Архив рубрики: Кәсіпкерлік

Түлкібас: Жаскешудің тұрғыны қияр шаруашылығын дамытуда

Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында мүміндігі шектеулі баласын тәрбиелеуші санатындағы жеке кәсіпкер Назира Телғозиева мемлекеттік грант иегері атанып, бүгінде қияр шаруашлығын дамытуға кіріскен. Бастау бизнес жобасы аясында, өзінің бизнес-идеясын қорғап, 2023 жылдың сәуір айында мемлекеттен  1 380 000 теңге алған азаматша ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 га егістік алқабында қияр өсіруде. Тәулігіне төрт тонна қияр алатын егістікте, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тиісінше егістік алқабын игеруге де мүмкіндік алды.

 

«Бүгінде ізденіп еңбек етіп, жеке кәсібін өрлетемін деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы ерінбеу керек деп ойлаймын. Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға біршама жыл болды, отбасылық кәсіп деп айтуға да болады. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Табысымыз отбасымызға толық жетеді. Қазіргі тағда қиярға сұраныс өте жоғары, сол үшін балаларымыз да арасында көмек беріп, қолдау көрсетеді»,-дейді Назира Телғозиева.

 

Егін алқабының басынан келісін көтерме бағада 90-100 теңгеден кәсіпкерлердің өзі келіп алып кететінің алға тартқан отағасы, алынып жатқан қиярлардың басым бөлігі көршілес Сайрам ауданына кетіп жатқанын айтады. Телгозиевтер отбасы мұнымен тоқтап қалмай алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтып, тағы біршама адамды жұмыспен қамтымақ.

Қиияр шаруашылығымен айналысу елімізде кеңінен тараған кәсіптің түрі ғой. Шаруалардың көпшілігі оны жылыжайларда өсіріп жатады. Бірақ, қиярды кез-келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда да өсіруге болады. Ол басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда, топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды бойына тез сіңіреді. Жалпы қияр өнімін оның пісіп, жетілуіне қарай теріп отыру қажет. Себебі оны уақытылы жинамасаң, ұрықтанып, басқа да көкөністердің өсуіне кері әсерін тигізеді, жеуге де жарамсыз болып қалуы мүмкін. Әсіресе, шілде айында жеміс беру уақыты қызған шақта, күніне немесе екі күнде бір рет өнімді жинап алу керек. Қииярдың күтімі дұрыс болу үшін, топырағын қопсытып, уақытылы арам шөптерін жұлып және жаңа өскен сабақтарын қыстырып отыру қажет. Сосын бұл көкөніс түрі суды жақсы көреді.Сондықтан,оғанда баса көңіл бөлу қажет.  Мен бастау бизнес аясында осы кәсіпті бастағаныма қуаныштымын. Шаруашылыққа отбасым,жақындарым да қолдау білдіріп жатыр — дейді Назира Телғозиева.

Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін өркендетіп жатқан кәсіпкерлердің қатары артқан. Тіпті, шаруаға қосымша азаматтарды тартып, оларды жұмыспен қамтып жатқандары да бар. Ал,  2023 жылға берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланып отыр.

 

 

 

 

Түлкібас: Састөбе ауылының тұрғыны наубайхана ашып, несібесін арттырды

Түлкібас ауданы, Састөбе ауылының тұрғыны Гүлнәр Жақсыбаева бизнес бастау жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанып, өзі иелік ететін наубайхананың қуаттылығын кеңейтіп, кент тұрғындарын ыстық нанмен қамтып отыр.  Бұған дейін өз қаражатымен жүргізіп келген кәсібін мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен қайта дамытып,  қажетті жабдықтарды алған жеке кәсіпкер күніне 600-700 дана нан пісіріледі. Мейрамханалардан тапсырыс түскен жағдайда күніне 1000 данаға дейін нан жабылады. Алдағы уақытта  нысанды кеңейтуді де жоспарлап қойған.
 
“ – Қазір біз кент ішіндегі 15 дүкенің әр қайсысына күніне 40-60 данадан нан өткіземіз. Кейде тапсырыс көп беріп жатады. Оған үлгермейміз. Кейін үлкейтіп, ауылдық округтерге тасысам деген жоспар бар” – деді Гүлнәр Жақсыбаева.

