Архив рубрики: Денсаулық

Түлкібас: Қауіпсіз өнім – денсаулық кепілі

Түлкібас аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері Машат елді мекенінде орналасқан «Қуаныш» балалар жазғы сауықтыру лагерінің қызметкерлерімен кездесіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарының сақталуын, тағамнан уланудың, ботулизм ауруының алдын алу мақсатында «Тағамнан уланудың алдын алу», «Ботулизм ауруының алдын алу», «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы» саласы бойынша семинар өткізілді. Қауіпсіз өнімдерді тұтыну – адам денсаулығының басты кепілі екендігі айтылып, талаптар мен ержелерді сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Адамдардың денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың, пайдалы және қауіпсіз өнімдерді тұтынудың үлкен мәні бар. Мамандар азық-түлік өнімдерін сатып алу кезінде міндетті түрде назар аударуға тиіс бағыттарды атап өтті. Олар:

— Таңбалауға. Оралған тамақ өнімдерінің таңбалауы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: атауы, құрамы, саны, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары, дайындаушының атауы мен орналасқан жері, ұсыныстар және (немесе) пайдалану жөніндегі шектеулер, тағамдық құндылығының көрсеткіштері, ГМО болуы туралы мәліметтер, айналымның бірыңғай белгісі. Егер сіз толық ақпарат жоқ өнім тауып алсаңыз, онда өнімді сатып алудан шектеліңіз;

— Буып-түюге. Өнім бұзылмаған қаптамада болуы тиіс, оның қауіпсіздігі мен таңбалауда мәлімделген жарамдылық мерзімі ішінде тасымалдау және сақтау шарттары, тұтыну қасиеттерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беру тиіс. Егер сіз зақымдалған, ластанған буып-түюдегі өнімді тауып алсаңыз, сатып алудан бас тартыңыз;

— Жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына. Ерекше назар тез бұзылатын азық-түлік өнімдеріне аударыңыз (торттар, бәліштер, майонез қосылған салаттар, т. б.). Егер өнім тиісті температурада сақталмаса, онда мұндай өнім жұқпалы аурулар және тамақтан улануды тудыруы мүмкін. Ешбір жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен және тиісті температурада сақталмаған өнімдерді алмаңыз;

Өнімдердің сәйкестігін растайтын құжаттарға (сәйкестік туралы декларация, мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, сәйкестік сертификаты). Сіз сатушыдан көрсетілген құжаттарды талап етуге толық құқылысыз. Егер сатушы Сізге бұл құжаттарды бермеген жағдайда, өнімдерді сатып алудан шектеліңіз.

Сондай-ақ, кездесуде тағамдардан уланудың алдын алу бойынша кеңестер айтылды. Себебі, балалар жазғы сауықтыру лагерлері үшін бұл назардан тыс қалмай, әрқашан сақталуы тиіс маңызды мәселелердің бірі. Жалпы тағамнан уланулар – бұл табиғаты микробты және микробсыз болатын, ауру тудырушы микроорганизмдердің немесе олардың әр түрлі токсиндерімен және сонымен қатар улы заттармен ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын жедел инфекциялық ауру. Ең қауіптісі – тағамдық токсикоинфекция және табиғаты микробты улану дейді мамандар.

« — Сапасыз азық-түлікті тамаққа қолдану кезінде, олар дұрыс дайындалмай және дұрыс сақталмаса тағамнан улану – тағамдық токсикоинфекция туындауы мүмкін. Сапасыз өнімдер бұл – түрлі микроорганизмдермен және токсиндермен жұқтырылған азық-түліктер.   Ең қауіптісі – жануарлардан алынатын өнімдер, мысалы ет, балық, шұжық, консервілер, сүт және одан жасалатын бұйымдар – кремі бар кондитерлік өнімдер, балмұздақ. Әсіресе, уақталған ет – паштеттер, фарш, іркілдек оңай жұқтырылады. Тағамдық уланудың алғашқы белгілері тамақ ішкеннен кейін 2-4 сағаттан соң, мүмкін (кейбір жағдайларда 30 минуттан кейін), 20-26 сағаттан кейін де білінуі мүмкін. Көбінесе бұл токсиннің түріне және дозасына және адамның иммун жүйесінің жағдайына байланысты. Тамақтан улануды болдырмау үшін тағамдарды сақтау және дайындаудың бірнеше  қарапайым қағидаларын орындау керек: қауіпсіз азық-түлік өнімдерін таңдау; тамақты дұрыс дайындау; тағам дайын болғаннан кейін мүмкіндігі бойынша бірден тамақтану; жаңа дайындалған тағамдарды кешегі дайындалған тағамдар қалдықтарымен араластырмау қажет, егерде дайын тағам ертеңгі күнге қалған жағдайда, оны пайдалану алдында  мұқият термиялық өндеуден өткізу қажет (қайнату немесе  қуыру); шикі және піскен  азық-түлік өнімдер арасындағы байланысқа жол бермеу; жеке бас гигиенасын қатаң түрде сақтау:  ас ішер алдында және дәретханадан кейін қолды сабынмен мұқият, жиі  жуу; қайнатылған, бөтелденген немесе  сапалы,  таза ауыз  суды пайдалану; көкөністер мен жемістерді  пайдаланар алдында үнемі ағымды сумен жуып пайдалану, ал балаларға қайнатылған сумен жуып беру; тез бұзылатын тағам түрлерін және дайын тағамды тоңазытқышта  2-6 С температурада сақтау; кремді-кондитерлік  өнімдерді жарамдылық мерзімдері өткеннен кейін пайдаланбау; үйдегі қоқыстарды және  тағам қалдықтарын  уақытылы шығару  және шыбын, жәндіктерді болдырмау; үнемі ас үйді таза ұстау және жеке бас гигиенасын сақтау.

Ең бастысы денсаулығыңызға зиян тигізбеу үшін таңдауды талап етіңіз және мұқият болыңыз. Тексерілген өнімдерді сатып алыңыз, олардың жарамдылық мерзімін, сақтау шарттары мен пісіру ережелерін сақтаңыз!» — деп кеңес берді, Түлкібас аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары.

Түлкібас: Мамандар бірқатар аурулардың алдын-алу бойынша семинар өткізді

Түлкібас аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері тарапынан Кельтемашат елді мекенінде орналасқан «Самал» балалар жазғы сауықтыру лагерінің қызметкерлерімен кездесіп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарының сақталуын, тағамнан уланудың, ботулизм ауруының алдын алу мақсатында «Тағамнан уланудың алдын алу», «Ботулизм ауруының алдын алу», «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі», «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы» саласы бойынша семинар өткізілді. Мамандар ботулизм ауруынан сақтану үшін азық-түліктерді өңдегенде, тасымалдағанда, сақтағанда, дайындағанда, соның ішінде үйде консервілегенде санитарлық-гигиеналық ережелерді мұқият орындау қажет екенін ескертті.

