– Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек» деген қанатты сөзі бар. Бұл ретте Түркістан облысындағы облыстық және жергілікті мәслихаттардың қоғамдағы рөлі жоғары. Сіздер өңірдің дамуына үлес қосып, еңбек етіп келесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдарға елмен, түрлі қоғамдық ұйымдармен диалог орнатып, халықтың мұң-мұқтажын бірлесе шешуді тапсырды. Бұл – Сіз бен біздің ортақ міндетіміз. Өңірде инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілуде. Облыстағы жергілікті мәслихаттарда 300-ден астам депутат еңбек етуде. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық және өзге салалардың өкілдері бар, ал басым бөлігін кәсіпкерлер құрайды. Осы ретте, инвестиция тартуға, халықты кәсіпкерлікке баулуға депутаттарымыз да өз үлестерін қосуы керек. Депутатқа білім, мінез, ең бастысы отаншылдық қажет. Өңірдегі 2 миллионнан астам халықтың, 1 миллионнан астам сайлаушының сенімін ақтау – үлкен жауапкершілік. Бәріміз бірге Түркістан өңірінің мүддесін қорғап, облысты дамыту бағытында жұмыс атқара береміз. Баршаңызды мерейтоймен құттықтай отырып, жұмыстарыңызға табыс тілеймін, – деді Дархан Сатыбалды.
Архив рубрики: Қоғам
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР
Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты – ол жастарды білім, тәрбиеге баулып, мәдени-рухани дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал ету, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау.
Бүгінгі күні әлемде еңбектің барлық секторларында адами ресурстарға, оның ішінде жас дарындарға күрес болып жатыр. Осы орайда, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттің басты приоритетті міндеттеріне айналды.
Бұл ретте, жастардың мемлекеттік қызметке келуін оңтайландыру мақсатында 2022 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң)бірқатар өзгерістер енгізіліп, соның негізінде жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен оқып, жақсы бағамен аяқтаған (GPA 3.33 төмен емес) түлектер бір жыл ішінде аудан, ауылдағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігін алды.
Сол сияқты, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік грантпен үздік аяқтаған мемлекеттік қызметшілер де бір жыл ішінде жоғарғы лауазымдарға конкурссыз, уәкілетті органның келісімімен тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.
Қазіргі таңда, республикада осы мүмкіндіктерді пайдаланған 412 түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасса, Мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген 30-ға жуық мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға конкурстық іріктеуден өтпестен тағайындалды. Соның ішінде,
Түркістан облысында 33 түлектің орналасуы жүзеге асырылды.
Мемлекет басшысы «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керектігін» баса айтқан болатын.
Бұл ретте, жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында, биылғы жылдың
1 наурызынан басталған Өңірлік кадр резервінің іріктеуіне 35 жастан аспаған, жоғары білімді, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар 634 жас өтініш білдірсе, соның 30-ы іріктеудің нәтижесіменрезервке алынды.
Резервке алынғандарға Заңның 15-бабына сәйкес, сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндігі берілген.
Осыған баланысты, бүгінде резервке қабылданғандар арасынан
7 резервші, яғни оның 2-уі мемлекеттік қызметке алғаш рет, ал 5-уі төменгі лауазымнан келесі тұрған жоғарғы санаттағы лауазымға конкурссыз орналасты.
Айта кету қажет, мемлекеттік қызметшілер қатарында білімді, өзін-өзі дамытуға дайын жастар көп. Олардың бірқатары осыған дейін Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылып іріктелініп алынған Президенттік жастар кадр резервінің 400 резервшісі.
Қазіргі таңда олардың 280–ге жуығы, яғни 70%-ы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда болса, бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етуде.
Президенттің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың
2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерінің бірі ретінде мемлекеттік қызметте ерте кәсіптік бағдарлау институтын енгізе отырып, жастардың мемлекеттік секторда жұмыс істеу қажеттілігікөрсетілген.
Сондай-ақ, жастарды мемлекеттік органдарға тарту үшін мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институты құрылатыны айтылған.
Өз кезегінде, Департаменттің бастамасымен 2018 жылы
«Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебі құрылып, бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып келеді. Оған әр жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жоғарғы курс студенттері тартылып, мемлекеттік органдардаөндірістік тәжірибеден және Мемлекетік басқару академиясының филиалында дайындық бағдарламаларынан өтуде. Ендігі жерде оларзаңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтіп, мемлекеттік сектордағы таланттар пулына қабылданады.
Бүгінде, Түркістан облысында 6 мыңнан астам мемлекеттік қызметші болса, оның ішінде 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 2 мыңнан асады (38,5%).
Осы орайда, жастарды мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдаланып, ел игілігі жолында жұмыс істеу үшін мемлекеттік қызметке түсугешақырамыз!
А. Наурызбаев
ҚР Мемлекетік қызмет істері
агенттігінің Түркістан облысы
бойынша департаментінің басшысы,
Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы
Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты – дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс. Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Дәл осы мақсатта, Жетісай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары “Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар” санитариялық қағидаларын бекіту туралы ” ҚР ДСМ -нің 2022 жылғы 17 ақпандағы N ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы ҚР ДСМ-нің м.а 2023 жылғы 4 сәуірдегі N 58 бұйрығы мектеп асханасындағы астан уланудың алдын алу мәселесі бойынша» аудандағы білім ордаларының асхана қызметкерлері арасында семинар өткізуде.
« – Жалпы мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынғануы тиіс. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуы керек. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдардың сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отыруына назар аударыңыздар. Мектеп оқушыларын таза ауыз сумен қамтамасыз ету міндетті. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылу тиіс. Дұрыс тамақтану бойынша, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану – әр адамның болашағы және ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы екенін ұмытпаған жөн.» – деді мамандар.
