Архив рубрики: Ақпарат

Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді

 

🔹«Үйден дауыс беруге қалай болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?», «Егер сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, не істеу керек?» деген және басқа да сұрақтарға Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында қолжетімді Sailau AI ЖИ-көмекшінің көмегімен оңай жауап алуға болады.

🔹ИИ-көмекші мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы, аптасына 7 күн ақпарат ұсынады.
Ол AlemLLM тілдік моделі негізінде әзірленген.

🔹ИИ-көмекші Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты іздеуге және ұсынуға арналған.

🔹Sailau AI көмекшісін Telegram мессенджерінен де табуға болады.
Ұсынылатын жауаптардың сапасы мен дәлдігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ассистентті кезең-кезеңімен қосымша жетілдіру жұмыстары қатар жүргізілуде.

МАҚТААРАЛДА ЕҢБЕК НАРЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

Қазіргі таңда еңбек нарығындағы басты талаптардың бірі – жұмыс берушілердің нақты сұранысына сай білікті кадр қалыптастыру. Кәсіпорындар мен ұйымдардың дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және өндіріс көлемінің артуы кәсіби мамандарға деген қажеттілікті күшейтуде. Осыған байланысты Мақтаарал ауданында халықты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстармен қатар, әртүрлі салаларға қажетті кадрларды даярлаудың жаңа моделін қалыптастыруға ерекше мән берілуде. Бұл бағытта аудандық мансап орталығының мамандары жұмыс берушілер арасында кәсіптік оқыту мүмкіндіктері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Кездесулердің негізгі мақсаты – еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты өзара сәйкестендіріп, азаматтардың жаңа кәсіп меңгеруіне, кәсіби біліктілігін арттыруына және тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік жасау.

Кәсіптік оқыту – жұмыссыз азаматтарды еңбек нарығына бейімдеудің тиімді тетіктерінің бірі. Себебі қазіргі таңда жұмыс берушіге тек еңбек етуге дайын адам ғана емес, белгілі бір кәсіпті меңгерген, заманауи талаптарға жауап бере алатын білікті маман қажет. Сондықтан маман даярлау үдерісінде жұмыс берушілердің нақты қажеттілігін ескеру маңызды. Аудандық мансап орталығы өкілдері жұмыс берушілерге қызметкерлердің сұранысқа ие мамандықтарды меңгеруіне жағдай жасау, кәсіби біліктілігін арттыру және кәсіптік оқытудан өткен азаматтарды кейін тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін түсіндіруде. Сонымен бірге кәсіптік оқытуға қатысу тәртібі, қойылатын талаптар мен азаматтарға көрсетілетін қолдау шаралары жөнінде ақпарат берілуде. Мұндай жұмыстардың маңызы еңбек нарығындағы өзгерістермен тікелей байланысты. Бүгінде ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, өндіріс, құрылыс, техникалық және басқа да салаларда кәсіби мамандарға сұраныс бар.

Әсіресе жұмыс берушілердің қажеттілігіне қарай қысқа мерзімді оқыту арқылы нақты кәсіпті меңгерту азаматтардың еңбек нарығына тезірек араласуына жол ашады. Жаңа кадр даярлау моделінің ерекшелігі – маман даярлау үдерісін тек оқу орнымен шектемей, жұмыс берушінің қажеттілігімен байланыстыру. Яғни қандай маман қажет екені алдын ала зерделеніп, сол сұранысқа сәйкес кадр дайындау маңызды. Бұл бір жағынан кәсіпорындардың білікті жұмысшыға деген қажеттілігін өтеуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан азаматтардың оқуды аяқтағаннан кейін жұмыссыз қалу тәуекелін азайтады. Осы тұрғыдан алғанда, жұмыс берушілермен тұрақты байланыс орнату – жұмыспен қамту саясатының маңызды бөлігі. Кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары мен кадр қажеттілігі туралы ақпараттың жүйелі түрде саралануы қандай мамандықтарға басымдық беру керектігін анықтауға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде кәсіптік оқыту бағдарламаларын еңбек нарығының нақты сұранысына бейімдеуге жол ашады.

Мақтаарал ауданында жұмыспен қамтуды арттыруға бағытталған жұмыстар халықтың табысын көбейту міндетімен де сабақтас. Азаматтың тұрақты мамандық иесі болуы оның тұрақты табыс табуына, отбасының әлеуметтік жағдайын жақсартуына және экономикалық белсенділігін арттыруына ықпал етеді. Сондықтан кәсіби оқыту тек жұмысқа орналастырудың уақытша құралы емес, адамның еңбек әлеуетін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырылады. Сонымен бірге еңбек нарығына қажетті кадрларды даярлау жастар үшін де маңызды мүмкіндік болып отыр. Мамандық таңдаған жас азаматтың сол кәсіп бойынша нақты жұмыс орнына орналасу мүмкіндігі жоғары болса, оның кәсіби жолын ертерек қалыптастыруға жағдай жасалады. Бұл ретте жұмыс берушілердің жастарды тәжірибеден өткізуі, кәсіби машықтануына мүмкіндік беруі және білікті маман ретінде қалыптасуына қолдау көрсетуі маңызды.

Кәсіптік оқытудың тиімділігі тек азаматтың сертификат алуымен емес, оның алған білімін іс жүзінде пайдаланып, тұрақты еңбекке араласуымен өлшенеді. Сондықтан оқыту мен жұмыспен қамту арасындағы байланысты күшейту – басты міндеттердің бірі. Осы мақсатта жұмыс берушілермен бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу еңбек нарығындағы кадр тапшылығын азайтуға ықпал етеді. Жалпы, Мақтаарал ауданында жұмыспен қамту саласындағы шараларды жаңа талаптарға бейімдеу арқылы еңбек нарығының сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік бар. Білікті кадр – кез келген кәсіпорынның тұрақты дамуының негізгі тірегі. Ал кәсіби маман даярлау, оны жұмыс берушінің сұранысымен ұштастыру және азаматты тұрақты еңбекке бағыттау – халықтың кірісін арттыруға бастайтын нақты қадам. Сондықтан алдағы уақытта да жұмыс берушілердің қажеттілігін зерделеу, сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқыту көлемін арттыру, кәсіби біліктілікті жетілдіру және оқудан өткен азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру маңызды. Бұл – ауданның еңбек әлеуетін күшейтіп қана қоймай, тұрғындардың тұрақты табысқа қол жеткізуіне және жергілікті экономиканың дамуына ықпал ететін тиімді бағыт.

23 тамыз – Қазақстанның жаңа саяси кезеңіндегі маңызды белес

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстанда алғаш рет Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – елдің саяси жүйесінде қалыптасқан жаңа институционалдық модельдің іс жүзінде іске қосылуын айқындайтын маңызды саяси науқан. Сайлау қорытындысы бойынша бес жылдық өкілеттік мерзімге Қазақстан Республикасының жаңа бір палаталы заң шығарушы органы – Құрылтайдың 145 депутаты сайланады.

Алдағы сайлаудың басты ерекшелігі – оның елдің жаңарған конституциялық-құқықтық жүйесі аясында өтуінде. 2026 жылғы конституциялық өзгерістердің күшіне енуімен Қазақстанның заң шығару жүйесінде жаңа институционалдық модель қалыптасты. Соған сәйкес бұрынғы екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылып, заң шығару қызметін ұйымдастырудың жаңа форматы белгіленді.

Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстан Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі Жарлығымен 23 тамызға тағайындалды. Жаңа өкілді органның құрамына 145 депутат енеді. Олар жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Депутаттарды сайлау ел азаматтарының жаңа заң шығарушы органды қалыптастыруға тікелей қатысуына мүмкіндік береді.
Жаңа саяси модельдің қалыптасуы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң шығару процесін жаңаша ұйымдастыруға және өкілді биліктің тиімділігін арттыруға бағытталған. Осы тұрғыдан алғанда, Құрылтайдың алғашқы сайлауы – тек жаңа депутаттық корпусты қалыптастырумен шектелмейтін, жаңарған саяси институттың жұмыс істеу қабілетін айқындайтын маңызды кезең.

Алдағы бес жыл ішінде Құрылтай депутаттары елдің заңнамалық базасын жетілдіруге, қоғамдық қатынастарды реттейтін заң жобаларын қарауға және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға қатысады. Сондықтан жаңа органның құрамын қалыптастыруда азаматтардың таңдауы айрықша мәнге ие.
Бұл сайлаудың тағы бір ерекшелігі – қоғамның әртүрлі топтарының өкілдігін қамтамасыз етуге бағытталған талаптардың ескерілуі. Партиялық тізімдерде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігі қарастырылған. Мұндай тетіктер жаңа заң шығарушы орган құрамының әлеуметтік тұрғыдан барынша алуан болуына мүмкіндік беріп, қоғамдық мүдделердің заң шығару процесінде кеңірек ескерілуіне жағдай жасайды.
23 тамыздағы дауыс беру нәтижесінде қалыптасатын Құрылтай Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын жаңа өкілді орган ретінде жұмысын бастайды. Оның қызметі елдегі жаңа саяси модельдің тиімділігін іс жүзінде көрсететін негізгі көрсеткіштердің біріне айналмақ.

Осылайша, 2026 жылғы 23 тамыздағы Құрылтай депутаттарының сайлауы Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіретін маңызды тарихи белес болмақ. Бұл күн жаңа конституциялық модельдің алғашқы саяси нәтижесін айқындап қана қоймай, азаматтардың елдің алдағы даму бағытын қалыптастыруға қатысуының маңызды тетігі ретінде де ерекшеленеді.