«- Ботулизм — жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық ауру түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин -органикалық улардың ең күштілерінің бірі, адам үшін өлтіретін мөлшері болып 0,035 мг токсин саналады. Токсин физикалық және химиялық факторлардың әсеріне төзімді, оны 10-20 минут қайнатқанда бұзылады, ол натрий хлориді концентрациясы көп ортада жақсы сақталады. Ботулизмнің қоздырғышы адамның, жануарлардың, балықтардың ішек жолдарында, топырақта, көңде, жеміс-жидекте, жем-шөпте, мал азықтарында болады. Топыраққа түскеннен кейін спораға айналып, онда бірнеше жыл бойы сақталады. Ботулизм ауруының 90%-ы тұрмыстық жағдайында дайындалған саңырауқұлақ, баклажан, көкөніс, ет, балық консервілерін және тұздалған, ысталған балық, шұжықта, сүрленген шошқа етін пайдаланғаннан болады, яғни технологиялық ереже сақталмай дайындалған әр түрлі консервіленген тағамдарды пайдаланғанда орын алады. Консервіленген тағамда CI.botulinum микроорганизмі өсіп, жетілген кезде банкінің беті мен түбі ісінеді, осының салдарынан қақпағы көтеріледі, оны бомбаж дейді.Аурудың негізгі белгілері 2-12 сағат аралығында байқала бастайды: науқас адамның басы ауырып, әлсірейді, лоқсып құсады, жүрегі тоқтап қалғандай болып, ауызы құрғап, үнемі шөлдеп тұрады, неврологиялық белгілер (көздің қарашығы ұлғайып, алдында тұрған зат қосарланып көрінеді, науқастың жұтынуы қиындап, бірте-бірте дауысынан айрылады.

Ботулизм ауруының алдын алу жолдары: — санитариялық тазалықты сақтау, тамақ өнімдерін консервілеуде технологиялық процесті қатаң сақтау, консервіленген өнімдерді сақталуын қадағалау, жылы, ыстық орындарда сақтамау; — сауда обьектілерінен үй жағдайында дайындалған консервіленген саңырауқұлақ, көкөніс, салат, ет, балық өнімдерін сатып алмау; — консервіленген өнімдерді пайдалану алдында қақпағы күмпиген (ісінген) бомбаж және «бұлыңғыр» түрдегі өнімдерді пайдаланбау. Егер науқасқа уақытылы дәрігерлік көмек көрсетілмесе, аз уақытта өлімге алып келеді. Қолдағы бар левомицитин немесе басқа дәрілерді ішіп, үй жағдайында емделуге болмайды, емі тек ботулотоксинге қарсы сарысудың уақытылы егілуі. Сонымен қатар, егер ботулизм ауруы қоғамдық тамақтандыру немесе сауда обьектілерімен байланысты орын алса уәкілетті органмен қылмыстық іс қозғалады. Ал ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабы 2-ші тармағына сәйкес адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан әрекет, егер бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса – қызметтi тоқтата тұрып не онсыз, жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз АЕК мөлшерінде айыппұл салынатындығын назарларыңызға жеткіземіз.» — деді Түлкібас аудандық санитариялық эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары

Сонымен қатар мамандар Машат шатқалында орналасқан «Отырар» балалар жазғы сауықтыру лагерінің қызметкерлерімен кездесіп, тағамнан уланудың алдын алу, паразитологиялық аурулардың алдын алу, Нитраты көп көкөністерден сақтану тақырыптарында да семинар — кеңес жүргізілді. Кездесуде ең бастысы адам денсаулығы басты назарда болуы керектігі және ұлт саулығы — ұрпақ болашағы туралы айтылды.

Қазіргі уақытта бақша өнімдері арасындағы қауын мен қарбыздан улану фактілері жиі кездеседі. Қарбыздар саудаға маусым айынан бастап түсуде. Бірақ тұрғындар бұл кездегі қарбыздардың көпшілігі қауіпті екендігін есінде сақтағаны жөн. Өйткені ерте піскен қарбыз құрамында нитрат мөлшері шамадан тыс болады. Мамандардың айтуынша, ең жылдам пісетін қарбыз сұрыптарының өзі шілде айының соңына қарай пісуге тиіс. Сондықтан қарбыз жеудің қолайлы уақыты – шілде айының соңы мен тамыз айы. Бұл – өнімнің нағыз пісетін уақыты. Әрі осы кезде жергілікті өнімдер де саудаға шығады. Айта кетейік, нитратсыз бұл дақылдардың өсуі қиындау. Сол себепті де, шаруалар мұндай қоспаларды пайдалануға мәжбүр. Талап бойынша, нитраттың негізгі жарамды көрсеткіші қауында – 90 мг/кг, қарбызда – 60 мг/кг болу керек. Ал артық нитраттар бауыр, бүйрек ауруына, асқазанның қатерлі ісігіне, жүйке және жүрек-қан тамыр ауруларына алып келіп, иммунитеттің төмендеуіне негіз болады. Қарбыздан уланған адамның 1-2 сағаттың ішінде қызуы көтеріліп, басы ауырады және жүрегі айниды. Мұндай жағдайда бірден дәрігерге хабарласқан жөн.

«- Жедел ішек инфекцияларының алдын алу үшін бау-бақша өнімдерінің сапасы мен оның дұрыс сақталғандығына ерекше мән беру қажет. Нитраттар қарбыздан бөлек, қырыққабат, қияр, сәбіз және көкшөптерде де жиі кездеседі. Адам ағзасына түскен нитраттар тотығу үдерісінің нәтижесінде нитриттерге, яғни уға айналады. Нитриттердің нитраттардан айырмашылығы, олар қан эритроциттеріне кері әсер етеді. Эритроциттердің құрамындағы гемоглобинмен нитриттер байланысып, метгемоглобин құрайды, бұл өз кезегінде оттегін тіндерге тасымалдау қабілетін қиындатады да нәтижесінде адам ағзасының оттегімен тыныс алуы нашарлайды. Бұл, әсіресе, балаларға, егде жастағылар мен жүкті әйелдерге өте қауіпті. Сондай-ақ, нитраттар аллергияға себеп болып, қалқанша безі, зат алмасу және орталық жүйке жүйелерін зақымдайды. Ал оның шектен тыс мөлшері улануға, кей жағдайда адам өліміне де әкеліп соқтырады. Қарбыз құрамындағы нитраттарды анықтаудың бірнеше халықтық тәсілі бар. Егер өнімді қақ ортасынан бөлгеннен кейін бетінде ақ немесе сары талшықтар көзге көрініп тұрса, оны жеудін қажеті жоқ. Екінші тәсіл бойынша, қарбыздың мәйегін алып, ыдыстағы суға салған жөн. Су алқызыл түске боялса, бұл өнімнен мүлде бас тартқан абзал. Қарбыз бен қауындарды таңдау кезінде қателеспес үшін ең бірінші заңсыз ұйымдастырылған базарларда сауда жасамауды әдетке айналдыру керек. Сондай-ақ, қарбыздарды жол шетіндегі сауда орындарынан сатып алуға болмайды, өйткені оларға автокөлік газдарының құрамында болатын ауыр металдар тез жиналады. Мұндай қарбыздар түрлі жұқпалы ішек ауруына әкеп соқтыруы әбден мүмкін. Сатушыдан өнімнің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды сұрауды да естен шығармаған жөн. Алайда елімізде мұндай талаптарға назар аударатындар шамалы.

