Архив рубрики: Жаңа жоба

ОРДАБАСЫДА ЖЫЛЫНА 90 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округіндегі Теспе елді мекенінде жаңа технологиямен қыш зауытының құрылысы жүргізілуде. Толық автоматтандырылған жаңа қондырғылар көмегімен құрылысы жүріп жатқан «Altyn land» өндіріс орны ауданда 55 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға қауқарлы.
Жылына 90 миллион дана қыш өндіруге қауқарлы зауыттың инвестициялық құны 2,3 млрд теңге. Қыркүйек айында құрылыс жұмыстары басталған жоба 2025 жылдың мамыр айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Сауранға тартылған инвестициялар жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді

Жаңа жұмыс орындарын ашу халықтың әлеуетін арттырып, аймақтың дамуына оң серпін берері сөзсіз. Ол үшін жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау көрсету маңызды мәселе. Мемлекет басшысы да Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екендігін атап өткен болатын. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындаруын құру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Сауран ауданы әкімдігінің бастамасымен бизнес өкілдерінен құралған делегациясы ҚХР-ға арнайы іс-сапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу және жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жұмыс орындарын көбейту болып табылады.

Саурандықтар бірінші кезекте Боро-Тала қаласындағы Арасан ауданының кәсіпорындарын аралап көрді. Балық шаруашылығы, саңырауқұлақ өндірісі мен тәтті жүгері өндірісінің жұмыстарымен танысты. Қытайдағы аква мәдениет негізінен жергілікті халықтың күріш өсіруі кезінде дамыған. Қытай әлі күнге дейін әлемде бұл кәсіп саласы бо­йынша алдына жан салмай келеді. Себебі, қазір әлем бойынша ең та­бысы мол бизнестің түрі осы балық ша­­руашылығына тиесілі. Аталған қалада балық өсіру кеңінен қолға алынған. ”Салқын су” балық шаруашылығында бекіре, форель, янтарь балық түрін өсіреді. 30 жылдан астам дәл осы кәсібпен айналысқан шаруа қожалықта бекіре балықтың ұзындығы 4-5 метрге дейін жетіп, салмағы 90 келіден асатын балықтар бар.

Делегациясының іссапары әрі қарай Қарабұқа ауылында жалғасты. Аумақта жүгері өсіру және өңдеу әлеуеті жоғары. Онда ауқымды “Шин ноң”тәтті жүгері өндіріс кооперативі жүгеру зауыты жұмыс жасайды. 350-400 гектар жерге жүгері егіп, бір маусымда экспортқа шығарады. Делегация құрамына өнімді өсіру мүмкіндігі түсіндірілді. Сонымен қатар, “Кен юань”саңырау құлақ өндірісінің жұмысы таныстырылды. Қытай халық республикасында 22 түрлі саңырауқұлақ өнімдерін тұтынса, мұнда оның 11 түрі өсіріліп, сатылымға шығарылады. Сапардың екінші күні саурандықтар мақтаны тереңдетіп өсіру, тұқым өндіру және оны өңдеу, жіп шығару технологиясымен танысты. Арасан қаласының шаһар басшылығымен екі жақты кездесу өткізіп, Түркістан облысына келуге шақырды. Нәтижесі бойынша Қытайдың бай тәжірибесі негізінде Түркістан өңірінде жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен алдағы уақытта бірнеше зауыт-фабрикалар жұмыс істейді деген жоспар бар.

Өңірге инвестиция тарту, екі жақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибие алмасу бағытында саурандық делегация Чыңду ауданы, Шиньжин қаласындағы «СITICO» өндірістік зауытының жұмысымен танысқан болатын. Онда зауыттың әлеуеті таныстырылып, барлық мәліметер ұсынылды. Әлем бойынша ең табысы мол бизнестің түрі болып табылатын балық шаруашылығына қажетті өнімдер өндірілуде. Атап өтетін болсақ, зауытта 60-тан астам балық жемдерін әзірлеуде. Аталмыш нысанның қуаттылығы жылына 500 мың тонна балық жемдерін өндіреді. Ішкі нарықта сұраныс жоғары болғандықтан өнімдерін импорттаумен қатар, шет ел мемлекеттеріне де эспорттауда. Делегация тарапынан, компанияның дайын өнімдерін шығару бойынша жұмыстарымен тәжірибие алмасты. Балық өнімдерін өндірумен айналысуға ниетті бизнес өкілдеріне компанияның қолданып жатқан жабдықтарының тиімділігі мен жабдықтардың технологиясы бойынша ақпараттарымен бөлісті.

Мұндай іс-сапар Сауран ауданында жаңа кәсіпорындардың ашылуына және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына өзіндік септігін тигізеді. Себебі жергілікті кәсіпкерлер дамыған елдердің тәжірбиесі арқылы жаңа жобаларды жүзеге асырмақ.

Жалпы өндірісі дамыған елдермен байланысты арттыру тың идеялар мен жаңа бастамаларға жол ашуда. Мысалы күні кеше Түркістанда «TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2024» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға отандық және шетелдік инвесторлар мен жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты. Ең алдымен халықаралық форумға келушілер назарына көрме ұсынылды. Онда инвесторларға Түркістан өңірінің қолөнері, туристік дестинациялары таныстырылып, таза табиғи ауыл шаруашылығы өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ облыста жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар да таныстырылды.

Олардың қатарында Сауран ауданының көрсеткіштері мен мүмкіндіктері де айтылды. Форум аясында «Түркістан – Ұлы Жібек жолындағы халықаралық ынтымақтастықтың орталығы» тақырыбында мемлекеттік органдар, бизнес және халықаралық ұйым өкілдерінің қатысуымен пленарлық отырыс өтті.

– Бүгінгі форум жаңа бастамаларды және инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған маңызды алаң. Халықаралық инвестициялық форумға Қытай Халық Республикасынан 120 компания және Қазақстан өңірлерінен 100-ден астам ірі компания өкілдері қатысуда. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин осы күнге дейін бірнеше рет кездесіп, екі жақты қатынастарды дамытуға бағытталған аса маңызды құжаттарға қол қойған. Екі ел арасындағы экономикалық байланыс нығая түсуде. Соңғы 20 жылда Қытайдан тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 44 млрд. АҚШ долларын құрады. Түркістан облысы құрылғаннан бастап, Қытай капиталының қатысуымен жалпы құны 110 млн. АҚШ долларын құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Түркістан облысының әлуеті өте жоғары. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, туризм және барлық салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Өңірде инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар ғимараттарды ұсынатын индустриалды аймақтар және дайын ғимараттар орнатылған шағын өнеркәсіптік парктер бар. Жоғарыда аталған инвестициялық алаңдарда бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамын, – деген Дархан Сатыбалды өңірдің инвестициялық әлеуеті туралы кеңінен баяндады.

Пленарлық отырыс барысында Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулының орынбасары Люй И сөз алып, халықаралық іс-шараның елдер арасындағы достықты нығайтудағы маңызы туралы айтты. Сонымен бірге спикерлер қатарында ҚР Ауыл шаурашылығы министрлігі мен кәсіпкерлік саласының өкілдері де болды. Форум жұмысы әрі қарай тақырыптық панельдік отырыстарға жалғасты. Халықаралық маңызы бар құжаттарға қол қойылып, ынтымақтастық арта түсті.

Айта кетейік, Түркістан облысында негізгі каптиталға тартылған инвестиция көлемі былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 972 млрд теңгені құрап, триллионға жуықтаған. Бұл көрсеткіштер аймақта өндірістің дамып, өнеркәсіптің дамып жатқанын айғақтайды. Әрі өңірде былтыр өңдеу өнеркәсібінде 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Халықаралық форумның негізгі мақсаты – Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін таныстыру және өңірдің шет елдермен экономикалық байланыстарын нығайту. Инвестиция тартып, өндіріс орындарын көбейту болды.