ТУРКЕСТАН: В САЙРАМСКОМ РАЙОНЕ ПО АВСТРАЛИЙСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ НАЧАТО СТРОИТЕЛЬСТВО СКОТНОЙ БИРЖИ СТОИМОСТЬЮ 5,2 МЛРД ТЕНГЕ

Аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров в ходе рабочей поездки в Сайрамский район принял участие в церемонии закладки капсулы под строительство скотной биржи по австралийской технологии в селе Аксу Аксукентского сельского округа и отметил важность проекта для экономики региона.

– Сегодня мы являемся свидетелями еще одного важного события на исторической земле Сайрама – церемонии закладки капсулы проекта скотной биржи компании «RED GOLD» в селе Аксу. Глава государства отмечал, что привлечение инвестиций, развитие сельского хозяйства и создание новых рабочих мест являются важным направлением повышения экономического потенциала регионов. Сегодняшний проект – яркое свидетельство практической реализации этих поручений. Скотная биржа «RED GOLD» – это масштабный и важный проект, не имеющий аналогов в нашей стране. Этот проект – одна из значимых инициатив, направленных на повышение инвестиционного потенциала Туркестанской области, вывод сферы сельского хозяйства на новый уровень и диверсификацию региональной экономики.

Мы всегда поддерживаем инициативы, создающие благоприятные условия для инвесторов и повышающие экономический потенциал региона. Выражаю благодарность инвесторам и гражданам, внесшим свой вклад в реализацию этого благого начинания. Уверен, что строительство объекта будет успешно завершено и послужит на благо народа! – сказал глава региона.

Проект реализуется ТОО «RED GOLD». На сегодняшний день в рамках проекта получены коммерческие предложения от австралийских компаний, ведутся соответствующие работы. Изготовление каркасов из металлоконструкций осуществляется турецкой компанией «Agro Fine».

Общая стоимость проекта составляет 5,2 млрд тенге. Из них 4,7 млрд тенге – льготный кредит, а 500 млн тенге финансируются за счет собственных средств инвестора. Площадь земельного участка – 24 гектара. Планируется, что 30% строительных материалов будут доставлены из Австралии, а 70% – из Турции.

Строительно-монтажные работы на скотной бирже начались в мае текущего года, в настоящее время на строительной площадке ведутся работы. На сегодня со стороны инвестора начаты подготовка строительной площадки и работы по закладке фундамента объекта. Реализацию данного масштабного проекта планируется завершить в 2026-2027 годах. После полного ввода предприятия в эксплуатацию оно сможет единовременно принимать 5000 голов крупного рогатого скота, 4000 лошадей и 10 тысяч голов мелкого рогатого скота. Кроме того, в рамках проекта будет создано более 20 новых рабочих мест, а средняя заработная плата сотрудников ожидается на уровне 300 тысяч тенге.

Проект окажет огромное влияние на организацию торговли скотом в регионе в соответствии с международными требованиями, расширение рынков сбыта сельскохозяйственной продукции и повышение экспортного потенциала.

САУРАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Сауран ауданында қоғамның құқықтық қауіпсіздігін күшейту және азаматтарды қаржылық алаяқтықтан қорғау мәселелеріне арналған «Қаржылық қауіпсіздік: алаяқтықтан сақтан!» атты ақпараттық форум ұйымдастырылды. Кездесуге құқық қорғау және қаржы саласының мамандары, мемлекеттік мекеме өкілдері мен жастар қатысып, қазіргі кезеңдегі қаржылық қатерлер жөнінде пікір алмасты. Іс-шараның өзегі – тұрғындарға алаяқтықтың алдын алу тетіктерін түсіндіру ғана емес, күнделікті өмірде қаржылық шешім қабылдау кезінде жауапкершілікпен әрекет ету мәдениетін қалыптастыру болды. Бұл бағыттағы жұмыс «Заң және тәртіп» қағидатының мазмұнымен тікелей сабақтасып, қоғам мүшелерінің құқықтық санасын нығайтуға бағытталды.

Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев модератор ретінде сөз сөйлеп, форумның маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық сервистердің кең таралуы адамдардың қаржылық операцияларды қашықтан орындауын жеңілдеткенімен, сонымен бірге жаңа қауіптердің пайда болуына жол ашты. Сондықтан азаматтар кез келген қаржылық ұсынысқа сыни көзқараспен қарап, өз қауіпсіздігін бірінші орынға қоюы қажет.

 

 

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бірінші жедел басқармасының аға жедел өкілі Жанболат Тұрапбай қаржылық сипаттағы құқық бұзушылықтарға қатысты кеңінен түсінік берді. Баяндамада алаяқтардың адамдарды сендіру үшін қолданатын түрлі әдістері, жалған инвестициялық ұсыныстар, күмәнді ақша аударымдары және азаматтардың жеке мәліметтерін заңсыз пайдалану мәселелері қозғалды. Маман қаржылық операция кезінде адамның өз шотын бақылауда ұстауы маңызды екенін атап өтті. Әсіресе бейтаныс тұлғаның өтінішімен ақша аудару, өз атына несие рәсімдеп беру немесе банк шотын басқа адамның пайдалануына ұсыну сияқты әрекеттердің салдары ауыр болуы мүмкін екені түсіндірілді.

 

 

Форумда қаржылық сауаттылықтың практикалық қырларына да назар аударылды. Қатысушыларға күмәнді ұсынысты бағалау кезінде оның қайдан келгенін анықтау, ресми ақпарат көздеріне жүгіну, құжаттар мен шарттарды асықпай оқу, түсініксіз жағдайда мамандардан кеңес алу қажеттігі айтылды. Өз кезегінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның аға менеджері Досалы Мұсаханов банк қызметтерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік мәселелерін түсіндірді. Ол клиенттердің картасына қатысты мәліметтерді, парольдерді және телефонға келетін бір реттік кодтарды бөтен адамдарға айтпау қажеттігін еске салды.

Сонымен бірге телефон арқылы өзін банк қызметкері, полиция немесе басқа да ұйым өкілі ретінде таныстырып, азаматтан белгілі бір әрекетті талап ететін адамдарға сақтықпен қарау керектігі айтылды. Күмән туындаған жағдайда әңгімені тоқтатып, ұйымның ресми байланыс арналары арқылы ақпаратты қайта нақтылау ұсынылды.

 

 

Мамандар интернеттегі жалған жарнамалар мен арзан бағадағы күмәнді ұсыныстарға да тоқталды. Әлеуметтік желілерде немесе мессенджерлерде таралған кез келген ақпаратты шынайы деп қабылдамай, оның дереккөзін тексеру қажеттігі түсіндірілді. Өйткені алаяқтық әрекеттердің бір бөлігі адамның қызығушылығы мен асығыс шешім қабылдауына негізделеді. Форумның соңғы бөлігінде жастар өздерін қызықтырған мәселелер бойынша мамандарға тікелей сауал жолдады. Сұрақтар онлайн несие, банк карталарын пайдалану, күмәнді қоңыраулар, әлеуметтік желілердегі жалған аккаунттар, жеке мәліметтердің таралуы және интернеттегі қаржылық операциялардың қауіпсіздігі төңірегінде өрбіді.

 

 

Ашық пікір алмасу барысында қатысушылар қаржылық қауіпсіздік тек банк немесе құқық қорғау органдары қамтамасыз ететін сала емес екенін түсінді. Әр азаматтың өз қаржысына мұқият қарауы, бөтен адамның сөзіне бірден сенбеуі және заң талаптарын білуі – алаяқтыққа қарсы қорғаныстың маңызды бөлігі.

 

 

Сауран ауданында мұндай кездесулердің өткізілуі «Қауіпсіз қоғам» идеясын нақты мазмұнмен толықтыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық қауіпсіздік тек көшелердегі тәртіппен өлшенбейді. Азаматтың интернеттегі, банк жүйесіндегі және күнделікті қаржылық қарым-қатынастардағы қауіпсіздігі де осы ұғымның құрамдас бөлігі. Заңның үстемдігі азаматтардың заң талаптарын білуінен және оны орындауға деген ішкі жауапкершілігінен қалыптасады. Ал алаяқтыққа жол бермеу үшін қоғамда сақтық, құқықтық сауат және өзара жауапкершілік құндылықтарын орнықтыру қажет.

Форум қорытындысы осы бағыттағы ақпараттық жұмыстарды жалғастырудың маңызын көрсетті. Әсіресе жастар арасында қаржылық шешімдерді сауатты қабылдау дағдысын қалыптастыру, интернет кеңістігіндегі қауіптерді ажырата білу және күмәнді жағдайларда дұрыс әрекет ету жөніндегі түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да назарда болмақ.

 

 

Қаржылық қауіпсіздікке немқұрайлы қарамау – жеке мүлікті қорғаудың ғана емес, құқық бұзушылықтың алдын алуға үлес қосудың да бір жолы. Сауатты әрі сақ қоғам ғана алаяқтықтың таралуына тосқауыл қойып, «Заң және тәртіп» қағидатын күнделікті өмірде орнықтыра алады.