Расында дұрыс тамақтану адамның өмірлік қажеттігі және денсаулық кепілі. Ас-адамның арқауы, ағза дене жүктемесінде ғана емес, тыныштық жағдайында да шығындайтын қуат көзі. Дұрыс тамақтану жүрек-қантамыр, асқазан-ішек жолдары, қантдиабеті, остеопороз, онкологиялық аурулардың алдыналу үшін, сыртқы орта әсеріне қарсы тұру үшін, ағзаның жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, белсенді ұзақ өмір сүру үшін қажет. Салауатты тамақтану және жоғары дене белсенділігі, спорт пен шұғылдану, күйзеліс пен күресе білу, темекіден, ішімдіктен бас тарту жолымен салауатты өмір салтын ұстану арқылы аурулардың алдын алып, денсаулықты және тартымды келбетті сақтап, сұлу да сымбатты, тәні мен жаныжас, белсенді болып жүруіңізге болады.
АПВ – ға қарсы вакцинацияны ұйымдастыру туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Жетісай ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен аудандық аурухана дәрігерлері аймақтағы бірқатар мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдарда және денсаулық сақтау мекемелерінде адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациянының маңыздылығы жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Осындай маңызды кездесудің бірі “Алпамыс батыр” жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырылды. Яғни, мамандар мекеме психологы мен педагогтарына ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Бас санитариялық дәрігерінің «2024 жылғы 17 қыркүйектегі №11 ” Қазақстан Республикасында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу туралы» қаулысы негізінде түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Адам папиллома вирусы – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады. Адам папиллома вирусы сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары арасында ең көп таралған және агрессивті патология. Вирус көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульваның және қынаптың, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуын қоздырады. Адам папиллома вирусын жұқтырған кезде пайда болатын аурулар: Жыныс сүйелдерінің пайда болуы; Тыныс алу жолдарының папилломатозының дамуы; Ісік процесінің дамуымен жыныс мүшелерінің зақымдануы. Көптеген адамдар аурудың клиникалық көрінісінсіз патогенді тасымалдаушы бола алады. Адам папиллома вирусы адам өмірінде қайталап жұқтыруы да мүмкін. Өйткені адам папиллома вирусы инфекциясынан айыққандардың барлығында вирусқа төзімділік қалыптаса бермейді.
Ал, оның жұғу жолдарына тоқталсақ. Адам папиллома вирусы тұрмыстық байланыс, жыныстық қатынас және вертикальды жолмен беріледі. Жұқтырған кезде вирус эпителий жасушаларына еніп, бөліну процесін бұзумен әртүрлі аурулардың дамуын белсендіреді. Негізінен, вирус несеп-жыныс жүйесінің органдарына және аноректалды аймаққа әсер етеді. Әйелдер мен еркектер патогенді бірдей жұқтырады. Негізгі берілу жолы – жыныстық қатынас. Әдетте, адам папиллома вирусы алғашқы жыныстық қатынастан кейін жұғады, бірақ инфекцияның басқа жұғу жолдары да анықталған. Мысалы, вертикалды жолы – адам папиллома вирусы жұқтырған әйелдің босану жолы арқылы өту кезінде туылған нәрестеге жұғуы мүмкін.
« – Жоғары онкогендік қауіпті адам папиллома вирусын жұқтыру ол жұқтыратын жасушаларда өзгерістер (обыралды зақымданулар) тудыруы және обырды тудыруы мүмкін. Адам папиллома вирусына жиі әсер ететін анатомиялық аймақ жатыр мойны болғандықтан, осы ағзаның онкологиялық аурулары біздің әйелдердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Қазақстанда жыл сайын жатыр мойны обырының 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан 600-ден астам әйел қайтыс болады. Жатыр мойны обыры 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездесетін онкопатологиялардың арасында 2-ші орында тұр. Бүгінгі таңда адам папиллома вирусының емі жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинациялау. Жатыр мойны обырының дамуы әйелдің адам папиллома вирусын жұқтыруына байланысты екендігі ғылыми дәлелденген. Обыралды аурулар сирек симптомдармен бірге жүретіндіктен, адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау жүргізілген болса да жатыр мойны обырына үнемі скрининг жүргізу маңызды.» – дейді мамандар.
Дәрігерлер профилактикалық егулерден кейін аз уақыттың ішінде организмнің жеңіл реакциясы болуы мүмкін екенін ескертеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әлемде адам папиллома вирусына қарсы вакциналардың 270 миллион дозасын қолдану жағымсыз реакциялар тудырмады. Қарсы көрсетілімдерге келетін болсақ, өндірушінің нұсқауларына сәйкес адам папиллома вирусына қарсы вакцинаны енгізуге келесі қарсы көрсетілімдер анықталды. Біріншісі әсер етуші заттарға немесе вакцина құрамына кіретін кез келген қосалқы заттарға жоғары сезімталдық, одан кейін вакцинаны алдыңғы енгізуге анамнезінде анафилактикалық реакция, сондай-ақ жіті инфекциялық ауру немесе орташа немесе ауыр дәрежедегі созылмалы аурудың өршуі, дене температурасының 38 °С жоғары көтерілуі, сонымен қатар 9 жасқа дейінгі балалар, яғни вакцинаны қолдану 9 жасқа дейінгі балаларда зерделенбеген.
Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау үшін төрт валентті вакцина қолданылады. Жалпы, адам папиллома вирусы қарсы вакциналарда тірі вирустар жоқ, қарсы вакцинаның құрамында иммунды белсенді ететін жекелеген вирус ақуыздары пайдаланылады, вакцина ауру тудырмайды. Бүкіл әлемде адам папиллома вирусына қарсы алты вакцина қолданылады. Олардың барлығы жиі жатыр мойны обырын тудыратын адам папиллома вирусына жоғары қауіпті 16 және 18 типтерінен қорғайды.