Осылайша, жиын барысында жалпы құны 301 млрд теңгеден асатын 35 ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл келісім аясында өңірде жаңа жобалар жүзеге асырылмақ. Айта кетейік, форум бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, Түркістан облысының халықаралық ынтымақтастықтағы стратегиялық маңыздылығын көрсетеді. Жалпы Түркістан облысында 2027 жылға дейін жүзеге асатын 145 инвест жобаның пулы қалыптасқан. Бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 млрд теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Сондай-ақ өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, облыста қазір өңірдің бар әлеуетін пайдаланып, дайын өнім шығаруға басымдық берілген. Осы мақсатта және өңірге инвестиция тарту жұмыстарын күшейту үшін аудан және қала әкімдіктері, бизнес өкілдерімен бірлесе Қытай Халық Республикасына іс-сапарлар ұйымдастырылып жатыр. Оның нәтижесінде Қытай Халық Республикасының жаңа технологиясы және қытайлық инвесторлардың капиталымен бірқатар жобалар бастау алды. Ал өңір экономикасына шамамен 1,2 трлн. теңге инвестиция бағытталады. Ірі жобалардың қатарында текстиль кластерін құру, күн және жел электростанциясының құрылысы сияқты ірі жобалар бар.

Жалпы өңірге инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында Сауран ауданының әлеуеті жоғары. Сонымен қатар ауданда мақта кластерін дамыту бағытында да жұмыс жүріп жатыр. Олардың қатарында  «Казтекс» ЖШС-нің мақта өңдеу зауыты бар.  Аталған зауытты салу, жаңа технологиямен қамту жобасы биыл басталған болатын. Тиісінше оған Түркиядан инвестиция тартылған. Жобаның құны –1500,0 млн. тенге, қуаттылығы – жылына 10 мың тонна мақта өңдеу. Маусымдық кезеңдерде 150 адам жұмыспен қамтылса, 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жоба басшысы Туражан Саидовтың айтуынша, аталған ЖШС ұзақ жылдардан бері мақта шаруашылығымен айналысып келеді. Кейін шетелдегі серіктестері тарапынан заманауи мақта өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс түскен. Түркиядан арнайы құрылғылар, мақта өңдейтін машиналар әкелінген. Бұлардың ерекшелігі – электр қуатын үнемдейді, әрі мақта талшығын сапалы етіп шығарады. Айта кетерлігі, Сауран ауданында бұрын-соңды болмаған құрылғылар сатып алынған. Ал 2025-2026 жылдары аталған зауыттың қасынан шитті өңдеп, май шығаратын цех ашу жоспарға енгізілген.

Расында Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамытуға күш салынуда. Жоғары сапалы шитті мақтаны өсіріп, оны өңдеуге ден қойылған. Өңірде мақта-тоқыма кластерін құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл мақсатта шитті мақтаны сатудан бөлек, мақта талшығын терең қайта өңдеуге басымдық беріледі. Бұл бағытта жүйелі жұмысқа кіріскен кәсіпорындардың бірі – «Golden Cotton» мақта қабылдау және қайта өңдеу зауыты. Осыдан 2 жыл бұрын ашылған зауыт 4 гектар аумата орналасқан. Жоба құны – 789,0 млн. теңге. Мұнда жылына 12 мың тонна мақта өңдейді. Жергілікті тұрғындарды да  жұмыспен қамтып отыр. Өндірілген өнімді Ресей, Беларусь және Қытай елдеріне сатуға шығарады. Былтыр 8 мың тонна мақта өнімін қабылдап, қайта өндеген. Кәсіпкер су үнемдеу технологиясының көмегімен 2025 жылы 1 мың гектар жерге жоғары сотты мақта тұқымын егіп, өнім сапасын арттыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, істен шыққан ескі қондырғыны сатып алып, оны жөндеуден өткізген Саидбек Жаппаров мақтаны қайта өңдеу цехын іске қосқан болатын. Кәсіпкер жылына 600 тонна мақтаны қайта өңдеп, өндірілген өнімді Қытай мен Түркияға сатады. Сондай-ақ көкөніс сақтайтын қойма ашып қойған.

Айта кететін жайт, Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде.Түркістан облысы елімізде мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылықтарында 25 мың агроқұрылымдарда 70 мыңға жуық шаруалар еңбек етеді. Облыста жыл сайын 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналуда. Осыған орай облыста былтыр «Мақта шаруашылығын дамытудың және мақта-тоқыма кластерін қолдаудың 2027 жылға дейінгі өңірлік жол картасы» бекітілген болатын. Оған сәйкес 4 бағыта, егістікті әртараптандыру, тұқыммен қамтамасыз ету, жаңа технологияларды енгізу, мақта кластерін құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Жол картасына сәйкес, 2027 жылға дейін 9 мақта кластерін құру көзделуде. Нәтижесінде мақта бағасына да алдағы жылдары тәуелділік жойылатын болады.

Бұл бағытта Сауран ауданында ашылатын кәсіпорындардың да қатары басым. Жалпы ауданда 2024 жылдың III-тоқсанында ауданның жалпы өңірлік өнімі 78,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 0,6%-ға артқан.  Көрсеткіш 2023 жылдың тиісті кезеңінде 78,2 млрд. теңге болған еді. Бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 765,9 мың теңгені құраған. 2024 жылдың 9 айында 59,0 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі – 100,3%-ды құрап отыр. Оның ішінде: мал шаруашылығында – 11 276,2 млн. теңге, өсімдік шаруашылығында – 47 724,3 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Үш жақты келісімге сәйкес, 2024 жылдың қорытындысымен ауыл шаруашылығында 112,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 102,5 пайызға жету көзделуде. Ауданда 7 мыңға жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді. Шағын және орта бизнеспен өндірілген өнім көлемі былтыр 49,4 млрд. теңгені құраған. Биыл өнім көлемін 85 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.

Негізі Сауран ауданында биыл 37 млрд. теңгеге 18 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Нәтижесінде жаңадан 800-ден астам жұмыс орны ашылып, тиісінше халықтың әлеуетін арттыру басты мақсаттардың бірі болып отыр. Аудан экономикасының жандана түсуіне түрткі болатын жобалар қатарында «Turkistan Fruit» ЖШС-ң жеміс шырыны өндірісі де бар. Жоба құны — 4,5 млрд. теңге, онда 54 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылуда. Сондай-ақ, Шорнақ ауылынан қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қоқыс қапшығын өндіретін «Sauran Plast» өндірістік кешені бар. Бұдан бөлек, Шойтөбе ауылынан «HEVEL KAZAKHSTAN» ЖШС-і жалпы қуаттылығы 20 МВт күн электр станциясының құрылысын басталған болатын. Жоба құны — 8 млрд.теңге. Айта кетерлігі, ауданға қарасты Шаға ауылдық округінде «SAURAN» индустриалды аймағы құрылған. Онда тоқыма, тігін, құрылыс материалдарын өндіру, электроника және ұсақ машина жасау, жиһаз өнеркәсптері шоғырлануда.

ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫ ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРГЕ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРАТЫН ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Енді Түркістан өңірінің тұрғындары Ұлыбритания, Қатар, Оңтүстік Корея елдерінде заңды түрде жұмысқа орналаса алады. Бүгін өңірімізге арнайы келген Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Кэти Лич Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездескен болатын. Содан кейін БҰҰ Көші-қон агенттігінің Қазақстандағы Миссиясының басшысы, Орталық Азия бойынша үйлестірушісі Серхан Актопрак және Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен бірге шетелдерде жұмысқа орналастыруды оқытатын «Алдын ала даярлық орталығының» салтанатты ашылуына қатысты.
Орталық жұмыс іздеушілерге мағлұматтар мен кеңестер беру, тіл үйрету, қауіпсіз көші-қонды қамтамасыз ету, сапарға дайындау, тәжірибе арттыру, жалпы жан-жақты қолдау көрсету мақсатында құрылды.
Өкілдер әуелі облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» қызметі мен жұмысын бастаған оқу орталығы кабинеттерімен танысты. Шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтармен тілдесті. Сондай-ақ «Орталық Азиядан Ұлыбританияға маусымдық жұмысшылардың қауіпсіз көші-қоны» жобасы аясында «Шетелде жұмыс істеуге ниетті азаматтарды алдын ала даярлау орталығы» тақырыбындағы жиында бастаманың маңыздылығы айтылды.
– ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының бастамасымен, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен мемлекеткаралық игі жобалар жүзеге асырылмақ. Пилоттық жоба әзірге Қазақстанның 3 аймағында қолға алынып, оған халқы тығыз орналасқан Түркістан өңірі де еніп отыр. Түркістан өңірінде қазіргі таңда 2,2 миллионға жуық халық тұрады. Оның 850 мыңы еңбекке қабілетті. Алайда 46%-ы өзі-өзі жұмыспен қамтығандар санатына кіреді. Сондықтан біз үшін жұмыссыздықты азайту маңызды бағыт. Ел азаматтары көп жағдайда тіл меңгермегеннен, баратын елдің Заңдарын білмегендіктен, алаяқ әрі сенімсіз компаниялардың әсерінен түрлі кедергілер мен қателіктерге ұшырайтыны жасырын емес. Бұл бастама арқылы шетелден алдын ала сұраныстарды және бос вакансиялар алдын ала белгіленеді. Осы орталықтың ашылуына орай алғашқы топтарды оқыту басталды. Еңбекші-мигранттардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғау, көші-қонның қауіпсіз әрі сенімді жүргізілуі, қатысушылардың білімін жетілдіру, өзге де ресурстармен қамтуды үйлестіру жұмыстары облыстық «Еңбек мобильділігі орталығына» міндеттеліп отыр. Әрине елшілікпен бірлесе атқаруға тиіспіз. Өңір тұрғындары осындай мүмкіндікті пайдаланғаны абзал, – деді Бейсенбай Дәулетұлы.
Кэти Лич арнайы еңбек ұтқырлығы орталығының сенім телефонын іске қосу, мамандарды кешенді оқыту және қажетті жабдықтармен қамту керегін жеткізді. Статистикалық деректерді де ортаға салды.
– Соңғы жылдары біздің маусымдық жұмыскерлер бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға келетін қазақстандықтардың саны айтарлықтай өсті. 2019 жылы маусымдық жұмыскердің визасын 4 адам алған болса, 2024 жылдың І жартыжылдығында 4400-ден асқан. Біз үміткерлердің Ұлыбританияда өмір сүру мен жұмыс істеудің оң тәжірибесі бар екеніне көз жеткізуге басымдық береміз. Ол үшін осындай мамандандырылған көшпелі дайындық ақпараттық орталығының ашылуын құптаймыз, – деді Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі.
Ал, Серхан Актопрак көшпелі дайындық жұмыскерлердің жаңа ортаға тезірек бейімделуіне ықпал жасайтынын атап өтті. Бұл тәжірибе Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан елдерінде қолданысқа ие. Орталық Азия елдерінің үздіксіз экономикалық ілгерілеуіне, жұмыссыздықты азайтуға, серіктестікті нығайтуға және дүниежүзілік миграциялық қозғалыстарға септігі мол.
Шетелдік қонақтар мұнан кейін ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Түркістан облысы бойынша филиалында тренерлерді даярлау дәрісінің алғашқы сессиясына куә болды. Республиканың әр өңірінен жиналған қатысушылармен еркін пікір алмасып, сұхбаттасты.

Түлкібас: АЭС-тың салыну ықтималдығы мен қажеттілігі туралы жиын өтті

Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейде қыркүйек айының 12 – жұлдызында сағат 12 00 де мәжіліс залында мектеп ұжымының қатысуымен 6-қазан күні өтілетін референдумға байланысты және Қазақстан Республикасының аумағында АЭС-тың салыну ықтималдығы мен қажеттілігі туралы жиын өтті.

Жиынды мектеп-лицей директоры Н. А. Сағындықов ашып үгіт насихат тобының лекторы С.Бреусов атындағы жалпы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Керимкулов Біржан Джамболовичке сөз берді. Біржан Джамболович өз баяндамасында әлемнің дамыған елдері АҚШ, Франция, Оңтүстік Корея , Жапония елдері Атом энергиясын тұтынып жатқан экологиясы таза экономикасы өнеркәсібі дамыған көшбасшы елдер екенін айтып өтті.

Қазақстанда заман ағымынан қалмай көмір, мазут, газды көп қажет ететін энергияны тұтынуды азайтып АЭС салынғандығын дұрыс деп санайтынын жеткізді. Жиналысты қорытындылаған мекеме басшысы 6-қазан 2024 жылы әр бір ұжым мүшесі өзі бекітілген сайлау учаскесіне барып өзінің азаматтық позициясын білдіруге шақырды.

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Түркістан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді

Түркістанда Халықтық штаб мүшелері өңір активімен жүздесіп, оған 300-ден астам адам қатысты. Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов Штаб АЭС салу жөніндегі республикалық референдум қарсаңында осы тарихи оқиғаның маңызы туралы азаматтармен ашық әңгімелесу үшін өңірге арнайы келгенін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы түркістандықтар ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі прогрессивті бастамалары мен саясатын әрдайым қолдап келе жатқанын жеткізді.

«Мемлекет тағдырына қатысты кез келген маңызды шешім халықтың қатысуымен және оның пікірін ескере отырып қабылданады. Президентіміз ұстанған саясаттың бұлжымас қағидасы – осы. Бұл – біздің қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптасқанының көрінісі. Біз әр қадамды нық басып, реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асырып келеміз. Түпкі мақсат – оны әр азамат, әр отбасы сезінуге тиіс», – деді ол.

Ерлан Қошанов электр энергия тапшылығы бүгінде еліміздің оңтүстік өңірлерінде айрықша сезілетінін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша дефицит 3,1 млрд кВт/сағ құрады. Салыстыру үшін айта кетсек, орташа есеппен 100 мың тұрғыны бар бір қала 700 млн кВт/сағ тұтынады.

Бұдан әрі Штаб мүшелері облыстық ауруханада денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесіп, атом энергетикасын дамыту перспективаларын талқылады.

Осы күні Халықтық штаб мүшелері Сауран ауданына қарасты Оранғай ауылына барды. Ауыл тұрғындарымен әңгімелесу барысында Штаб мүшелері жылыжай салуға поляк инвесторларын тартқан Сайрам ауданының шаруалары туралы айтып, олар көкөніс өндірісін толық қуатта іске қоса алмағанын мәлімдеді. Бұған себеп – тұрғын үйлердің өзіне әрең жетіп тұрған әлсіз қосалқы станция. Штаб мүшелері барлық аграрлық кәсіпорындарды тұрақты энергия көзімен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, Штаб мүшелері Кентау қаласында ЖЭО-5 ұжымымен кездесті. 1952 жылы іске қосылған бұл жылу энергетика торабы 15 мыңға жуық адамды қамтып отыр. Халықтық штаб мүшелері барлық коммуналдық кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуінің және оларды тұрақты электр энергия көзімен қамтамасыз етудің маңызына тоқталды.

Сауран ауданының шаруалары жаңа әдіспен өнімдерін еселеп, азаматтарды жұмыспен қамтуда

Түркістан облысында мақта сапасын арттыру мақсатында биыл жаңа тәсілмен 2,5 мың гектар алқапқа мақта егілді. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп отыр. Жаңа су үнемдеу технологиялары суды, электр қуатын, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 60-65 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары.

Қазақстандық мақта талшығы сапасының төмендігінен әлемдік нарықта сұраныс болмауда. Жаңа технологияны ендіру есебінен өнімділікпен қатар, мақта талшығының бәсекелестік әлеуеті ұлғаяды. Жалпы өңірде мақта шаруашылығын дамыту бойынша бірнеше мақта – тоқыма кластері құрылады. Жобаны толық іске асыру нәтижесінде мақта бағасына тәуелділік толығымен жойылады.

Жаңа технологиялық әдіс арқылы дәлдікпен егілген шит тұқымы тез өсіп, жетіледі. Тамшылатып суарудың нәтижесінде қоза көсегі түгелдей ашылып, өнім көрсеткіші кемінде 2 есе артады. Тиімді тұқым себу тәсілін бастаған шаруалар, өзгелерге үлгі көрсетті. Жаңа инновациялық тәсілдің тиімділігіне көзі жеткен диқандар осы әдіске өтпекші. Бұл агросалаға серпін беріп, өнім көлемін едәуір ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шаруалармен кездесіп, жайқалып өскен жаңа алқаптарды аралады. Сауран ауданының шаруалары қытайлық диқандармен кеңесе отырып, жаңа әдіспен мақта егіп, бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізіп отыр. Сондай-ақ, шаруа иесі жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтып, ауыл әлеуетінің артуына септігін тигізуде.

