түркістан облысы, Кентау қаласы «Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясында» Түркістан облыстық білім беруді дамыту орталығының және Кентау қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Аралас мектептердегі мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм» тақырыбындағы онкүндіктің іс-жоспарына сай «Алаш ардақтыларының ұлттық идеялары және педагогикалық шығармаларының қайта жаңғыруы» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті. Семинар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясы, №5,№6,№17,№23 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өтті.

Тәжірибелік семинарда №23 Ә.Бөкейханов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилханова Жанар «Алаш ардақтыларының педагогикалық шығармалары» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада алаш ардақтыларының педагогикалық шығармалары жайлы ақпарат беріліп, бірнеше әдіс арқылы олардың туындыларының қайта жаңғыруы жайлы ақпарат берілді.

« – Алаш арыстарының тарихта алатын орны ерекше. Олар: Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы,Мұстафа Шоқай  және тағы да басқа ұлы тұлғалар. Аты аталған зиялылар  өркениетті елдердің  өмірдегі тәжірибелерін ескере отырып, келешек ұрпақ, қазақ халқы білім алып, дамып, басқа өркениетті  елдермен  теңестіруді қалады және қол жеткізді деп айтуға болады. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті.Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пайда болуымен тұңғыш ұлттық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Қозғалыс көшбасшысы А.Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек!Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді. Ал, Алаш алыптарының бірі М.Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салса, Алаштың тағы бір қайраткері Х.Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» деген екен. Алаш қайраткерлерінің қай-қайсы да тілдің саяси, қоғамдық һәм рухани үлкен күш, ұлтты біріктіруші қуатты құбылыс екендігін жақсы сезінді. Сондықтан да Алаш идеясында  қазақ тілі мәселесі ерекше болды. Ұлт-азаттық күрес заманы қалыптастырған зиялылардың ана тілімізге арналған еңбектері, тіл жолындағы алуан күрестері – бүгінгі өзі де азат, тілі де азат күнге жеткен қазақ баласына тағылымды мұра, өміршең өсиет. Алаш зиялыларының тіл төңірегіндегі еңбектері сан  алуан. Олар: Біріншіден, тілтану ғылымының іргетасын қалады. А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы», «Тіл құралы», Т.Шонанұлының, Е.Омарұлының оқу-әдістемелік мақалалары. Екіншіден, Алаш қаламгерлері XIX ғасырдың ортасында алғашқы белгілері байқалған ұлттық жазба әдебиетімізді жанрлық жағынан да, стильдік тұрғыдан да қалыптастырды. А.Байтұрсынұлы, Ғ.Қараш, М.Дулатов, С.Торайғыров, Б.Серкебаев шығармаларындағы жазба реалистік дәстүр, М.Жұмабаев, Б.Күлеев поэзиясындағы романтикалық жазба дәстүр мәдениетті жазба әдебиетінің қалыптасқандығын байқатса, Ж.Аймауытов, М.Әуезовтердің көркем прозасы классикалық жазба әдебиетінің зор үлгілері болды. Үшіншіден, Алаш зиялылары XX ғасырдың басында ұлт тәуелсіздігі мәселесін көтере отырып, олар тілді сақтау, дамыту, қолданыс аясын кеңейту міндеттерін көтере келе, қазақ тілінің саяси, қоғамдық, әлеуметтік мәртебесіне ерекше мән берді. А.Байтұрсынұлы «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» – деп ұлттық рухтың, болмыстың негізі де, арқауы да, тіл екендігін алғаш аңғартты. Төртіншіден, Алаш қозғалысы тұсында шын мәніндегі ұлттық мазмұндағы қазақ баспасөзі қалыптасты. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы,Ғ.Қараш,М.Дулатов, С.Торайғыров және тағы да басқа Алаш қаламгерлерінің XX ғасырдың алғашқы жылдарындағы публицистикалық еңбектерін тізбелемегеннің өзінде, «Қазақ» газеті сияқты ұлттың ұлы басылымының өзі публицистикалық стильдің, жалпы әдеби тілдің қалыптасуына өлшеусіз мол үлес қосты. Бесіншіден, Алаш оқымыстыларының ғылыми және ғылыми-танымдық еңбектері, әр салаларға арналған оқулықтары арқылы тіліміздің ғылыми және ғылыми-көпшілік стильдерін қалыптастырды. Сонымен қатар, Алаш қаламгерлерінің аударма саласындағы алуан еңбектерінің нәтижесінде қазақ аудармасының негізі қаланды. Бұл арада Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгерұлы және тағы басқалар жасаған көркем аудармалар, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Аймауытов, Т.Шонанұлы және тағы басқа қаламгерлер жасаған ғылыми аудармалар, сондай-ақ әлеуметтану, саясаттану, философия салаларында орындалған аудармалар, әлбетте, саны жағынан да, түрі жағынан да өзіне дейінгі кезеңдерге қарағанда әжептеуір өсу болатын. Міне алашордашылардың ең басты ұлттық идеяларын осылай  жіктеп, зерделеуге болады.

Мағжан-ұлтын тереңнен сүйген ақын. М.Жұмабаев:

 «Не көрсем де алаш үшін көргенім,

Маған атақ ұлтым үшін өлгенім!

Мен өлсем де, алаш өлмес, көркейер,

Істей берсін қолдарынан келгенін!» – деп келетін өз позициясын адам жанының, психологиялық әлемінің құпия құбылыстарын суреттеу арқылы жеке адам мен ұлт тағдырын бірлікте қарастырып, түсіндіреді. Ендеше сол кезеңдегі ұлты үшін жан қиған ақынның ұраны халқын жетелеп, күш беріп, арманы, тілегі бүгінгі күнмен сабақтастықта жүзеге асып, ұлттық тұлғасы, оның тілдік шығармалары арқылы сомдалып, ұлттық тілдік тұлғаға айналды деп айтуға болады.  Өзінің «Мен жастарға сенемін» деп аталатын өлеңінде ол жас жеткіншектерге үлкен үмітпен қарайды. Жастардың бойынан қыранның қанатындай  күштілікті, таза жүрек пен сүйкімді мінезді, туған жерге деген шексіз махаббатты көреді. Соған мақтанды.Шабыттана жырлайды.Мен жастарға сенемін! деп асқақтай сөйледі.Адам тағдырын тәрбие шешеді, тәрбие құралы- сөз,заманымыздың белгілі ақыны Олжас Сүлейменов айтқандай жастарды тәрбиелеуде сөздің құдіретті күшін пайдаланудың маңызы зор екендігін сезінген ақын өнегелі, өрелі асыл сөздерін кейінгі ұрпаққа сыйлайды. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі – Мәңгілік Ел. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Кешегі Алаш идеясы-бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Қазақстан бүгінде егеменді ел болып дүние жүзіне танылуына сол кезеңдердегі Алаш зиялыларының да еңбегі зор.» – деді №23 Ә.Бөкейханов атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилханова Жанар.

 

 

№5 Абай атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Акимбекова Г. Туребекова А. “Алаш арысы – Әлихан Бөкейханов” тақырыбында сахналық қойылым ұйымдастырды. Оқушылардың орындауында көрсетілген қойылым барысында ұлт мүддесі үшін қызмет еткен тұлғалардың керемет кездесуі көретілді. №6 А.С.Пушкин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ибраева Перизат, Утжанова Қарлығаш келген ұстаздармен шебер сынып ұйымдастырды. Ұстаздар бірнеше әдістерімен бөлісті. Жасанды интелектпен жұмыс түрлерін тәжірибеде көрсетті.

Ал, №17 А.Науаи атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Шынтемірова «А.Байтұрсынұлының көзқарастары мен педагогикалық идеяларының ұстанымдары» тақырыбындағы баяндамасында А.Байтұрсыновтың шығармашылығын оқытуда қолданылатын жаңа әдіс-тәсіл үлгілерімен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті.

« – Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық идеялары бүгінгі күні өзекті болып табылады, өйткені Қазақстанда әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған жаңа білім беру жүйесінің қалыптасуы жүріп жатыр. Ахмет Байтұрсынов өз халқының шынайы ұлы бола отырып, еуропалық халықтардың мәдени құндылықтарына қосылуға, олардан үлгі алуға – білім, ғылым, кітап шығаруға шақырды. “Ғылым мен практикалық білімнің негізін сіңірген халық ақылды, бай және күшті болады” қазір бүкіл әлемдегі елдердің орта білім беру жүйелері “ХХІ ғасырда табысты болу үшін балаларға не үйрену керек?”Қазақстан Республикасының жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартында тұжырымдалған білім берудің негізгі құндылықтары мен мақсаттары мектеп түлектерінің жалпы білім деңгейін арттыруға, инновациялар мен көшбасшылықты іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыруға бағытталған, халықаралық тәжірибені ескере отырып, мектепте білім беру мазмұны тұрғысынан ұлттық бірегейлікті дамыту. Aхмeт Бaйтұpcынұлы қaзaқ әлiппeci жәнe қaзaқ тiлiнe бaйлaныcты оқулықтapды жaзуды 1910 жылдaн бacтaп қолғa aлғaн болaтын. Cонымeн бipгe қaзaқ тiлiнiң гpaфикacын дa жacaуғa ұмтылды. Қaзaқ гpaфикacынa нeгiз peтiндe қaзaқ мәдeниeтiнe дe өзгe туыcтac хaлықтapдың дүниeciнe дe жaқын apaб тiлi тaңбaлapын пaйaлaнa отыpып, оны қaзaқ фонeтикacынa икeмдeп, қaзaқ дыбыcтapы жоқ тaңбaны aлфaвиттeн шығapып, apaб тaңбaлapы жоқ дыбыcтapғa тaңбa қоcып, қaзaқ тiлiндeгi жуaнды әpi жiңiшкeлi үндecтiк зaңынa caй eтiп жaзуғa ыңғaйлы дәйeкшi бeлглepiн жacaйды. Cолaй, 24 тaңбaдaн құpaлғaн жaзуды «қaзaқ жaзуы» дeп aтaп, өзгeлep «Бaйтұpcынов жaзуы» дeп aтaп кeткeн қaзaқтың тұңғыш ұлттық гpaфикacын жacaп шығapaды. Одaн cоң оcы жaзуды үйpeтeтiн әлiппe құpacтыpып шығapaды. 1911-1912 жылдapы оcы eңбeгi Уфa мeн Оpынбоp қaлaлapындa бacылып шыққaн әлiппeci «Оқу құpaлы» дeгeн aтпeн 1912-1925 жылдapдың apacындa жeтi peт қaйтaдaн бacылып, оқыту icтepiндe ұзaқ түpдe пaйдaлaнылып кeлдi. 1926 жылдapы ғaлым «Әлiп-бидiң» жaңa түpiн жaзуғa ниeттeндi. Aл оның оcы тaлпыныcы, қaзaқ тiлiн пән тұpғыcында оқытaтын оқулықтap жaзумeн ұлacып, «Тiл – құpaл» aтты үш бөлiмнeн құpaлғaн, шaғын үш кiтaбының жapыққa шығуынa aлып кeлдi.

«Тiл-құpaлы» eңбeгi тeк қaнa мeктeп оқулығы peiндe eмec, қaзaқ тiлiн aнa тiлi peтiндe тaнуынa нeгiз болғaн eңбeк болды дeceк қaтeлecпeймiз. Ахмет Байтұрсыновтың бойынан табылған дарыны оған поэзияда, публицистикада, ғылымда және де мәдениеттің басқа да салаларында өзін шебер екендігін көрсете білді. Ол білім жолында өзінің сара жолын көрсеткен ғалым, қазақ тілін жетілдіру үшін шетел әдебиеттерін аударған аудармашы ретінде де танимыз, этнограф, көптеген оқулықтардың жазып қана қоймай, сонымен қатар жас балаларға, ересектерге арналған көптеген өлеңдердің авторы. Байтұрсынов балалар қатар ересектерге білім бұлағын ашқан үлкен ұстаз болды. Ол халықтың жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің шырағы болып қала берді. «Егер халықымыздың басты байлығы-денсаулығы болса, жаны үшін басты байлығы– білім мен өнер, осылардың көмегімен халықымыз дамып, қанатын кеңге жаяды деп үміт еткен. Ұлт ұстазының басты міндетттерінің бірі – жастарға білім беру, қолөнерге үйрету, оларға мамандық беру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қазақ даласында барлық ауылдарда қазақ мектептерін ашып, қазақ тілінде сабақ беру керек. Бұл біздің басты мақсатымыз және міндетіміз», – деді Ахмет Байтұрсынов. А.Байтұрсынов-алғашқы қазақ әліппесінің авторы. Ғалым Байтұрсыновтың құрметіне аталған жаңа қазақ әліпбиі кезінде жазу реформасын жүргізу барлық түркітілдес халықтар үшін үлгі тұтарлық болды. Сондай-ақ, автор «Ана тілі бойынша нұсқаулық», «Қазақ тілі курсының экспозициясы», «Грамматиканы оқуға арналған нұсқаулық», «Сөйлеуді дамыту», түрлі хрестоматияларды жазды. Бұл әдістемелік еңбектер әлі күнге дейін қазақ тіл білімі және қазақ тілін оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың арасында беделді.» – деді №17 А.Науаи атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Шынтемірова

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көп салалы мектеп-гимназиясында» өткен семинарда педагогтар өзара пікір алмасып, аралас мектептердегі мемлекеттің тілдің оқытылу сапасын арттыру бойынша да өз ойларын жеткізді.

 

« – Қазіргі мемлекетіміздің білім беру саласындағы алдына қойып отырған басты мақсаты – заман талабына сай кәсіби мұғалімді қалыптастыра отырып білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру. Бұл бағытта қазіргі гиперактивті балалардың энергиясын керекті бағытқа икемдеу, сол энергияны тұрақты, берік білім негізін қалыптастыруға бейімдеу, білім алу барысында меңгерген теориялық материалды өмірдің өзгермелі ситуацияларына қолдануға дайын жас ұрпақты дайындау – білім саласының басты мақсаты. Қай елдін болсын өсіпөркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы жарқын» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мәнмағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл, тың серпіліске, өзгеруге дайын және жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кәсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін қандай да бір пән бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керектігін тәжірибеден көрдік. Соңғы жылдары педагогикалық теорияда және оқу-тәрбие үдерісінде айтарлықтай өзгерістер болып жатыр. Білім берудегі жаңғырту мен инновациялық үрдістердің жалғасуына ықпал етудің маңызды факторының бірі мұғалімнің кәсіби шеберлігі. Солай бола тұра «кәсіби шебер» түсінігіне пәндік, дидактикалық, әдістемелік, психология-педагогикалық білім мен дағды ғана емес,педогогтің жеке тұлғалық потенциалы, кәсіби құндылықтары да жатады. ҚР ның педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курсбағдарламалары, білім беру жүйесінде педагогтар алдына жаңа міндеттер қойып, оларға үн тастады десек те болады. Білім мазмұнын жаңарту тікелей шығармашылық ізденістегі мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты. «Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің шебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді. Қазіргі таңда қазақ тілі мен әдебиеті пәнін жақсы, терең білетін, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы.» – деді №6 А.С.Пушкин атындағы мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ибраева Перизат

Білім мен құқықтық сананың қалыптасуы-қазіргі адамға да, қоғамға да қажет. Өйткені Қазақстан құқықтық мемлекет құруға кіріскен уақытта, қоғамға жан-жақты білімді, халықтың мүддесін қорғай алатын, егеменді елімізге өз үлестерін қосатын нағыз отансүйгіш, ұлтжанды азаматтар қажет. Мұндай азаматты мектеп, дәлірек айтсақ, ұстаз тәрбиелейді. Өйткені: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»-деп дана халқымыз бекер айтпаған. Әлемдік деңгейде кең қанат жайып келе жатқан ғаламдану үрдісінде әр халықтың өзіндік бет – бейнесін сақтап қалуы мен ұлттық ерекшеліктерді қазіргі өркениет талаптарына сай жетілдіру мәселесі зор маңызға ие болып отыр. Халықтың рухани құндылықтары ақпараттар ағынымен, жан- жақтан еніп жатқан жат түсініктер тасқынында жоғалып кетпеуі үшін жас ұрпақтың білімінің берік, білігінің бекем болуы тиіс. Әрине, ол жалпы білім беретін білім мекемелеріндегі оқу – тәрбие жүйесінің қалай ұйымдастырылуына тікелей тәуелді деп қорытындылады семинарды ұйымдастырушылар.

Дін мен дәстүр бөлінбес дүние

Дәстүр – тарихи қалыптасқан қоғам үшін пайдалы, ұрпақтан-ұрпаққа аманат ретінде беріліп және белгілі уақыт аралығында сақталып отыратын адамзат тәжірибесінің жалғастығы мен жиынтығы, мәдени мұрасы: әдет-ғұрыптар, ырымдар, жүріс-тұрыс қалыптары мен тәртіптері, үрдістер, жөн-жоралғылар, мейрамдар, рәсімдер.