Айта кетейік, жеке кәсіпкер Гүлнәр Жақсыбаева мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге қайтарымсыз қаражат алған. Аталған наубайханада қазір 2 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта наубайхана көлемі ұлғайып, сұраныс артып жатса тағы бірнеше азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ нан өнімін шығаратын орын жергілікті тұрғындарға да тиімді болып отыр.  Яғни, жылдар бойы ас атасын аудан орталығынан тасыған тұрғындардың мәселесі шешімін тауып отыр.

 

Жалпы нан пісіру саласы тамақ өнімдерінің ішіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмауы мүмкін, бірақ мұндай наубайханалар диеталық, ұлттық, эксклюзивті нан пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуға мүмкіндік береді.

 

 

Жеке кәсіпкер Гүлнара Жақсыбаева кішігірім наубайханасына конвекционды пеш, шкаф, дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер мен тот баспайтын болат противиньдер, мұздатқыш ларь секілді құрал-жабдықтарды да орнатқан. Бүгінде,  өнім бағасы да сатып алушыларға қолжетімді болып отыр. Келешекте жеке кәсіпкер, тұтынушылардың санын көбейту үшін және бизнесті кеңейту үшін пісірілген өнімді үйге немесе жұмыс орнына жеткізіп беру іспетті қосымша қызмет көрсетулерді ұсынуы да мүмкін.

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР 100 МЫҢ ТОННА БАЛЫҚ ӨНДІРУДІ КӨЗДЕП ОТЫР

Түркістан облысы тауарлы балық өндіру бойынша соңғы үш жылда республикада көш бастап келеді. Үкіметтің балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасына сәйкес, 10 жылда облыста тауарлы балық өндірудің көлемін 20 мың тоннаға жеткізу мақсатында жұмыс істеліп жатыр.
Балық шаруашылығы – қазіргі ауыл шаруашылығының маңызды саласы. Балық өсірудің көптеген аспектілері бар, олардан пайда табуға болады. Мысалы:
шабақтарды өсіру,
уылдырық алу,
балықты сату, балықты тұздау және тағы басқалары.      
  
Түлкібас ауданында өткен жылы жұмысын бастаған «Нұрсәуле фрудс» ЖШС балық шаруашылығын дамытуға бел буып, жылына 100 тонна сазан, ақ амур, дөнмандай, фарель балықтарын өндіруді көздеп отыр.
Бүгінгі таңда жоғарыда көрсетілген балық уылдырықтарының 3 млн. 200 мың данасын Құлан су қоймасы мен жанынан бой көтерген жасанды бассейндерге жіберген. Кәсіпкерлік нысанда 14 адамға жаңа жұмыс орны ашылып отыр.
Аталған серіктестікке аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов жауапты мамандармен арнайы барып, жұмысымен танысты.
Әкімдік тарапынан қолдау сұраған кәсіпкерге аудан басшысы заң талаптарына сай барлық көмектер көрсетілетіндігін айтып, жауапты бөлім басшысымен бірге тиісті құжаттарын дайындап, ұсыну керектігін жеткізді.
Айта кетейік, аудан көлемінде соңғы 3-4 жылда балық шаруашылығымен айналысуға ниет білдірушілердің саны артып келеді.
Осыдан 10 жылдай бұрын Арыс ауылдық округіне қарасты бірден-бір балық шаруашылығын дамытушы «First Fish Company» ЖШС-гі ғана жұмыс жасап келсе, бүгінгі таңда аудан көлемінде 12 шаруашылық өзінің жеріндегі өзен, көлдер мен жасанды тоғандарына балық шабақтарын жіберіп, балық өсірумен айналысып жатыр. Осы күнге дейін 28,5 га жер теліміндегі тоғандарға 3,5 млн. дана шабақтар жіберілген.

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛҒАН МӘЖІЛІС

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері және Өңірлік даму жөніндегі кеңестердің бірлескен мәжілісі өтті. Кеңестердің бірлескен мәжілісін Өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағасы Серманизов Бахытжан Қыпшақбайұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Мәжіліске облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, облыстық Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Райымбеков Ғани Ақылбекұлы, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мырзахметов Нұржігіт Назарбекұлы, Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Полатбеков Бақытжан Әнуарбекұлы, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі және кеңес мүшелері мен партия қызметкерлері қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:

1. Түркістан облысының экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін көбейту туралы;
2. Түркістан облысында минералды тыңайтқыштардың көлемін арттыру туралы;
3. Түркістан облысындағы 100 елді мекенді газдандыру туралы;
4. Түркістан қаласында темір жол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу туралы.

