— Тарихы терең, табиғаты тамаша, ел арасында «Кіші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданында өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Ауданда 447 млрд. теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Атап айтқанда, «Састөбе» инновациялық кешені жылына 100 тонна каустикалық сода, 1 млн. тонна цемент өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр. Ауыз су және алкогольсіз сусындардың өндірісі іске қосылады. Жылына 2 мың тонна күркетауық етін өндіру және өңдеу жоспарлауда. Нәтижесінде 3 мың 635 жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 128 млрд. теңгеге, салық түсімдерін 13,5 млрд. теңгеге арттыру көзделуде. Былтыр ауданда 408 жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 806 жұмыс орны ашылды,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Архив рубрики: Кәсіпкерлік
«ЕҢБЕК АДАМЫ» ӘРЕКЕТТЕН БЕРЕКЕТ ТАБАДЫ
Түлкібас ауданының тұрғыны Султанбек Алтынай «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы» негізінде «Мемлекеттік қайтарымсыз грант» алған. Қазіргі таңда бизнес жобасына сәйкес тігін шеберханасын ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Шеберханада ұлттық және мерекелік киімдер, жаңа үлгідегі көйлектер, ұл-қыздарға арналған киімдер тігіліп, тұтынушыларға ұсынылуда. Сондай-ақ, күнделікті тігін шеберханасының қызметіне жүгінушілерге де қызмет көрсетеді.
Айта кетейік, жеке кәсіпкер тігін шеберханасына қосымша 5 жұмысшыны қабылдаған. Осылайша ол, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға да үлесін қосып отыр. Сұраныс артып жатса, алдағы уақытта тағы да жұмысшылар санын көбейту жоспарда бар дейді шеберхана иесі.
Сұлтанбек Алтынай бұл кәсіпке әбден бейімделген, тігін саласында біліктілігі жоғары. Арнайы оқыту курстарынан өтіп, сертификат және түрлі іс-шараларға қатысып алғыс хаттармен марапатталған. Ұжымдағы қызметкерлер де оның еңбексүйгіштігін, адамға деген адалдығын және мақсатына жету жолында аянбай тер төгіп, жұмыс жасап жүргендігін айтады.
Тиісінше, қыз-келіншектер кәсіпкерден үлгі алып, оларда кәсіп ашуға, өз ісін бастап өркендетуге құштар болады екен. Иә, расында «Еңбек адамы» елдің қай тұсында жүрсе де әрбір әрекетінен берекет табары сөзсіз.
ТӨЛЕБИ: АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАҚСАТЫНДА 6 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТҚА НЕСИЕ БЕРІЛГЕН
ТҮЛКІБАС: Жұмыс іздеуші азаматтарға тиісті қолдаулар көрсетілуде
Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыс іздеуші азаматтарға тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл бағытта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп, азаматтарға «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтары, «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы (enbek.kz) арқылы бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыс орындарына қатысу тәртібі тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар бағдарламаға қатысу бойынша насихат жұмыстарын атқарып келеді.
Бұған дейін дәл осы бағытта өткізілген жәрмеңкеге 16 жұмыс беруші мекемелерден 29 бос жұмыс орындарының мәліметі ұсынылған. Оның ішінде білім саласынан 10, денсаулық сақтау саласынан 10 бос жұмыс орны және басқада салалардан 9 бос орындарға сұраныстар болды. Жәрмеңкеден кейін 5 жұмыс іздеуші азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілген. Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына, айта кеткенде қоғамдық жұмыстарға 210 уақытша жұмыс орны, жастар практикасы бағдарламасы бойынша 31 уақытша жұмыс орындары ұсынылды.
Түлкібас ауданының тұрғындары қосымша ақпараттар мен мәліметтерді Түлкібас аудандық Мансап орталығынан біле алады. Айта кетейік, биыл шілде айынан бастап бұған дейін жұмыс істеп келген «Халықты жұмыспен қамту орталықтары» енді, Мансап орталықтары болып қайта құрылды. Жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметін еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітті. Яғни, аталған мекеме жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету, өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасайды. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесіп, азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіруді және жұмыс іздеуші ретінде жүгінген азаматтарды тіркеумен айналысады.