БАБАЙҚОРҒАН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚОҒАМДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ТАҚЫРЫПТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сауран ауданының Бабайқорған ауылдық округінде қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған тағылымды кездесу өтті. Тұрғындармен өткен жиынға Нұрлан Байжігітұлы қатысып, қазіргі қоғам үшін маңызды бірқатар мәселелер бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайту, жастар арасында жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және әлеуметтік мәселелердің алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту.

Жиын барысында қоғам өміріндегі өзекті тақырыптардың барлығы өзара сабақтастықта қарастырылды. Атап айтқанда, зайырлылық қағидаттары, заң мен тәртіпті сақтау, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, лудоманияның зардаптары, ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау, ақпараттық гигиена және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының маңызы туралы жан-жақты сөз болды.

Кездесуде зайырлы мемлекет қағидатының мәніне ерекше назар аударылды. Зайырлылық – дінге қарсы ұғым емес, керісінше мемлекет пен дін саласының өзара заңмен реттелуін қамтамасыз ететін маңызды қағидат екені түсіндірілді. Қоғамда әр азаматтың діни сеніміне құрметпен қарауымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамаларын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Сонымен бірге заң мен тәртіп қағидатының қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі айтылды. Құқықтық мемлекетте әрбір азамат өз құқығын біліп қана қоймай, өз міндеті мен жауапкершілігін де түсінуі қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын орындау, өзге азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарау – қауіпсіз ортаны қалыптастырудың басты шарттарының бірі. Кездесу барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мәселесіне де баса мән берілді. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың кең таралуына байланысты түрлі діни мазмұндағы ақпараттар әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарында еркін таралуда. Осындай жағдайда азаматтардың ақпаратты талдап, оның қаншалықты сенімді екенін ажырата білуі маңызды.

Нұрлан Байжігітұлы діни сауаттылықтың маңызын атап өтіп, жастардың күмәнді діни ағымдар мен деструктивті идеялардың ықпалына түспеуі үшін дұрыс білім мен сенімді ақпарат көздеріне сүйенуі қажеттігін айтты. Әсіресе жасөспірімдер мен жастардың интернет кеңістігіндегі қауіптерден сақтануы, белгісіз адамдардың үгіт-насихатына ермеуі және кез келген ақпаратқа сыни көзқараспен қарауы керектігі түсіндірілді.

Кездесуде соңғы жылдары қоғам үшін маңызды мәселелердің біріне айналған лудомания тақырыбы да кеңінен қозғалды. Құмар ойынға тәуелділіктің адамның жеке өміріне ғана емес, оның отбасына, әлеуметтік ортасына және жалпы қоғамға кері әсер ететіні айтылды. Ойынға қызығушылықтың уақыт өте келе тәуелділікке айналып, адамның қаржылық жағдайына, психологиялық ахуалына және жақындарымен қарым-қатынасына зиян келтіруі мүмкін екені түсіндірілді.

Осы ретте отбасы тәрбиесінің маңызы ерекше екені атап өтілді. Бала мен жасөспірімнің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа, білімге, шығармашылыққа және пайдалы қоғамдық жұмыстарға бағыттау – түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алудың тиімді жолдарының бірі. Жастардың дұрыс орта қалыптастыруы мен өз болашағына жауапкершілікпен қарауы да маңызды.

Тағылымды кездесудің тағы бір маңызды бағыты – ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтау болды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі, үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, отбасылық тәрбие, еңбекқорлық, отансүйгіштік, бірлік пен татулық секілді құндылықтар ұрпақ тәрбиесінің негізі екені айтылды. Ұлттық құндылықтарды сақтау тек өткенді құрметтеу емес, оны қазіргі заман талабына сай келесі ұрпаққа жеткізу екенін түсінудің маңызы зор. Әсіресе жастардың өз тарихын, мәдениетін, тілін және дәстүрін білуі олардың азаматтық ұстанымының қалыптасуына ықпал етеді.

Кездесуде ақпараттық гигиена мәселесі де назардан тыс қалмады. Бүгінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы ақпараттың таралу жылдамдығы артқан. Алайда ақпараттың көп болуы оның барлығы шынайы дегенді білдірмейді. Жалған ақпарат, арандатушылық сипаттағы жазбалар, тексерілмеген мәліметтер қоғам арасында түсініспеушілік туғызуы мүмкін.

Осыған байланысты тұрғындарға ақпаратты бірнеше дереккөз арқылы тексеру, ресми ақпаратқа басымдық беру, күмәнді сілтемелер мен белгісіз парақшалар тарататын мәліметтерге сақтықпен қарау қажеттігі айтылды. Ақпараттық сауаттылық пен сыни ойлау қазіргі қоғам мүшесі үшін маңызды дағды екені атап өтілді.

Сонымен қатар «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасының маңызы жөнінде де сөз қозғалды. Қоршаған ортаның тазалығы – тек мемлекеттік органдардың немесе коммуналдық қызметтердің міндеті емес, әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Аула, көше, елді мекен тазалығын сақтау, табиғатты қорғау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру қоғамның жалпы мәдениетінің көрсеткіші екені айтылды. Тазалықты сақтау мәселесі тек санитарлық талаптарды орындаумен шектелмейді. Ол азаматтардың туған жеріне деген құрметінен, қоғамдық ортаға жауапкершілікпен қарауынан және кейінгі ұрпаққа таза әрі қолайлы орта қалдыру ниетінен көрінеді. Осы бағытта тұрғындардың белсенділігі мен ортақ іске атсалысуы маңызды.

Кездесу барысында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау әр азаматтың күнделікті іс-әрекетінен басталатыны атап өтілді. Заңға құрметпен қарау, қоғамдық тәртіпті сақтау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастарға дұрыс бағыт көрсету, жалған ақпаратқа ермеу және қоршаған ортаны қорғау – барлығы қауіпсіз әрі орнықты қоғам қалыптастыруға ықпал етеді. Нұрлан Байжігітұлы өз сөзінде жастардың білім алуы мен өзін-өзі дамытуына ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтып, оларды саналы өмір салтын ұстануға, уақытты тиімді пайдалануға, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге шақырды. Жастардың белсенді әрі білімді болуы елдің болашағына тікелей әсер ететіні айтылды.

Жиын соңында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, көтерілген тақырыптар төңірегінде еркін пікір алмасты. Қатысушылар үшін қоғамдағы өзекті мәселелерді ашық талқылап, қажетті түсініктемелер алу маңызды болғанын атап өтті.

Мұндай кездесулердің басты мәні – тұрғындарға ақпарат жеткізумен ғана шектелмей, қоғамдағы жауапкершілік пен өзара құрмет мәдениетін қалыптастыру. Әсіресе жастар арасында құқықтық, діни және ақпараттық сауаттылықты арттыру, ұлттық тәрбиені күшейту, әлеуметтік қауіптердің алдын алу бағытындағы жұмыстардың жүйелі түрде жүргізілуі маңызды. Бабайқорған ауылдық округіндегі кездесу осы бағыттағы түсіндіру жұмыстарының бір көрінісі болды. Қоғамдық қауіпсіздік, заң мен тәртіп, рухани тәрбие, ұлттық құндылықтар және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бір-бірімен тығыз байланысты екені тағы бір мәрте айқындалды.

Зайырлылық қағидаттарын сақтау, заңға құрметпен қарау, діни сауаттылықты арттыру, лудомания сияқты әлеуметтік мәселелердің алдын алу, ұлттық тәрбиеге мән беру, ақпаратты дұрыс саралау және тазалыққа жауапкершілікпен қарау – тұрақты әрі қауіпсіз қоғам құрудың маңызды негіздері. Осындай мазмұнды кездесулердің жүйелі түрде өткізілуі тұрғындардың қоғамдық мәселелерге деген көзқарасын қалыптастырып, азаматтық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді. Ал қоғамдағы тұрақтылық пен бірлік әр адамның ортақ іске қосқан үлесінен басталады.

«Туризм – үлкен мүмкіндіктер аумағы»

Түркістан облысы тарихын, табиғатын жәнеөңір энергиясын заманауи туристік өнімдергеқалай айналдырып жатыр?

 

«Open Turkistan» туристік ақпараттықорталығы» ЖШС бас директоры Асқар Абубакировпен сұхбат

 

Бүгінде Түркістан – тек ежелгі руханиятастанасы әрі зиярат ету орны ғана емес. Бұл – заманауи бағыттар, цифрлық сервистер, халықаралық әріптестік, жаңа демалыс нысандарыжәне өңірдің өзіндік бірегей болмысынқалыптастыру арқылы Орталық Азиядағы еңтанымал туристік орталықтардың біріне айналуғаұмтылып отырған аймақ.

 

2025 жылы облыста ресми статистика бойыншашамамен 304 мың турист орналастырылған. Ал біркүндік келушілер мен зияратшыларды қосаесептегендегі ішкі бағалаулар нақты туристікағынның бұдан әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді.

 

2026 жылдың қаңтар–мамыр айлары аралығындаөңірге 143 мыңнан астам турист келген. Бұл өткенжылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен15,6 пайызға көп. Туристердің басым бөлігінқазақстандықтар құрайды. Сонымен қатар шетелдікқонақтардың саны да артып келеді. Олардыңқатарында Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Еуропа елдері, Жапония жәнеОңтүстік Корея азаматтары бар.

 

«Біздің міндетіміз – Түркістан туралы жай ғанаақпарат тарату емес. Адам өңірге келмей тұрып-ақ саяхатты ыңғайлы, түсінікті, әсерлі әріқолжетімді етуіміз керек».

