Түркістан қаласының әкімдігі «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ мен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының арасында меморандум түзілген. Екі жақты келісім бойынша қос тарап көпбалалы мұқтаж отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласқан.
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев «Қамқорлық жанұя орталығы» КММ-не арнайы барып, кәсіпкерлермен жүздесті. Жанұя орталығының директоры Жібек Әшірхантегі Асылан Сейілбекұлын мекемеде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Кездесу барысында палатының жанынан ашылған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығымен тығыз жұмыс жүргізу жөнінде сөз болды.
«Аз қамтылған, мүгедектігі бар жандарды тәрбиелеп отырған және көпбалалы толық емес отбасылардың мұқтаждықтарын анықтау, кеңес беру, отбасы мүшелерін тұрмыстық депресиядан шығару үшін психологиялық қолдау көрсету, бейімдеу шараларына қатыстыру, оқу курстарын ұйымдастыру, құқықтық кеңес беру, демеушілер есебінен қолдау көрсету бағытында қызмет көрсетудеміз. Бүгінде 240 азаматша оқу курстарын аяқтап, 8-і мемлекеттік грант иегері атанды. Ал 20 ана қаладағы мейрамхана мен сұлулық салондарына жұмысқа орналасты. Аспаздық курсын бітірген 12 анамыз үйден жартылай фабрикат жасап, тігін курсын бітірген 17 ана тойбастар жасап, үйінде табыс тауып отыр»,- деді Жібек Маштайқызы.
Аталған орталықта тегін оқу курстарына қатысып жүрген азаматшаларға Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының мамандары «Шағын және орта кәсіпті мемлекеттік қолдау шаралары» және кәсіпкерлер палатасының қаржылай емес қолдау бөлімінің, сонымен қатар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметтері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ, «Бастау бизнес» жобасына тіркелуге көмектесіп, мемлекеттік гранттар мен төмен пайыздық жеңілдетілген несиелер алу бойынша тегін консультация берілуде.
Түлкібас ауданы бойынша 11-22 қыркүйек аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың III-ші легі бойынша өтінім беру басталады. Бұл туралы Түлкібас аудандық әкімдігі мен “Мансап” орталығының әлеуметтік парақшаларында жарияланды.
Өтінімдер қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады. Ал, интернет желісі төмен немесе порталға қосылуға мүлдем мүмкіндігі жоқ азаматтар тікелей орталықтың көмегіне жүгіне алады.
Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет қана ала алады.
Өтінім беру үшін қажет:
Порталда тіркелу;
Грант алу шарттарына сәйкестігіне тексеруден өту;
Порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше бизнес-план жарамайды);
Өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою.
Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда, “Мансап” орталықтарының өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.
Төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
Еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
Қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
Өңіраралық қоныс аударушылар
Атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
Мүгедектігі бар баланы (18 жасқа дейінгі бала) тәрбиелеп отырған адам (жұбайы/зайыбы);
Асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.
Айта кетейік гранттар мынадай мақсаттарға: қажетті жабдық (инвентарь), еңбек құралдары, технологиялық жабдық, жануарлар, төрт түлік, құс, ағаш көшеті, бұталы өсімдіктер, тұқым, көшет сатып алу, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға қажет орынжайды жалға алуға беріледі.
Гранттар несие төлеу, тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алу және салу, жер учаскелерін сатып алу, акциздік өнімдерді өндіру сынды тұтынушылық мақсаттарға берілмейді.
Негізі, “Бастау Бизнес” жобасы халықты кәсіпке үйретудің үздік үлгісі болып табылады. Яғни, адамның өзі-өзіне жұмыс істеуіне, табысын еселеуге, кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жаңа бизнестердің қалыптасуына, халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізеді.
Жалпы, Түлкібас ауданында Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасып, ал жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілген. Бұдан бөлек, аудандағы мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына жолданса, осындай топтағы 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған.