Ислам діні – адамзат тарихы мен өркениетіне айрықша үлес қосқан ең ұлық дін. Оның туы желбіреген жерлерде әрдайым білім мен ғылым дамып, адамзат адамгершілік пен парасаттың шыңына көтерілген. Ислам құндылықтары мен қазақ салт-дәстүрі арасында әдемі сабақтастық пен үндестік бар және екеуінің де алатын орны қазіргі уақытта үлкен маңызға ие. Олай болатыны ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – ислам. Әсіресе, Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) сүннеті мен хадистері әдет-ғұрып ретінде қалыптасып, халқымыздың мәдениеті төрінен орын алды. Десек те, байырғыдан келе жатқан салт-дәстүрлеріміз бәрі бірдей ислам шариғатымен ұштасты деу артық айтқандық болар. Олардың ішінде тәңірлік сенім-нанымнан жетіп, осы уақытқа дейін өз қасиетін жоғалтпағандары да баршылық. Оларды исламмен үндестіру әлі күнге қиын мәселенің бірі болып келеді. Неге десеңіз, бұлар – байырғы діни көзқарастардан туындаған әдет-ғұрыптар, ислам шеңберіне сыймайтыны тағы бар. Бірақ бұл шағын мақалада ислам шариғаты мен қазақ салт-дәстүрлерінің қарама-қайшылықтарын емес, олардағы үндестікті сабақтастыруға әбден болады. Ата-бабамыздан мұра болып жеткен бұл дәстүрлер мен ғұрыптардың көбі ислами қайнардан алынғанын айтып кету де артық болмас. Қазақстанға ислам діні VII ғасырдың басында арабтардың Орта Азияны бағындыруы нәтижесінде кіре бастады. Халқымыз ислам дінін қабылдағаннан кейін ондағы адамның жаратылысына тән құндылықтар салт-дәстүріміз, әдет-ғұрыптарымыз бен наным-сенімдеріміздің негізіне айнала бастады. Десек те, сол уақыттағы ата-бабаларымыздың салт-дәстүрлерінің кейбіреулері әлі күнге дейін сақталған. Мысалы, қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігінде құдалықтың ежелгі дәстүрлері – бесік құда, қалың төлеу, әмеңгерлік сияқты әдет-ғұрыптар сақталып келді. Отбасы мен туыстық қатынастар саласындағы исламдық және оған дейінгі дәстүрлер дінге нанушылардың күнделікті тұрмысының бір бөлігін құрайтын еді.

Бұл әдет-ғұрыптар мен сенімдердің негізгі қайнар көзі Құран аяттарынан бастау алып жатса, олардың көбі исламның екінші негізі болып саналатын хадистер мен сүннеттерден тұрады. Алла Тағала Құранда: «Ғафу жолын ұста, ғұрыппен әмір ет және надандардан теріс айнал» деп бұйырған. (Ағраф сүресі, 199-аят). Алланың Елшісіне (с.а.с.) пайғамбарлық түскен кезде арабтардың арасында да алуан түрлі әдет-ғұрыптар, дағдылар бар болатын. Шариғатта халыққа үйреншікті болған жақсы дағдылар мен әдет-ғұрыптарды дәлел ретінде келтіруді барлық мазһабтың имамдары қолдайды. Сондай-ақ біздің дәстүрімізде көрші ақысына баса назар аударылғаны да белгілі. Ал оның шығу тарихын зерттегенімізде Алла Тағала Құран Кәрімнің «ән-Ниса» сүресінің 36-аятында: «Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешқандай да серік қоспаңдар. Ата-аналарың мен жақындарыңа, жетімдер мен міскіндерге, туысқан көршілерге, туыс емес көршілерге жақсылық жасаңдар» делінген. Ал халқымыз арасында көп тараған хадистердің бірінде Алланың Елшісіне (с.а.с.) былай дейді: «Жанындағы көршісі аш бола тұра, өзі тоқ адамды маған иман келтірді деп есептеуге болмайды» (Әл-Барраз).

Дәстүрлердің жалпыға ортақ ең маңызды қызметі – адамдар арасындағы өркендеп және өзгеріп отыратын тұрақтылықты ретке келтіріп отыру. Тұрақтылық болмаса, даму да болмайды. Демек, дәстүрсіз қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, дамуы, өзгеруі мүмкін емес. Қоғамдық қатынастар тарихи дамудың әрбір жаңа сатысында сақталып қана қоймай, өзгеріп, жаңара береді. Сөйтіп, дәстүрлер арқылы қайта жаңғыру жүзеге асады, ескі қатынас түрлерінен қазіргі және болашақтағы қатынас түрлері келіп шығады. Алланың Елшісіне (с.а.с.) отбасына және сахабаларына деген сүйіспеншілігімізге қарай олардың есімдерін ұрпағымызға береміз. Той-томалақты сәттер мен мерекелерде туған-туыс, дос-жарандардың бір-бірімен қоян-қолтық араласу негіздері дініміздің үгіт-насихаттарынан сусындағанының көрінісі болып табылады. Мысалы, исламда «силаий рахим», яғни туған-туыстарынан алыста болғандардың, белгілі уақыттарда кіндік қаны тамған жеріне туған-туыстарына барып араласуды Алланың Елшісіне (с.а.с.) өсиет еткен. Алланың Елшісіне (с.а.с.) бір хадисінде: «Туған-туыстарың мен достарыңа қонаққа барыңдар, Алла өмірлеріңді ұзартып, ризықтарыңды арттырады», – деген.

Сонымен қатар ата-бабаларымыздың заманында, бүгінде қазақ халқының дәстүрлі діні ретінде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында ханафи бағытындағы ислам деп көрсетілген. Бұл діннің қазақ мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлі мойындалатындығы осы заңда атап өтілген. Қазақ жерінде дәстүрлі діннің бағыттары қашанда салт-дәстүрмен ұштасып, сабақтасып келген. Дана халқымыз әрқашанда дәстүрлі дініміздің қағидаларын күнделікті өмірлерінде пайдалана білген. Мүмкін, осыдан болар, дана халқымыз «Дінді ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» деп нақты айтып кеткен. Ержан қажы Малғажыұлының осы салада жазған «Дін мен дәстүр» кітабы ұлт болашағына арналған кітап деп білемін. Сондықтан да бұл кітап әрбір қазақ отбасының төрінде тұрып, мұны оқыған әрбір адам дін мен дәстүрдің біте қайнасқан бөлінбес дүние екенін біледі. Сонда ғана дініміз бен дәстүрімізді дәріптеуге арналған игі бастама жалғасын табады деп сенемін.

Ә.Болат

Түркістан облысының дін істері басқармасы

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің

Мақтаарал ауданындағы дінтанушы маманы

«БАТАГӨЙ ҚАРИЯ» АТТЫ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Сауран ауданында «Батагөй қария» атты аудандық байқауы өтті.  Аталған іс-шараға Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Б.Сүлейменов, Сауран аудандық өзбек этно мәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Рысбеков, Шорнақ ауылы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б.Манашов қатысып, төрелік етті. «Батагөй қария» байқауының мақсаты – елді татулыққа, бірлікке, ырыс-ынтымаққа шақыру, бата дәстүрін дәріптеу.

Бата беру-қазақ салт дәстүрлерінің ішінде әлі күнге дейін қолданысқа ие болып ескірмей келе жатқан салттың бірі. Бұл дәстүр тәрбиенің бастауы. Бата – қазақ халқының дінімен біте қайнасқан дәстүрінің көрінісі. Қасиетті дінімізде Жаратушыдан дұға арқылы медет тілесе, дәстүрімізде бата арқылы жақсы ниет, ықылас білдіріледі, тілек айтылады. Оны көпті көрген, ортасына сыйлы, аузы дуалы, батагөй қариялар береді. Бата арабтың «фатеке» сөзінің қазақша айтылу нұсқасы ретінде белгілі. Оның мағынасы – алғыс айту, ақ ниет, және тілек білдіру. Ақсақалдар, көбінесе, үйде бір жақсылық бола қалған жағдайда немесе сойылатын малға бата жасап, балаларға құлаққағыс етеді. Бұл дәстүрдің екі маңызды жағы бар: біріншісі – үлкенді сыйлау, ал екіншісі – «баталы құл арымас, батасыз құл жарымас» деген мақалға негізделген ізгі ықылас пен тілектестік. Қазақтар батаны, әсіресе, жас өспірімдер жиі сұрайды, себебі олар болашаққа үмітпен қарайды. Жақсы адамдардан, көп жасағандардан және киелі тұлғалардан бата алу – ерекше құрмет болып саналады. Халқымыз батаны берілетін жағдайына қарай бірнеше түрге бөлген. Олар: нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, сапар бата, жастарға бата, сүндет той батасы, Наурыз батасы, Ораза айт батасы, жарапазан батасы және тағы да басқалары. Ел арасында би-шешендеріміздің, айтулы тұлғаларымыздың ауыздан-ауызға тарап жүрген баталары бар. Қазақ халқы туралы айтқанда ойымызға бірден қонақжайлық пен бата беру ұғымдары келеді.