« – Көп жағдайда адам папиллома вирусы инфекциясын емдеудің қажеті жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адамдардың 90%-інің иммунитеті екі жыл ішінде инфекциямен өздігінен күреседі. Алайда жыныстық қатынаста жаңа серіктес пайда болса, АПВ қайтадан жұғуы мүмкін, сондықтан сақтану әрдайым маңызды. Дәрігерлердің айтуынша, адам папиллома вирусы – «өте қу». Адам папиллома вирусы түрлерінің көбінде симптомдары байқалмайды және вирус денсаулыққа еш кесірін тигізбеуі мүмкін. Сол үшін тұрақты түрде скринингтен өтіп отыру керек. Адам папиллома вирусы инфекциясының 100-ден астам серотипі бар, оның 15-і қатерлі ісікке себеп болып жатады. Жоғарыда атап өткеніміздей, адам папиллома вирусы серотиптерінің көпшілігі 1-2 жыл ішінде өздігінен жазылып кетеді, ал қатерлі ісік тудыруы мүмкін серотиптер ағзада көпке дейін сақталып, қатерлі ауруларға себеп болуы ықтимал. Онкогенді адам папиллома вирусы – инфекцияның қатерлі ісік пайда болуы мүмкін түрі. Онкогенді емес адам папиллома вирусы – бұл инфекцияның қатерлі ісік тудырмайтын түрі. Дегенмен оның салдарынан адам терісіне түрлі формадағы сүйел шығуы мүмкін.» – дейді дәрігерлер.
Жатыр мойны обырын анықтайтын скрининг – дені сау әйелдерді тексеруге арналған бағдарлама. Акушер-гинеколог дәрігерлердің сөзінше, көпшілігі скрининг тек басталып кеткен қатерлі ісік ауруын анықтай алады деп ойлайды, алайда бұл – қате пікір. Дәл осы анализ арқылы нормадан ауытқыған жасушаларды (жатыр мойны дисплазиясы немесе басқаша айтқанда, қатерлі ісіктің бастамасы) анықтауға болады. Бұл дер кезінде анықталса, оны емдеуге болады және қатерлі ісіктің алдын алуға болады. Өйткені жатыр мойны обыры бірден емес, ондаған жылдар бойы дамиды. Қазақстанда жатыр мойны обырының ұлттық скрининг бағдарламасы бар және 30-70 жас аралығындағы әйелдің бәрі төрт жыл сайын тегін тексеруден өте алады. Cкринингке 30, 34, 38, 42, 46, 50, 54, 58, 62, 66, 70 жастағы әйелдер шақырылады. Скринингтен өту үшін өзіңіз тіркелген емханаға хабарласуыңыз керек, онда арнайы щетка көмегімен әйелдің жатыр мойнынан жағынды алады, содан кейін оны зертханаға жібереді. Бұл ауырсындырмай жасалатын процедура және оның ұзақтығы 5 минуттан аспайды. Талдау нәтижелері шамамен бірнеше апта ішінде дайын болады. Дәрігер тұрақты скрининг кезінде жатыр мойнының сол кездегі күйін тексереді және бұл жатыр мойны обырының асқынып кетпеуі үшін дер кезінде емдеуді бастауға көмектеседі. 30 жасқа дейінгі әйелдер де жатыр мойны обырының бар-жоғын тексере алады. Алайда бұл мемлекет тарапынан төленбейді. Кейбір елде бұл тексеруді 21 жастан бастау туралы бастама көтерілген. 21-25 жаста тек цитологиялық анализден (ПАП-тест) өту ұсынылады, ал 25 жастан асқанда АПВ сынамасын қосуға болады.
Жатыр мойны қатерлі ісігі – жатыр мойнының эпителийінде пайда болатын қатерлі ісік. Бұл дерт қазақстандық әйелдер арасында сүт безі обырынан кейінгі ең көп таралған онкология ауруы болып есептеледі. Жатыр мойны ісігі әдетте өте баяу дамиды. Адамда қатерлі ісік пайда болғанға дейін оның жатыр мойнының жасушалары бірқатар өзгеріске ұшырайды. Жасушалар қалыпты жағдайдан өзгеріске ұшыраса, бұл «дисплазия» деп аталады. Жатыр мойны қатерлігі ісігі дүниежүзі бойынша әйелдер арасында жиі кездесетін онкология аурулары ішінде төртінші тұр. Мысалы, 2020 жылы дүниежүзінде шамамен 604 000 науқаста жатыр мойны қатерлі ісігі болса, оның 342 000-і ауру салдарынан қайтыс болған. Сонымен қатар тек 2013 жылдан бері Қазақстанда жатыр мойны ісігі 4 359 әйелдің өліміне себеп болған.
Қазіргі таңда адам папиллома вирусына қарсы екпе 130-дан астам елде қолданылады. Ал оның ішіндегі 86 мемлекетте екпе тек қыздарға емес, ұлдарға да салынады. Себебі инфекция ұлдардың да жыныс мүшесі, анус, ауыз, жұтқыншақ, көмей қатерлі ісіктеріне шалдығуына себеп болуы ықтимал. АПВ вакцинасы көбіне 9-14 жаста салынады.
« – Адам папиллома вирусы көпшілігі ойлайтындай жыныстық жолмен ғана емес, жай ғана адам денесімен тығыз қатынас кезінде де жұғуы мүмкін. Ал осы күні Қазақстанда адам папиллома вирусына қарсы вакцинация қажет екеніне көзіміз жетіп отыр және бұл бағытта жүйелі жұмыстар басталып кетті. Бұл екпені, ең дұрысы, жыныстық өмір басталғанға дейін салу керек. Неге десеңіз, статистика адам шошырлық – дүниежүзінде әрбір жетінші адам қатерлі ісіктен өледі. Бұл ЖИТС, туберкулез және безгектен көз жұмғандардан да көп. Хаттама бойынша вакцинация 9 жастан 12 жасқа дейін жүргізіледі. Вакцинация үшін бұл жастың таңдалуының басты себебі – вакцина алғашқы жыныстық қатынасқа дейін салынуы керек. Вакцина тегін салынады, бірақ ата-анасының келісімі керек. Егер ата-анасы балаға екпе салуға рұқсат бермесе, қыз кәмелет жасына толғанда, екпені өзі салдыра алады», — дейді мамандар.