«Бизнес бастау» жобасымен қайтарымсыз грант алып, өз ісін бастаған Түлкібастық косметолог Ғалия Жайшаева беттегі әжімді операциясыз да кетіруге болатынын айтады. Ол мемлекеттік қолдаудың арқасында шетелден арнайы медицицналық құрал жабдықтар сатып алып, қазір соның көмегімен қыз-келіншектердің беттеріндегі қара дақтар мен безеулерді емдеп келеді. Кәсіпкердің бұл салаға келуі де жәй-жәй емес екен. Бұған дейін Ғалия Жайшеваның өз денсаулығында кінәраттар болып, одан арылу жолын іздеген. Косметолог маман бүгінде денсаулығындағы кінәраттан толық арылыпты. Кәсіпкер, жалпы қыз-келіншектердің ажарлы, әсем болып жүргені үлкен бақыт екенін айтады.
«Мен бұған дейін түрлі-түрлі косметологтарға бардым. Алайда емі ешқандай табылған жоқ. Одан кейін өзім, бұл салаға өзім кіріскенді жөн көрдім. Себебі бұл қадам болашақта тек маған ғана емес, өзгеде адамдарға қажет екенін білдім. Сондықтан, нақты шешім қабылдап өз ісіме кірісіп кеттім. Құдайға шүкіршілік етемін, қазір дәл осы бағытта, бұл салада қызмет жасап жүргеніме төрт жылдай уақыт болды. Алғысын білдіретін азаматшалар да арта түсті. Ал, табысым бұрынғыға қарағанда он есеге көбейді десемде болады», дейді косметология орталығының иесі Ғалия Жайшаева.
Бүгінде, Түлкібастықтар Ғалияны еркелетіп «сұлу келіншек» деп атайды екен. Өйткені ол қаншама қыз-келіншектің бетіндегі әжімін отасыз кетіріп, қара дақтары мен безеуін емдеп беріпті. Айта кетейік, сұлулық салонында 16 жыл еңбек еткен келіншек бұған дейін өзінің бетіндегі қара дақтарды қанша емдеткенімен кетіре алмаған айтады. Сосын тәуекелге бел байлап косметология саласына түбегейлі ден қойған. Тиісінше Алматы қаласында білім алып, адамның бет күтімін сақтау және оған қажетті шараларды қолдану бойынша толық зерттеп шыққан.
Мемлекеттен жаңа жобасы арқылы қайтарымсыз грант жеңіп алған кәсіпкер, сол қаражатқа шетелден заман талабына сай арнайы жаңа медицицналық құрал сатып алуға мүмкіндігі болғанын айтады. Озық технология беттегі әжімнен бастап қара дақтар мен безеуді емдейді. Әзірге, Түлкібас ауданында бұл құрылғының баламасы жоқ екен.
Адамның ажары өте нәзік. Сондықтан оған ерекше күтім қажет. Тіпті дұрыс тамақтанбау мен реніштің өзі беттің бұзылуына әкеп соғады, дейді Ғалия Жайшаева.
«Отасыз да әжімді кетіруге болады. Оны арнайы құрылғының көмегімен жүзеге асырамыз. Төрт қабылдаудан кейін нәтижесін көруге болады. Оданда басқа беттегі безеулерден арылуға мүмкіндік береді. Оның көмегімен көптеген кінәраттардан арылуға болады», дейді косметолог.
Жаңа құрылғы қара дақтарды айтапғанның өзінде денеге салынған түрлі суреттерді де кетіреді екен. Бетті медицицналық құрылғымен ғана емес, қарапайым жолмен де әрілеуге болады. Қас-кірпік пен ерін тіпті түтіктерді кетірудің оңай жолы бар, дейді маман.Өзіне келген әрбір қыз-келіншекті мұқият қарап тексеріп, жағдайы ауырлар адамдарды дәрігер кеңесіне жібереді екен. Ал, бетіне әжім түсіп немесе бөртіп кеткен келушілер көп ұзамай, 3-4 қараудан кейін нәтижесін көріп жатыр екен.
«Химиялық, механикалық тазартулар да бар. Плазмолифтинг бар. Бетті вакуммен тазалау, микротоки әдісі де бар. Тек жалғыз құрылғымен жұмыс жасау жеткіліксіз. Мен, мемлекеттік грант арқылы өзге де қосымша керекті құрал-жабдықтарды да алдым. Олардың барлығы отасыз бетті тартуға көмектеседі», дейді Ғалия Жайшаева.