Бүгінде жеміс-жидек сатушылар үлкен базарларды ғана емес, көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларын да, мөлтек аудандардағы көше бойын да жағалап, ісін дөңгелетуді әдетке айналдырған. Олардың барлығында бірдей зертханалық тексеріс қағазы мен рұқсат құжаты жоқ десек те болады. Көкөніс, жеміс-жидек пен бақшалық өнімдерді сатып алу кезінде олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, құрамындағы нитраттардың деңгейін анықтайтын ілеспе құжаттарын сұраған жөн. Өз денсаулығың-өз қолыңда» — дейді мамандар.

Түлкібас: Дәрігерлер дөңгелек үстелде бас қосты

Түлкібас аудандық орталық емханасында бас дәрігер орынбасары, емхана менгерушісі, иммунолог, аға гинеколог, аға ЖТД, аға балалар дәрігері, эпидемиолог, бас медбикенің жәнеТүлкібас аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің мамандарының қатысуымен «Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

​2024 жылғы күзден бастап Қазақстанда 11 жасар қыз балаларға Адам папилома вирусына қарсы вакцинация жүргізілетіні туралы, адам папилома вирусына қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен жайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы жүргізуге дайындықтар пысықталды, вакцинациямен қамту барысында өзекті мәселелер талқыланды.

Вакцинация қарсы көрсетілімдер, дәрігердің қарап тексеру, ата-аналарының немесе қамқоршыларының хабарланған келісімдерін алу, вакцинациялау маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту туралы айтылып өтілді.

Дәрігерлер Адам папиллома вирусына карсы вакцинациялаудын маңызы екенін айтады. Себебі Адам папиллома вирусының 200-ге жуық түрі вирустарға жатады. Папилломаның кейбір түрі адам денсаулығына қауіпсіз, басқалары онкологиялык процестін дамуын белсендіре алады.

АПВ алдын алу жолдары: Жыныстық, қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бул әдіс жыныстық жолмен берілетін барлык инфекциялардан, онын ішінде АПВ-дан қорғауға мүмкіндік береді. Тосқауыл контрацепциясын қолдану — жеңіл, қолжетімді, бірақ әркашан инфекциядан 100% қорай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұктыруы мүмкін. Мерзімді профилактикалық, тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады, -дейді ақ халаттылар.

Вакцинация — тиімді және ыңгайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% — дан астамын төмендетеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық, аралықпен 2 рет егіледі. АПВ-ғa қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетін болады. Айта кету керек, АПВ вакцинасын әлемнің 110-нан астам елінде, оның ішінде Өзбекстан және Қырғызстан Республикалары сияқты көршілес елдерде егуде.

Түлкібаста адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу бойынша семинарлық сабақ өткізілді

Адам папиллома вирусының алдын алу мақсатында адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу мәселелері талқыланып семинарлық сабақ өткізілді.

Түлкібас аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Түлкібас аудандық орталық ауруханасымен бірлесіп, жауапты медицина қызметкерлерімен бірлесе адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны енгізу барысы бойынша семинарлық сабақ өткізді.

Адам папиллома вирусы тудыратын ауруға қарсы жоспарлы профилактикалық егулерді ұйымдастыру және жүргізу, АПВ-ның диагностикасы және профилактикасы, медициналық ұйымдардың адам папиллома вирусына қарсы вакцинацияны енгізуге дайындығы және ұйымдастыру шараларын қамтамасыз ету бойынша түсіндірілді. Туындаған сұрақтар бойынша жауаптар берілді. Ақпараттық үн парақшалары таратылды. АПВға қарсы вакциналар қауіпсіз және бедеулікке әкелмейді.

Адам папиллома вирусы дегеніміз не?  Түлкібас аудандық орталық ауруханасының жауапты медицина қызметкерлері жиында аталған вирус туралы толығырақ мәлімет берді:

Адам папиллома вирусы (АПВ) – 200-ге жуық түрді қамтитын тұқымдас вирустарға жатады. Кейбіреулері адам денсаулығына салыстырмалы түрде қауіпсіз, басқалары онкологиялық процестің дамуын белсендіре алады.АПВ сыртқы жыныс мүшелерінің аурулары арасында ең көп таралған және агрессивті патология. Вирус көмей мен ауыз қуысының, тік ішектің, вульваның және қынаптың, жатыр мойнының қатерлі ісігінің дамуын қоздырады. АПВ инфекциясы ұзақ уақыт бойы симптомсыз болып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.АПВ жұқтырған кезде пайда болатын аурулар:

  • Жыныс сүйелдерінің пайда болуы;
  • Тыныс алу жолдарының папилломатозының дамуы;
  • Ісік процесінің дамуымен жыныс мүшелерінің зақымдануы.Көптеген адамдар аурудың клиникалық көрінісінсіз патогенді тасымалдаушы бола алады.АПВ-ны адам өмірінде қайталап жұқтыруы да мүмкін. Өйткені АПВ инфекциясынан айыққандардың барлығында вирусқа төзімділік қалыптаса бермейді. Көбінесе, аурудың клиникалық белгілері ерте кезеңдерінде пайда болмайды. Әдетте алғашқы белгілері қоздыратын факторлардың әрекетінен кейін пайда болады.

Онкогенді қаупі бар HPV штамдары:

  • Жоғары онкогенді қауіпті штаммдар (16, 18, 31, 33 және т.б.);
  • Төмен онкогенді қауіпті штаммдар (6, 11, 32, 40-44, 72);

Вирустардың төмен онкогенді штамдары денеде сүйелдер мен тері папилломаларын пайда болдырады. Вирус штаммдарының жоғары онкогенді түрлері аногенитальды аймақта, әйелдерде жатыр мойнында және ерлерде жыныс мүшесінде кондиломалардың пайда болуын тудырады. Ағзаға вирустың 16, 18, 31, 33 типті штамының ұзақ уақыт әсер етуінен жатыр мойны дисплазиясына және одан да ауыр ауруға – жатыр мойны обырына әкелуі мүмкін.