Жалпы алғанда, орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан кез-келген жұмыс іздеуші азаматтар немесе өз кәсібін дамытуды қалайтын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ниетті тұрғындар Түлкібас аудандық Мансап орталығының қызметіне жүгіне алады.
ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 2755 АДАМ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында, кешенді жоспардың барлық бағыттары бойынша 5588 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 7 айдың көрсеткіші бойынша 2755 адамды құрап отыр. Бұл туралы Түлкібас аудандық Мансап оралығының басшысы Байбатшаев Ерсұлтан Жаңабайұлы мәлімдеді.
Орталық басшысының айтуынша, жалпы жұмыспен қамтылғандардың ішінде «Әлеуметтік жұмыс» орындарына 203 азамат жолданса, «Жастар практикасына»115 азамат жолданған. Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 43 азамат жолданып, олар өз қызметіне кірісіпті. Сондай-ақ, «Күміс жас» жобасына 71 азамат жолданса, «Ақылы қоғамдық» жұмысқа 821 азамат орналасқан.
— «Бүгінде ауданда 7 айда 741 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. «Жаңа жұмыс» орнына 56 адам жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілді. Бұдан бөлек, ауданымыздағы мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына, 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданды», деді Түлкібас аудандық Мансап оралығының басшысы Ерсұлтан Жаңабайұлы.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еңбек нарығын цифрландыру, жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын реформалау, нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін басқа да ауқымды іс шаралар қарастыру бойынша нақты міндеттерді айқындап берді. Яғни, еліміздегі еңбек ресурстарының балансын есепке алудың тиімді әдістемесін әзірлеуді, сондай-ақ еңбек ресурстарының тапшылығы бар өңірлерде Үкіметке көші-қон үдерісін басқару үшін пәрменді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Дәл осы бағытта, 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап, Түркістан облысының аудан, қалаларында еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін 20 орталық құрылды. Бұған дейін жұмыс істеп тұрған халықты жұмыспен қамту орталықтары, енді мансап орталықтары болып қайта құрылып отыр. Қазіргі таңда, аталған мекемелер «Ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыстарды жүзеге асыруда. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметін де бекітті. Олар:
— Жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету; өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіру; жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасау; жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесу және азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіру; жұмыс іздеуші ретінде жүгінген және жұмыссыз азаматтарды тіркеу; халықты, жергілікті атқарушы органдарды және уәкілеттік мемлекеттік органдарды өңірлік еңбек нарығының жай-күйі туралы хабардар ету.
Қазіргі таңда, Түлкібас ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру бағытында нақты іс-шаралар жоспары нақтыланып, тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Жергілікті халықты тұрақты жұмыспен қамту үшін жаңа өндіріс орындарын ашу, «Халықтың кірісін арттырудың 2025 жылға дейін бағдарламасын» іске асыру, ауданға инвестициялық жобаларды тарту, шағын және орта бизнесті дамыту бағыты да басты назарда. Түлкібас ауданының туристік әлеуеті де өте жоғары. Аудандық Мансап орталығының басшысы мемлекет осындай қолдауларды жасап жатқанда, азаматтар еңбек етуге ұмтылуы керек екенін айтады.
— «Біздің ауданда еңбек етемін деген тұрғындарға, яғни қос қолға бір күрек табылады. Шағын кәсіп, ауылшаруашлығымен айналысу, туризм бағытында қызмет көрсету бойынша да ауданның әлеуеті жоғары. Сондықтан, мемлекет қолдап тұрғанда, жастардың өсуіне көмек көрсетіп тұрғанда, қолдан келгеннің бәрін жасауға міндеттіміз. Біз, барынша көмектесуге, жол көрсетуге дайынбыз. Орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Негізі, халықтың басым бөлігі мамандығы бойынша еңбек жалақысы жоғары тұрақты жұмыспен қамтылуды қалайды. Ал, ауылдық жерде қыруар қаржы алып, жалақының жоғары болуы екіталай. Ондай мамандықтар бірен-саран. Сол себепті «маған жалақысы жоғары жұмыс қажет» деу орынсыз. Барға қанағат етіп, жұмысыңды жасап, қосымша кәсіп ашып, оны да талапқа сай жүргізіп отырсаң, соның өзі бақыт деп білемін», — дейді Ерсұлтан Байбатшаев.