 

Статистикадан жаңа туристік шынайылыққа

 

— Асқар, 2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқыайларындағы нәтижелердің қайсысын еңмаңызды деп санайсыз?

— Бір ғана көрсеткішке емес, жалпы динамикағақарау маңызды. Ресми статистика бойынша, 2025 жылы Түркістан облысының орналастыруорындарында шамамен 304 мың турист тоқтаған. Сонымен қатар біз нақты туристік ағынның бұданәлдеқайда жоғары екенін түсінеміз. Себебі біркүндік келушілер, зияратшылар, транзиттіктуристер, ұлттық парктер мен табиғи нысандарғабаратын адамдар, туыстарына келіп, өз бетіншесаяхаттайтын азаматтар да бар. 2026 жылдыңалғашқы бес айында туристік ағын 143 мыңадамнан асып, өсім шамамен 15,6 пайызды құрады. Бұл біз үшін жақсы белгі. Өңірге дегенқызығушылықтың тұрақты түрде артып кележатқанын және Түркістанның туристік бағытретінде танымалдығы өсіп жатқанын көрсетеді.

Әсіресе Түркістан облысының тек ішкі туристерүшін ғана емес, шетелдік қонақтар үшін де қызықты болуы маңызды. 2026 жылдың алғашқыайларында шетелдік туристер арасында Өзбекстан, Қытай, Түркия, Ресей және Қырғызстан азаматтарыбасым болды. Сонымен қатар Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония және Оңтүстік Кореяданкелген қонақтар да бар. Бұл өңірдің шын мәніндехалықаралық туристік әлеуетке ие екенін көрсетеді. Алайда цифрлардың өзі бізді тоқмейілсітпеуі керек. Туристік ағынның өсуі бізден қызмет көрсетусапасын, ақпараттық жүйені, көлікті, навигацияныжәне жаңа туристік өнімдерді одан әрі жетілдірудіталап етеді.

— Неліктен бүгінгі таңда туризмді тек демалыссаласы деп қарауға болмайды деп ойлайсыз?

— Өйткені туризм ұзақ экономикалық тізбектіқалыптастырады. Турист билетке, трансферге, қонақүйге, тамақтануға, экскурсияға, кәдесыйға, гид қызметіне, мұражайға немесе табиғи аумаққабаруға ақша жұмсайды. Ал оның сапарыныңартында кәсіпкерлер, қолөнершілер, дизайнерлер, фермерлер, тасымалдаушылар, маркетологтар, фотографтар, IT-мамандар және басқа да ондағанмамандық иелері тұр. Түркістан облысы үшінтуризмнің маңызы ерекше. Бізде жасанды түрдежасау мүмкін емес дүниелер бар: мыңдағанжылдық тарих, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, ежелгіқалашықтар, киелі нысандар, таулар, шатқалдар, қорықтар, далалар, ұлттық тағамдар, қолөнердәстүрлері және өңірге тән ерекше энергия. Біздіңміндетіміз – осы мұраны заманауи басқару мен сервисті ұштастыру. Сонда туризм жай ғана«көрікті сала» емес, шағын бизнестің, жұмыспенқамтудың және инвестициялық тартымдылықтыңнақты драйверіне айналады.

 

Жарнама жасау емес, экожүйе қалыптастыру

 

— Сіз «экожүйе» сөзін жиі қолданасыз. Open Turkistan қызметіне қатысты бұл ұғым ненібілдіреді?

— Бұған дейін өңірді ілгерілету көбіне жекебейнероликтер, көрмелер немесе жарияланымдарарқылы жүзеге асатын. Біз басқа жолды таңдадық. Туристке бір ғана жарнамалық жазба емес, саяхаттың тұтас логикасы қажет: ақпаратты қайданалады, қалай жетеді, нені көреді, қайда тоқтайды, не жейді, нені сатып алады, гидті қайдан табадыжәне демалыс күндері қайда бара алады. Сондықтан біз бір-бірімен байланысты жобалардыбіріктіріп, біртіндеп туристік экожүйеқалыптастырып келеміз.

Бірінші бағыт – Turkistan Travel Guide: цифрлықгид, маршруттар, туристік нысандар және қажеттіақпарат базасы. Екіншісі – туристердіңпрактикалық сұрақтарына жедел жауап беруге тиісTelegram-бот. Үшіншісі – Turkistan Weekend. Бұл – қала сыртындағы қонақүйлер, демалыс базалары, глэмпингтер, кемпингтер, қонақ үйлері мен экологиялық нысандардың базасы. Алғашқыкезеңде біз 174 нысан туралы ақпарат жинадық. Төртінші блок – Turkistan Brand. Бұл жергіліктішеберлерді, дизайнерлерді, өндірушілерді, шығармашылық адамдар мен кәсіпкерлердібіріктіретін қозғалыс.

Сонымен қатар Amazing Turkistan, гастрономиялықмаршруттар, турагенттер базасы, Turkistan Vibeқолөнер бағыты, AuylTourism ауыл туризміжобалары, ақпараттық стендтер, QR-навигация, көптілді каталогтар және контент бағыттары дамыпкеледі. Әр жоба жеке міндетті шешеді, ал барлығыбірге өңірді турист үшін түсінікті әрі қолайлы етеді.

 

— Turkistan Weekend жобасы қалай пайдаболды?

— Біз қарапайым, бірақ маңызды сұраныстыбайқадық. Адамдар демалыс күндерін отбасымен, достарымен, әріптестерімен немесе қонақтарыменбірге өткізгісі келеді. Бірақ облыста қандайдемалыс базалары, глэмпингтер, қонақ үйлері, қаласыртындағы және экологиялық қонақүйлер бар екенін, олардың бағасы қанша екенін және оғанқалай жетуге болатынын біле бермейді. Ақпарат әржерде шашыраңқы болды.

Біз бірыңғай база жинай бастадық: фотосуреттер, байланыс деректері, геолокация, орналасушарттары, бассейн, тамақтану, инфрақұрылымжәне жол жүру бағыты. Алғашқы кезеңде 174 нысанды қамтыдық. Бұл жай ғана каталог емес. Бұл туристік ағынды облыстың аудандарыарасында қайта бөлуге мүмкіндік беретін жәнешағын бизнеске қосымша танымалдық беретінқұрал. Алдағы уақытта базаны чат-ботпен, картамен және ақпаратты тұрақты жаңартып отыружүйесімен байланыстыруды жоспарлап отырмыз. Сонда турист қажетті ақпаратты бірнеше минуттыңішінде ала алады.

 

— Turkistan Brand жобасы өңірге не береді?

— Мықты туристік өңірді өзіндік өнімдер мен өзіндік визуалды тілсіз қалыптастыру мүмкін емес. Турист кездейсоқ кәдесый емес, өзі барған жердіңтарихы мен болмысының бір бөлігін алып қайтуыкерек.                                   Turkistan Brand – жергілікті шеберлер, қолөнершілер, дизайнерлер, экологиялық таза өнімдер, гастрономия жәнешығармашылық бастамалар төңірегіндегі қозғалыс.


Біз
жергілікті брендтің заманауи мәдениетінқалыптастырғымыз келеді: сапалы қаптама, өнімнің түсінікті тарихы, заманауи дизайн, әлеуметтік желілердегі ілгерілету және тұрақтысату алаңдары. Тұжырымдама аясында TurkistanBrand, Handmade Turkistan, Eco Turkistan, GiftCenter және Show Room аймақтарын қарастырыпотырмыз. Бұл шығармашылық адамдарға туристікнарыққа шығуға, ал өңірге өзіндік танымал стилінқалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Цифрландыру, жасанды интеллект және жаңабуын маркетингі

 

— Сіз жасанды интеллект туралы белсендіайтып жүрсіз. Оны туризм саласында қайбағыттарда қолдануға болады?

— Іс жүзінде туристпен байланысатын барлықнүктеде қолдануға болады. Жасанды интеллект контент жасауға және аударуға, жеке туристікмаршруттар құруға, сұраныстарды өңдеуге, пікірлерді талдауға, аудиторияны сегменттеуге, жауаптарды автоматтандыруға және маркетингтіжетілдіруге көмектеседі. Бірақ біз үшін AI – сәндісөз емес. Бұл шағын команданың жылдам жұмысістеп, көбірек бағытты қамтуына мүмкіндік беретінқұрал.

Біз қазір бірнеше тілде материалдар әзірлеп, цифрлық форматтарды сынап, чат-боттар, электронды деректер базасы және визуалдынавигациялық шешімдер бойынша идеялардыжүзеге асырып жатырмыз. Болашақта адам өзініңқанша уақыты бар екенін, кіммен саяхаттайтынынжәне оған не қызық екенін көрсетеді. Ал жүйе оғандайын маршрут ұсынады: киелі орындарға, табиғинысандарға, гастрономияға, отбасылық немесешытырман оқиғалы бағыттарға арналған маршрут.

Тағы бір маңызды бағыт – Open AI Skills Tourism. Біздің ойымызша, сала қызметкерлері, гидтер, қонақүй менеджерлері, туроператорлар және ауданөкілдері AI құралдарын ілгерілету мен сервис үшінқалай қолдану керектігін түсінуі қажет. Технологияқонақжайлылықты алмастырмайды, бірақ онызаманауи әрі тиімді етуге көмектеседі.

 

— Заманауи туристік өңірдің маркетингі қандайболуы керек?