« – Халқымыз ақ батаға үлкен мән берген. Бата сұрау, бата беру дәстүрі әлі күнге дейін өз мағынасын жоғалтаған салт-дәстүрдің бірі. Дана халқымыз батаға үлкен мән бергендігін “Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер” деген мақалынан түсінуге болады. Қазақтың ақ батасы ұрпақтарын адамгершілік пен имандылыққа, әдептілік пен шешендікке баулыған. Бата беру- адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан-рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Әдетте жасы үлкен, елге сыйлы қариядан қол жайы, бата сұрайды. Үлкен кісілердің берген батасы қабыл болады деп сеніп, қарттардың көңілін табуға тырысады. “Бата” – араб тілінен алынған және алғыс айту, тілек білдіру мағынасын білдіретін сөз. Бұл сөздің қазақ мәдениетінде кеңінен қолданылуы бата беру дәстүрінің тарихы мен оның қоғамдағы орны туралы көп нәрсені білдіреді. Қорыта айтқанда, “ақ бата” алу дәстүрі қазақ мәдениетінің маңызды бөліктерінің бірі болып табылады, ол тек тілектер мен алғыстардың берілуі ғана емес, сондай-ақ, қоғамның рухани және әлеуметтік байланыстарының беріктігін көрсетеді.» – дейді Сауран аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Ахметов

«Батагөй қария» атты аудандық байқауы 2 кезеңнен құралып, аудандағы әр ауылдан 1 батагөй қариядан этнос ақсақалдары қатысып, бата беріп бақтарын сынады. Сайыс қорытындысымен І орынды Шорнақ ауылының батагөй қариясы Ашенов Өтеген қария қанжығасына байлады. ІІ орынды Жүйнек ауылынан О.Мырзабеков иеленсе, жүлделі ІІІ орыннан Жусупов Максут қария көрінді. Сондай-ақ, белсене қатысқаны үшін Аша елді мекенінен А.Бабашев, Қарашық ауылдық округінен А.Ахмедов, Йассы ауылдық округінен Б.Мутенов, Жаңа Иқан ауылдық округінен М.Хасанов, Майдантал ауылынан Б.Ахатов, Жібек Жолы ауылынан Б.Төленбайұлы марапатталды.

Қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеген іс-шарада қариялар бата алудың дәстүрлік мәнін, келешек ұрпаққа берер мол тағылымдарын айтып берді.

«- Бата – қазақтың ғасырлар бойы сақталып келген ұлттық дәстүрлерінің бірі. Бұл дәстүрдің маңызы бүгінгі күнге дейін сақталып, әртүрлі тойларда, жақсылықтарда және дастархан басында қолданылып келеді. Бата, көбінесе, ақ дастарханның басында айтылатын тілектер мен алғыстардың түрі болып табылады. Бата әр түрлі жағдайда беріледі. Қонақасына, сойылған соғымға, жиналған егінге, күздікке, жауын жаумаса тасаттыққа, түрлі жақсылықтарға арналған той-томалақтарда бата беріледі. Мұндай баталар жас өспірімдерден ғана емес, үлкендерден де сұралуы мүмкін. Батаның көптеген түрі бар, әр адам өз білгенін айтып, тілек білдіруі мүмкін. Мысалы, біреулер «батыр бол» десе, басқалары «бай бол», «ақылды бол», «ақ сақалды сары түсті шал бол» немесе «бәледен сақта» деп тілейді. Бата негізінде намаздың соңында қол жайып айтылатын дұғаға негізделген. Қазақ баталары сол дұғаның үлгісінде айтылады. Баталар ұзын да, қысқа да болуы мүмкін және олар әр түрлі жағдайларда қолданылуы тиіс. Батада ел тірлігі, ұлттық намыс, азаматтық парыз, елдік тұтастық, берекелі бейбіт өмір, достық пен татулық, ағайынның адал көңіл ынтымағы мен бірлігі, жас отауға жақсылық, жорық-шерулерге аттанар сарбаздар мен сардарларға жеңіс тілеу, алыс жолға ат басын бұрғандарға сәттілік, өмір жолын жаңа бастаған өренге, жаңа туған нәрестеге ұзақ ғұмыр, өнегелі жол тілеу, мұсылмандық мұратқа ұю, имандылық, әділеттілік, адалдық, елдік пен ерлік, дастархан берекесі туралы баталар түрлері кездеседі. Бата алу дәстүрі қазақ қоғамында үлкен мәнге ие, ол адамгершілік пен ізгі ниеттің көрінісі болып табылады. Бата – қазақтың әлеуметтік және мәдени өмірінде маңызды рөл атқарады. Оның мазмұны мен мақсаты әртүрлі жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Әрқайсысы өз орны мен уақытында берілетін баталардың түрлері мен мәндері үлкен әлеуметтік мәнге ие. Бұл тек жеке адамның немесе отбасының ғана емес, тұтас қоғамның игілігі мен рухани байлығы үшін маңызды.» – деді байқауда І-орынды иеленген Шорнақ ауылының батагөй қариясы Ашенов Өтеген.

 

« – Исламда бата алу дәстүрі дұға жасау арқылы жүзеге асады. Дұға жасау – мұсылманның Алладан көмек, қолдау, және игілік сұрау рәсімі болып табылады. Ақ бата алу кезінде адам өзіне, жақындарына және қоғамға жақсылық, денсаулық, ұзақ өмір және табыс тілейді. Исламда ақ бата алу адамға немесе топқа құрмет көрсету ретінде қабылданады. Қарым-қатынас, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты сақтау үшін адамдар бір-біріне бата жасап, жақсы тілек білдіреді. Батаның көлемі недәуір үлкен, құрылымы күрделі болса, тілектің көлемі қысқа, бір-екі жолдан құралған ырғақты қара сөз немесе тақпақтан тұрады. Бата аяқталғанда қалың қауым бір ауыздан «Әумин. Айтқаныңыз келсін!» деген сөздерді айтып қошамет-қолдау білдірсе, ақ тілекті естіген адам оған қарымта жауап қайтарып, көңіл-күйін жедел білдіруі тиіс. Бір сөзбен айтқанда, тілек екі адамның диалогі ретінде орындалады. Мысалы, айтылған ақ тілекті қабыл алушы «Айтқаныңыз келсін», «Аузыңа май, астыңа тай», «Өз басыңа да сол келсін», «Құдайдың құлағына шалынсын», «Алла разы болсын» деген дағдылы жауаптарды береді. Бата тек жеке адамдарға ғана емес, сонымен бірге қоғамдық өмірге де әсер етеді. Ол қоғамдағы үйлесімділікті, татулықты, және рухани құндылықтарды нығайтуға бағытталған. Қазақтардың бір-біріне бата беруі – олардың арасындағы сенімділікті, құрметті, және мейірімділікті көрсетеді. Бұл дәстүр ұлттық бірегейліктің және мәдениеттың бөлінбес бөлігі болып табылады. Қазақ әдебиеті мен ауыз әдебиетінде бата берудің өзіндік орны бар. Баталар көбінесе халықтың даналығы мен мәдени құндылықтарын көрсететін әдеби шығармаларда орын алады. Бұл шығармаларда бата беру дәстүрінің тарихы, маңызы, және оның қоғамдағы орны кеңінен суреттеледі. Бата – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Ол ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың сақталуына, ұрпақтан-ұрпаққа берілуіне және қоғамның рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Баталар арқылы қазақ халқы өзінің ізгілік, мейірімділік және құрмет сияқты құндылықтарын ұрпақтарына жеткізеді.» – деді Жусупов Максут қария

Бата – қазақ мәдениетінің мән-мағынасын, рухани байлығын және ұлттық құндылықтарын көрсететін ерекше дәстүр. Ол әр түрлі жағдайда, әртүрлі адамдарға және әр түрлі мақсаттарда беріледі. Батаның әлеуметтік, мәдени және рухани маңызы оны қазақ халқының мәдениетінде маңызды орынға ие етеді. Батаның әрбір түрі өзіне тән ерекшеліктерімен, мәнімен және қолдану салаларымен ерекшеленеді, бұл оның байлығы мен көптүрлілігін көрсетеді.