Алайда, ағзада жоғары онкогендік қаупі бар АПВ болса да, онкологиялық патология әрдайым дамымайды. Диагностикалауға тәжірибелі дәрігерлерге уақтылы көріну, дұрыс және уақытында тағайындалған ем адамда ешқашан папиллома вирусының қауіпті клиникалық көріністерінің пайда болуына мүмкіндік бермейді.

Жұғу жолдары.

АПВ тұрмыстық байланыс, жыныстық қатынас және вертикальды жолмен беріледі. Жұқтырған кезде вирус эпителий жасушаларына еніп, бөліну процесін бұзумен әртүрлі аурулардың дамуын белсендіреді. Негізінен, вирус несеп-жыныс жүйесінің органдарына және аноректалды аймаққа әсер етеді. Әйелдер мен еркектер патогенді бірдей жұқтырады.

Негізгі берілу жолы – жыныстық қатынас. Әдетте, АПВ алғашқы жыныстық қатынастан кейін жұғады, бірақ инфекцияның басқа жұғу жолдары да анықталған:

Вертикалды жолы – АПВ жұқтырған әйелдің босану жолы арқылы өту кезінде туылған нәрестеге жұғуы мүмкін;

Аутоинокуляция – эпиляция немесе қырыну кезінде өзіне-өзі жұқтыру (дененің бір аймағынан екіншісіне ауысу) мүмкін;

Тұрмыстық байланыс – АПВ қоршаған ортада біраз уақыт өмір сүре береді. Сондықтан оларды қоғамдық орындарға (монша, спорт залы, бассейн, т.б.) барғанда жұқтыру мүмкін;

Байланыс – инфекция терідегі немесе шырышты қабаттардағы жара беті арқылы жұғуы мүмкін (абразиялар, жаралар, көгерулер);

Жыныстық – инфекцияның жұғуының ең көп таралған жолы.

Кез келген адам вирустық инфекцияны жұқтыруы мүмкін!

Инфекцияның негізгі көріністері.

Папилломовирустық инфекцияда ұзақ уақыт бойы клиникалық көріністер болмауы мүмкін. Аурудың инкубациялық кезеңі бірнеше жылға созылып, оның барысында пациент вирустың әртүрлі түрлерін жұқтыруы мүмкін. Тек қоздырушы факторлардың әсерінен (иммун тапшылығы, гипотермия, стресстік жағдайлар) АПВ инфекциясының белгілерін байқауға болады. Көп жағдайда 1-2 жыл ішінде бұл инфекциядан өздігінен жазылу мүмкін, бірақ кейбір науқастарда патология созылмалы түрге ауысады.

  • Жыныс сүйелдері (сүйір кондилома) – сыртқы көрінісі гүлді қырыққабатқа немесе тараққа ұқсайтын папилла тәрізді сүйір өсінділер. Олар дене түсті немесе қызғылт түсті, бір немесе бірнеше болуы мүмкін. Дененің барлық жерінде болады, бірақ көбінесе жыныс мүшелерінің терісі мен шырышты қабығында кездеседі. Папилломалар онкогендік потенциалдың төмендігімен сипатталады. Олар сирек қатерлі ісікке айналады, әдетте науқасқа ыңғайсыздық туғызбайды.
  • Тегіс кондиломалар – олар өзіне тән құрылымға ие – зардап шеккен органның шырышты қабығының бетінен шықпайды. Мұндай папилломалар жоғары онкологиялық потенциалға ие. Сондықтан мұқият диагностикалауды қажет етеді. Әдетте олар қынаптың, уретраның, жатыр мойнының қабырғаларының шырышты қабатында орналасады. Кондиломаның табиғатын диагностикалау үшін биопсия қажет.
  • Дисплазия – тіндердің сараланған құрылымын бұзуымен сипатталады. Қатерлі ісік патологиясының дамуына себеп болатын атипті жасушалардың болуы жиі кездеседі. Мұқият бақылауды, қажет болған жағдайда хирургиялық түзетуді қажет етеді.

Патологияның әр түрін дәрігер мұқият бақылауы керек. Онкологиялық процестің даму қаупін азайту үшін терідегі және шырышты қабаттардағы мұндай өсінділерді алып тастау ұсынылады.

АПВ алдын алу.

  • Жыныстық қатынаста тек бір жыныстық серіктес болғаны дұрыс. Бұл әдіс жыныстық жолмен берілетін барлық инфекциялардан, оның ішінде АПВ-дан қорғауға мүмкіндік береді.
  • Тосқауыл контрацепциясын қолдану – жеңіл, қолжетімді, бірақ әрқашан инфекциядан 100% қорғай бермейді. Науқас тіпті зақымдалған теріге тиген кезде де вирус жұқтыруы мүмкін.
  • Мерзімді профилактикалық тексерулер. Қыздар гинекологиялық тексеруден тұрақты түрде өтуі керек. Осылай аурудың алғашқы белгілерін анықтап, оны емдеуді уақтылы бастауға болады.
  • Вакцинация – тиімді және ыңғайлы профилактикалық әдіс! Вакцинация ерлерге де, әйелдерге де жасалуы мүмкін. Ғалымдардың пікірінше, 11-13 жас аралығындағы қыздарды вакцинациялау жатыр мойны обырының даму қаупін 90% — дан астамға төмендетеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ-ға қарсы егу жоспарлануда.

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 4 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ТІРЕК ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түлкібас ауданында соңғы 2 жылда «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында көп жылдан бері аймақта өзекті болып келген медицина саласындағы түйіткілді мәселе шешімін тауып келеді. Мәселең, соңғы жылдары аудан орталығынан шалғай жатқан Келтемешат, Рысқұл, Ақбиік және Шұқырбұлақ елді мекендеріне заманауи жаңа медициналық тіректер соғылып ел игілігіне пайдалануға берілді. Заманауи медициналық тіректе жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және медбике халыққа қызмет көрсететін болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар бұнымен тоқтап қалмай,биыл Абайыл, Тастыбұлақ, Мақталы және Шақпақ-баба елді мекендерінде заманауи медициналық нысандар бой көтеруде. Соның бірі Абайыл елді мекеніндегі медициналық тіректің құрылыс алаңына ауданымызға арнайы іссапармен келген облыс әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсен Дәулетұлы аудан әкімінің орынбасары Асыл Нұрлыбаймен арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарының барысын бақылады. Мердігермен сұқбаттасып, нысанның сапалы және белгіленген уақытта аяқтап ел игілігіне пайдалануға беруді тапсырды.