Айта кетейік, бүгінде электронды еңбек биржасының арнайы сайты бар. Порталдың басты жұмысы- жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң болып табылады. Енді, жұмыс беруші өзінің бос жұмыс орны туралы ақпаратты электронды еңбек биржасында жеке кабинеті арқылы беріп, бос жұмыс орындар бойынша мәліметтерді ұсыну туралы міндетті заңнама қағидаттарының іске асырылуын жеңілдетеді. Жалпы, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы Ұлттық жобалардың бірыңғай платформасында жұмыс орнын табуға көмектеседі. Сондай-ақ, жұмыс іздеушілер жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға өтінім бере алады.
Түлкібаста жеке кәсіпкер жазғы спорттық трамплин салуда
-Жалпы, бұл спорт түрімен аудан жастары әлі таныс емес. Өйткені, біздің түскей өңірде қар жату мерзімі қысқа болғандықтан бұл спорт түрімен шұғылданатындар қатары да, қызығатындар қатары да сирек. Дегенмен, Шымкент қаласында орналасқан 8 спорт мектебінде фристайл спорт түрі, Қазақстан бойынша 6 облыста бұл спорт түрімен шұғылданатын спортшылар бар. Әр мектепте шамамен 120-150 бала осы бағытпен айналысады. Түлкібастың төрінен салынып жатқан трамплиннің аналогы жоқ. Көктемде спортшыларға арнап үлкен спорт зал салынды. Онда барлық құрал жабдықтар қойылған. Жазғы трамплингке қызығушы жастар болса мамандандырылған мектептегі спортшыларды шақырып, ауыл жастарын шақырып алғашқы уақыттарда арнайы жиындар өткізуге мүмкіндік береміз, деді кәсіпкер Тимур Нарымбетов.
ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ТӘУЛІГІНЕ 200 БАНКА КӨКӨНІС КОНСЕРВІЛЕП, САТЫЛЫМҒА ШЫҒАРАДЫ
Түлкібас ауданында 3635 жаңа жұмыс орындары ашылмақ
«Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І тоқсан қорытындысымен 8,1 млрд. теңгеге жетті. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», — деді Нұржан Жақсылықұлы.
«Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдіріпті. Қабылданған жобалар саны — 55 (312,3 млн. теңге), оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер — 22 (111,8 млн. теңге). Одан бөлек, 2023-2025 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 10,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.»- деді аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов.
Түлкібас ауданында жұмыспен қамтылғандардың саны 40,7 мың адамды құрайды
Түлкібас ауданында экономикалық белсенді халық саны 42,9 мың адамды құраса, жұмыспен қамтылғандардың саны 40,7 мың адамды құрайды. Ал, жұмыссыздар саны 2243 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,2%, жастар жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрап отыр. Бұл туралы, Түлкібас ауданының әкімі Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы Түркістан облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Аудан әкімінің айтуынша, Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша аудан көлемінде 1322 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, 2023 жылдың 1 шілдесіне 526 жаңа жұмыс орны ашылыпты.
«Жастар практикасына 625 азаматқа Республикалық бюджеттен 776,3 млн теңге қаржы бөлінген. 150 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 223 жұмыссыз жастар парктикасына жолданды. Игерілген қаржысы 136,5 млн теңге. Ал, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 60 азаматқа Республикалық бюджеттен 74,5 млн теңге қаржы бөлінген. 21 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 46 азамат алғашқы жұмыс орнына жолданды. Игерілген қаржысы 27,3 млн теңге. Сондай-ақ, «Күміс жас» жобасына 90 азамат жоспарланған. Осы бағытта ұлттық қордан 57,8 млн теңге қаржы қарастырылған. 46 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 90 азамат «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа жолданып, 44,4 млн теңгесі игерілді», — деп мәлімдеді Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов
Сондай-ақ Түлкібас ауданында Мемлекеттік грант бойынша 90 азаматқа Ұлттық қордан 124,2 млн теңгеге қаржы бөлінген. 2023 жылдың 1 шілдесіне 44 азаматқа 60,7 млн теңге грант берілу мақұлданыпты. Ал, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру бойынша 12,4 млн теңгеге 60 азаматқа 3-мамандық бойынша оқуға жолдама беру жоспарлануда. Сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарына 200 азаматқа республикалық бюджеттен 69,3 млн теңгеге қаржы бөлінген. 34 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 203 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Игерілген қаржысы 38,4 млн теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, ауданда ақылы қоғамдық жұмысқа 700 азамат жолдау жоспарланып, бұл бағытта 579,6 млн теңге қаржы жоспарланған. Аудан көлеміндегі 32 жұмыс беруші мекемелермен келісім-шарт түзіліп, 821 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға жолданды. Игерілген қаржы 206,4 млн теңгені құрады, — деп атап өтті аудан әкімі
Ал, атаулы әлеуметтік көмектің жылдық жоспары 526,0 млн теңге болса, 6 айының қорытындысымен 760 отбасындағы 4 355 адамға 234,6 млн. теңге тағайындалып, 757 отбасындағы 4 330 адамға 198,8 млн. теңге төленген.