Түлкібас ауданында өткен жылы Ғалия Жайшаева секілді жеке кәсібін бастайымын деген 183 адам қайтарымсыз гран жеңіп алған. Барлығы өз кәсібін дөңгелетіп, дамытып келеді екен. Ал, биыл 90 адамға қаржы бөлінбек. Қазіргі таңда оның 44-і комиссия қорытындысымен грант алып, бизнестерін бастап кеткен. Барлығы жіті бақылауға алынып, кәсіпкерлер әр тоқсан сайын «Enbek.kz» сайтына өз жұмыстары туралы есеп беріп отырады екен.
«Барлық ақпарат интернет желісіндегі «Enbek.kz» сайтында жарияланған. Бұл бағытта қайтарымсыз грантқа мүгедек бала асыраушы отбасылар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылған отбасылар, мүгедектігі бар бірақ жұмысқа жарамды жұмыссыз азаматтар, көші-қон бағдарламасымен өзге өңірлерден көшіп келген адамдар, сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар да «Enbek.kz» сайты арқылы өтініш білдірсе болады», дейді Түлкібас аудандық «Мансап» орталығының директоры Ерсұлтан Байбатчаев.
Жуырда жобаның үшінші кезеңіне құжат қабылдау басталады екен. Барлығы онлайн түрінде жүргізіледі. Сондықтан мекемеге келіп кезек күтудің қажеті жоқ. Егер интернеті нашар ауыл тұрғындары немесе сайтқа өтінім беруді білмейтін азаматтар болса, Түлкібас ауданының орталығындағы «Мансап» орталығына келіп тіркелуілеріне болады. Онда арнайы бұрыш жасақталып, мамандар тегін кеңес береді, дейді орталықтағылар.
Түлкібас ауданында үздіксіз және жоспарлы түрде жұмыс істеп келе жатқан мекеменің бірі – Түлкібас әк зауыты. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы 22 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда зауытта 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. “Түлкібас әк зауыты” ЖШС 2021 жылы 43 млн. теңгеге жаңадан әк сындыру жүйесін іске қосқан. Алдағы уақытта мекеме басшылығы зауытты қайта құрылымдаудан өткізуді жоспарлап отыр.
– Өндірілген өнімді бүкіл Қазақстан бойынша жөнелтеміз. Сонымен қатар, Қырғызстанға да экспорттаймыз. Биылдан бастап Өзбекстаннан да сұраныс түсуде. Бұйыртса, көршілес тағы бір мемлекетке өнімдерді шығармақпыз. Шетелдік зауыттар жаңа технологиямен қамтылған, сондықтан оларға бірінші сұрыптағы әк керек. Біз егер сол талаптарға сәйкес өнімдерді шығарсақ, өте жақсы болар еді. Тиісінше, жергілікті өңірдің экономикасы да қосатын үлесіміз арта түсетін еді. Бүгінде зауытта 100 адам тұрақты жұмыс жасап жатыр. Егер зауыттың ауқымы кеңейіп жатса , қосымша тағы да жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға мүмкіндігіміз болады. Бұл бағытта, мемлекеттік бағдарламалардың аясында жобаларды жүзеге асыру мен бірқатар жоспарларымыз да бар.” – дейді “Түлкібас әк зауыты” ЖШС-нің бас директоры Перизат Әбдібекова.
Айта кетейік, Түлкібас ауданында алдағы үш жылда өнеркәсіп саласы бойынша 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның аясында, 3685 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтіліп отыр. Жобалар жүйелі түрде іске асатын болса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 127,6 млрд. теңгеге жетіп, салық түсімі 21,9 млрд. теңгеге артады деп көзделіп отыр. Ал, қазірдің өзінде Түлкібас ауданында 4 орта, 26 кіші және 6 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Атап айтар болсақ тамақ өнеркәсібінде 10, құрылыс материалдары өнімдерін өндіру саласында 8, кен өндіру саласында 6 және өндірістің басқа да түрлерімен 8 мекеме айналысуда.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Алтынбек Азиза Ғаниқызы Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне жолданған. Қазіргі таңда жас маман өзіне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды және тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.
Азиза Ғаниқызының мақсаты алдағы уақытта біліктілігін одан әрі арттырып, мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу. Түлкібас аудандық Мансап орталығының қолдауымен кәсіпкерлік бөлімінде қызмет жасап жүрген ол мекеменің ұжымы мен жұмыс орнына көңілі толатынын айтады.