“– Былтыр облыс әкімінің тапсырмасымен тәжірибе жинақтау үшін аудан әкімімен бірге жергілікті бизнесмендер жиналып, Қытайға бардық. Сонда сол жақтың фермерлерімен сөйлескен болатынбыз. Сауран ауданына қарасты Жүйнек ауылында 130 гектар жерге тамшылатып суару арқылы мақта ектік. Су үнемдейтін жаңа тәсілді басқа шаруалар көріп, таң қалып жатыр. Бұл бұрын сор басып кеткен жер болатын. Мақта егуге болатынына ешкім сенбеген. Бастаманың нәтижесі керемет. Алып – қашпа әңгімелердің бос сөз екеніне көзіміз жетті. Қазақстанда рұқсат етілген тыңайтқыштарды ғана пайдаландық. Бәрі заңды. Әрі қарай осы тәжірибені пайдаланып, алқаптың ауқымын артырамыз деген ойдамыз. Сонымен қатар, жергілікті азаматтарды да жұмыспен қамтып отырмыз. Алдағы жоспарлар да жетерлік”– деді шаруашылық иесі Қанат Көшербаев.

Түркістан облысында жыл сайын облыста 100 мың гектарға мақта дақылы егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады. Облыста егістікті әртараптандыруда өнімділікті жаңа технологиялар есебінен ұлғайтуға басымдылық берілуде.

Сонымен қатар көрші ауданда шетелдік инвестор мақтаны терең өңдеу көпсалалы кешені кәсіпорындарын құрып, дайын өнімді экспортқа шығаруды жоспарлауда. Жоғары сапалы шикізатты өсіруден бастап, жұқа матадан жасалған киімдер мен жоғары сапалы үй тоқыма бұйымдарын өңдеу мен өндіруге дейін өндірістің толық циклін құруды қамтамасыз етеді. Кәсіпорын облыста алғаш рет тамшылатып суару жүйелерін орнатып, 1 мың гектардан астам аумаққа мақтаның элиталық сорттарының тұқымын екті. Егістікте жергілікті тұрғындар жұмыс істеп жатыр. Кезең-кезеңмен пластикалық құбырлар, тамшылатып суару жүйелері, мақта өңдеу бойынша екі зауыт, иіру, тоқу фабрикалары және кластердің басқа да жоспарланған объектілерін өндіретін зауыттарды пайдалануға бере отырып, кәсіпорын 4 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, ал қазақстандықтарды – жоғары сапалы маталармен және тоқыма өнімдерімен қамтамасыз етеді.

«На современном этапе альтернативы АЭС нет»

В последние годы разговоры о необходимости перехода на чистую энергию становятся все громче. В центре внимания, как правило, оказываются возобновляемые источники энергии: солнечные панели, ветровые турбины и гидроэлектростанции. Однако за кулисами этого тренда атомная энергетика продолжает удерживать свои позиции. Почему же до сих пор многие эксперты утверждают, что альтернативы АЭС нет?

Почему атомная энергия остается актуальной?

1. Непрерывная генерация.
В отличие от солнечных или ветровых станций, атомные электростанции (АЭС) могут обеспечивать стабильное и предсказуемое производство энергии 24/7, независимо от погодных условий. Это особенно важно для крупных промышленных городов, где перебои с энергией недопустимы.

2. Минимальные выбросы CO2.
Атомные станции практически не выделяют углекислого газа, что делает их ключевым игроком в борьбе с изменением климата. В сравнении с угольными и газовыми электростанциями, АЭС оказывают значительно меньшее воздействие на окружающую среду.

3. Высокая энергетическая плотность. Одна небольшая часть урана может выработать столько же энергии, сколько несколько тонн угля или тысячи кубометров газа. Это делает атомную энергию крайне эффективной с точки зрения расхода ресурсов.

А как насчет возобновляемой энергии?
Солнечная и ветровая энергетика безусловно развиваются быстрыми темпами. Но их недостаток – это нестабильность производства. Без мощных систем накопления энергии, которые на данный момент еще недостаточно развиты, полагаться на возобновляемые источники для обеспечения всего спроса на электричество крайне рискованно.

Атомная энергетика остается важным компонентом глобального энергобаланса. Пока технологии возобновляемой энергии не достигнут той же надежности и стабильности, АЭС будут играть ключевую роль в обеспечении электроэнергией многих стран. Возможно, будущее за чистыми источниками, но на современном этапе альтернативы АЭС действительно нет.

Атом электр станциясы-бұл таза, қауіпсіз және қолжетімді энергия

Қазақстанда атом электр станциясының құрылысы елдің энергетикасын дамытудың жаңа дәуірін ашады, оны неғұрлым тәуелсіз, экологиялық және прогрессивті етеді. Біріншіден, АЭС өнеркәсіптің негізгі салаларының экономикалық өсуі мен дамуын қолдауға қабілетті тұрақты және үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Электр энергиясына деген сұраныстың артуы жағдайында атом энергетикасы көмір мен табиғи газ сияқты дәстүрлі көздерге сенімді балама болып, қоршаған ортаға зиянды әсерді едәуір азайтады.

Екіншіден, АЭС Қазақстанның экологиялық трансформациясының қуатты қозғалтқышына айналады. Парниктік газдар мен зиянды заттардың минималды шығарындылары елге климаттың өзгеруіне қарсы жаһандық күш-жігерді қолдай отырып, “жасыл” болашаққа маңызды қадам жасауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, атом электр станциясын салу және пайдалану айтарлықтай экономикалық пайда әкеледі: бұл мыңдаған жаңа жұмыс орындары, инфрақұрылымды дамыту және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер. Қазақстан әлемдегі ең ірі Уран өндірушілердің бірі ретінде өзінің энергетикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп қана қоймай, халықаралық аренадағы өз орнын нығайта алады.

Атом электр станциясы-бұл таза, қауіпсіз және қолжетімді энергия елдің тұрақты дамуы мен оның азаматтарының әл-ауқатының негізі болатын болашаққа жасалған қадам.

Халила Тимур Қанатұлы – ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік департаменті радиациялық қауіпсіздік бөлімінің ССР-Қ зерттеу реакторы кешенінің радиациялық қауіпсіздік Қызметінің техник-дозиметристі

Сауран ауданында 165 адамды жұмыспен қамтитын жаңа жобалар жүзеге асады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге инвестиция тарту – ең маңызды міндеттердің бірі екенін айтып келеді. Бұл аймақтардың әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Президент еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыруды да тапсырған болатын. Бұл бағытта өңірлерге жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі екенін де атап өтті.

«Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек. Жалпы, барлық мемлекеттік орган ел экономикасына мейлінше көбірек инвестиция тартуға баса мән беруге тиіс. Бұл – негізгі басымдық, олардың жұмысы да соған сәйкес бағалануы керек. Мәселе штат санын көбейтіп, жұмыс тобын құрып, жаңа тұжырымдама жазуда емес. Бұл, ең алдымен, мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу тәсілін өзгертетін нақты реформа. Соны дұрыс түсіну қажет. Біз жарты жылдың нәтижесі бойынша Инвестициялық штабтың жұмысын қорытындылаймыз. Әрбір министр мен әкімнің осы бағытта атқарған жұмысына нақты баға береміз. Талап қатаң болады», деді Президент.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы шет елге барған әрбір басшысының сапары оң нәтиже беру керектігін де атап өткен болатын.

«Ішкі және сыртқы инвестицияны айтарлықтай көбейту керек. Бұл – жаңадан құрылған Инвестициялық штабтың негізгі міндеті. Штаб елге инвестиция тартуға қажетті біртұтас экожүйе қалыптастыруы керек. Даму институттарының жұмысын жандандырып, бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізуге тиіс. Шетелдегі мекемелердің, орталық пен аймақтардың арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ең бастысы, Инвестициялық штаб қажетті шешімді дер кезінде қабылдауы керек. Мекеме басшыларының шетелге жасаған әрбір іссапары нақты нәтиже беруге тиіс. Сапар қорытындысы бойынша Үкімет басшылығына, қажет болған жағдайда Президентке есеп берілуі керек. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты кедергілер, әсіресе, аймақтарда жиі болып тұрады. Әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп отырады. Аймаққа жеке инвестиция тарту әкімдердің ең басты міндетінің бірі болуы керек, – деді Президент.

