Архив рубрики: Ақпарат
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 90 ДИРЕКТОР МИНИСТРДІҢ БҰЙРЫҒЫН ОРЫНДАМАҒАН
Түркістан облысында 2022 жылы білім беру ұйымдарына 366 педагог жұмысқа қабылданған, алайда 322 педагогты қабылдау кезінде конкурс ережелері сақталмаған. Яғни, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының талаптары бұзылған. Нәтижесінде облыстағы 90 мектеп директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сондай-ақ, департамент мамандары жыл қорытындысы бойынша 31 өтінішке жоспардан тыс тексеру жүргізіп, 29 арыз бойынша бұзушылықты анықтаған және 21 әкімшілік іс қозғаған.
— 7 заңды тұлғаға – 105 айлық есептік көрсеткішке тең 321 615 тг;
— 14 лауазымды тұлғаға – 230 АЕК-ге тең 704 490 тг;
жалпы 21 әкімшілік іс бойынша 335 АЕК-ге тең (1 026 105 тг) көлемінде айыппұл салынды.
Жоспардан тыс тексеру жүргізбей, 18 әкімшілік іс қозғалды.
Прокуратурадан, мемлекеттік органдардан келген ұсыныстар бойынша 7 әкімшілік іс;
«Педагог мәртебесі» Заңының талаптары және әлеуметтік желі, резонанс тудырған шағымдар бойынша 11 әкімшілік (1 жеке тұлға, 6 лауазымды тұлға, 4 заңды тұлға) іс қозғалып, жалпы 80 АЕК-ге тең 245 040 тг айыппұл салынған.
ҚАЛТАСЫНДА «КЕПТІРІЛГЕН МАРИХУАНА» БОЛҒАН
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА «АУЫР ЖҮК» ЖҮКТЕЛДІ
Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған даму тұжырымдамасының жобасы әзірленді, — деп хабарлайды Таq.kz тілшісі Түркістан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған құжатқа сәйкес, алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласына тартылатын жеке инвестициялар көлемін 6 есеге көбейту көзделіп отыр. Қосымша саладағы жалпы өнім көлемі мен еңбек өнімділігін 2 есеге, қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,3 есеге ұлғайту керек.
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржігіт Мырзахметовтың айтуынша, тұжырымдамаға сәйкес, АӨК негізгі капиталы мен тамақ өндірісіне тартылған жеке инвестициялар көлемін 6 есеге арттыру межеленген. Яғни, 84,9 млрд. теңгеден 481,1 млрд. теңгеге дейін көбейтілмек. Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемін 1,03 трлн. теңгеден 2,12 трлн. теңгеге дейін көбейту жоспарланып отыр. Ал АӨК қайта өңделген өнімдерінің экспорты 136,9 млн. АҚШ долларынан 310,5 млн. АҚШ долларына жетеді деген жоспар бар.