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облысының
2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындалуы жөніндегі жол картасындағы көрсеткіштерге тоқталды. Өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 2023 жылы 22,5% — ға, ал 2027 жылға дейін 25,5% — ға жеткізу көзделгенін атап өтті. 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 25,4%-ды құраған. Ағымдағы жылдың 1 мамырына Ұлттық жоба шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша 126 жоба 9,7 млрд. теңгеге қолдау алған болса, ішінара кепілдендіру құралы бойынша 54 кәсіпкерлік субъектісі 1,2 млрд. теңгеге кепілдендірілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартысында ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну құралы бойынша 148 млн. теңгеге қайтарымсыз гранттар ұсыну жоспарланған. «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы Түркістан облысына 19,8 млрд. теңге бөлінгенін, аталған жоба шеңберінде халықты 2,5 % жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету мақсатында 6 бағыт таңдалған. Атап айтқанда;
— — өсімдік шаруашылығын дамыту;
— — мал шаруашылығын дамыту;
— — құс шаруашылығын дамыту;
— — балық шаруашылығын дамыту;
— — ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
— — тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты.
— Бүгінгі таңда, «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты (тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты) бойынша 50 шағын өндірістік жобалар іріктеліп, 2,5% — дық жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 2023 жылдың 5 ай қорытындысымен
6,9 млрд. теңгеге 822 жоба, «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы
3 079 млрд. теңгеге 584 жоба (2023 жылға 13 бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспарланған) қаржыландырды.

Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қатысушылар баяндамашыларға сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Қордаланған мәселелерге байланысты алдағы уақытта кеңес құрамы бекітіліп аудандарды аралап жұмыс барысымен танысатын болады.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕНІ АЛАТЫН ЖАСТАР ІРІКТЕЛІП ЖАТЫР

2023 жылы Түркістан облысында жаңа бизнес-идеялар ұсынған 1688 азаматқа грант беру жоспарланса, 594 жасқа 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі. Мемлекеттік қолдаулар халықтың табысын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен бағдарламалардың аймақта іске асырылу барысын талқылау жиыны өтті. Мәжіліске Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілі, жергілікті әкімдіктердің жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері шақырылды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, «Еңбек» бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант берудің бірінші легі 20 ақпан — 3 наурыз аралығында жүргізілген. Үміткерлердің өтінімдері Business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданып келеді.
Алғашқы лекте 385 азаматқа грант қарастыру көзделіп, 5199 адам өз жобаларын аталған платформаға жолдаған. Нәтижесінде 381 қатысушыға грант беріліп, игілігін көруде. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізгендердің қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған тұлғалар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақыларды алушы санаттарындағы азаматтар бар.
Осы тұста Әсия Құралқызы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін аудан, қалаларда грант беру жөніндегі комиссия отырыстарының барысы жергілікті Халықты жұмыспен қамту орталықтарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілімі жүргенін айтты. Грант берудің екінші легі 15 мамырда басталып, 26 мамырға дейін өтінімдер қабылданды. 2023 жылдың 22 мамырындағы мәліметке сүйенсек, өңір көлемінде 3862 жоба тіркелген.
Мәжіліс барысында облыс әкімінің орынбасары жастарға арналған жеңілдетілген несие беру шараларын баяулатпай, сапалы әрі жедел орындау керектігін қатаң ескертті.
– Бұл мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаларды жүргізуге селқос қарамай, басты назарда ұстаңыздар. Халық игілігін көруі тиіс. Жастар арасында бағдарлама жөнінде толық ақпарат жетпейтіні байқалады. Өйткені, басым бөлігі мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынуда. Дегенмен бізге басқа да кәсіп түрлерін өндіріп, қызмет көрсету саласын дамыту қажет. Жан-жақты ізденулері үшін жастарға бағыт-бағдар мен кеңес беріп көмектесіңіздер. Сенім білдірілген агент ретінде айқындалған «Аграрлық несие корпорациясы» өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруын жеке қадағалауыма аламын. Сондай-ақ грант алған азаматтар жобаларды мақсатына сай пайдалануына талдау жасау керек. Былтыр мұндай жағдайлар орын алып, тосқауыл қоя білдік. 2022 жылы кәсіпкер ретінде тіркелмеген 93 азаматтың қаржысы Заң аясында кері қайтарылды. Осы жұмыстар жалғасын табады, – деді Ермек Кенжеханұлы.
Айта кетейік, Түркістан облысының жастарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие үлестіру үшін мемлекеттен 2,9 млрд. теңге бөлінген. Агенттіктің хабарлауынша, бүгінге дейін жалпы 256 жас кеңес алуға келіп, оның 130-ы бизнес-жобасын ұсынған. Комиссия қарауына 105 жастың құжаты өткізіліп, 25-26 мамыр күндеріне жоспарланған комиссия отырысында өз жобаларын қорғайды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Көші-қон мәселесі талқыланды