Бұл бағытта Түркістан облысында нақты жобалар қолға алынып, инвесторлар тарту шаралары қарқынды түрде орындалуда. Облыс әкімі өндіріс орнын ашып, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды енгіземін дейтін азаматтарға да ерекше қолдау білдіріп келеді. Осындай ауқымды жобаларды Сауран ауданында «Жаңа Жібек жолы» ЖШС жүзеге асырмақ. Компания құрылтайшысы Нұртай Шайакыметпен кездескен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвестициялық жобаларға қашанда қолдау көрсетілетінін айтып, қабылдауға келген шетелдік инвесторлармен де келіссөз жүргізді.

– Түркістан өңіріне қош келіпсіздер. Түркістан – елімізде мақта өсірілетін жалғыз облыс. Сондықтан осы саланы мейлінше дамытып, мақта кластерін қалыптастыруды көздеп отырмыз. Осы бағытта жұмыстар жүруде. Біз мақта сұрыбын жақсартып, мақтаны терең өңдейтін зауыттар ашамыз. Сіздер ұсынған жобаларды қарастырып, қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді Дархан Сатыбалды.

 

«Жаңа Жібек жолы» ЖШС-нің құрылтайшысы Нұртай Шайакымет Сауран ауданында мақта шаруашылығын дамыту бағытында жүзеге асырғалы жатқан жобаларын таныстырды. Біріншісі – Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып жоғарғы сортты мақта дақылын өндіру көзделген. Жоба құны – 1,5 млрд. тенге. Жер көлемі – 1000 га, іске асыру кезеңі – 2024-2025 жылдар аралығы, 30 адам жұмыспен қамтылады. Екінші жоба – Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде су үнемдеу техногияларын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өнімдерін дамыту. Жоба құны – 500 млн тенге, жер көлемі – 518 га. Мұнда 200 га жерге тұқымдық мақта, 200 га жерге тәтті жүгері және 118 га жерге ащы бұрыш егу көзделген. 2024-2025 жылдары жүзеге асатын жоба арқылы 15 адам жұмыспен қамтылады. Сонымен бірге Ескі Иқан ауылдық округінде замануи технологиялар қолданылған мақта өңдеу зауытын салу көзделген. Жоба жүзеге асса, 120 адам жұмыспен қамтылады. Бұл жобалардың бастамашысы – «Жаңа Жібек жолы» ЖШС.

Жалпы, Түркістан облысында инвестиция тартуға басым бағыт берілген. Өңірде инвестициялық штаб жұмыс істейді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әрбір инвестормен жеке кездесіп, қолдап, әр жобаның түпкілікті жүзеге асуын жіті бақылайды. Барлық аудан, қала әкіміне нақты индикаторлар бекітілген. Аудан, қала басшылары жергілікті кәсіпкерлермен бірге Түркия, Қытай, Аустралия, Өзбекстан елдерінің өндірістік аймақтарына іссапарларда болды. Делегация әлемге танымал кәсіпорын, зауыттарды аралап, алпауыт компаниялармен келісімдер жасалды. Озық шетел тәжірибесі кеңінен қолдану мақсатында атқарылған тиісті жұмыстар оң нәтижесін көрсетуде. 6 жылда облыс экономикасына тартылған инвестиция 3 есеге артып, 2023 жылы 972 млрд теңгені құрады. Негізгі капиталға бағытталған қаржының басым бөлігі жеке инвестицияға тиесілі. 2023 жылға жоспарланған 56 инвестжоба толық іске қосылды. Экономикаға тың серпін беретін 145 жоба пулы қалыптасты. Оның ішінде өндіріс пен ауыл шаруашылығында терең өңдеуді дамытуға басымдық берілді. Бұл жобалар 17 мың жаңа жұмыс орнын ашып, өзіндік кірісті қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Инвесторларға қолайлы жағдай жасауға баса мән берілген. Ең алдымен, өңірде 594 гектарды құрайтын 10 индустриалды аймақ және 580 гектардан тұратын арнайы экономикалық аймақтар бар. Онда 49 кәсіпорын жұмыс істейді. Қосымша 39 жобаның құрылысы жүргізіліп жатыр. Екіншіден, өндірістік парк аумағында 42 ғимарат салынып жатыр. Жобаның бірінші кезеңінде 14 ғимарат құрылысы аяқталды. Жалпы құны 30,7 млрд теңге болатын 10 жоба жоспарланса, соның жетеуі (24,2 млрд теңге) іске қосылды. Олардың қатарында тоңазытқыш өндіретін «UBC group», әскери шатыр мен жиһаз өндіретін «Aqniet holding», жаңбырлатып және тамшылатып суғару жүйесін шығаратын «BNK group» компаниялары бар. Өндірістік парктің биыл аяқталатын екінші және үшінші кезеңінде 70 млрд теңгеден астам инвестиция қаржысына өндіріс орындарын ашу жоспарланған. Облыс әкімінің тапсырмасымен осындай парктерді аудандарда да салынады. Мемлекет басшысының қомақты қаржы салуға дайын ірі компанияларға «бір терезе» қағидатымен жан-жақты қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы да айрықша назарда. 2024-2027 жылдар аралығында 2,1 трлн теңгеге 145 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.

Түркістан облысында өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту жұмыстарына басымдық беріліп, осы бағытта жұмыстар жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты түрде Өңірлік инвестициялық штаб отырыстарына төрағалық етіп, осы саладағы мәселелерді бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің инвесторларымен тұрақты түрде келіссөз жүруде. Нәтижесінде инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарынан табылып жүр.

Ал, жыл басынан бері Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 420,8 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Оның ішінде, 344,3 млрд теңге немесе 80%-дан астамы – жеке инвестиция құрайды. Өңір капиталына салынған инвестициялардың басым үлесі Түркістан қаласы (35,2%) және Созақ (15,4%), Сайрам (6%), Сарыағаш (5,5%) аудандарына тиесілі. Пайдалану бағыты бойынша негізгі 29% үлесі өнеркәсіп арқылы үйлестірілген. Ол 123,9 млрд теңгені құрайды, Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіне 64,1 млрд теңге бағытталса, өңдеу өнеркәсібіне 25,3 млрд теңге тартылған. Ауыл шаруашылығының үлесі 28%-ды құрап, 116,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде, егін шаруашылығы – 31 млрд теңге, ал мал шаруашылығы – 21,4 млрд теңге.

Кездесу барысында өңір басшысы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров пен  жауапты басқарма басшыларына инвесторға сүймелдеу жұмыстарын жүргізуді, инфрақұрылым бойынша көмектесуді тапсырды.

М.Таңғатаров: Сауранда 39 жоба іске қосылып, 650 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысының жарлығымен Түркістан облысында Сауран ауданы құрылған болатын. Кезінде ірі сауда орталығы атанып, соның негізінде құрылып, Ақ орданың астанасы болған Сауран атауы өзінің тарихи мәртебесін қайта алды. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, тарихы терең Түркістан ұғымымен біте қайнасып жатқан ортағасырлық Сауран қаласының атауын жаңа ауданға беру Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жүзеге асып,  қалың елді қуантқан ерекше оқиға болған еді. Жаңа ауданның әкімшілік орталығы – Шорнақ ауылы болып, ал Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері шығарылып, Сауран ауданына өтті.  Міне, сол уақыттан бастап Сауран ауданы өзінің жаңа келбетін қалыптастырып үлгерді деуге болады. Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты өсім байқалады. Жаңа өндіріс орындары ашылып,  ауыл шаруашылығы бағытында да көрсеткіштер артып келеді. Сондай-ақ, алдағы уақытта жаңа жобалар жүзеге асырылып, жаңа жұмыс орындары да ашылмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының  басты тапсырмаларының бірі де әр аймақта жергілікті халықтың өмір сүру әлеуетін көтеру және тың идеяларды қолға алып, тұрғындарды еңбекке тартуды іске асыру болып отыр. Бұл бағытта құрылғанына үш жыл толып отырған Сауранда қандай жұмыстар атқарылып жатыр және алдағы жоспарлар жайында аудан әкімі Мақсат Таңғатаровпен болған сұқбатты назарларыңызға ұсынамыз.