Айта кетерлік, алдағы уақытта елді мекен тұрғындарына қолжетімді медициналық көмек көрсету мақсатында аудан аумағындағы медициналық тіректі қажет ететін 11 елді мекенге кезең-кезеңімен жаңа нысандар соғу жұмыстары жалғасын таппақ.

Түлкібас ауданында «Ұлттық жоба» аясында 4 медициналық нысан салынады

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылдың 30 – қарашадағы 962 қаулысына сәйкес, Ұлттық жобасы аясында облыс аумағындағы 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы 2024 жылға жоспарланған болатын. Атап айтқанда 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық бекеттер тізімге енгізілген. Оның ішінде, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында Түлкібас ауданы, Түлкібас аудандық орталық ауруханасына қарасты 4 нысан бой көтермек. Бұл өз кезегінде ауылдағы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға, олардың дер кезінде медициналық қызмет алуларына септігін тигізеді.

Айта кетейік, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасының негізгі мақсаты – барлық ауылдық елді мекендерді бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ете отырып, дені сау ұлт қалыптастыру. Сондай-ақ шалғайда жатқан ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсету тиімділігін арттыру.

Осы мақсатта ауыл-аймақтарда фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар сынды БМСК объектілерін салу жоспарланған. Мұнымен қатар еліміздің көптеген аумағында заманауи көп бейінді ауданаралық орталық ауруханалар желісін, атап айтар болсақ инсульт, кардиология орталықтарын салумен бірге реанимация, оңалту бөлімшелерін КТ, МРТ, УДЗ, ӨЖЖ сынды қажетті аппараттармен жабдықтау күннің басты міндетіне қойылған. Жоба шеңберінде ауылдарда 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерін салу, реконструкциялау, қосымша жарақтандыру көзделген. Соның ішінде 700 мыңнан астам ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік сыйлайтын 228 жаңа, ал жұмыс істеп тұрғандарының орнына 427 объект салу жұмыстары және ауылдағы денсаулық сақтау нысандарын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету жағы қолға алынды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Үкімет үйінде өткен кезекті отырыста аталған ұлттық жобаны іске асыру барысы талқыланған болатын. Жиын барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова баяндама жасап, салынып жатқан бірқатар нысандар төңірегінде сөз қозғаған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап пилоттық ұлттық жобаны іске асыру аясында 3 міндет іске асырылу үстінде.Ал ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру мақсатында қолға алынған бұл міндеттер бойынша 1 100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отырған көрінеді.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекке арналған барлық нысанда компьютерлік техникасы бар телемедицина кабинеттерін ұсыну жағы қарастырылғанымен, құрылыс аясында телемедициналық консультациялар өткізу үшін медициналық жабдықтармен жарақтандыруға қаражат бөлу жағы көзделмеген. Осыған байланысты ауылдағы тұрғындарды сапалы медициналық көмекке тең қолжетімді ету мақсатында жергілікті атқарушы әкімдіктерге нысандарды интернет желісіне қосу және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша өтініш жасалған.

Медициналық және медициналық емес бұйымдарды таңдау кезінде отандық тауар өндірушілердің өнімдеріне басымдық берілмек. Ұлттық жобаның бірінші міндетін орындау аясында барлығы 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанын салу жоспарланса, өткен жылы 92 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанының құрылысы аяқталды. Жоба аясында қарқынды жүріп жатқан жұмысқа сүйенген министр 2024 жылы 556 нысан пайдалануға берілетінін ескеркені есімізде. Биылғы нысандардың құрылысын аяқтаудың жоспарланған мерзіміне тоқталып өтер болсақ, 7 нысан – биылғы маусым, 10 нысан – қазан, 226 нысан – қараша, ал желтоқсанда 120 нысан беріледі деп межеленген.

Ұлттық жобаның екінші міндеті аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде 12 жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама бар болса, оның ішінде 9 жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Ұлттық жоба аясында 32 көпбейінді аудандық орталық аурухананы материалдық-техникалық жарақтандыруға 33,6 млрд теңге қаражат бөлінеді. Әлназарованың айтқанына құлақ түрсек, 2023 жылы жалпы сомасы 10,5 млрд теңгеге 1 800 медициналық техника сатып алынған. 2024-2025 жылдары 23 млрд теңге сомасына 9 ангиограф, 6 КТ және 17 МРТ сатып алу көзделіп отыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны үшін 254 медицина қызметкері қажет болады. Ал 32 көпбейінді аудандық орталық аурухана үшін 898 маман жұмысқа тартылуға тиіс. 2023 жылы медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысанына 39 жас маман, көпбейінді аудандық орталық ауруханаға 89 жас маман жұмысқа орналасса керек. Биыл осы бағыт бойынша ауылдық өңірлерге 215 грант иегерін жұмысқа жіберу жіберу жағы жоспарланып отыр.

Жалпы 2024-2025 жылдары ұлттық жобаның екі бағыты бойынша өңірлер 486 дәрігермен және 323 орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілмек. Бұл әлеуметтік пакеттер өңір қаражатының есебінен жүзеге асатын болады. Министр аталмыш мәселе төңірегінде әкімдердің қолдауы ауадай қажет екенін қадап айтқан. Қазіргі таңда Ұлттық жобаны іске асыру бойынша кешенді жұмыс жалғасуда.

Түркістан өңірінде де медицина және білім нысандарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Айта кетейік, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясында өңірде 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы басталды. Атап айтқанда, 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт және 6 медициналық пункт салынады деп көзделген. 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 60 грант бөлініп, 40 үміткер өтінім білдірген. Қазіргі таңда, 37 үміткер медицина саласы бойынша білімін жетілдіруде. Ал биылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада медициналық кадрларды даярлауға 139 грант бөлініп отыр. Осы қадам арқылы акушерлер, гинекологтар, аллергологтар, иммунологтар, анестезиологтар мен реаниматологтар, нейрохирургтар, балалар хирургтары, гастроэнтерологтар және өзге де мамандар даярланады.

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛУАН ҚҰДІРЕТ ЕРІМБЕТОВ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ

VIII «Азия балалары» халықаралық ойындарының күміс жүлдегері Құдірет Ерімбетовті отбасы мүшелері мен туған-туыстары құрмет-қошеметпен күтіп алды. Түркістан темір жол вокзалындағы күтіп алу іс-шарасының бел ортасынан табылған қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы мен қалалық мәслихат депутаты Жандос Арыстанов спортшыны жеңісімен құттықтады.