Ұлттық құндылықтардың өміршеңдігін көрсеткен байқау

Жүйнек ауылында Сауран ауданы әкімі Таңғатаров Мақсат Асылбекұлының бастамасымен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы байқау Жүйнек ауылдық округі әкімшілігі, Жүйнек ауылдық мәдениет үйі және ауылдық кітапхана ұжымымен бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Бұл байқау ауыл мәдениетін, өнерін, дәстүрін дәріптейтін, ауыл халқының рухани құндылықтарын жаңғыртатын тамаша іс-шара болды.

Байқау барысында Мәдениет үйі қызметкерлері мен ауылдың өнерпаздары түрлі өнерлерін көрсетті. Сахнада ән шырқалып, күмбірлеген күй төгілді, би өнері мен попурри орындалды. Әсіресе, өз елінің мақтанышы болып табылатын ақын Әбдіғаппар Жақыпов өз орындауында өлеңдерін оқып, көпшіліктің көңілін тебірентті. Жансұлу Болысбаева орындауында «Туған өлке» әні, Зебинисо Абдалимова орындауында «Жүйнек менің ауылым» өлеңі мен «Дилшод» өзбек халықтық фольклорлық ән-би ансамблімен бірге «Омон» әні, Умида Еркинова орындауында «Ризамын» әні, Ғиесиддин Рахмиддинов, «Дилшод» өзбек халықтық фольклорлық ән-би ансамблі, Сара балабақша бишілері орындауында «Хорезм ләзгісі» әні, Шерхан Әлібековтің орындауында «Ауылға барып тұрыңдар» әні мен сахнада ауыл көрінісі, Серғазы Шәкірдің орындауында «Ауылға сағыныш» әні мен қатар сахнада жастардың көрінісі, Әлібековтер отбасы бүлдіршіндерінің орындауында «Жас өрендер жырлайды» әні сахнада Заңғар мектебі бишілерінің биімен, Шекербұлақ домбырашылар ансамблі және жетекшісі Бақдәулет Алдаберген, Жүйнек домбырашылары және Әлібековтер ансамблі орындауларында «Ата толғауы» күйі, «Ерке сылқым» күйі және «Восолоде в огороде» орыс шығармасы аспаптармен орындалуы, Жасурбек Абдалимовтың түрлі аспаптармен попурри орындауы, Көркемөнерпаздар үйірмесінің орындауында «Өнерлі өлке» әні қалың көпшілікке ұсынылып, ыстық ықыластарына бөленді. Концерттік бағдарламаның бір ерекшелігі әр әннің сыртында «Ауыл қазақтың қара шаңырағы» деген тақырыпта көріністер көрсетілді.

Байқаудың тағы бір жарқын сәті – ауылдың ақ кимешекті әжелерінің өнер көрсетуі болды. Олар ауылдың ежелгі дәстүріне сай ән салып, туған жерге деген махаббаттарын ән арқылы жеткізді. Әжелердің әсерлі орындауы жас буынға тәрбие беріп қана қоймай, ұлттық құндылықтардың өміршеңдігін көрсетті.

Байқауда ауыл мақтаныштары ақын Әбдіғаппар Жақыповтың, сазгер Шерхан Әлібековтің, «Дилшод» өзбек халықтық фольклорлық ән-би ансамблінің құрметіне арнайы көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Жүйнек ауылдық кітапхана қызметкері Гүлсім Балтабай ұйымдастырған көрме де ауыл тұрғындарының ерекше ықыласына ие болды. Көрмеде ауылдың тарихы, мәдениеті және әдеби мұралары жайлы деректер мен кітаптар қойылып, әрбір келуші ауыл туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік алды. Бұл көрме ауылдың рухани өмірінің айнасы іспетті болды. Ауыл мектептерінің еңбек пәні мұғалімдерінен де алтын күз тақырыбында түрлі көрмелер жасалған. Қолөнер мен ауылшаруашылық тақырыбындағы көрмелер де ауылдың байырғы дәстүрлерін жалғастырып тұрды. Ал ауылшаруашылық көрмесінде жергілікті шаруалардың еңбегі мен ауыл шаруашылығының жетістіктері таныстырылды. Ауылдың басты тіршілігі саналатын бұл салада көптеген жемістер мен көкөністердің безендіріліп көрсетілуі көрмеге келген қонақтарды таң қалдырды.

Шараның тағы бір жарқын әрі маңызды бөлігі – ұлттық тағамдар көрмесі болды. Бұл көрме арқылы ауыл тұрғындары қазақтың байырғы асханасының ерекше дәмін сезіндіріп, ұлттық дәстүрлерімізді ас дайындау арқылы жаңғыртты. Дастарқан басына қойылған қойдың басы мен әжелердің қолынан шыққан құрт майлары келген қонақтарға ерекше әсер сыйлады. Бауырсақ, құрт, қымыз секілді ұлттық тағамдар барша қонақтарға ұсынылды. Көрмеде сонымен қатар ет тағамдары да қойылды. Әр тағамның дайындалу ерекшелігі мен оның қазақ халқы үшін маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, әрбір қонақ ұлттық тағамдардың тарихына үңіле алды. Ұлттық тағамдар көрмесі ауыл тұрғындарының рухани және материалдық мұрасын, қонақжайлық дәстүрін тағы бір мәрте дәлелдеп, байқаудың ерекше мән-мағынасын толықтырды.

«Ауылым – алтын бесігім» байқауы Жүйнек ауылының рухани және мәдени байлығын ашып көрсетіп, ауылдың бірлігі мен ынтымағын арттырған маңызды іс-шара болды. Ауыл тұрғындары мен қонақтары шарадан үлкен әсер алып, өз ауылдарына деген мақтаныш сезімін жүректеріне түйіп қайтты.

«Ауылым – алтын бесігім» байқауы дәстүрді дәріптейді

Қарашық ауылында Сауран ауданы әкімі Таңғатаров Мақсат Асылбекұлының бастамасымен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы байқау Қарашық ауылдық округі әкімшілігі, Қарашық мәдениет үйі және ауылдық кітапхана ұжымымен бірлесе ұйымдастыруымен өтті. Қарашық ауылында өткен «Ауылым — алтын бесігім» атты байқау ауыл тұрғындары мен қонақтардың есінде жарқын әрі есте қаларлық мерекелік шара ретінде қалды. Бұл іс-шара ауылдың мәдени өмірін жаңғыртып, ұлттар арасындағы достықты нығайтып, салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталды.

Байқауда қазақ және өзбек ұлттарының салт-дәстүрлері мен мәдениеті ерекше көрініс тапты. Қазақтың ұлттық киіз үйлері тігіліп, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Әсіресе, қазақ халқының ет, қазы-қартасы мен бауырсағы, сондай-ақ өзбек халқының палау, самса, нан сынды тағамдары үлкен сұранысқа ие болды. Екі халықтың дастарқандарының берекесі мен молшылығы ауыл тұрғындарының көңілінен шықты.