 

-Президент өз жолдауларында елімізді өркендету үшін ең бастысы халықтың әлеуетін арттыру керек екенін айтып келеді. Ол үшін жаңа өндіріс орындарын ашып, инвестицияны ұлғайту маңызды екенін мәлімдеген болатын. Бұл ауыл-аймақтардың да дамуына оң серпін берері сөзсіз. Мақсат Асылбекұлы бұл бағытта Сауран ауданында қандай жобалар жүзеге асырылуда?  Ең бірінші осы бағыттағы жұмыстарды атап өтсеңіз?

 

-Ия,расында Мемлекет басшысы айтқандай халықтың жағдайы жақсы болса, әрбір азамат жұмыспен қамтылып, кәсіпкерлер кәсібін дамытса, онда ол елдің әлеуеті арта береді. Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдұлының тасырмасына сәйкес Сауран ауданында нақты жоспарларды орындап келеміз. Құрылғанына үш жылдың көлемі болса да ауданның экономикалық – әлеуметтік көрсеткіштері жақсаруда. Мысалы 2023 жылы ауданның жалпы өңірлік өнімі 120,4млрд теңгені құраған болса, ағымдағы жылы 132,4 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ал, бүгінгі таңда бес айдың көрсеткішімен 13,6 млрд теңгенің  өнімі өндірілді. Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағытының 84 пайызы ауыл шаруашылығына, 9,2 пайызы өнеркәсіп саласына және 4,7 пайызы құрылыс жұмыстарының, 1,4 пайызы тауар айналымының үлесінде.

Енді инвестиция бойынша айтатын болсақ, 2023 жылы ауданға 34,6 млрд теңге инвестиция тартылған, ал ағымдағы жылы 42 млрд теңгеге дейін арттыруды жоспарланып отырмыз. Жалпы бес ай көлемінде 9,8 млрд теңге көлемінде ауданға инвестиция тартылды. Олардың ішінде жеке инвестициялар 6,8 млрд теңге, бюджеттік инвестициялар 2,9 млрд теңгені құрайды.

Жалпы біз Сауран ауданы бойынша 2024-2025  жылдар аралығында жалпы құны – 61,4 млрд теңгені құрайтын 102 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Атап айтсақ, өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба. Олар:

Жиһаз жасау бағытында 12 цехті іске қосуды жоспарласақ, бүгінгі таңға 9 цех іске қосылды. Ал, 3 цех жыл соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар, құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін 1 цех, Трансформатор құрастыру және жөндейтін 1 цех; Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу бағытында – 2 цех;  Жаңбырлату қондырғыларын өндіретін 1  цех іске қосылды. Одан бөлек,тері өңдейтін 1 цехты, мақта және мақта шитін өңдейтін 2 цехты,  жылыжай жабдықтарын өндіретін 1 цехты және  2 тігін цехы жұмысын бастап отыр. Сондай-ақ, өнеркәсіптік тоңазытқыш жабдықтарын өндіретін 1 кәсіпорын  алдағы уақытта іске қосылады.

Демалыс аймағы және қоғамдық қызмет көрсету бойынша – 22 нысан жоспарланып, 2 нысан іске қосылды. Қалған 20 нысан 2025 жылы  іске қосатын боламыз;

Әлеуметтік салада кәсіпкерлер есебінен – 15  нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілуде;

Ауыл шаруашылығы саласында – 41 жоба жоспарланып отыр.

Сy ресурстарын үнемді пайдалану мақсатында 1051 гектарға жаңбырлатып және тамшылатып суару құрал-жабдығын орнату бойынша 5 жоба жоспарланып, орнатылды. Тамақ өнімдері бойынша – 3 жоба. Сүт тауарлы фермасы бойынша – 3 жоба. Мал бордақылау және мал сою алаңдары бойынша – 18 жоба. Құс фермасын салу бойынша – 3 жоба. Балық шаруашылығы бойынша – 5 жоба. Мал азығын дайындайтын комбикорм цехы және 4 гектарға өнеркәсіптік жылыжай және 1,7 гектерға фермерлік жылыжай салуды жоспарлап отырмыз.  Жалпы қазіргі қазіргі таңда осы аталған жобалар бойынша барлығы 39 жоба іске қосылып, 650 жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұл өз кезегінде, тұрғындардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мол мүмкіндіктер беріп отыр. Жалпы ауданда экономикалық белсенді  халық саны 39 903 құрайды. Ал, жұмыссыздар саны 1974 адам. Бүгінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Жұмыссыздық пен кедейлікті төмендету мақсатында ағымдағы жылы 6 840 тұрғынды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, 5 айда 2 654 азамат жұмыспен қамтылды. Бүгінде жоспардың орындалуы 40 пайызға жетіп отыр.

 

 

– Сауран ауданында кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Оранғай ауылдық округінен «Turan» арнайы экономикалық аймағы және  Шаға ауылдық округінен 30 гектар жерге өндірістік парк құрылып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өндірістік паркті индустриалды аймаққа айналдыру үшін қосымша 70 гектар жер бөлінінен хабардармыз. Қазіргі таңда бұл орындарда қандай жобалар жүзеге асырылуда?

 

-Шаға ауылдық округіндегі өндірістік паркінде бүгінгі таңда құны 2 млрд теңгені құрайтын және 250 адамды жұмыспен қамтитын тоңазытқыш жабдықтарын өндіру және машина жасау өндірісі қолға алынуда. Оны «UBC Group» ЖШС жүзеге асырады. Одан бөлек, «BNK Group Ltd»  ЖШС – Жаңбырлату қондырғыларын өндіру. Жоба құны – 5,0 млрд.теңге. Бұл кәсіпорында 80 жаңа жұмыс орны ашылады.

Сондай-ақ, «World Medicine İlaç Sanayi ve Ticaret Anonim Şirketi»  ЖШС – Фармацевтикалық өндіріс 50 жұмыс орындарын ашады. Жоба құны – 5,0 млрд. теңгені құрайды. Ал, «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Ұйымы  Металл және мектеп жиһаздарын өндіру ісін жүзеге асырады. Жоба құны – 2,3 млрд.теңге болса, жаңа 70 жұмыс орындарын ұсынады. Өндірістік паркінде дәрі өндіру жобасы да бар. Мердігер «Жаңа Арна Құрылыс» ЖШС. Жобаның құны – 3,0 млрд.теңге шамасында. Ол жерде де 80 азамат тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндігі болады. Жоғарыда атап өткенімдей, жылыжай жабдықтарын өндіру жобасы да еніп отыр. «GEN GROUP KAZAKHSTAN» ЖШС –гі жобамен 2,4 млрд.теңгеге жүзеге асырады және 70 адамды жұмыспен қамтитын болады.Тағы да жоба құны 2,5 млрд теңге болатын «Ақниет Холдинг» Мүгедектер қоғамы» Қоғамдық Ұйымы әскери шатыр өндірісін іске қосады. Ол жерде 100 адамға еңбек орны қамтамасыз етіледі. Және де дәл осы ұйым корпустық, жұмсақ және медициналық жиһаз шығарумен айналысады. Жобаның құны – 3,5 млрд.теңгені құрайды және ол жерде де 100 жаңа жұмыс орындары пайда болады.

Аталған жобалардан бөлек, Қарашық ауылдық округінен 10 гектар жер телімі бөлініп, 21 цехты салуды жоспарлап отырмыз. Дәл осы бағытта Иассы  ауылдық округінен 8 гектар, Оранғай ауылдық округінен 13 гектар жер бөліп кәсіпкерлермен келіссөздер жүргізілуде. Бұдан  бөлек, Шорнақ  ауылынан жеке кәсіпкер Абишов Ықпал меншігіндегі 8 гектар жерден өндірістік алаң құрылып, 1 гектар аумаққа жиһаз жасау цехының құрылысын бастады, қалған жерлерге инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.