— Ол тұрақты, эмоциялық және өлшенетін болуыкерек. Турист шешімді бір ғана ресми роликтікөргеннен кейін қабылдамайды. Ол ондаған қысқабейнеролик, пікір, карта, топтама, ұсыныс жәнеадамдардың шынайы оқиғаларын көреді.Сондықтан біз тұрақты коммуникация жүйесінқалыптастырып жатырмыз.

Әлеуметтік желілерде өзара байланысты сегіз жобадамып келеді: Turkistan Travel Guide, гидтерчат–боты, Turkistan Brand, Turkistan Weekend, гастротурлар, турагенттер базасы, Turkistan Vibe және Amazing Turkistan.            Әр жобаға өзініңайдары, аудиториясы және ілгерілету воронкасықажет. Біз қазақ, орыс, ағылшын, түрік және қытайтілдерінде контент жасап, тек танымал көріктіжерлерді ғана емес, жаңа нысандарды, адамдарды, қолөнерді, ұлттық тағамдарды, табиғатты жәнеқысқа саяхаттарға арналған идеяларды көрсетеміз.

Біздің философиямыз қарапайым: туристке тек «небар екенін» емес, «ол жерде не сезінетінін» декөрсету қажет. Сондықтан коммуникацияда далаэнергиясы, таулардың ұлылығы, ежелгі тарих, ұлттық тағамның дәмі, қонақжайлық және жаңалықашу сезімі маңызды. Өңірдің өзіндік үні болуыкерек.

 

— Шектеулі ресурстар жағдайында нәтижегеқалай қол жеткізесіздер?

— Басымдықтарды дұрыс белгілеу, жылдамдықжәне жобалық тәсіл арқылы. Біз бірден бәрінжасауға тырыспаймыз. Практикалық нәтижеберетін міндетті таңдаймыз, қажетті ең азкоманданы құрамыз, пилоттық жобаны іскеқосамыз, кері байланыс аламыз және өнімдіжетілдіреміз.

Екінші қағидат – әріптестік. Туризмді бір ғанаұйымның күшімен дамыту мүмкін емес. Ол үшінаудандар, бизнес өкілдері, қонақүйлер, демалысбазалары, қолөнершілер, әуе компаниялары, туроператорлар, БАҚ, блогерлер, университеттержәне халықаралық серіктестер қажет. Үшіншіқағидат – жаңа шешімдерге ашық болу. Кейдешағын Telegram-бот немесе дұрыс құрылымдалғандеректер базасы туристке қымбат әрі бір реттікжарнамалық науқаннан да көп пайда әкелуі мүмкін.

Әрине, команда да маңызды. Мен әріптестерімеүнемі айтамын: бүгінгі күні стандарттан тыс ойлайалатын, тез үйренетін және нәтиже үшінжауапкершілік ала білетін адамдар жеңіске жетеді.

 

Түркістан халықаралық картаға шығып келеді

 

— Бүгінде қандай халықаралық бағыттарбасымдыққа ие?

— Бірінші кезекте – Өзбекстан, Қытай, Түркия, Орталық Азия елдері және қазірдің өзінде туристерағыны қалыптасқан негізгі нарықтар. Өзбекстан – біздің ең жақын көршіміз әрі шетелдік туристердіңең ірі көзі. 2025 және 2026 жылдары бірлескенмаршруттар, көлік қолжетімділігі және ілгерілетумәселелері белсенді талқыланды. Түркістаноблысының делегациялары Ташкент, Самарқанд, Үргеніш және Хиуа қалаларында жұмыс істеп, үкімет, туристік ұйымдар және өңірлер өкілдеріменкездесулер өткізді.

Біз үшін көрші қалалармен бәсекелесу емес, Орталық Азияның ортақ туристік маршрутын құрумаңызды. Самарқандқа немесе Ташкентке келгентурист Түркістанға да оңай әрі ыңғайлы түрдесаяхатын жалғастыра алуы керек. Керісінше, Түркістаннан келген турист те көрші елдердіңтуристік нысандарына жол тарта алуы қажет. Бұлүшін жаңа әуе, теміржол және автобус бағыттары, бірлескен жарнама және түсінікті трансшекаралықтуристік өнімдер қажет.

 

— Қытаймен ынтымақтастыққа да үлкен көңілбөлінуде. Қандай мүмкіндіктерді көріпотырсыз?

— Қытай – орасан зор туристік әрі инвестициялықнарық. Түркістан облысының әкімі бастағанделегацияның Хубэй провинциясының Уханьқаласына сапары барысында бизнес пен ұйымдарөкілдерімен нақты байланыстар орнатылды. Қазірбіз оның практикалық жалғасын пысықтапжатырмыз: Түркістан облысына бизнес–турларұйымдастыру, маршруттар әзірлеу, инвестициялықұсыныстар дайындау, кәсіпкерлермен кездесулержәне ықтимал бірлескен жобалар.

Ухань және Shilian Group компаниясыныңсеріктестерімен байланыс жүргізіп, туризм, заманауи ауыл шаруашылығы, энергетика жәнебасқа да салалардағы бағыттарды талқылапжатырмыз. Туристік ақпараттық орталық ретіндебіздің рөліміз – өңірді тек саяхат бағыты ретіндеғана емес, іскерлік іс–шаралар, инвестициялар жәнеөңіраралық ынтымақтастық алаңы ретінде декөрсету.

Халықаралық сапардың фотосурет пен хаттамағағана айналып қалмағаны өте маңызды. Әр сапарданкейін нақты іс–қимыл жоспары: байланыстұлғалары, мерзімдер, маршруттар, бизнес–бағдарлама және жауапты тараптарқалыптасуы тиіс. Дипломатия осылайшаэкономикалық нәтижеге айналады.

 

— Тағы қандай халықаралық байланыстардыатап өтер едіңіз?

— Өзбекстанның туроператорларымен байланыстыдамытып жатырмыз, әуе компанияларыменынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде бортжурналдары мен QR-сервистер арқылымаршруттарды ілгерілетуді талқылаудамыз. Австрия, түркиялық қонақүй бизнесініңөкілдерімен, халықаралық компаниялармен жәнедипломатиялық миссиялармен кездесулер өтті.

Сонымен қатар Euronews журналистерінің сапарынерекше атап өткім келеді. Олар Сайрам–Өгем менАқсу–Жабағылымен қоса, Түркістан облысыныңтабиғи аумақтарын түсірді. Бұл маңызды белгі. Себебі халықаралық көрерменге тек Ясауи кесенесі ғана емес, өңірдің экотуризмі де қызықты. Мұндай материалдар туристік бағытқа деген сенімді қалыптастырып, Түркістанды жан-жақты өңір ретінде көрсетеді.

Әр халықаралық байланысты біз контентке, маршрутқа, келісімге, жаңа туристік ағынға немесе инвестициялық диалогқа айналдыруға тырысамыз.

 

Табиғат, аудандар және ауыл туризмі

 

— Ұзақ уақыт бойы Түркістан ең алдымен тарихи қала ретінде қабылданды. Облыстың барлық алуантүрлілігін қалай көрсетуге болады?

— Бұл – біздің басты міндеттеріміздің бірі.Түркістан облысы бір ғана локациядан тұрмайды. Мұнда Ақсу-Жабағылы және Қаратау қорықтары, Сайрам-Өгем ұлттық паркі, таулы шатқалдар, каньондар, дала маршруттары, ежелгі қалалар, киелі орындар, ауылдық аумақтар және гастрономиялық дәстүрлер бар.

Біз туристің өңірде ұзағырақ қалып, бірнеше ауданға барғанын қалаймыз. Ол үшін бір, екі, үш және бес күнге арналған дайын маршруттар қажет. Мысалы: Түркістан – Отырар – Арыстанбаб; Түркістан – Кентау – Қаратау; Түркістан – Сайрам-Өгем; Түлкібас және Төле би аудандарының табиғи маршруттары; гастрономиялық және қолөнер бағытындағы сапарлар.

Ауыл туризмінің әлеуеті ерекше жоғары.AuylTourism жобасы ауыл тұрғындарына қонақ үйлер, шағын этнонысандар, фермерлік турлар, шеберлік сабақтары, жергілікті тағамдар мен қолөнер кеңістіктерін құруға көмектесуі тиіс. Бұл үшін әрдайым ірі инвестициялар қажет емес. Стандарттар, оқыту, өнімді дұрыс ұсыну, жарнама және цифрлық платформаға қолжетімділік қажет.Егер ондаған ауыл отбасы туристерді қабылдай бастаса, бұл жаңа табыс көзіне айналып, дәстүрлердің сақталуына ықпал етеді.

 

— Аудандардағы туризмнің өсуіне бүгінде не кедергі?

— Негізгі мәселелер белгілі: көлік қолжетімділігі, жекелеген нысандарға апаратын жолдар, санитарлық орындар, навигация, қызмет көрсетусапасы, толық ақпарат пен статистиканың болмауыжәне маусымдылық. Мысалы, барлық орналастыру және демалыс нысандары өз деректерін тұрақты түрде ұсына бермейді. Соның салдарынан ресми статистикалық көрініс толық болмайды және өңірге инфрақұрылымды жоспарлау қиындай түседі.