Ресей Федерациясының Якутск қаласында өткен дүбірлі жарыста түркістандық балуан 38 келі салмақта бақ сынап, күміс медальды қанағат тұтты. Чемпиондар мектебінің спортшысы Тәжікстан, Беларусь, Ресей, Әзірбайжан елдерінің балуандарын жеңіп, финалдық белдесуде өзбекстандық балуанға ғана есе жіберді.

Жеке бапкері — Асхат Орынбасаров. Балуан бұған дейін облыстың жеңімпазы, ҚР-ның 2 дүркін және халықаралық турнирлердің жүлдегері атанып үлгерген. Күміс медаль тағынған балуанға туған-туыстары қаржылай сый-сияпат ұсынып, ақжарма тілегін жеткізді.

Түркістанның мақтанышы Құдірет Назарбекұлы 10 жасынан бастап грек-рим күресімен айналысады. Әбдісалан Нұрмаханов атындағы ОРМБЖСМ сайыпқыраны облыс орталығындағы Жұмабек Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында 9-сыныпта білім алады.

Нұртас МҰХТАРҰЛЫ.

Дәрігерлер жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бір жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, оларды салауатты өмір салтын ұстануға үндеу және жат қылықтардан бойын аулақ ұстауға шақыру. Себебі, зиянды заттардың зардабы еліміздің өркендеуі мен дамуына, білім мен ғылымға құштар азаматтарымыздың қалыптасуына, тіпті халықтың берекесі мен бірлігіне кері әсерін тигізіп жатады. Бұл туралы Мемлекет басшысы да өз жолдауларында, үндеулерінде, халықпен кездесулерінде басты назарға алып, онымен қатаң күресу керектігін мәлімдеген болатын.

«Біз жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет. Яғни, шын мәнінде озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керек. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды қадам. Ұлы Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген. Бұл – әрине, ешқашан ескірмейтін, мән-маңызын жоғалтпайтын өсиет. Бірақ әр заманның өзіне тән сын-қатерлері бар. Жаһандану үрдісіне, жаңа технологияның дамуына және басқа да себептерге байланысты қоғамға қауіпті жаңа кеселдер пайда болды. Әсіресе, біз мынадай бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет.», — деген болатын Мемлекет басшысы

Тиісінше еліміз бойынша білім беру мекемелерінде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын-алу, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, темікінің зияндығы мен қанты көп сусындардың денсаулыққа кері әсері, дұрыс тамақтануды дәріптеу  мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Осындай игі мақсатты бастама еткен іс-шаралардың бірі Түлкібас ауданында орналасқан А.Гайдар мектебінде де ұйымдастырылды. Мамандар  «Нашақорлық -қоғам дерті» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен кездесіп, білім алушылармен тренинг өткізді.

Түлкібас аудандық орталық аурухананың дәрігерлері нарколог дәрігер — Г.Есеева, СӨС маманы — Л.Ермағанбетова, психолог — А.Жайшибекова, ВОП дәрігер — Қ.Сейдуахам оқушыларға дәріс берді. Сондай-ақ кездесуде жас ұрпақтың білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, темікі затының зияндығын, қанты көп сусындардың зияны, тамақтануды дұрыс жолға қою, стресстің алдын-алу туралы кеңестер берілді. Әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға және Конго Қырым қанды қызбасының алдын- алу бойынша ескертулер де жасалды.

«Бүгінде қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым   шегу,  маскүнемдік,  нашақорлықтан қорғау. Яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Қоғам дерті саналатын нашақорлықпен күрес ешқашан күн тәртібінен түспеуі керек деп есептеймін. Дәл осыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да айтқан болатын. Бұл дерт адам баласын құрдымға алып кетеді.  Нашақорлыққа шалдыққан адамның мінезі өзгеріске ұшырап, өзін өзін ұстауы да басқалай бола бастайды. Көңіл-күйі жиі төмендеп, себепсіз ашуға булығып, тұйықталып, жеке кеңістігін тарылтады. Ұйқысы дұрыс болмай бұзылады, күні бойы маужырап жүреді. Оған бойұсынған адам ойына келгенін істеп, өз дегенімен ғана жүріп-тұрады, мезгілімен демалудан алшақтап кетеді. Тамақтану, тамақ ішу уақыты да мүлдем өзгеріске ұшырап, оған дұрыс тағам емес, есірткі керек болып тұрады. Түптеп келгенде нашақорлыққа шалдығып, одан бас тартпаған адамдар, соңында өз өміріне балта шабумен аяқтайды. Бақытсыздыққа душар ететін, өлімге итермелейтін нағыз қасіретті дертке ешқашан жол бермеңіздер. Себебі бұл жат қылық ешқандай жақсылыққа жетелемейді. Қазір сіздер жаңа өмір мен жаңа баспалдақтың алдында тұрсыздар. Болашақ сіздердің қолдарыңызда. Алға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бар. Ата-аналарыңыздың қуанышы мен сенімі сіздер. Сондықтан ең бастысы осындай зиянды заттардан, есірткі тектес заттардан аулақ болыңыздар дегім келеді. Ең басты байлық денсаулық. Сондықтан өздеріңізді, өз денсаулықтарыңызды қадірлей біліңіздер», — деді Түлкібас аудандық орталық ауруханасының нарколог дәрігері Г.Есеева.

Сонымен қатар білім алушылармен өткен тренингте салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану бойынша да мамандар ақыл-кеңестерін айтты. Жалпы салауатты өмір салтын ұстанатын азаматардан мықты ұрпақтар қалыптасады, мықты ұрпақ мықты мемлекетті қалыптастырады деген сөз бар. Яғни, еліміздің ертеңі жастар болғандықтан оларға үгіт-насихат жұмыстары ұдай жүргізілуі тиіс. Бұл бағытта мамандар денсаулықты нығайтуға бағытталған тәсілдерді де атап өтті.