СОЗАҚ АУДАННЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМДАР АЙҚЫНДАЛДЫ
Созақ аудандық мәслихатының кезектен тыс сессия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім, мекеме басшылары қатысты. Сессияны аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізіп, күн тәртібінде сегіз мәселе қаралды. Созақ аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясында ауданның әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды шаралар талқыланды. Жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен олардың шешілу барысына тоқталып, жыл соңына дейін атқарылатын істер жөнінде кеңінен әңгімеледі. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мен ауыл тазалығын жақсарту мақсатында атқарылуы тиіс жұмыстар жан-жақты талқыланды.
Айта кетейік, Созақ ауданында жыл соңына дейін аймаққа қажетті жаңа техникалар мен құрал-жабдықтар жеткізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, “Созақ сәулет” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансына LONKING доңғалақты тиегіш, Shacman 6×4 аударғыш жүк машинасы, DongFeng негізіндегі ассенизатор, Шынжыр табанды Shantui бульдозер, КАМАЗ 65115 аралас жол машинасы (суару, жуу, қар тазалағыш), сондай-ақ КАМАЗ-43253 қоқыс тасығыш және CAMAZ 53605 артқы жүк көлігі мен тиегіш экскаватор алынбақ. Бұл жаңашылдықтар ауданның инфрақұрылымын жақсартуға және коммуналдық қызметтерді тиімді көрсетуге мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, барлық 12 кент және ауылдық округтерге Беларус-922,3 маркалы тракторлар жүк салғыш және жетегімен қоса жеткізіліп, “Шолаққорған-Су” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына қажетті JCB 3CX маркалы тиегіш экскаватор, жүк көтергіш машина мен тазартқыш ассенизатор машинасы да алынатын болады. Сонымен қатар, тасымалдауға арналған Газел Next автокөлігі мен тізбекті экскаватор да ауданның шаруашылық жұмыстарына қолдау көрсететін болады.
Жалпы, Созақ ауданын кешенді дамыту мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында да бірқатар ауқымды жобалар іске асырылуда. Бірқатар ауылдық округтерде жабық үлгідегі кіші футбол алаңы мен мал тоғытуға арналған нысандар салу үшін сметалық құжаттамалар әзірленіп, 100 пайызға көше жарықшамдарымен қамту жұмысы да қолға алынып отыр.
« – Біздің басты мақсатымыз – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және әрбір азаматтың қажеттіліктерін ескере отырып, тиімді шешімдер қабылдау, аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, инфрақұрылымды жақсарту және жергілікті басқарудың тиімділігін күшейту. Осы бағытта жұмысымызды жалғастырып, әрбір азаматтың қажеттіліктерін ескеріп, бірге даму жолында аянбай еңбек етеміз. Алдағы уақытта да сіздермен бірге ауданымызды өркендетуге бағытталған жұмыстарды жалғастыратын боламыз.» – деді, Созақ ауданының әкімі Мұхит Сексенбайұлы өз сөзінде.
Сондай-ақ білім саласына қосқан елеулі үлесі үшін аудандық мәслихаттың депутаты Қарлығаш Нышанбайқызын Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің алғыс хатымен марапаттап, құрмет көрсетті.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылған негізгі мәселелер арасында 2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет пен Созақ ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету, аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту сынды бірнеше шешімдерге өзгерістер енгізу мәселелері қаралды. Оған қоса, терроризмге қарсы, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі, есірткі бизнесімен күрес және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты комиссия құрамдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Аудандық мәслихат депутаттары сессияда қаралған мәселелер бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп, жұмыс барысы жан-жақты талқыланды. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ауданның әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар айқындалды. Сессия соңында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер мен олардың шешілу барысына тоқталып, алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті.
Сауран: Насихат шаралары жастарды жұмысқа тартуға септігін тигізуде
Сауран ауданында мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттары мен қолайлы мүмкіндіктерін насихаттау шаралары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Бұл өз кезегінде аудандағы жұмыссыз азаматтардың еңбек қамтылуына және NEET санатындағы жастарды жұмысқа тартуға мүмкіндік беруде. Қазіргі таңда жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта қоғамда өз орнымды тауып, еңбек етемін, жаңадан кәсіп бастаймын деген азаматтар үшін қолдаулар мен мүмкіндіктердің қатары жеткілікті. Сауран ауданының Жаңа Иқан ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, брошюралар таратқан “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Ш.Абдуханов жастарға мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тетіктерін айтып берді.
«Мысалы, 2,5% пайыздық несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Қатысушыларды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырады. Бұл жерде қалаларға арналған 2,5% пайыздық несиеге кепілдік қойылады. Кепілдік қою – пайыздық несиенің басты талаптарының бірі. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техниканы қоюға болады. Несие 5 миллионға дейін беріледі. Бұл жерде қатысушының несие тарихы қаралады. Сондай-ақ, несие 5 жылға, яғни 60 айға беріледі. Ал жеңілдік, несие каникулын алу үшін микрокредит алған адам агент атына өтініш жазуы керек болады. 2,5% мөлшерлеме жеңілдікті кезеңге есептеледі, бірақ оны өтеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Міне, бүгінде жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында осындай мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр.» – деді Сауран аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы Ш.Абдуханов
Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту бағытындағы мүмкіндіктерді Сауран ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова да насихаттады. Ораңғай ауылдық округінің жастарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, брошюралар таратқан маман кездесуде мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасып, кәсіп бастап, тіпті ауыл әлеуеттін арттыруға үлес қосуға болатынын атап өтті.
“Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы А.Жолдасбекова жастар мен тұрғындарға «Серпін-2050», «Жастар практикасы», «Бастау бизнес», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы жіне «2,5% несие алу» бағдарламаларын түсіндірді.
Саурандық жас маман «Жастар практикасы» жобасымен жұмысқа орналасты
Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны Халанова Латофат, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін “Математика пәні мұғалімі” мамандығы бойынша тамамдаған. Қазіргі таңда Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан “Дарын kz” орта білім беру мекемесінде математика пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. Жас маман аталған білім ордасына «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында келген. Бүгінде бастауыш сыныптың оқушыларына білім беріп жүр. Математика пәнінің мұғалімі өз дәрістерін заман талабына сай және жаңа әдістермен өткізуді қолға алған. Мұндай тәсілдер шәкірттерінің де қызығушылығын арттыра түскен екен.
« – Есеп шығарудың түрлі тәсілері және логикалық ойындар оқушылардың қызығушылығын арттыра түседі. Кез келген жағдайда тәрибиелеп отырған шәкірттердің көңілін аулап, олардың мұғаліммен бірге шаттана білуі біз үшін үлкен қуаныш. Мен үшін де шәкірт тәрбиелеп, онымен мақтана білу басты мақсатым. Жоғарғы оқуымды аяқтаған соң, осындай мүмкіндік берген мемлекеттік бағдарламалардың барына қуанамын. Жас мамандар үшін елімізде мүмкіндіктер өте көп. Адам өзі еңбектен қашпауы керек деп есептеймін. Сондай-ақ, өзіңіз армандаған, қалаған мамандықты таңдау – бұл сіздің жарқын болашағыңыз. Қазіргі таңда елімізде білім алу үшін барлық жағдайға жол ашық. Міне сол білімді саналы түрде игере отырып, Отанымыздың бір тетігіне сапалы маман болып қалану -біздің басты парызымыз. Жалпы мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы. Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Мамандықтың бәрі жақсы. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті қажет ететін маңызды іс және адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, жүрегінің қалауына сүйену керек. Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді. Қазіргі таңда мамандықтың түрі өте көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы – адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт. Мамандық таңдау жасөспірімдік кезеңде қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі болып табылады. Белгілі бір мамандық иесі болу әрбір азаматтың арманы. Маман иесі болған соң, әрбір адам өз мамандығы бойынша қызмет етіп еліміздің экономикасын дамытуға халықтың әл-ауқатын жақсартуға өз үлесін қосу керек.» – дейді Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны Халанова Латофат
Айта кетейік, Сауран ауданында «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа орналасып, өз тәжірибесін арттырып жүрген жастардың қатары артып келеді. Жалпы «Жастар практикасы» – меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы бес жыл ішінде оқушының аяқтаған және отыз бес жастан аспаған жұмыссыздарға арналған жобалардың бірі.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы он екі айдан аспайды.Ал, жалақының бір айдағы мөлшері 30 АЕК құрайды. Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздардың жеке басты куәландыратын құжаты. Еңбек қызметін растайтын құжаттары (бар болса). Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжаты болуы керек. Айта кетейік, жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі. Бұл оның одан әрі тұрақты жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндіктер береді.
Саурандық тігінші грант алып, кәсібін дамытып отыр
Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыруға берілетін мемлекеттік грант Сауран ауданында өз нәтижесін беруде. Осы орайда, Майдантал ауылдық округінің тұрғыны, көп балалы ана, тігінші Муштаева Айнұр өткен жылы “Бастау бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификат алған. Биылғы жылы “2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған” бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа ие болып, өзінің тігін цехын дамытып отыр. Кәсіпкер түскен қаржысына кәсібіне қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, ісін бастаған. Муштаева Айнұр кәсібін жолға қойып, әрі қарай жалғастыруды жоспарлауда. Қазір кәсіп бастаймын немесе кәсібімді ұлғайтамын дегендерге мемлекет тарапынан түрлі жағдайлар жасалынып жатыр. Қайтарымсыз мемлекеттік грант соның бір дәлелі. Бұл шағын іс бастауға қаражаты жоқтарға немесе қаражаты жетпеген белгілі бір санаттағы азаматтарға үлкен көмек. Мен қолымнан келетін кәсібімді мемлекеттің осындай көмегі арқылы бастағаныма өте қуаныштымын. Тігін кәсібі, үйде отырған көпбалалы аналарға және жұмыссыз әйел кісілерге жұмыспен қамту мақсатында жүзеге асыруға көптеген мүмкіндіктерді ашады, әр қыз-келіншектер өзінің өнерін паш етуге мүмкіндіктері жетерлік, дейді, көпшілікке үлгі боларлық кәсіпті өркендетіп отырған Майдантал ауылының тұрғыны.
« – Мен көпбалалы анамын. Биыл мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, кішігірім тігін цехын ашып, керекті құрал-жабдықтарымды алдым. Осы сәтті пайдаланып, үйде отырған аналарға өз кеңесімді айтқым келеді. Қазіргі таңда еңбек етемін деген адамға мемлекет тарапынан қолдаулар өте көп. Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, қолдарынан келетін өнерлерін кәсіпке айналдырып, өзінің және отбасының әлеуетін арттыруға қадамдар жасауы керек деп ойлаймын. Өз бастаған ісін, кәсібін дамытамын десе де қазір елімізде мүмкіндіктер мол. Менің мақсатым осы тігін цехын одан әрі дамытып, өркендету. Қазірдің өзінде түрлі тапсырыстар мен сұраныстар артып келеді. Болашақта ісім алға басып жатса, өзге азаматшаларды да жұмыспен қамтып, білгенімді үйреткім келеді. Бұл берекенің бастауы болса керек,» – дейді грант иегері Муштаева Айнұр
Кәсіп ашып, өз ісін дөңгелетем деген азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен қолдаулар бар. Өз қаржылық сауаттылықтарын дамытып, әл-ауқатын жақсартуды көздеген жұмыссыз азаматтардың бизнес көзін ашам деген ниеттері Бизнес жобаларын қорғау барысында байқалды.Яғни ол азаматтар нақты әрекеттерімен өз кәсібін өркендете алатындарына сенімді болуы маңызды. Бұл оның одан әрі әлеуетін арттыруға да септігін тигізетін басты қадамдардың бірі.
Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, елімізде биыл 2 млн. 200 мыңдай тіркелген шағын және орта бизнес субъектісі бар. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 11 мыңға дейін артқан. Ал соңғы үш жыл ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің негізгі үлесін, орта есеппен 66,6%-ын жеке кәсіпкерлер құрайды екен.
Жалпы кәсібін енді бастаған кез келген жас кәсіпкерлер мен кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау күтеді. Өйткені ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен жаңадан ашылған кәсіпорындар бизнес саласында бірнеше жылдық тәжірбиесі бар кәсіпкерлермен бір қатарға тұра алмайды. Енді тәй-тәй басқан жас кәсіпкерге қолдау қажет. Бұл орайда мемлекет тарапынан елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне жеткілікті деңгейде көңіл бөлініп келе жатыр. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлерді қолдау мақсатында әзірленген, жүйелі жолға қойылған арнайы мемлекеттік бағдарламалар іске қосылды. Тіпті мүмкіндігі шектеулі адамдардың да жеке кәсіпкерлік пен шағын және орта бизнеспен айналысуына мүмкіндіктер жасалып жатыр. Мәселен, 400 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қайтарымсыз грант кәсіппен айналысқысы келетін халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын өкілдеріне арналған. Мұндағы осал топ дегеніміз, бірінші көпбалалы отбасы, екінші І, ІІ, ІІІ топқа жататын мүгедек жандар, үшінші үгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, төртінші АСП алушылар, бесінші асыраушыларынан айырылғандар, қоныс аударушылар. Одан кейін аталған азаматтар халықтың әлеуметтік жағынан осал тобына жата тұрып, олар жұмыссыз статусында болуы керек немесе жеке кәсіпкерлігі 3 жылға толмауы керек. Сонда ғана грантқа қатысуға мүмкіндігі болады. Бұл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы грант қаражаттары аймақтардағы мансап орталықтары арқылы ұсынылады. Сондай-ақ, мемлекеттік гранттар бастапқы бизнесті іске асыруды жоспарлайтын бағдарламаға қатысушыларға өтеусіз және қайтарымсыз негізде беріледі. Грант конкурс негізінде жүргізіледі. Қатысушы алдын ала «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтіп, тест тапсырып, «Бастау-Бизнесінің» сертификатын алады. Сол сертификат өтінім берушінің грантқа қатысуға мүмкіндігі бар екені негізінде беріледі. Грант саны әр өңірге арнайы бөлінеді. Сол санға байланысты конкурсқа қатысушылар құжаттарын тапсырады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар тұтынушылық мақсаттарға, кредиттік қарыздарды өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдер өндіруге жол берілмейді. Грант алушы грант алған күннен бастап он екі ай ішінде бизнесті кеңейтуге бағытталған шараларды қоспағанда, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға құқылы емес, яғни кредит немесе басқа да бағдарламалар бойынша грант ала алады. Еңбек мобильділігі орталықтары шарт жасалған күннен бастап он екі ай ішінде Портал арқылы қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізе алады.
Келесі ол 5 миллион теңгенің гранты. Биыл бұл грнаттың шарттары өзгерді. Биылғы шарттары бойынша жеке кәсіпкерлік 1 жылдан асуы керек, айналымы болуы қажет және жұмысшы тіркелу керек. Оның 100% жұмысшы деп алатын болсақ, оның 51%-ы қоғамның осал тобынан болуы қажет. Мәселен, 4 жұмысшының үшеуі осал топ немесе 3 жұмысшының екеуі осал топ өкілінен болуы керек. Оларға бір жыл бойы әлеуметтік аударымдар аударылып отыру қажет. Сонымен қатар қатысушы әлеуметтік кәсіпкер ретінде тіркелуі шарт. Содан кейін ғана ол грант конкурсына қатыса алады. Ал, 2,5% пайыздық несие 21 жастан 35 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Қатысушыларды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландырады. Бұл жерде қалаларға арналған 2,5% пайыздық несиеге кепілдік қойылады. Кепілдік қою – пайыздық несиенің басты талаптарының бірі. Кепілге жылжымайтын мүліктен басқа меншіктегі жер немесе арнаулы техниканы қоюға болады. Несие 5 миллионға дейін беріледі. Бұл жерде қатысушының несие тарихы қаралады. Сондай-ақ, несие 5 жылға, яғни 60 айға беріледі. Ал жеңілдік, несие каникулын алу үшін микрокредит алған адам агент атына өтініш жазуы керек болады. 2,5% мөлшерлеме жеңілдікті кезеңге есептеледі, бірақ оны өтеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін. Міне, бүгінде жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында осындай мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып жатыр. Жалпы Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстандағы шағын және орта бизнеспен айналысатын субъектілердің жартысына жуығын, яғни 49%-ын әйелдер басқарады және олар жеке кәсіпкерліктің 59%-ын құрайды екен.
Мемлекеттік грант бағытына келгенде мамандар басты талаптарды ескерген жөн екенін айтады. Яғни, қаржыны міндетті мақсатқа қолдану керек. Бұл дегеніңіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты – қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.
Егер гранттық қаржыны мақсатты пайдаланбаған жағдайда қандай шаралар қолданылады?