Біз бірыңғай тәсілдер қалыптастыруымыз керек: ақпараттың ең төменгі стандарттары, өзекті байланыс деректері, геолокация, фотосуреттер, қызмет сипаттамасы және ақпаратты тұрақты жаңарту. Сонымен қатар кәсіпкерлерді пікірлермен жұмыс істеуге, брондау жүйелеріне, онлайн сатылымдарға және көптілді контентке үйрету қажет. Кейде нысан өте әдемі болады, бірақ турист ол туралы білмейді. Маркетинг – сервистің бір бөлігіне айналып отыр.

 

Сервис ақпараттан басталады

 

— Қала мен облыста туристерге қолайлы жағдай жасау үшін қандай шешімдер ұсынып отырсыздар?

— Ақпарат туристі әуежайда, вокзалда, қонақүйде, автожолда және көрікті жерлерде қарсы алуы керек.Сондықтан біз мобильді ақпараттық стендтер, карталар, каталогтар және QR-навигация форматтарын әзірлеп жатырмыз. Қонақүйлердегі стендте облыстың картасы, дайын маршруттар және ақпараттық материалдарға арналған арнайы орын болуы мүмкін. Ал әуежайлар мен көлік тораптарында Түркістанның бейнесін бірден қалыптастыратын ірі визуалды конструкциялар қажет.

Сонымен қатар Coworking Guide Center – гидтер, туристер, туроператорлар және жас мамандар ақпарат алып, жұмыс істеп, жаңа өнімдер жасай алатын кеңістік құруды ұсынып отырмыз. Turkistan Official Travel Guide ресми көптілді каталогы да маңызды. Онда қалай жетуге болады, нені көруге болады, қайда тұруға, қайда тамақтануға, нені сатып алуға болады, көлік, қауіпсіздік және QR-сілтемелер туралы ақпарат болуы тиіс.

Сервис – қызметкердің күлімсіреуі ғана емес. Сервис дегеніміз – адамның артық қоңыраулар шалмай-ақ қажетті ақпаратты тауып, маршрутын түсініп, өз сапарына сенімді болуы.

 

— Гидтердің рөлін қалай бағалайсыз?

— Гид – өңірдің дауысы. Оның біліміне, сөйлеу мәдениетіне, қонаққа деген қарым-қатынасына және әңгімелей білу қабілетіне туристің алған әсері тікелей байланысты. Сондықтан бізге кәсіби гидтер қауымдастығы, мамандар базасы, оқыту жүйесі, шет тілдері, цифрлық дағдылар және бірыңғай стандарттар қажет.

2026 жылдың 1 тамызынан бастап гидтер, экскурсоводтар және туризм нұсқаушыларының қызметіне қатысты жаңартылған ережелер күшіне енеді. Бұл нарықтағы жұмысты жүйелеуге қосымша мүмкіндік береді. Біз мамандарға қойылатын талаптар туралы ақпарат беріп қана қоймай, олардың кәсіби дамуына да көмектескіміз келеді: профильдер, маршруттар, бейневизиткалар жасау және цифрлық сервистер арқылы туристерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.

 

Туризм – жастар мен кәсіпкерлер үшін мүмкіндік

 

— Туристік салаға кімдерді тартқыңыз келеді?

— Құндылық жасай алатын адамдардың барлығын.Туризмге гидтер, аудармашылар, дизайнерлер, фотографтар, видеографтар, сәулетшілер, IT-әзірлеушілер, маркетологтар, аналитиктер, аспаздар, аниматорлар, қолөнершілер және кәсіпкерлер қажет. Тіпті өз ауылының тарихын немесе отбасылық тағам дайындау дәстүрін жақсы білетін адам да туристік өнімнің бір бөлігіне айнала алады.

Әсіресе жастарға айтқым келеді: біреудің мінсіз жағдай жасап беруін күтудің қажеті жоқ. Белгісіз бір нысан туралы сапалы бейнеролик түсіруден, маршрут әзірлеуден, шеберлік сабағын өткізуден, заманауи кәдесый жасаудан, қонақүйдің әлеуметтік желілерін жүргізуге көмектесуден немесе шағын цифрлық сервисті іске қосудан бастауға болады. Туризм талантты кәсіпке, ал туған жерге деген сүйіспеншілікті сұранысқа ие өнімге айналдыруға мүмкіндік береді.

 

— Сіз үшін қандай басқару қағидаты негізгі?

— Нәтиже көзге көрінетін әрі пайдалы болуы керек. Маған жобалық менеджмент қағидаты жақын: әр бағыттың міндеті, мерзімі, жауапты адамы және түсінікті нәтижесі болуы тиіс. Егер біз деректер базасын жасасақ, ол туристке көмектесуі керек. Егер көрмеге қатыссақ, одан кейін нақты байланыстар мен сатылымдар пайда болуы қажет. Егер басқа елге барсақ, сапардың жалғасы бойынша нақты жоспар болуы керек. Егер бренд іске қосылса, кәсіпкерлер жаңа аудиторияға шығуы тиіс.

Екінші қағидат – батылдық. Туризм креативтілікті талап етеді. Кейде идея алғашында тым ерекше болып көрінуі мүмкін. Бірақ дәл осындай шешімдер өңірді ерекшелендіреді. Халықаралық нарықта ескірген форматтарды көшіріп, бәсекеге түсуге болмайды. Италия, Түркия, БАӘ, Қытай, Өзбекстан және басқа елдердің үздік тәжірибелерін зерттеу керек. Бірақ Түркістанның мәдениетіне негізделген өзіндік стилімізді қалыптастыруымыз қажет.

 

Түркістан ертең қандай болады?

 

— Бірнеше жылдан кейін Түркістан облысын қалай елестетесіз?

— Мен туристер бірнеше сағатқа ғана емес, бірнеше күнге келетін өңірді елестетемін. Таңертең турист ежелгі Түркістанның тарихымен танысады, күндіз тауға немесе қорыққа барады, кешке жергілікті тағамнан дәм татып, заманауи кәдесый сатып алады және келесі сапарын жоспарлап отырады. Ол көлік, маршрут, гид пен қонақүйді бірыңғай цифрлық сервис арқылы оңай таба алады.

Мен іскерлік іс-шаралардың, халықаралық форумдардың, ақпараттық турлардың және кәсіби көрмелердің мықты күнтізбесі бар өңірді көремін.Жаңа әуе бағыттары, Өзбекстанмен, Қытаймен, Түркиямен және басқа нарықтармен белсенді ынтымақтастық дамиды. Ондаған ауылдық қонақүйлер, әр ауданда туристік жобалар және әлемдік деңгейдегі контент жасайтын жас командалар пайда болады.

Бізде ең бастысы бар – бірегей тарих, табиғат, мәдениет және қонақжай халық. Енді оған сервис, технология, жүйелі маркетинг және заманауи басқаруды қосу қажет. Алғашқы нәтижелер бар. Бірақ бұл – тек бастамасы.

 

— «Южанка» оқырмандарына айтар басты ойыңыз қандай?

— Туризм – шынымен де өте керемет сала. Ол экономиканы, мәдениетті, технологияны, білімді және адамдар арасындағы қарым-қатынасты біріктіреді. Бұл – бизнес, өзін-өзі дамыту және аумақтарды өркендету үшін орасан зор мүмкіндік.

Түркістан облысы Орталық Азиядағы ең танымал туристік өңірлердің біріне айнала алады. Бірақ мұндай нәтижеге бір ұйым немесе бір маусым ішінде қол жеткізу мүмкін емес. Ол жүздеген бастаманың нәтижесінде қалыптасады: қонақүйдегі сапалы қызмет, маршруттағы тазалық, гидтің кәсіби жұмысы, сапалы фотосурет, жаңа рейс, ауыл тұрғынының қонақжайлығы және жас кәсіпкердің батыл идеясы.

Біз осы бағытта қозғала бастадық және алғашқы нәтижелерді көріп отырмыз. Ең маңыздысы – тоқтап қалмау. Түркістан таңғалдыруы, шабыттандыруы және адамға ұлы тарихпен қауышқанын, сонымен қатар болашақтың энергиясын сезінгенін ұқтыруы керек.

 

OPEN TURKISTAN: ТАРИХ • ТАБИҒАТ • СЕРВИС • ТЕХНОЛОГИЯ • БОЛАШАҚ

 

Анықтама: Open Turkistan-ның негізгібастамалары

* Turkistan Travel Guide — маршруттар мен пайдалы ақпараттың цифрлық базасы.

* Туристер мен гидтерге арналған Telegram-бот.

* Turkistan Weekend — алғашқы кезеңде 174 демалыс және орналастыру нысанын қамтитынбаза.

* Turkistan Brand — қолөнершілерді, дизайнерлердіжәне жергілікті өнімдерді ілгерілету.

* Amazing Turkistan — өңірді эмоциялық жәнехалықаралық деңгейде ілгерілету.

* AuylTourism — қонақ үйлерді, ауылдықмаршруттарды және жергілікті ерекшеліктердідамыту.

* Гастрономиялық маршруттар және турагенттербазасы.

* Turkistan Vibe және қолөнер орталығын дамыту.

* Ақпараттық стендтер, карталар, каталогтар жәнеQR-навигация.

* Open AI Skills Tourism — туризм саласындажасанды интеллект пен цифрлық дағдылардықолдану.

 

Статистикалық көрсеткіштер 2025 жыл және2026 жылдың қаңтар–мамыр айлары бойыншақолда бар ресми және жұмыс деректеріненегізделген және қорытынды статистика жарияланғаннан кейін нақтылануы мүмкін.