« — Расында, әрбір адамның денсаулығы өз қолында екенін барлығымыз жақсы білеміз. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет болып табылады. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасып отырады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру, организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етіп, тәніміздің жұмысқа қабілеттігін жоғарылату және әр түрлі ауруларға төзімділікті арттырудан басталады. Яғни адам денсаулығының негізінің мықты болуы оның тамақтануына байланысты, балалық шақта қаланған денсаулықтың іргесі адамның бүкіл кейінгі өмірінің сапасына әсер етеді. Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты – бала организмінің ауруларға жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарттар екенін естен шығармағанымыз абзал. Жасөспірімдердің күнделікті дұрыс тамақтануы қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы және күні бойы жұмсайтын күштерін толығымен қалпына келтіруі керек. Осыған байланысты мектеп оқушысына арналған негізгі салауатты тамақтану ұстанымдары туралы білу аса маңызды. Баланың жасының әр кезеңі алдыңғысынан өсу қарқыны және физиологиялық жүйелердің жетілуімен, өсу үстіндегі организмнің тіндері мен ағзаларында өтетін өзгерістердің сапасымен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың жасының әр кезеңіндегі тамақтануы айрықша талаптармен сипатталады, осы талаптарды ескеру арқылы баланың ақыл-ойы мен денесінің қалыпты дамуына, өмірлік әлеуетін арттыруға ықпал етуге болады. Салауатты тамақтану – өнімдердің пайдалы қасиеттерін ескеріп, қолданатын тамақтану. Салауатты тамақтану ұстанымдарын қадағалау организмнің ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, дәрумендерге, басқа да көптеген қоректік заттектерге барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Керісінше, салауатты емес тағам асқазан-ішек жолдары ауруларының, семіздіктің, қан айналымы жүйесі ауруларының, апаруы мүмкін. Дұрыс тамақтанбаудың жағымсыз салдары бірден білінбейді. Организм ағзалар мен жүйелердің қызметінің бұзылысын өтей алмайтын болған кезде ауру дами бастайды. Жылдар бойы жинақталған өзгерістердің бетін қайтару қиын. Бұл үшін сәйкес емдеу, уақыт және науқастың тарапынан дәрігердің ұсыныстын қатаң орындау қажет. Ең бастысы – адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгерту. Сондықтан, баласына өмірінің басынан бастап дұрыс тағамдық дағдыларды қалыптастырған ата-аналар баласының денсаулығының мықты іргесін қалайды. Мамандар біз тұтынатын тағамды «тірі» және «өлі» түрге бөлуге болатынын айтады. «Тірі» тағам бізді өмірлік қуатпен және күшпен толтырып, денсаулықты нығайтады, семіздіктен, жүрек және қантамыр ауруларынан, диабеттен, қатерлі ісіктерден және басқа аурулардан қорғайды екен. «Тірі» тағамға жататындар: тұтас дәндер, көкөністер, жемістер, жидектер, бұршақ тұқымдастар. Олар дәрумендерге, минералдық заттектерге, өсімдік талшықтарына бай келеді. Өндірілетін азық-түлік тауарларының сақтау мерзімін ұзарту үшін «өлі» тағамды «тірі» тағамнан технологиялық өңдеу арқылы алады. Нәтижесінде «өлі» тағам коммерциялық тұрғыдан пайдалы болады, бірақ, өмірлік қуаттан, көптеген қоректік заттектерден, мысалы, дәрумендерден, минералдар мен талшықтан айырылады.Сонымен қатар, нарықта өтімділігін арттыру мақсатында дайындалатын өнімнің сыртқы және дәмдік ұнамдылығын арттыру үшін оларға түрлі бояғыштарды, дәмді күшейткіштерді, қант пен тұздың үлкен мөлшерін қосады. Сондықтан, «өлі» тағам иммунитетті төмендетеді, ауруларды туындатып, өмір жас ұзақтығын қысқартады. Сонымен қатар, «өлі тағам» өнімдеріне балалар тез үйреніп, тәуелділік те пайда болуы мүмкін. Денсаулығымыз мықты болу үшін бүкіл отбасы болып дұрыс тамақтана біліңіздер. Салауатты өмір салтын ұстанайық», — деді СӨС маманы Л.Ермағанбетова

Сондай-ақ, бұл күні психологиялық тренинг те өткізілді. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларын ортаға салып нашақор адамдардың өмірін аянышпен немесе өліммен аяқталатыны туралы фотосуреттер көрсетті. Ақ жейделі абзал жандар оқушыларға денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды заттардан аулақ болуын ескертіп, оларды салауатты өмір салтын сақтау үшін тек пайдалы тағамдар қолданып, спортпен айналысуға шақырды.

Білікті дәрігерлер Түлкібас ауданының тұрғындарына тегін кеңестерін берді

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Түлкібас аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында және оған қарасты емханада «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2022 жылғы «Әртүрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозицияланған ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» №1147 Қаулысын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жобалар картасы негізінде бекітілген 2024-2026 жылдарға арналған облыстық іс-шара жоспарына сәйкес, келушілерді профилактикалық тексеруден тегін өткізіп, тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.

«Ашық есік күні» акциясы аясында аудандық ауруханада және емханда күту залында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бейне роликтер қойылып, бөлімше дәрігерлері ауруханада жатқан науқастарға, емхана бөлімінің дәрігерлері барлық келушілерге сыбайлас жемқорлықтың, яғни пара беріп, пара алудың салдарын түсіндіріп, денсаулық сақтау саласында жиі кездесетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы жадынамаларды медициналық қорытындымен бірге таратты.

Іс-шарада Түлкібас аудандық орталық ауруханасының жоғары санатты, білікті дәрігерлері Түлкібас ауданының тұрғындарына тегін кеңестерін берді.

Түлкібас ауданында нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түлкібас ауданының келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарына психологиялық көмек көрсету мақсатында «Нашақорлық — қоғамдық дерт!» атты нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингте “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы және «Заңғар-Медет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарханбаева Лайла инновациялық технологияларды қолдана отырып, лудоманиямен күресу жолдарын түсіндірді.

«Жаһандану  қарқынды жүріп жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ел болашағы-жастардың бойында отансүйгіштік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру, адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар елеулі қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі — нашақорлық. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Президенттің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып белгіленгені баршамызға белгілі»,- деді “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында және Ұлттық құрылтайларда есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізуді күшейтуді тапсырған болатын.

«Біз жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет. Яғни, шын мәнінде озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керек. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды қадам. Ұлы Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген. Бұл – әрине, ешқашан ескірмейтін, мән-маңызын жоғалтпайтын өсиет. Бірақ әр заманның өзіне тән сын-қатерлері бар. Жаһандану үрдісіне, жаңа технологияның дамуына және басқа да себептерге байланысты қоғамға қауіпті жаңа кеселдер пайда болды. Әсіресе, біз мынадай бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын», — деді Мемлекет басшысы

Сондай-ақ, Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, таза ұрпақты тәрбиелеу өте маңызды мәселе екенін атап өткен болатын.

«Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев өте орынды пікір айтты. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс. Жастар ақпаратты қорыта білуді, уақытын дұрыс пайдалануды, қаржы сауаттылығын мектеп қабырғасынан біле бастауы қажет. Өскелең ұрпақты түрлі ойындарға құмар болудан сақтандыру керек. Бұл мәселе бойынша құрылтайдың бірқатар мүшелері, соның ішінде белгілі спортшы Ислам Байрамуков жақсы айтты. Жеңіл жолмен пайда табу жақсылыққа апармайтынын үнемі түсіндіріп отырған жөн. Адал табыс адал еңбекпен келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұл ретте Президент жастар арасындағы нашақорлық мәселесіне ерекше тоқталып өткен болатын.

«Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр», — деп мәлімдеді  Мемлекет басшысы.

Елімізде  2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Ресми статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша есірткі тұтынушылар саны азайғанымен, синтетикалық есірткіге тәуелділер қатары көбейген.

«Қазіргі таңда синтетикалық есірткі немесе психотропты заттар жастар арасында көп қолданылатындығы анықталып отыр. Мәселен, елімізде дәстүрлі есірткі заттарын тұтынушылардың орта жасы 40-45 жас аралығы болса, синтетикалық есірткі пайдаланушылар негізінен 30-35- тегі, ал ұшпа ерітінділерді 20-25-тегі жастар тұтынатын көрінеді.Сондықтан жасөспірімдердің жат әдеттерден бойын аулақ ұстап, теріс жолға түспеуі үшін ақпараттық-насихат жұмыстарының пайдасы зор деп білемін»,- деді “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы

«Нашақорлық — қоғамдық дерт!» атты нашақорлықтың алдын алу бойынша өткізілген семинар-тренингте нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде еркін  пікір алмасу ұйымдастырылды.

Қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым   шегу,  маскүнемдік,  нашақорлықтан қорғау, яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Осы мақсатта облыста оқушылар мен жастар арасында “Есірткінің адам ағзасына зияны”, “Нашақорлық-қоғамдық дерт”, “Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама” тақырыптарында дәріс-тренингтер, семинарлар өткізіліп, дәрігерлік кеңестер беріліп келеді. Жиында «Заңғар-Медет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарханбаева Лайла да өз пікірін айтып, жастарды қоғам дертінен аулақ болуға шақырды.

«Нашақорлық-әлеуметтік құбылыс. Қоғам дертіне айналған нашақорлық  адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін  әрбір ата-ана отбасында балаларына  жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ. Өйткені бала тәрбиенің 60 пайызын  отбасынан, қалғанын сыртқы ортадан алатындығын ұмытпайық. Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен, соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан жастар, өздеріңізді Қазақстанның болашағы екендіктеріңізді сезіне отырып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек, Яғни жастар спортпен шұғылданып, қоғамда өз орнын тапқан азамат болып қалыптасуы тиіс. Ал есірткінің адамның ағзасына тигізер кері әсері адамзаттың түбіне жетіп тынады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсері болғандықтан, есірткі қызметі аяқталған соң адам ауруды тым сезгіш болады. Мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Сондай-ақ, ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді» деді «Заңғар-Медет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лайла Дарханбаева

Мамандардың айтуынша нашаға бойұсынған адамның мінезі өзгеріске ұшырап, көңіл-күйі жиі төмендеп, себепсіз ашуға булығып, тұйықталып, жеке кеңістігін тарылтады. Ұйқысы бұзылады, күні бойы маужырайды, ойына келгенін істеп, өз дегенімен ғана жүріп-тұрады, мезгілімен демалудан қалады. Бұл дерттің тағы бір белгісі адам ағзасындағы өзгеріске байланысты бет-аузының көкшіл тартуы, көз астының ісінуі және тамырларындағы иненің іздері. Тамақтану, тамақ ішу уақыты да мүлдем өзгереді. Түптеп келгенде нашақорлықтың соңы адам өміріне балта шабумен аяқталуы ықтимал. Бақытсыздыққа душар ететін, өлімге итермелейтін нағыз қасіретті дерт. Мұндай сұмдықтың алдын алуда ата-аналардың әрекетінің маңызы зор. Яғни кез келген ата-ана балаларының, әсіресе өтпелі кезеңдегі ұл-қызының бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, олармен тығыз әрі ашық байланыс жасауда, сырттай әрқашан бақылауда ұстауға, мектеп қабырғасындағы, арнаулы орта оқу орнындағы араласатын ортасымен, ұстаздарымен байланыста болуда белсенділік танытуы керек.

«Бұл ғасыр дертінің кең таралуын, жастардың есірткінің боданына түспеуінің алдын алуда ширақ әрі жүйелі шаралар қабылдануы тиіс. Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде, ең алдымен нашақорлыққа қарсы қоғамдық корғаныс қабілетін, әлеуметтік иммунитетті қалыптастырудың маңызы зор. «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген ата-баба сөзінің астарын ұғынып, жас буынның жарқын болашағы үшін, елдің келешегі үшін бүгіннен алаңдасақ, отбасынан бастап жаман әдеттерден аулақ болуға баулысақ, дені сау ұрпақ қалыптасары анық. Ең бастысы перзенттің міндеті ата-ана үмітін ақтау, лайықты білім алып, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасу болса, аға буынның мақсаты – қоғамға пайдалы азаматты, жан-жақты, салауатты, сауатты адамды тәрбиелеп шығару. Бұл ретте ең алдымен бала үшін ұстаздар қауымының да қосар үлесі зор. Мектеп қабырғасындағы әрбір жасөспірімнің психологиялық жағдайын танып білу арқылы дер кезінде әрекет ете алу, баланың жақсы қабілеттерін дамытып, кемшін тұстарын жөнге келтіру де мұғалімдерге жүктеледі. Үйдегі ата-ана тәрбиесінің жалғасы ұстаздардың тәрбие тағылымымен ұштасуы қажет. Біз де алдымызға келген әр оқушының келешекте тұлға болып қалыптасуына, үлкен өмірден өз орнын табуына, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат болуына күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қоғамды алаңдатқан нашақорлыққа қарсы шараларды, түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырамыз. Балалармен де кездесулер, жиындар өзкізіліп тұрады. Осындай шаралардың алдағы уақытта баланың санасында жақсылыққа бастайтын адами қасиеттердің өркен жаюына септігін тигізетінін білеміз»,- деді “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы

Қазіргі заманда адамзаттың болашағына және бүкіл жер жүзінің шексіз ғарыштап дамуына қауіпті қатер төндіріп отырған дерт – нашақорлық. Біздің қаншама жастарымыз, жасөспірім балаларымыз, азаматтарымыз оның торына түсіп алданып, жақсы қабілеттерінен, қуаныштарынан, бақыттарынан, негізгі өмір жолының бағытынан айырылып, азап шегіп жүр. Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасауға соқтыруда. Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен өмір сүріп және дамып келеді.

Ел болашағы – дені де, тәні де сау ұрпақты тәрбиелеу баршамызға жүктелген абыройлы міндет.