Мемлекеттік гранттардың мақсатты пайдаланылуына мониторингті Кәсіпкерлер палатасы жүргізеді. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды. Кәсіпкерлер палатасы шарт жасасқан күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және жобаны сүйемелдеу бойынша сервистік қызмет көрсетуге (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және басқа да қызмет түрлері) жәрдемдеседі. Грант иегері мониторинг барысында грант қаражаттары мақсатыз пайдаланылып, басқа бағытта жұмсалғаны анықталса, бағдарлама талаптарына сәйкес ол жөнінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне грант қаражаттарын қайтару бойынша тиісті шешім қабылдау үшін жолданады. Өз кезегінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант қаражаттарын бюджетке қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарады.
– Қайтарымсыз қаржы алуға үміткерлер жобасын қарайтын комиссия құрамына кімдер енеді?
«- Кәсіпкерлер палатасы жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау үшін атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, салалық сарапшылардың қатысуымен құрамы кемінде 5 адамнан тұратын комиссияны құрады. Комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Жергілікті атқарушы органдар мен Кәсіпкерлер палатасының өкілдері комиссияның төрағасы бола алмайды. Комиссияның хатшысы комиссия отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісу бойынша отырыстар өткізілетін орынды, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелерін алдағы отырыс туралы хабардар етеді, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді. Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығы болмайды.» – дейді мамандар.
«Жастар практикасы» – жұмыс табуға мүмкіндік
Сауран ауданында «Жастар практикасы» бағдарламасы арқылы жастарды жұмыспен қамту белсенді жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаның жемісін көрген жастардың бірі – Жолдасова Диляра. Ол, Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінің тұрғыны. Халықаралық туризм және меймандостық университетінің түлегі, дене шынықтыру және спорт мамандығының иегері. Жас маман жоғарғы оқу орнын тәмамдаған соң, әлеуметтік желіден «Жастар практикасы» туралы хабарландыруды көріп, аудандық мансап орталығына орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген. Қазіргі таңда Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде орналасқан “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің инспекторы болып жұмыс жасайды. Жалпы,«Жастар практикасы» уақытша жұмыс орны болып есептелінеді. Жас мамандар үшін тәжірибе жинақтап, жұмысқа орналасуға зор мүмкіндік.
Жастар практикасы – меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 5 (бес) жыл ішінде оқушының аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған жобалардың бірі.
Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
– Жалақының бір айдағы мөлшері 30 АЕК құрайды.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар:
1) Жеке басты куәландыратын құжат
2) Еңбек қызметін растайтын құжаттарды (бар болса)
3) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар екенін растайтын құжат. Жастар практикасынан өту кезеңі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.
Міне осындай мемлекеттік бағдарламаның қолдауына ие болғандардың тағы бірі – Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінің тұрғыны Дарвешова Ақида. Жас маман Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінде қазақ тілі және әдебиет мамандығын тәмәмдаған. Оқуын аяқтаған соң аудандық «мансап орталығы» мен Сауран ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастырумен өткен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесіне барған. Сол жерде жұмыс орнын тауып, жолдама арқылы білім ордасына жіберілген. Қазіргі таңда Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округінде орналасқан “Дарын kz” орта білім беру мекемесінде қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі болып жұмыс жасайды. Жас маман шәкірттеріне сапалы білім мен трбиелі тәлім беріп, оларды заман талабына сай оқыту мәселесіне де баса назар аударып жүр.
« – Мен өзім мұғалім болуды бала кезден армандайтынмын. Кейін арманымды жүзеге асыру үшін білікті ұстаздардан білім алып, осы бағытта жоғарғы білім алдым. Қазіргі жұмыс орным өзіме қатты ұнайды. Мемлекеттік бағдарламалардың қолдауына шексіз алғыс айтамын. Себебі бұл жастарға берілген мүмкіндік. Өз ойым ұстаз болу деген – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру, шамшырағына айналу. Ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту және шәкіртке ата-анасындай тәрбие сыйлау. Лев Толстой айтқандай- ақ: «Егер ұстаз тек өз мамандығын жақсы көрсе, ол жақсы ұстаз болады. Егер ұстаз тек оқушыларын жақсы көрсе, онда ол барлық кітапты оқып шыққан ұстаздан да үздік болады, бірақ жұмысқа қызығушылығы болмайды. Егер ұстаз жанында жұмыс пен оқушыға деген сүйіспеншілігі тоғысса, ол – нағыз ұстаз.» Мемлекетімізді құрметтеу жауапкершілігін шәкірттеріне жеткізіп дарыту білім берушінің басты парызы деп білеиін. Мұғалім дегеніміз – өз ісімен, сөзімен, жүріс- тұрыс мәдениетімен, жұмыс орнында және одан бөлек қоғамда Тәуелсіз еліміздің эталондық бейнесіне айналу екені анық. Міне мен осы мақсатта нағыз маман ретінде танылғым келеді. Жаһандану дәуіріне қадам басып, әлемдік аренаға жол тартып, тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастау- бұлағы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Ахмет Байтұрсыновтың өзі «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Білектің емес, білімнің күшімен ілгерілейтін жаңа заманда ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші – білім деңгейімен өлшенеді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы ретінде бағалауға болады. Бұл орайда мемлекетіміз мұғалімдердің беделін көтеруде жан-жақты қолдау көрсетіп, білім саясатына басымдық беріп келеді. Мемлекет басшысының өзі жолдауларында, үлкен жиындарда ұстаз беделін қоғам алдында көтеру бағытында нақты тапсырмаларын беруде. Тәуелсіз еліміз межелеп отырған қандай міндеттерге болса да жас ұрпақты дайындап отырған ұлағатты ұстаздарымызды құрметтеу – адамзаттық ұлы борышымыз деп білемін.» – дейді жас маман Дарвешова Ақида.