Бүгін Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішовтың төрағалығымен облысымыздан солтүстік өңірге қоныс аудару процесін ынталандыру мәселелері жөніндегі делегациямен жиын өтті. Делегация құрамында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ж.Ағабеков, «Отандастар қорының» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі Ә.Мыңбай, көші-қонмен айналысатын «TAUEKEL» ұйымының төрағасы Б.Даканов, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Баржанов болды.
  
Кездесу барысында делегация мүшелері өздерінің «Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында Түркістан облысынан Солтүстік өңірлерге қоныс аударуға ниетті азаматтармен кездесу бағдарламасымен таныстырып өтті. Солтүстіктен келген осы азаматтар бағдарламаға сәйкес бүгін Түркістан қаласы мен Сауран ауданының солтүстікке көшуге ниетті тұрғындарымен кездесіп, көші-қон саясатын түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін айтып өтті. Делегация мүшелері келесі осы сияқты кездесулер 23.05.2023 ж. — Жетісай қаласы мен Мақтаарал ауданында, 24.05.2023 ж. – Келес, Сарыағаш аудандарында, 25.05.2023 ж. – Қазығұрт, Төлеби аудандарында, 26.05.2023 ж. — Сайрам, Ордабасы аудандарында өтеді деп өз жоспарларымен бөлісті.
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бұл игі бастаманы толық қолдайтындығын жеткізе келе, аталған көші-қон мәселесі бойынша Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы арасында меморандум түзу мәселесін пысықтау, сол өңірге мәслихат депутаттарының баруын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

2,5 ПАЙЫЗДЫҚ НЕСИЕНІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ? (видео)

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беру басталды. Жобаға облыстың 16 ауданынан 32 ауылдық округінің тұрғындары қатыса алады.Жоба бойынша кооператив басшылар мен мүшелерінен құжат қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Несие кімдерге және қалай беріледі? Басты ережелері мен талаптары қандай? Бұл сұрақтарға «Ырыс» МҚҰ басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев жауап берді.

«Ауыл аманаты» жобасы бойынша құжаттарды қабылдау жұмыстары жүріп жатыр

Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беру басталды. Жобаға облыстың 16 ауданынан 32 ауылдық округінің тұрғындары қатыса алады. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша кооператив басшылар мен мүшелерінен құжат қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының мамандары және «Ырыс» МҚҰ басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев Созақ ауданы, Созақ ауыл округі мен Құмкент ауыл округінде болып, тұрғындарға жобаның нақты бағыттары мен тиімділігін түсіндірді.
 
Бағдарламаны жүзеге асыруға биыл облыс шаруалары үшін бюджеттен 20 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінді. Жалпы өңірімізден орташа есеппен алғанда 2500-ден аса азамат бағдарламаға қатысады деп жоспарланып отыр. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар. Жоба шеңберінде жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін.
Кездесу барысында жауапты сала өкілдері несие алушы ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне бірігудің пайдасы көп екенін атап өтті. Себебі бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды пайдалануға мүмкіндік береді.
Айта кетсек, «Ауыл аманаты» жобасы 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

Үздік түлектер мемлекеттік қызметке конкурссыз тағайындалады

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді

«Облыс ауданы немесе облыстық маңызы бар қала әкімі және мәслихат аппараттарының төменгі лауазымы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа); жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыс ауданының және облыстық маңызы бар қаланың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) атқарушы органының басшы емес лауазымы; аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшы емес лауазымы; орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің және оның ведомствосының облыстың ауданындағы немесе облыстық маңызы бар қаладағы (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қаладан басқа) басшылық етпейтін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналаса алады, «- деп атап өтті агенттік басшысының орынбасары.