Байқаудың ерекше бөлімі ретінде Қарашық мәдениет үйі директоры А. Азизбековтің ұйымдастыруымен өзбек ұлттық музыкалық аспаптарының үні шығып, көрермендерді өнердің тереңіне тартты. Музыканттардың шеберлігі мен аспаптардың әсем әуендері шараның рухын көтеріп, халықтың қуанышын арттырды. Киіз үйлердің арасында ауылдың мәдениетін дәріптейтін түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Кітапхана қызметкерлері ауыл тарихы мен мәдениетіне арналған көрме жасап, ауылдың өткенін, бүгінгі жетістіктерін паш етті. Онда кітаптар, қолжазбалар, фотосуреттер мен басқа да тарихи жәдігерлер ұсынылды. Сонымен қатар, ауыл ұсталары да өз шеберліктерін танытып, көрмеге ерекше қолөнер бұйымдарын әкелді. Олардың ағаштан жасалған заттары көрермендердің ерекше қызығушылығын оятты. Мерекелік бағдарлама да өте әсерлі өтті. Шараның басында халықтық әндер шырқалып, түрлі би топтары өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе, ұлттық би өнері мен әндердің орындалуы көпшіліктің көңілінен шықты. Әрбір өнерпаздың өнері ерекше бағаланып, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Шараның тағы бір маңызды бөлігі – ауыл шаруашылығы мен қолөнер көрмелері болды. Мұнда ауыл тұрғындары өздері өсірген өнімдерін, сондай-ақ қолмен жасаған бұйымдарын ұсынды. Көрмеде ауылдағы егін шаруашылығының өнімдері, ет-сүт өнімдері, жеміс-жидектер және түрлі көкөністер қойылды. Қолөнер бұйымдары да көрменің сәнін кіргізіп, ұлттық нақыштағы кілемдер, зергерлік бұйымдар, киімдер, тұрмыстық заттар үлкен қызығушылық тудырды. Қарашық ауылының тұрғындары мен қонақтары үшін «Ауылым — алтын бесігім» байқауы нағыз рухани серпіліс пен мәдени байланыстарды нығайтатын үлкен мереке болды. Бұл шара ауылдың мәдениетін дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын сақтап қалуға бағытталған маңызды қадам ретінде есте қалды.  Ауыл халқының бірігіп атқарған ісі ауылдың көркейіп, дамуына, мәдени байлығын сақтауға қосқан зор үлесі болды.

Сауран: Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және жастарға мемлекеттік қолдау

Құрметті Сауран ауданының тұрғындары!

21 қазан күні сағат 15:30 – де Сауран аудандық мансап орталығының ғимаратында, яғни Ыбырай Алтынсарин көшесі 20, мекен-жайында “Шектеусіз мүмкіндік” тақырыбымен NEET санатындағы жастар санын азайту және жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмыспен қамту мақсатында Сауран аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе отырып «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Бүгінде, жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздегі басты міндеттерінің бірі. Осыған орай, NEET санатындағы жастарды және жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмысқа тарту, жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру өте маңызды. Осы тұрғыда жастарды жұмыспен қамту және кәсіпкерлік бағытындағы мүмкіндіктерді атап өтсек.

Жастар мен тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалар тізімінде “Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты бар. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты енді, 6 бағыт бойынша беріледі. Мемлекет басшысының бастамасымен берілетін бұл грант 2021 жылдан бастап жастарға «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» бағыттары бойынша үйлестірілген. Ал, биыл аталған тізімге «волонтерлік» бағыты да қосылды. Бұл өзгеріс бағдарлама қағидаларын жетілдіру мақсатында жасалған. 2024 жылы «Тәуелсіздік ұрпақтары» бойынша 3 млн теңгеден 30 грант берілетін болады. Мақсат – белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекет тарапынан қолдау. Конкурсқа Қазақстан Республикасының он төрт жастан бастап, отыз бес жасқа дейінгі (34 жас қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.

6 бағыт бойынша берілетін гранттар тізімі:

«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;

«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;

«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;

«Бизнес» – жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;

«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;

«Волонтерлік» –  өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

 

Жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз ету мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бар. Бұл бағытта еңбек мобильділігі орталықтары, яғни, мансап орталықтары жұмыссыз жастарды алғашқы жұмыс орнына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.

«Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыз түлектерге, 35 жастан аспаған жастар, жұмыс тәжірибесі жоқтар  қатарынан жүзеге асырылады. Оқу орындарының түлектері үшін “Алғашқы жұмыс орны” жобасы бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп бойынша немесе ұқсас кәсіп, яғни мамандық бойынша құрылады. «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша жұмыс беруші еңбек мобильділігі орталығымен келісім негізінде қатысушыны кемінде 18 ай мерзімге жұмысқа орналастырады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Айта кетейік, биыл елімізде  «Алғашқы жұмыс орны» жобасын іске асыру шеңберінде 4,2 мың адам жұмысқа орналасқан. 2024 жылы осы бағыт бойынша барлығы 8,7 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда. «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен жұмысқа орналастыру бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Бұл бағытта 1,3 мың адам еңбекпен қамтылған екен. Бұл жобаға жұмыс тәжірибесі жоқ 35 жастан аспаған жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Ол үшін Мансап орталығына өтініш беру керек. «Алғашқы жұмыс орны» жобасына қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші жұмыссыздарды кемінде 12 ай мерзіммен тұрақты жұмыс орнына орналастыруға міндетті.

 

Сондай-ақ, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін “ақылы қоғамдық жұмыстарды” мансап орталықтары ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағытта болады. Қоғамдық жұмыстарға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды. Айына жалақы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыны ескере отырып, 20 айлық есептік көрсеткіштен төмен емес болып белгіленеді. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға келесілердің құқығы бар. Олар: тіркелген жұмыссыздар, студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары оқудан бос уақытында, денсаулығына зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар.  Бұл бағытта жолдама алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.Сондай-ақ, 21 қазан күні Сауран аудандық мансап орталығының ғимаратында өтетін жәрмеңкеде осы бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстары да жүргізілетін болады.

 

Сонымен қатар, жастарға жұмыс табудың жаңа мүмкіндігі, ол – «Жастар практикасы». Бағдарлама оқуды аяқтаған соң алған кәсібі бойынша жұмысқа орналасуды жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі. Түлектің «Жастар практикасына» қатысқан уақыты жұмыс өтіліне кіреді. «Жастар практикасы» 1 жылдан аса қызмет етіп тұрған, салық, жалақы бойынша берешектері жоқ жұмыс берушілерде ұйымдастырылады. Жұмыс беруші түлектің мамандығын немесе оған ұқсас мамандық бойынша жұмыс орнын құрады. Мемлекеттік жастар саясаты жөнінде 2023 жылы заң қабылданды. Оның бірнеше жаңа нормасы бар. Егер бұрын жастар санатына 29 жасқа дейінгі азаматтар кіретін болса, қазір 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Демек, жастарға арналған механизмдерді қолданатын азаматтардың саны едәуір артты. Егер бұрын жастар категориясына 3 миллион 700 адам кірсе, қазір 5 миллион 700 мың адам кіреді. Яғни олар осы нормаларға, осы қолдау тетіктеріне ие болады. Сондай-ақ «Жастар практикасы» бағдарламасына сәйкес, бұрын жастар жарты жыл өтетін болса, қазір ол бір жылға дейін ұзартылған. Жастарға өз-өзін көрсетуге мүмкіндік берген жақсы, әрине. Бірақ, сонымен қатар оларға мотивация да керек. Жас мамандарды айтпағанда тәжірибелі, тісқаққан қызметкерлердің өзі жоғары жалақы алса, жұмысты құлшыныспен істейді. Ал қолына дипломын енді ғана алған жас маман үшін мақтау-мадақтаудың өзі жеткілікті. Әйткенмен еңбегі қаржылай бағаланса еңсесі көтеріліп, қуанып қалатыны жасырын емес. «Жастар практикасы» арқылы уақытша болса да жұмысқа орналасқандарға 110 760 теңге көлемінде жалақы қарастырылған. Бұл қаржы 1 жыл бойы бойы мемлекеттің қазынасынан төленеді. Бағдарлама арқылы уақытша жұмысқа орналасқан маман ҚР Еңбек кодексімен қорғалған. Соған сәйкес, оның мекемедегі құқығы басқа да қызметкерлермен тең. Оның жалақысынан барлық аударымдар шегеріледі. Бір сөзбен айтқанда «Жастар практикасы» – жастарға берілген үлкен мүмкіндік.

 

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша да түсіндіріледі. Себебі бұл жоба кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жеке әлеуметтік санаттарға жататын жас кәсіпкерлерге өз бизнесін жүргізу үшін бастапқы білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін жобаға қатысушы аяқталғаны туралы сертификат алады және өзінің бизнес-жобасын іске асыру үшін 400 АЕК-ке дейінгі мөлшерде грант алуға үміткер бола алады.101 ас 0

« Баст                 ау Бизнес»   ж обас ы  бойынша келесі санаттарға жататын тұлғалар өтінім беріп, оқуға қатыса алады. Олар: жұмыссыздар; зейнеткерлік жасқа толмаған жұмыстан босатылған қызметкерлер; дара кәсiпкер ретiнде тiркелмей-ақ табыс алу мақсатында тауарларды өндiру жөнiндегi қызметтi өз бетiнше жүзеге асыратын, жұмыстарды орындайтын және қызметтер көрсететiн және енжар ​​дара кәсiпкерлер; отбасылық кәсiпкерлiкте ақысыз қызметтi өз бетiнше жүзеге асыру; табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен сатуға арналған жеке қосалқы шаруашылықта өндірістік қызметті дербес жүзеге асыратындар; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооператив мүшелері; бастаушы және/немесе жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер.

Жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен жастарды жұмыспен қамту бағытында «Әлеуметтік жұмыс орны» жобасы  – тиімді бағдарлама болып саналады. Әлеуметтік жұмыс орнын  жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін құрады. Бағдарлама бойынша жұмысқа орналасу кезінде  аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға басымдық беріледі. Жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысының 35%-ы мемлекет есебінен төленеді.Әлеуметтік жұмыс орын – бұл, жұмыс беруші жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін мансап орталықтарымен келісім шарт негізінде, олардың жалақысын субсидиялай отырып құратын жұмыс орны. Әлеуметтік жұмыс орындарын са    лық және басқа әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізіп отыратын және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ жұмыс берушілер ұйымдастырады. Әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.

Елімізде жас мамандар үшін мемлекет тарапынан көп мүмкіндік, үлкен қолдау, көмек беріліп жатыр. Бұл бағытта жаңадан құрылған Сауран ауданында да жаңа жұмыс орындарына орналасуға мүмкіндік мол. Сонымен қатар, «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан беріліп жатқан мол мүмкіндікті мамандар тиімді пайдалана білгені жөн. Көтерме жәрдемақы, бюджеттік несиемен бірге ауылда жұмыс жасайтындардың жалақысына 25 пайыз үстемеақы қосылатыны тағы бар. Сөйтіп, жастар ауылды көркейтіп, ауыл арқылы өздерінің де тұрмысын түзеп алса болады. Жалпы еңбек етуге талпынғандар үшін ел Үкіметі тарапынан қолдау көп. Көпшілік «Дипломмен — ауылға!» бағдарламасы тек қана жастарға, жоғары оқу орнының биылғы түлектеріне арналған  жоба» деп түсінеді. Бұл — қате пікір, қате түсінік. Бағдарламаға қатысу үшін жап-жас болу, университет немесе институт бітіру міндет емес. Маманның жас ерекшелігінде шектеу жоқ. Сондай-ақ, колледж түлектері де қатыса алады.  Маманның оқуды қашан аяқтағаны да маңызды емес. Ең бастысы, ауылды көркейтуге үлес қосуды мақсат етіп, ауыл үшін қызмет еткісі  келетін әлеуметтік саланың маманы болуы тиіс.  Нақтырақ айтқанда, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт саласының және мал дәрігері маманы бағдарламаға қатыса алады.  Сондай-ақ, кем дегенде 3 жыл ауылда тұруы тиіс. Пәтері болмауы керек. Бұдан 3-4 жыл бұрын университет бітіріп, қалада жұмыс жасаған маман ауылға келіп, жобаға қатысуына болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап “Дипломмен ауылға” жобасының сенімді агенті Отбасы банкі болып  тағайындалды. Жоба тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейді. Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін “Дипломмен ауылға” жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады. Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері. Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек. Енді “Дипломмен ауылға!” жобасы шеңберіндегі қарыздарға Отбасы банкте қызмет көрсетіледі. Сондықтан кредиттері бар қазақстандық азаматтар банктің клиенттері болуы тиіс. Бұл төлемдерді уақтылы өтеу үшін және болашақта мерзімді өткізіп алмау немесе өсімпұл есептелмеу үшін жасалатын шара.

Банктің клиенттері бола отырып, олар кредит талаптарын өзгертпестен оны төлеуді жалғастырады. “Дипломмен ауылға” жобасы шеңберінде қазақстандықтар 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы алуға үміткер бола алады. Мемлекеттік қолдаудың бұл түріне де otbasybank.kz платформасы арқылы өтініш беруге болады. Жәрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

Ауылдық жерлерде жастардың әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір мүмкіндіктің бірі – «2,5% несие алу » бағдарламалары. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жастарды шағын несиелеу бағдарламасына қатысу Жастарды несиелеу бағдарламасын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде іске асырады. Аграрлық несие корпорация жастарға шағын несие беру бағдарламасы шеңберінде сенім білдірілген өкіл ретінде құжаттарды қабылдау, бизнес-жобаны бағалау, несие және кепіл туралы келісімдерді дайындау, несие сомасын қарыз алушыға беру, несиенің нысаналы пайдаланылуын тексеру, қарыз алушымен есеп айырысуды жүзеге асыру, қарыз алушыдан төлем қабылдау, мерзімі өткен берешекпен жұмыс және уәкілетті органдарға есеп беру әрекеттеріне жауапты. Шағын несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Өтініш берген сәтте жастардың жеке кәсіпкер ретінде тіркелген уақыты 5 жылдан аспауы тиіс. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады. Несиелеу шарттарына тоқталсақ.

  • Несие сомасы: 5 млн теңгеге дейін
  • Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 2,5%
  • Несие мерзімі: мал шаруашылығын дамытуға – 7 жылға дейін; бизнестің басқа бағыттары үшін – 5 жылға дейін.
  • Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.

Шағын несие беру туралы шешімді комиссия қабылдайды, оған мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының, кәсіпкерлер, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді. Үміткерлер өздерінің бизнес-жобасын комиссия отырысында таныстырады, комиссия ол бизнес-жобаларды бағалап, неғұрлым болашағы барын таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму — еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды». Бұл бағытта елімізде «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі болып қалыптасты. «Жасыл ел» еңбек жасағына 14 – 35 жас аралығындағы өңір жастары қатыса алады. Олар қоршаған ортаны абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары бойынша ақылы түрде қызмет атқарады.Құжат тапсырушылардың арасында ең бірінші әлеуметтік мәртебесі яғни, көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасының балаларына басымдық беріледі. Жастардың жалақысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақы 85 000 теңге көлемінде есептеледі. Бүгінгі таңда «Жасыл ел» республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды. «Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты: жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау  және  достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Жалпы елімізде NEET санатындағы кәсіптік білімі жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдау күшейтіліп келеді. Атап айтқанда, жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынады. ҚР Үкіметі мемлекеттік жастар саясатын күшейту аясында тиісті қаулы да қабылдаған. Құжат «білімі жоқ және жұмыссыз» жастармен нақты жұмыс жүргізетін бірқатар орталық мемлекеттік органның құзыретін айқындайды. Осылайша, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне уақытша жұмыссыз қалған жастардың жұмысқа орналасуына көмектесу, сондай-ақ жастарды жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау жүктелді. Бұдан бөлек, Қаулыда жастармен жұмыс жасайтын мамандардың біліктілік сипаттамасын, жастар еңбек жасақтарын құру ережелерін, сондай-ақ жастарды дамыту индексін енгізу қағидаларын бекітуге мүмкіндіктер жасалған.  Қазақстан Үкіметі NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдаған. Еліміздің 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жеті бағытының бірі жастардың әлеуеті мен кәсіпкерлігін іске асыру болып табылады. Жастар – өмірдегі кез келген өзгерістерге жедел жауап беретін қоғамның ең белсенді бөлігі. Осыған байланысты жастар кәсіпкерлігі жастарды әлеуметтендірудің маңызды тетігі және әлеуметтік лифт ретінде әрекет етеді. Негізі NEET санатындағы жастар ерекше назар аударуды талап етеді. Статистикалық деректерге сәйкес, Қазақстан Республикасының 15-34 жас аралығындағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі өткен жылы жылы 7,1%-ды құрапты. «Осы мәселені шешу мақсатында заңмен «Уақытша бос жүрген жастар» немесе NEET санатындағы жастар ұғымы бекітілді.  Бұл 2023 жылдан бастап оларды жұмысқа орналастыру, білім беру, біліктілігін арттыру бойынша жүйелі және атаулы жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Ал, жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта біріктіру мақсатында «Zhas project» гранттық бағдарламасы іске асырылды. Жоба өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталды. Әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды оқыту мен іске асырудың арқасында NEET санатындағы жастар оң және нәтижелі қызметке тартудың бірегей тәжірибесіне ие болады. «Zhas Project» аясында жастар арасында жобаларды іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру, білім беру және жүргізілетін жұмыстар арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасалып отыр.