 

-Өзіңіз атап өткендей, Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағытының 84 пайызын ауыл шаруашылығы құрайды. Шаруларға тиісті жағдайлар жасау, суармалы және жайылым жерлермен қамтамасыз ету және төрт-түлікті өсіруге қолайлы жағдай жасау мәселелері, Ауыл аманаты жобасы қалай жүзеге асырылуда? Сауран ауданы ауданы облыс орталығы мен бірқатар аудан-қалаларды азық-түлікпен қамтитын аймақтардың бірі болып саналады. Былтырғы өніммен, биылғы көрсеткіштеріңіз қандай деңгейде? Бұл салада  қандай жобалар бар?

-Ауданның экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – ауыл шаруашылығында 2023 жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 112,1 млрд. теңгеге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз. 5 айда нақты 9,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ағымдағы жылы аудан бойынша 43 396 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ауданда мал басы саны – 682,7 мың басты құрайды. Есепті кезеңде етті және сүтті бағыттағы ауыл шаруашылығы жануарларынан 3 780 тонна ет және 14 696 тонна сүт өндірілді. Құс басы саны – 147,9 мың басты құрайды. Есепті кезеңде құстардан 2,9 млн-нан астам жұмыртқа алынды.

Ауыл халқының әлеуетін аттыру мақсатындағы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша атап өтетін болсақ, 2023 жылы пилоттық жобасы аясында Қарашық, Оранғай, Ескі Иқан, Майдантал ауыл округтерінен 1 млрд. 267 млн. теңгені құрайтын 191 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, 3 172 бас ірі қара мал сатып алынды, 1,7 гектар жерге жылыжай салынды, 2 кәсіпкер балық шаруашылығын дамытуды қолға алса, өндірістік кооперативтерде – 3 дана ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Сондай-ақ, өз кәсібін ашу бағытында – 10 жоба қаржыланып, 190 жаңа жұмыс орындары ашылды. Ағымдағы жылы жоба аясында Үшқайық, Иассы, Жаңа Иқан, Шаға ауыл округтерінен 280 шаруа несие алуға ниет білдіріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Ал, бүгінгі таңда жер аманаты бағдарламасы аясында 104 мың гектар ортақ жайылым қайтарылса, жыл соңына дейін  6 мың гектар жерді қайтаратын боламыз. Ауданның жалпы аумағы 646 мың гектар болса, оның ішінде суармалы жерлер – 56 мың гектар және жайылым жерлер – 248 мың гектарды құрайды. Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 101,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілген. Сондай-ақ, 44 082 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіліп, 2022 жылмен салыстырғанда 1 945 гектарға артқан. Бұдан бөлек, 14 830 тонна ет, 55 506 тонна сүт, 9 млн. 128 мың дана жұмыртқа өндіріліп, жалпы өнім көлемі – 30,5 млрд. теңгеге жеткен.

 

-Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында, барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері тұрақты жалғасын тауып келеді. Сауран ауданы бойынша ағымдағы жылдың 5 айында қанша кездесулер болып, халықтың тарапынан қандай сауалдар қойылды? Тұрғындардың талап-тілегі қалай орындалып жатыр?

-Өткен жылы облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының қатысуымен  өткізілген 2 кездесу барысында 29 мәселе көтерілген болатын. Бүгінгі таңда сол мәселелердің 22 –сі өз шешімін тапты. Ал жетеуі орындалу үстінде. Одан бөлек халықпен кездесулерде басым көпшілігі ауыз су, электр жүйсеімен қамту, көгілдір отынның жағдайын сұрайды. Бұл бағытты айтып өтетін болсақ, Аудан бойынша 1 елді мекен ауыз су жүйесімен қамтылмаған және 12 елді мекенде ауыз су кестемен берілуде. Аталған елді мекендерге 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету  12 елді мекеннің ауыз жүйелерін жөндеуге мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде. Жалпы жобаның құны 400 млн теңге, бүгінгі таңда бөлінгені 148 млн теңге болып отыр. Қаражатты толықтай бөлу басты назарда. Бұл жұмыстар Қазақстанның 30 жылдығы, А.Үсенов, Жүйнек, Қарашық, Шаға, Нұртас, Шойтөбе, Бершінтөбе, Достық, Қаражон, Құмтиын, Қосқорған ауылдарында жүзеге асырылады.

Ал,жаңадан қоныстанған 5 елді мекеннің аумағына  ауыз су жүйесі тартылмаған. Олар: Шорнақ, Қосмезгіл, Ескі Иқан, Еңбекші Дихан, С.Қожанов. Қазіргі таңда жоба әзірленіп жатыр, жобаның құны – 8,6 млрд. теңгені құрайды.

Электрмен қамту жұмыстарына келетін болсақ, жасыратыны жоқ аудандағы елді мекендердегі электр желілері мен бағаналарының тозығы жеткен. Қазіргі таңда, осы мақсатта 36 жоба әзірленіп, 27 жобаның сараптама қорытындысы алынды,  жоба құны 12 млрд. теңгені құрап отыр.Елді мекендердегі электр жарықтарының қуаттылығын арттырып, қысымын реттеу бағытында аудан тарапынан 53 дана трансформатор орнатылды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында, ағымдағы жылы 102 дана электр бағанасы ауыстырылып, 17 шақырым электр желілеріне қайта құру жұмыстары жүргізіледі. 4 елді мекенге жаңа трансформатор орнатылады.

Ауданда 10 елді мекенге табиғи газ тартылып, газбен қамту үлесі 43 пайызды құрады. Ағымдағы жылы Оранғай, Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды газ құбырын салуға республикалық бюджеттен қаржысы мақұлданып, құрылысы басталатын болады. Ауылдарды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 10 жоба әзірленді, жоба құны – 21 млрд. теңгені құрап отыр.Бабайқорған, Майдантал, Жібек Жолы ауылдық округтеріне баратын магистральды газ құбыры және Қосқорған, Бостандық, Еңбекші Дихан елді мекендерінің ішкі газ жүйелерінің құрылысына жоба әзірлеудеміз.

 

-Облыс әкімінің қатысуымен өткен халықпен кездесудегі баяндамаңызда 2024 жылға Сауран ауданының бюджетінің шығыс бөлігі 10,5 млрд.теңгені құрап отырғанын атап өткен болатынсыз. Ал, кіріс бөлігіне 2 млрд. 822 млн. теңге түсімдер жоспарланғанын мәлімдедіңіз. Биыл аудан бюджетінің кірістер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 378 млн. теңгеге ұлғайтылыпты. Бұл көрсеткіштердің артып келе жатқандығын аңғартады. Одан бөлек, құрылыс, коммуналдық сала,  әлеуметтік бағыттарда қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Атап өтсеңіз.

 

-Құрылыс саласына тоқталар болсақ, Сауран ауданының әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура,  полиция бөлімінің ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Халықтың ең көп сұранысы тұрғын үй бойынша айтатын болсам, бірінші маусымға тұрғын үй кезегіне 1 379 адам тіркелген. Әкімшілік іскерлік орталығынан 24 пәтерлі, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта қосымша 13 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізетін боламыз. Сонымен қатар, аудан орталығынан 1 гектар жерге рәміздер алаңын, 2,1 гектар жерге орталық балалар саябағын салуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда  белгіленген аумақтың 1-ші кезеңінде 25 мың көшет егілді. 2-ші кезең құрылысы 2025 жылы аяқталатын болады.

Білім беру саласы бойынша Сауран ауданында жалпы 53 мектеп жұмыс жасайды. Оның 12 сі жекеменшік мектептер. Білім беру мекемелерінде оқушылар саны 25 519 оқушыны құрайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында ауданымызда  5 мектеп жоспарланып, қазіргі таңда 3 мектептің құрылыс жұмыстары  жүргізілуде. Атап айтқанда: С.Қожанов елді мекенінде 300 орындық  мектеп; Еңбекші дихан елді мекенінде 600 орындық мектеп; Аша елді мекенінде 600 орындық мектеп;

Сонымен қатар, Ынталы және Құмтүйін елді мекендеріндегі  600 орындық мектеп құрылысы және облыстық бюджет есебінен Абай елді мекеніндегі 300 орындық мектеп құрылысы ағымдағы жылы басталатын болады. Биыл, Оранғай ауылдық округінен 150 орындық жаңа мектеп құрылысы аяқталды, жаңа оқу жылына ашуды жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер есебінен 5 мектептің құрылысы жүруде.