Түлкібас: “Күміс Жас” бағдарламасымен тұрақты жұмысқа орналасты
2023 жылы Түркістан облысында жұмыспен қамту саласы 4 негізгі стратегиялық бағыт бойынша жүргізілуде. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде «Өңірдің жұмыспен қамту картасын» бекіту, Үкіметтің қаулысы негізінде «Еңбек» бағытының іске асырылуы, Түркістан облысының даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамыту арқылы өз ісін ашу, Мемлекет басшысының «2050 жылдарға дейінгі даму стратегиясы» бойынша цифрландыруды тереңдету іске асырылады. Биыл ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан 109,7 мың жаңа жұмыс орынын ашу жоспары ұсынылып, Түркістан облысы әкімінің бекітуімен облыстың жұмыспен қамту картасы нақтыланған. Оның ішінде 72,4 мыңы тұрақты болса, 37,4 мыңы – уақытша жұмыс орындары. Биылдан бастап 35 жасқа толмаған азаматарға 2,5 пайыздық жеңілдетілген қайтарымды шағын несие беру жүзеге асырылуда. Ал әлеуметтік жұмыс орны, қоғамдық жұмыс, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары жалпы «Еңбек» бағыты аясында 32,9 мың адамды субсидияланған жұмыс орындарына жолдау жоспарланып, бюджет есебінен 35,6 млрд. теңге қаржы бөлінді.
Бүгінде, «Күміс жас» бағдарламасы зейнет жасына таяған азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік беріп отыр. Аталған жоба өткен жылы зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында іске қосылған болатын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жоба аясында былтыр 3080 адам жұмысқа орналасқан. Оның 516-сы – түркістандық. Яғни, Түркістан облысы ең көп жұмыспен қамтылғандар қатарына енгізілген. Ал, өңірде биыл «Күміс жас» жобасы арқылы 1656 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Аталған бағдарлама бойынша тұрақты қызметке орналасқандардың бірі, Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Құлназаров Нұржан Орынбайұлы. Ол 2022 жылдың 21- ші шілдесі күні “Күміс Жас” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркеліп, “Мыңбұлақ“ шаруа қожалығына Биогумус өнімдерін өндіру бойынша аграном болып жұмысқа жолданған болатын. Ал, 2023 жылдың 21 шілесінде аталған мекемеге тұрақты жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.
– Соңғы жылдары белгілі бір себептермен жұмыссыз қалып қойдым. Осындай бағдарлама бар екенін естіген соң, қатысып көруді жөн санадым. Түлкібас ауданындағы мамандардың нұсқауымен жұмысқа қабылдандым. Жұмыс қиын емес, өте ыңғайлы, өзіме ұнайды. Бастысы еңбек ете білу керек. Еңбектенбей, өзгелерден көмек күтетін адамдарға айтарым, мемлекет осындай игі бағдарламаларды шығарып жатқан кезде мүмкіндіктерді пайдалану керек. «Күміс жас» жобасының елге берер пайдасы мол деп білемін. Жұмыссыз жүрген замандастарыма осы бағдарламаға қатысуға кеңес берер едім. – дейді «Күміс жас» жобасының қатысушысы Нұржан Орынбайұлы.