Міне осындай мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері мен бос жұмыс орындарымен танысу және тұрақты жұмысқа орналасуды көздейтін жастар Сауран аудандық мансап орталығында өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне міндетті түрде барып, кеңес алғандары абзал. “Шектеусіз мүмкіндік” тақырыбымен NEET санатындағы жастар санын азайту және жұмысқа жарамды мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмыспен қамту мақсатындағы шараның маңыздылығы ерекше. Сондықтан мамандар 21 – қазан күні өтетін жәрмеңкеге барша аудан халқын шақырады!

ТҮРКІСТАНДЫҚ 24 ҚҰТҚАРУШЫ АРНАЙЫ ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысының өрт сөндірушілері жыл басынан бері дабыл бойынша 15 мыңға жуық нысанға барған. Құтқарушылар жалпы құны 1 млрд 974 млн 900 мың теңгені құрайтын материалдық мүліктердің бүлінуінің алдын алған. Бұл туралы Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қарасты «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мекемесінің бастығы Думан Қыдырмоллаев мәлімдеді.

«Түркістан облысында жыл басынан бастап дабыл өрт сөндіру бөлімшелеріне 14 963 рет дабыл түскен. Соңғы жылда қызыл жалын кезінде өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары 24 адамды құтқарып, 130 адамды эвакуациялаған. Аймақта өрт салдарынан 8 адам жарақат алып, 5 адам қайтыс болды. Облыста орын алған төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюды жүзеге асыратын жалпы саны 42 өрт сөндіру бөлімдері бар. Одан бөлек, жыл басынан бері 2 өрт сөндіру бөлімшесі қолданысқа берілді. Жалпы өңірдегі өрт сөндіру бөлімшелерінде 1 388 қызметкер бар. Сонымен қатар, 203 бірлік техника жұмыс істейді»-деді сала басшысы.

Сондай-ақ брифинг барысында облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Төреқұлов азаматтық қорағау органдарына жұмысқа тұру үшін атқарылатын міндеттер туралы баяндады.

«М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына оқуға түсу үшін орта білімі бар 16 жасқа толған денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды азаматтар қабылданады. Академияға қабылдау медициналық және дене шынықтыру көрсеткіштері бойынша іріктеу қорытындыларын ескере отырып, Ұлттық бірыңғай тесттің нәтижелері бойынша іріктеу арқылы жүргізіледі. Академиядағы оқу техникалық мамандық болғандықтан Ұлттық бірыңғай тест тапсыру кезінде бейінді пәннен математика және физика пәндерін таңдау қажет. Оқуға қабылданғаннан кейін курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Барлық оқу кезеңінде киім-кешекпен, тамақтану және мемлекеттік шәкіртақымен қамтылады. Академияда күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген, 4 жыл оқыған азаматтардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеліп, лейтенант атағын алып шығады. Құтқарушылар күніне орай Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 16 қазандағы №508 бұйрығымен облыстағы 24 қызметкер түрлі дәрежедегі төсбелгі және алғыс грамоталарымен марапатталды»-деді спикер.

В ТУРКЕСТАНЕ ОТМЕТИЛИ 100-ЛЕТИЕ РАХИМЖАНА КОШКАРБАЕВА

В Туркестане состоялось торжественное мероприятие, посвященное 100-летию народного героя Рахимжана Кошкарбаева.
На мероприятии, организованном в честь столетия Рахимжана Кошкарбаева присутствовал заместитель акима области Ертай Алтаев, который отметил важность данного события.


— Сегодня мы собрались, чтобы отметить 100-летие великой личности, народного героя Рахимжана Кошкарбаева. Это событие напоминает нам о его героизме, патриотическом духе и вкладе в наш народ, а также служит примером для молодежи. Сегодняшнее мероприятие имеет большое значение для сохранения наследия Рахимжана Кошкарбаева, возрождения исторических событий, связанных с его именем, и передачи этого наследия будущим поколениям. Мы обязаны помнить о нем и сохранять его в нашей памяти, — сказал он.
В рамках праздничного мероприятия состоялась церемония подписания меморандума между областным филиалом партии «AMANAT», департаментом по делам обороны Туркестанской области, общественным объединением «Координационный совет ветеранов различного уровня Туркестанской области» и акиматом области.

Цель меморандума — укрепление взаимосвязи ветеранов различного уровня в области, повышение статуса почетного звания «Ветеран», представление образцового жизненного пути молодому поколению, а также сохранение традиций и национальных ценностей.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 20 ҚАЗАННАН БАСТАП ЖЫЛУ БЕРІЛЕДІ

Түркістан қаласында 20 қазаннан бастап жылу беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде жылыту құрылғыларының қысымын реттеу, шаю жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, қала тұрғындары үйде болулары қажет. Тұрғындар жылыту жүйелерінде ақауды байқаған жағдайда 1310 немесе 109 колл-орталығына хабарласу керек. Бұл туралы брифингте Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Байдулла Оразбеков мәлімдеді.

«2024-2025 жылғы жылыту маусымына дайындық барысында жылыту мекемесіне қарасты 17 жылу қазандығы мен 55,3 шақырымдық жылу құбыры тексеруден өтіп, қысымдау жұмыстары жүргізілген. Жылу қазандықтарының негізгі отын түрі – табиғи газ. Қаладағы 219 көпқабатты тұрғын-үй, 65 әлеуметтік және 60 кәсіпкерлік нысан, 33 жер теліміндегі үйлер жылу жүйесімен қамтылады. Сондай-ақ шаһардағы автономды көпқабатты тұрғын үйлер саны 160-ты құрайды»-деді спикер

Сонымен қатар «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы Ерғазы Рысбеков тұрғындарға жылу маусымына дайындық аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндады

«Жалпы кәсіпорында штаттық режимде 38 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал, жылыту маусымында қосымша 96 азамат жұмыспен қамтылады. Шаһардағы жалпы абонент саны 11 416-ны құрайды. Бұл жылғы тариф жеке тұлғалар үшін 1 шаршы метрге 140,8 теңге болып бекітілді. Қазіргі таңда қаладағы тұрғын үйлермен әлеуметтік нысандар 100% газбен қамтылған»-деді мекеме басшысы.

Сауран ауданында 3 067 жаңа жұмыс орны ашылады

Түркістан облысында барлық аудан, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жоспар жасалып, ол облыс әкімі мен басқарма басшыларының алдында арнайы талқылаудан өтіп, бекітіледі. Кестеге сәйкес бүгін Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жоспар таныстырылды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жоспардың кейбір жетілдіретін тұстарына тоқталып, аудан әкіміне жұмысты жүйелеуді тапсырды.
– Сауран ауданының әлеуеті өте жоғары. Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен бой көтерген өндірстік парктің мүмкіндігін толық пайдаланып, индикаторға енгізген жөн. Бізге өзіндік кіріс көздерін молайтып, жұмыс орындарын көбейтпесек болмайды. Сауран ауданын дамытуда ауыл шаруашылығы, туризм бағыттарын да қайта пысықтап, жұмысты жандандырыңыздар. Барлық аудан, қала әкімінің жоспары тыңдалады, – деді Дархан Сатыбалды.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың айтуынша, ауданның даму жоспарында ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және туризм басым бағытқа ие. Ауданда жиһаз өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру ісі жақсы дамыған. 2030 жылға дейін құны 174,6 млрд. теңгені құрайтын 151 жобаны іске асыру жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы бойынша 52 жоба (жоба құны – 107 млрд. теңге, 390 жұмыс орны), өнеркәсіп саласында 85 жоба (жоба құны 53,1 млрд. теңге, 2 427 жұмыс орны), туризм саласында 14 жоба (жоба құны 14,5 млрд. теңге, 250 жұмыс орны) жүзеге асады. Жалпы 3 067 жаңа жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде жалпы өңірлік өнім көлемі 321,5 млрд. теңгеге жетіп, 2,4 есе артады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге өндірістік аймақтарды кеңейту, тоқыма өнеркәсібі, жиһаз жасау, пластмасса өнімдерін өндіру жобалары жүзеге асады. Су үнемдеу технологияларына 17,6 млрд. теңге инвестиция тартылады. 14 жобаны жүзеге асыру көзделген. Мал, құс, балық, егін және мақта шаруашылығы да дами түседі.
Туризм саласында 14 жоба енгізілсе, оның 4-еуі биыл ашылмақ. Емдік-сауықтыру және демалыс аймақтары салынады. Аудандағы тарихи орындардың туристік әлеуетін көтеру бағытында да жұмыстар жүргізілмек.

№KZ89VPY00063999 Куәлік нөмірі

Lost your password? Please enter your email address. You will receive mail with link to set new password.

Exit mobile version