Олар:  «M-School» Шаға ауылдық округінде орналасқан, 400 оқушыға арналған мектеп; «Гимназия Иқан» мектебі, Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан, 380 оқушыға арналған; Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан 580 орындық білім ордасы; «Заңғар-М» 2 мектебі, Жүйнек ауылдық округінде салынып жатыр. 700 оқушыға арналған; «Жалил Абдуллаев зияткерлік мектебі» Жүйнек ауылдық округінде орналасқан 500 орындық мектеп.

Денсаулық сақтау саласына келетін болсақ, Ағымдағы жылы әкімшілік іскерлік орталықтан 500 адамға қызмет көрсететін емхана құрылысына жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, 3 медициналық  фельдшерлік акушерлік бекеттің құрылыс жұмыстары басталады. Олар: «Шаға», «Құсшы ата» фельдшерлік акушерлік бекеттері және «Жалантөс» медициналық бекеті.

Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер есебінен «Ойық» медициналық бекеті және «Шекербұлақ» фельдшерлік-акушерлік бекеті құрылысы жүргізілуде.

Ауданда мәдениет және спорт саласында да қуантарлық жаңалықтар бар.  «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Бабайқорған ауылында 120 орындық клуб және кітапхана ғимаратының құрылысы басталды.  Ал, Ескі Иқан ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты күрделі жөндеуден өтуде. Аудан орталығынан 500 орындық Мәдениет үйі мен Жастар орталығын салу үшін жобалық сметалық құжаттар әзірленіп республикалық бюджетке өтінім жолданды. Жобаның құны – 1,9 млрд. теңге.

Бабайқорған ауылындағы спорт зал ғимаратының құрылысы аяқталса, аудан орталығынан жаңа үлгідегі спорт кешенінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, Ибата, Теке, Ынталы, Абай ауылынан спорт кешенінің жобалық сметалық құжаттары дайын, «Орталық стадион»-ның  жобалық сметалық құжаттары әзірленуде. Ал, кәсіпкерлер есебінен 4 елді мекенде спорт нысандарының құрылысы жүргізілуде (Жаңа Иқан, Иассы, Шаға, Оранғай).

Балаларды спортқа баулу мақсатында 5 елді мекенде спорт алаңшасы мен балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілсе, қосымша жыл соңына дейін 3 елді мекенде балалар ойын алаңшасы салынады.

Коммуналдық сала бойынша автомобиль жолдарына тоқталсам, Аудан бойынша аудандық маңызы бар жолдар 119,3 шақырымды және елді мекен көшелері  731,9 шақырымды құрайды.  2024 жылы «Ауыл-Ел бесігі» жобасы аясында 39,7 шақырымды құрайтын 29 ішкі көшелерге және облыстық бюджет есебінен 9 шақырымдық «Бабайқорған – Абай» жолына, 15 шақырымды құрайтын «Шорнақ – Ескі Сауран» жолына және 9 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары аяқталғанда, елді мекен жолдарының жақсы және қанағатты жағдайы 5,4% жақсарып, жалпы көрсеткіш 70 % жетеді.

Цифрландыру бойынша ағымдағы жылы  «Кар-Тел» ЖШС-гі мен «Кселл» АҚ-ы операторлары тарапынан келіссөздер жүргізіліп, нәтижесінде 8 елді мекенге,яғни Бабайқорған, Ынталы, Аша, Шорнақ, Ибата, Ескі Иқан, Жүйнек, Қарашық  жаңа базалық станцияларды орнату жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта қосымша 5 елді мекенде жүргізетін болады.

 

-Сауран ауданың туристік ауданға, туризм орталығына айналдырудағы мақсат – туристік нысандарды көбейту, туризмнің даму деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу, туристік саладан түскен табысты көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет. Сондықтан, бұл мәселе күн тәртібіндегі негізгі мәселенің біріне айналып отыр. Сол мақсаттарға жету үшін туризммен байланысты салаларды және инфрақұрылымды дамыту, сервистік қызмет саласын жақсарту, туризм саласындағы білімді жетілдіру міндеттері қойылып отыр. Түркістан облысының әкімі Сауран ауданына жасаған сапарының бірінде осылай деп мәлімдеген болатын. Расында,  Сауран – өз заманында Түркістанмен қатар дамыған көне шаһардың бірі. 2021 жылы наурыз айында Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған тарихи мекеннің даңқы қайта жаңғырды деуге болады. Енді Сауран ауданында  туризм саласын дамыту және оның әлеуетін арттыру, әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан ауданының әлеуеті өте жоғары екені анық. Ауданның ұйымшыл, еңбекқор халқы негізінен кәсіпкерлікке, ауыл шаруашылығына ден қойған деп атап өттіңіз. Бүгінде жаңарған ауданда жаңа әлеуметтік нысандар көптеп бой көтеріп жатыр екен. Бұл қуантарлық жағдай. Жалпы туризм саласында қандай жаңалықтарыңыз бар? 

– Ауданда 56 тарихи-мәдени нысан бар. Олардың ішінде туристер қызығушылық танытып, жиі келетін Ескі Сауран қалашығы, Үкаша ата кесенесі, Жүсіп ата кесенелері бар. Тарихи-мәдени нысандарына өткен жылы 85 579 турист келген. Тарихи нысандарға келуші туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Сауран қалашығынан «Сапар» орталығының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда ғимарат қабырғалары тұрғызылған. Биыл құрылыс жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға беріледі. Айта кетейік, демеушілер есебінен 97 млн.теңгеге Жүсіп ата кесенесінің айналасына абаттандыру құрылыс жұмыстары жүргізілді.

 

-Қазіргі таңда, Мемлекет басшысының бастамасымен Таза Қазақстан акциясы іске асырылуда. Бұл тұрғындарды тазалық мәдениетіне үйретіп, қоршаған ортаны таза ұстауға үндеп отыр. Аталған игі шараға атсалысып жатқан адамдар да жетерлік. Сауран ауданында бұл акцияның қарқыны қандай?

 

-«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында, аудан бойынша 53 ауқымды іс-шара жүргізілді. Оған 8 мыңға жуық адам қатысты.  Нәтижесінде 32 мың дана көшет, 12 мыңнан астам гүл егілді. 50 мыңға жуық ағаштар бұталанып, 48 аялдамалар мен басты көшелер бойында тозығы жеткен 450 үйдің қоршаулары мен қасбеттері  ретке келтірілді, 7,5 шақырымды құрайтын  иригация жүйелері тазаланып, 1 084 тонна қоқыс шығарылды. Полиция тарапынан Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-505 бабтарына сәйкес  364 хаттама толтырылып, 3 млн. 636 мың теңге айыппұл салынды. Тазалық барлық игі істің бастауы деуге болады. Сондықтан Мемлекет басшысының бастамасын Саурандықтар қашанда қолдай біледі. Өз аула, көшелерін қоқыстардан тазартуға атсалысып жүр. Үлкендер кішілерге насихаттап, өздері де әр апта сайын өткізілетін шараға қатысып келеді. Бұл тазалық акциясы үрдіске айналды деуге болады. Қазіргі таңда барлық аудан-қалаларда мемлекеттік қызметкерлерден бастап, үкіметтік емес ұйымның өкілдері де, тұрғындарда тазалыққа барынша үлестерін қосуда. Сауран ауданы да аталған игі істерді жалғастырып, тазалықты басты назарда ұстайтын болады.

 

Сауран ауданын дамыту бағытында ауқымды жоспарлар бар екен. Өзіңіз атап өткендей, басты міндет аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында кешенді жұмыстарды жалғасын тауып келеді. Өнеркәсіп, туризм, ауыл шаруашылығы салаларын әрі қарай тұрақты дамыту бағытында қарқынды жұмыстар атқарылатынына сеніммен қараймыз. Бізге Сауран ауданындағы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларыңызбен бөліскеніңіз үшін алғыс білдіреміз. Тұрғындар үшін жасалып жатқан жаңа бастамалар өз жемісін бере берсін!