Айта кетейік, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бір бағыты колледждер мен жоғары оқу орындарын бітірген және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ бітірушілері үшін жастар практикасы бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру. Оған тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде бар жұмыссыз жастар қатыса алады. Жастар практикасында істейтіндер мемлекет есебінен қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 275 бұйрығымен бекітілген «Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» қағидаға сәйкес білім беру ұйымдарын алдыңғы 5 жыл ішінде бітірген және 35 жастан аспаған жұмыссыз түлектер жастар практикасына қатысушылар ретінде белгіленеді.
Жастар практикасын өту үшін жұмыс орындары меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылады. Сонымен бірге, жұмыс орындары түлектің білім беру ұйымында алған кәсібіне (мамандығына) сәйкес болуы тиіс.
Таукент кентінде тұрғындардың талап-тілектері негізінде тиісті жұмыстар атқарылуда
Созақ аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Таукент кентінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның дамуындағы жетістіктер мен алдағы жоспарларды баяндады. Сондай-ақ Таукент кентінде биылғы жылы тұрғындардың талап-тілектері негізінде тиісті жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Биыл кенттегі «Шолаққорған-су» КММ мекемесінің орталықтандырылған жылу қазандықтарында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауыстырылды. Қазіргі уақытта Таукент кентіндегі жылу қазандығында 2275 тонна мазут қоры бар. Тасымалдау жұмыстары әлі де жалғасуда деді аудан әкімі.
Еске сала кетсек, биылғы жылдан бастап, Таукент кентіндегі жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауыстырылған болатын. Осыған дейін жылу трассасы мен жүйенің техникалық тексерісі жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кент ішіндегі ішкі орамдық жылу құбырының 1110 метрлік бөлігінің қайта жаңғыртылуы, қазандықтың жарамсыз қосалқы бөлшектерінің алмастырылуы, сондай-ақ задвижкалар мен сорғылардың жаңартылуы сығымдау жұмыстары арқылы тексерістен өткізілді. Қазіргі таңда кент тұрғындарына жылу температуралық кестемен тұрақты түрде берілуде.
Айта кетейік, ағымдағы жылдан бастап Таукент және Қыземшек кенттеріндегі жылу жүйесі толықтай сұйық отынға ауысып, өзекті болып тұрған мәселелер өз шешімін тапты. Бүгінге дейін Қыземшек кенті ішінде ішкі орамдық жылу құбырының 910 метр жылу трассасы мен жарамсыз қосалқы бөлшектері және 120 дана «задвижкалар» алмастырылып, сығымдау жұмыстарын жүргізу арқылы тексерістен өткізілді. Сондай-ақ жылу қазандығы ішіндегі сорғылар мен сұйық отынды айдайтын жүйесі толықтай жаңартылды. Ғимарат ішіндегі қабырғаларды әктеу, сырлау жұмыстарымен қатар, тозығы жеткен есік, терезелер ауысып, еденінің 1000 шаршы метріне бетон жаймасы төселген.
Сонымен қатар Таукент кенті тұрғындарының қауіпсіздігін арттыру мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды. Жыныс ата, Көкжиек, Тойшыұлы, Кіші коттедж, Мыңжылқы, Келіншектау, Байтерек және Кеңесбаев көшелері орташа жөндеуден өтуде. Бұған қоса, Тоқмағанбетов, Ш. Бекжанов, С. Тайшыұлы, І. Кеңесбаев және Жыныс ата көшелеріне көше жарықшамдарымен қамтылды. Демеушілердің қолдауымен Жыныс ата елді мекенінде балаларға арналған ойын алаңы салынып, жастарға қолайлы жағдай жасалуда.
Кездесу барысында тұрғындар ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, алдағы жоспарларды талқылады. Созақ ауданына тартылып жатқан инвестициялар туралы да айта өтсек. 2027 жылға дейін ауданда 1 триллион теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, келер жылы жоба құны 100 миллиард теңге болатын «Қазатомпром» компаниясының күкірт қышқылын өндіретін зауыт құрылысы басталады. «Маңғышлақ-Мұнай» компаниясы табиғи газ өндіру кәсіпорнының құрылысы басталады деп жоспарлану үстінде. Жоба құны — 89 миллиард теңге. 130 миллиард теңгеге «Созақ Фосфат» компаниясының минералды тыңайтқыш өндіру зауыты салынып, 1 мың адам жұмыспен қамтылады. «Састөбе инновациялық комплексі» каустикалық содаға арналған тұз сақтау қоймасы құрылысын бастайды. Қоймада жылына 100 мың тонна тұз сақтауға мүмкіндік болады. «Созақ мұнай және газ» компаниясы қуаттылығы 2 миллиард текше метр болатын газ өндіру жобасын іске асыруды жоспарлап отыр. Жобаның құны 700 миллиард теңгені құрайды. Созақ ауданы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы Созақ, Құмкент, Шолаққорған және Жартытөбе ауылдық округтерінде іске асырылуда. 4 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 76 жоба мақұлданды. Бағдарламаның жүзеге асу барысы облыс әкімінің жіті бақылауында тұр. Пилоттық жоба бойынша несиелендіру өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары секілді 6 бағытта жүзеге асырылады. Сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндіктері бар. Бағдарламаның іске асырылуы тұрғындарды жұмыспен қамту арқылы жеке табысын ұлғайтуға, ауылдардағы мүлікті және бизнестің жаңа субъектілерін тіркеу арқылы 4-деңгейдегі бюджеттің салық базасын ұлғайтуға, толық циклді қайта өңдеу өндірістерін құру есебінен жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ кездесуде тұрғындар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, сұрақтарын жолдады. Жиын соңында аудан басшысы бірқатар тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштерін мұқият тыңдады. Көтерілген мәселелердің шешу жолдары талқыланып, тиісті мамандарға нақты тапсырмалар берілді.