 

Қазығұртта киелі, тарихи орындар саяхат ұйымдастырылды

Киелі орындардың қасиетін, тарихи орындардың маңыздылығын және тарих беттерінде сақталған құнды мұраларды дәріптеу, жас ұрпақтың туған жерінің мәдени мұралары мен киелі, тарихи орындарын танып-білуіне ықпал ету мақсатында Қазығұрт аудандық мәдениет сарайына қарасты Қызылқия ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен жасөспірімдердің қатысуымен тарихи орындарға тағылымды саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында Тұрбат ауылдық округіне қарасты «Ысмайыл ата» кесенесіне арнайы барып, қасиетті орынның тарихы мен маңызы туралы мәліметтер берілді. Қатысушыларға Ысмайыл ата, Қошқар ата, Жәбірейіл ата туралы тарихи деректер айтылып, туған өлкенің тарихы мен рухани мұралары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, киелі орынның тазалығын сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мақсатында «Ысмайыл ата» кесенесінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді Қазығұрт ауданы – Түркістан өңіріндегі табиғаты көркем, тарихы терең, аңыз-әпсаналарға бай аймақтардың бірі. Қазақ халқының дүниетанымында Қазығұрт тауы ерекше орын алады. Бұл өңірдің атауының өзі көне тарихпен, халық жадында сақталған рухани мұрамен сабақтасып жатыр. Сондықтан ауданның ішкі туризмін дамыту тек демалыс орындарын көбейтумен шектелмейді. Ол – киелі жерлерді таныту, тарихи мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды ұрпаққа жеткізу және өңір экономикасына жаңа серпін беру бағытындағы маңызды жұмыс.

Қазығұрт десе, ең алдымен қасиетті Қазығұрт тауы еске түседі. Халық арасында кең тараған аңыз бойынша, жер жүзін топан су басқан кезде Нұх пайғамбардың кемесі осы Қазығұртқа тоқтаған деген түсінік бар. Бұл аңыз ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қазақ халқының ауыз әдебиетінде де кеңінен көрініс тапқан. Қазығұрт тауы табиғи нысан ғана емес, қазақ халқының рухани дүниесі мен мәдени жадында ерекше орын алатын киелі мекен ретінде бағаланады. Таудың айналасында Ақбура, Тамшы бастау, Кеме қалған, Қазығұрт ата, Шілтер ата, Әңгір ата, Оспан ата сияқты көптеген киелі нысандардың аталуы да өңірдің тарихи-рухани маңызын айғақтайды. Ауданның ең танымал туристік нысандарының бірі – «Кеме қалған» монументі. Бұл орын Қазығұрт туралы көне аңызбен тығыз байланысты. Бүгінде монумент ауданның өзіндік туристік нышанына айналып, алыс-жақыннан келген қонақтардың назарын аударуда. Мұнда келушілер тек ескерткішті тамашалап қана қоймай, қасиетті тау туралы аңызбен танысып, өңірдің табиғи көрінісін тамашалай алады. Соңғы уақытта нысан аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу және келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар да жалғасып келеді. Қазығұрт өңіріндегі ерекше рухани орындардың бірі – Ақбура әулие кесенесі. Қазығұрт тауының оңтүстік етегіндегі бұл мекен өзінің табиғи сұлулығымен және халық арасында сақталған аңыздарымен ерекшеленеді.

Кесене маңындағы бұлақтар, тау бөктерінің көркем табиғаты және тыныш орта зиярат етушілер мен саяхатшылар үшін ерекше әсер сыйлайды. Ақбура әулие туралы аңыздар бұл орынның рухани мәнін арттыра түседі. Ресми және өлкетану деректерінде Ақбура кесенесі Қазығұрт өңіріндегі зиярат етушілер жиі баратын маңызды киелі орындардың бірі ретінде сипатталады. Қазығұрт ауданындағы тарихи орындардың қатарында Жақсығұл мерген кесенесі де ерекше маңызға ие. Жергілікті және ресми деректерде Жақсығұл Шабайұлының қазақ-жоңғар шайқастары кезеңіндегі ерлігі, соның ішінде Орбұлақ шайқасына қатысы туралы айтылады. Мұндай тарихи тұлғаларға байланысты ескерткіштер мен кесенелер өңірдің өткенін танып-білуге, жастардың отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға қызмет етеді.

Қазығұрттың туристік әлеуеті тек зиярат ету бағытындағы туризммен шектелмейді. Таудың табиғаты, тау бөктеріндегі бұлақтар, үңгірлер, ерекше тас бедерлері мен көркем шатқалдар экологиялық және танымдық туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Өңірде Тесіктас, Қырық қыз тас мүсіндері, түрлі бұлақтар мен аңызға байланысты жер атаулары туралы деректер сақталған. Бұл нысандарды ғылыми тұрғыдан зерттеп, туристік бағыттарға енгізу арқылы Қазығұрттың ішкі туризмдегі тартымдылығын арттыруға болады. Ішкі туризмді дамыту үшін тарихи және киелі орындарды бір-бірімен байланыстыратын арнайы туристік маршруттар құрудың маңызы зор. Мәселен, Қазығұрт тауы – «Кеме қалған» монументі – Ақбура әулие кесенесі – тарихи кесенелер – табиғи нысандар бағытында бір немесе бірнеше күндік саяхат бағдарламаларын ұйымдастыруға болады. Мұндай маршруттар мектеп оқушыларына, студенттерге, отбасылық туристерге және өңірге келген қонақтарға қызықты болар еді. Туризм саласының дамуы ауылдық жерлердің экономикасына да оң әсер етеді. Туристер саны артқан сайын жол бойындағы қызмет көрсету орындары, қоғамдық тамақтану, қонақ үй мен шағын демалыс орындары, қолөнер бұйымдарын сату, гид қызметі сияқты кәсіп түрлеріне сұраныс көбейеді. Бұл өз кезегінде жергілікті тұрғындардың табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Сондықтан Қазығұрт ауданындағы туризмді дамыту мәселесіне тек мәдени немесе рухани бағыт ретінде емес, экономикалық әлеуеті жоғары сала ретінде де қарау қажет. Қазіргі уақытта Қазығұрттың тарихи және табиғи мұрасын заманауи тәсілдер арқылы насихаттаудың маңызы артып келеді. Киелі орындар туралы деректі фильмдер түсіру, әлеуметтік желілерге сапалы бейнероликтер әзірлеу, туристік карталар мен мобильді гидтер жасау, тарихи аңыздарды бірнеше тілде ұсыну – ауданның туристік танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Ауданның тарихи келбеті мен мәдени ерекшеліктерін көрсетуге бағытталған арнайы түсірілім және медиа жобаларды дамыту мәселелері де соңғы уақытта көтеріліп келеді.

Сонымен қатар туризмді дамыту барысында киелі орындардың тазалығын сақтау мен табиғи ортаны қорғау ерекше назарда болуы тиіс. Туристер көбейген сайын экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоқыс мәселесін реттеу, тарихи нысандарды бүлінуден қорғау маңызды. Қазығұрт ауданында «Киелі мекен» бағытындағы тазалық және абаттандыру жұмыстарының жүргізілуі осы құндылықтарға деген жауапкершіліктің маңызды екенін көрсетеді. Қазығұрт ауданының ішкі туризмді дамытуға мүмкіндігі мол. Қасиетті Қазығұрт тауы, «Кеме қалған» монументі, Ақбура әулие кесенесі, тарихи тұлғаларға арналған кесенелер мен табиғи нысандар ауданның туристік келбетін қалыптастыратын маңызды құндылықтар болып табылады. Бұл мұраны сақтау, зерттеу және кеңінен насихаттау – бүгінгі ұрпақтың басты міндеттерінің бірі. Қазығұрттың тарихы – халықтың тарихы, оның аңызы – ұлттық руханияттың бір бөлшегі. Киелі мекендерді дәріптеу арқылы біз өткенімізді танып, туған жерге деген құрметті күшейтеміз. Ал табиғи және тарихи байлықты тиімді пайдалану арқылы Қазығұрт ауданын ішкі туризмнің тартымды бағыттарының біріне айналдыруға толық мүмкіндік бар. Сондықтан киелі өлкенің тарихын жаңғыртып, туристік әлеуетін арттыру – өңірдің әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуына қызмет ететін маңызды бағыт болып қала береді.

КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ – ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ НЕГІЗІ

Мақтаарал ауданында кәсіпкерлік пен өндірісті дамыту мәселелерімен қатар, еңбек нарығына қажетті білікті кадрларды даярлау бағытындағы жұмыстарды жүйелеуге ерекше мән берілуде. Өйткені жаңа өндіріс орындарының ашылуы мен кәсіпкерлік жобалардың көбеюі ең алдымен білікті мамандарға деген сұранысты арттырады. Осы ретте ауданда жұмыспен қамтуды арттыру мен әртүрлі салалар бойынша кадрларды даярлаудың жаңа моделін қалыптастыру өзекті міндеттердің біріне айналып отыр.

Осы бағыттағы жұмыстарды талқылау мақсатында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов өңірдегі белсенді кәсіпкерлермен және шаруалармен ашық форматта кездесу өткізді. Жиында кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс орындарын көбейту, инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен бірге, сол жобаларға қажетті еңбек ресурстарын қалыптастыру мәселелері де маңызды бағыт ретінде қарастырылды.

Аудан басшысы Бақыт Насырханұлы кәсіпкерліктің аудан экономикасындағы маңызына тоқталып, бизнестің дамуы жаңа жұмыс орындарын ашумен тікелей байланысты екенін атап өтті. Сондықтан кәсіпкерлік субъектілерін қолдау тек қаржыландыру немесе инфрақұрылыммен қамтамасыз етумен шектелмей, олардың тұрақты жұмыс істеуіне қажетті мамандарды даярлау ісімен қатар жүруі қажет.

Бүгінде Мақтаарал ауданы ауыл шаруашылығы саласында өзіндік орны бар өңірлердің бірі. Сонымен бірге ауданның өңдеу өнеркәсібін, логистиканы, сауда-саттықты және басқа да өндірістік бағыттарды дамытуға әлеуеті жоғары. Географиялық орналасуы мен көлік-логистикалық мүмкіндіктерінің кеңеюі алдағы уақытта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттырып, жаңа жобалардың іске қосылуына ықпал етуі мүмкін.

Аудан аумағында жүргізіліп жатқан теміржол құрылысы да экономикалық белсенділікті арттыруға қосымша мүмкіндік беретін маңызды фактор ретінде қарастырылуда. Көлік инфрақұрылымының дамуы тауар айналымын жандандырып қана қоймай, логистика, қойма шаруашылығы, қызмет көрсету және өндірістің түрлі бағыттарына жаңа мүмкіндіктер ашады. Ал мұндай өзгерістер еңбек нарығында жаңа мамандықтарға сұраныстың қалыптасуына әкеледі.

Кездесу барысында ауданның кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Баязит Әлімқұл ауданның кәсіпкерлік саласындағы мүмкіндіктерін таныстырып, экономикалық аймақ пен өндірістік парктегі нысандарды тиімді пайдалану мәселесіне тоқталды. Кәсіп ашуға ниетті азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары, жеңілдетілген несие тетіктері және өндірістік жобаларды іске асыру мүмкіндіктері түсіндірілді.

Өндірістік нысандардың көбеюі өз кезегінде мамандарға деген қажеттілікті арттырады. Мәселен, өңдеу өнеркәсібінде техникалық мамандарға, ауыл шаруашылығында аграрлық бағыттағы кадрларға, логистика саласында тиісті білікті қызметкерлерге сұраныс қалыптасуы мүмкін. Сондықтан кәсіпкерлік жобаларды жоспарлау кезінде кадр мәселесін қатар қарастыру – жұмыспен қамтудың тиімді тетіктерінің бірі. Жиында аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров кәсіпкерлердің ортақ жобаларды бірлесіп жүзеге асыруының тиімділігіне тоқталды. Бір бағытта жұмыс істейтін бірнеше кәсіпкердің күш біріктіруі өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Ал жаңа жұмыс орындарының ашылуы жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтып, кадр даярлау жүйесіне қойылатын талаптарды күшейте түседі.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков коммерциялық мақсаттағы жер учаскелері мен ғимараттарды пайдалану мәселелеріне қатысты заңнамалық талаптарды түсіндірді. Кәсіпкерлік нысандарын заң талаптарына сәйкес орналастыру, қажетті құжаттарды рәсімдеу және жерді мақсатты пайдалану мәселелеріне назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыстардың барлығы бір-бірімен өзара байланысты. Кәсіпкерлік дамыса – өндіріс ашылады, өндіріс ашылса – жаңа жұмыс орындары пайда болады, ал жаңа жұмыс орындарына сай білікті кадр қажет. Сондықтан Мақтааралда жұмыспен қамтуды арттырудың жаңа моделін қалыптастыруда кәсіпкерлердің нақты сұранысын ескеру маңызды.

Осы ретте аудан кәсіпкерлерімен тұрақты түрде ашық кездесулер өткізу – тек мәселелерді тыңдау алаңы емес, сонымен қатар болашақтағы еңбек нарығын қалыптастырудың тиімді құралы бола алады. Кәсіпкерлер өздеріне қажетті мамандардың санын, кәсіби біліктілігін және нақты талаптарын ұсынса, кадр даярлау бағыты да соған сәйкес ұйымдастырылады. Мұндай жүйе жастардың сұранысқа ие мамандықтарды таңдауына, жұмыссыз азаматтардың қайта даярлау курстарынан өтіп, жаңа кәсіп меңгеруіне мүмкіндік береді. Сонымен бірге жергілікті еңбек ресурстарының аудан аумағында қалыптасуына жағдай жасалып, сырттан маман тартуға деген қажеттілік те азаюы ықтимал.

Кездесу соңында кәсіпкерлер өз жобаларын жүзеге асыру, өндірісті кеңейту, қаржыландыру, жер телімдерін пайдалану және мемлекеттік қолдау шараларына қатысты ұсыныстарын білдірді. Әр мәселе бойынша жауапты бөлімдер тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тиісті тапсырмалар берілді.

Мақтаарал ауданында кәсіпкерлікті қолдау, жаңа өндірістерді іске қосу және сол өндірістерге қажетті кадрларды даярлау бағыттарының өзара сабақтастығын күшейту алдағы кезеңдегі жұмыспен қамту саясатының маңызды бағыты болмақ. Бұл өз кезегінде аудан экономикасының тұрақты дамуына, жаңа жұмыс орындарының көбеюіне және тұрғындардың табысын арттыруға негіз болады.

МАҚТААРАЛДА БАЛАЛАРҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мақтаарал ауданында білім алушыларға көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық қолдаудың сапасын арттыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік ортаға бейімделуіне жағдай жасау мәселелеріне арналған аудандық семинар өтті. Баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету – әлеуметтік қолдау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Бұл ретте білім беру ұйымдарында оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, олардың психологиялық жағдайын бақылау, әлеуметтік мәселелерін анықтау, қиын жағдайға тап болған балаларға дер кезінде қолдау көрсету және түрлі қауіптердің алдын алу жұмыстарының маңызы зор.

Осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған семинарға аудан әкімінің орынбасары Бижан Анарбеков, «Түркістан облысы Психологиялық қолдау орталығы» КММ директоры Мөлдір Баймұхамбетова, орталық мамандары, аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарының директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтер қатысты. Жиын барысында білім алушыларға көрсетілетін психологиялық және әлеуметтік көмектің тиімділігін арттыру, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау және оларды жүйелі түрде сүйемелдеу мәселелері кеңінен қаралды.

Әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстың маңызды тетіктерінің бірі – баланың мәселесін дер кезінде байқап, қажетті көмекті уақытылы ұйымдастыру. Себебі оқушының мінез-құлқындағы өзгерістер, оқу үлгерімінің төмендеуі, қатарластарымен қарым-қатынасының бұзылуы немесе тұйықталуы белгілі бір әлеуметтік-психологиялық қиындықтардың белгісі болуы мүмкін. Мұндай жағдайларды ерте анықтау арқылы баланың күрделі жағдайға тап болуының алдын алуға мүмкіндік бар. Семинарда тәуекел тобындағы білім алушылармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістеріне ерекше назар аударылды. Мамандар баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, оған психологиялық, педагогикалық және әлеуметтік қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтердің, сынып жетекшілерінің, ата-аналардың және білім беру ұйымы әкімшілігінің өзара байланыста жұмыс істеуі қажеттігі айтылды.

Кездесуде буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселесі де кеңінен талқыланды. Қазіргі цифрлық ортада балалардың интернет пен әлеуметтік желілерді белсенді пайдалануы олардың қауіпсіздігіне қатысты жаңа міндеттерді алға тартып отыр. Осыған байланысты оқушыларға қауіпсіз интернетті пайдалану мәдениетін қалыптастыру, буллинг белгілерін дер кезінде анықтау және жәбірленуші балаға қажетті психологиялық қолдау көрсету бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттігі сөз болды. Сонымен қатар зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың және балаға қатысты өзге де қауіптердің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жүйелеу мәселесіне көңіл бөлінді. Мамандардың айтуынша, профилактика тек келеңсіз жағдай орын алғаннан кейін жүргізілмеуі тиіс. Қауіп факторларын алдын ала анықтап, балалармен тұрақты түрде түсіндіру, ағарту және психологиялық қолдау жұмыстарын жүргізу маңызды.

Семинар барысында ата-аналардың да бала тәрбиесі мен психологиялық қолдаудағы рөліне тоқталды. Баланың мінез-құлқындағы өзгерістерге бейжай қарамай, оның мәселесін тыңдау, сенімді қарым-қатынас орнату және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну – қауіптің алдын алудың тиімді жолдарының бірі. Бұдан бөлек, педагогтер мен әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарының кәсіби құзыретін арттыру, өзара тәжірибе алмасу және білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмыстардың нәтижелілігін тұрақты бағалау қажеттігі айтылды.

Мұндай жұмыстардың барлығы балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне, психологиялық тұрғыдан қолайлы орта қалыптастыруға және қиын жағдайға тап болған білім алушыларға дер кезінде көмек көрсетуге бағытталған. Жиын қорытындысында білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, тәуекел тобындағы балаларды ерте анықтау және сүйемелдеу, буллинг, кибербуллинг, зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру жөнінде нақты міндеттер белгіленді.  Осылайша, Мақтаарал ауданында балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік-психологиялық қолдау жұмыстары білім беру ұйымдарындағы маңызды бағыттардың бірі ретінде жалғасын табуда.