-“Жастар практикасы” оқуын аяқтап, мамандық иесі атанған жастар үшін үлкен мүмкіндік деп білемін. Себебі алған біліміңді, тәжірбиеңді шыңдап, жұмысқа орналасуға үлкен қадам. Менде жоғарғы оқу орнын бітіріп, өзімнің туған ауылыма оралдым да, аудандық жұмыспен қамту орталығына, яғни қазіргі “Мансап” орталығына жүгіндім. Бүгінгі таңда «Жастар практикасы» бағдарламасымен Түлкібас аудандық кәсіпкерлік бөлімінде жұмыс жасап жүрмін. Маған өз мамандығыммен жұмыс жасау ұнайды”,- дейді Алтынбек Азиза.
Айта кетейік, 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-і халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту.
1. Бірінші міндет шеңберінде “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беріледі.
2. Екінші міндет шеңберінде еңбек нарығында белгілі бір кедергілерге тап болған адамдарды (жұмыссыздар, жастар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар және т.б.) жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралар іске асырылады.
Оқу орындарының түлектеріне арналған Жастар практикасы, “бірінші жұмыс орны” және “ұрпақтар келісімшарты” жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе сабақтардың Ұлттық сыныптауышының сол сабақ тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.
Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
“Бірінші жұмыс орны” жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орындарын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған (қатысу мерзімі 18 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
Қоғамдық жұмыстар-қызметкерлерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: жұмыссыздар; жазғы демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері; бос тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын) құқылы.
“Күміс жас” жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған (қатысу мерзімі 36 айға дейін, субсидия мөлшері 30 АЕК – тен аспайды (ай сайын).
“Ұрпақтар келісімшарты” жобасы кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруға бағытталған (қатысу мерзімі 6 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыруға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын).
Жоғарыда көрсетілген субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: қатысуға өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом), бар болса оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат).
Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде келесі үш бағыт бойынша ұйымдастырылады.
Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында оқыту.
Оқыту оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Ол үшін тараптардың (жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз, жұмыс беруші және оқу ұйымы) арасында тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін 4 жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.
Екінші, жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту.
Жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту білікті тәлімгерді бекіте отырып, кәсіпорындар базасында ұйымдастырылады. Оқу кезеңінде жұмыс беруші жұмыссыздармен еңбек шартын жасасады және оны уақытша жұмыс уақытына жұмысқа орналастырады.
Портал онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген республика азаматы үшін қолжетімді.
Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жеңілдетілген шағын несиелеу қарастырылған.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% – дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (қызметтің осы бағыты үшін – 7 жылға дейін).
“2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны” әзірлеудің басты мақсаты:
Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету:
– халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;
– экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;
– кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту болып табылады.
Айта кетейік, Түлкібас ауданында “Ұлттық жоба” аясында мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ниетті азаматтар мен азаматшалар
Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 318 мекен-жайында орналасқан “Мансап” орталығының қызметіне жүгіне алады.
Түркістан облысындағы үйлердің бірінде түнгі уақытта екі тәртіп сақшысы өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдаған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап ТАQ.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.
Тәртіп сақшыларының бірі белгілі әнші-сазгер Ержан Серікбаевтың ұлы Бейбарыс Серікбаев болып шықты. Оқиға Төлеби ауданында болған. Түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлайды. Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың тұрғылықты мекен-жайын анықтап, сол жерге жетеді.
Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпайды. Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпаның үстінен асып түседі. Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды. Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіреді, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады.
Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермекші болады. Осылайша олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және ас үйде қоштасу хаты тұрғанын анықтайды.
Олар үйдің барлық жерін аралай бастады, бірақ қыз із-түзсіз жоқ. Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған жоғалған қызды табады.
Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырады. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастайды. Содан кейін полиция оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар жансызданған аяқ-қолдарын уқалап, жасанды тыныс алып, жедел жәрдем шақырады.
Қырағылық пен келісілген әрекеттің арқасында полицейлер 24 жастағы қызды осылайша құтқарып қалады.
Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Оқиғаның толық мәнжайы әлі де анықталуда.
Анасы тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ полицейлерге дәрігерлер де алғыс айтып, қыздың уақытында құтқарылғанын, сапалы алғашқы көмек көрсеткенін атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, егер олар бірнеше секундқа кешігіп қалса, онда қыз өмірімен қоштасуы мүмкін еді.
Полиция қызметкері Есенғали Асқарбеков 2006 жылдан 2007 жылға дейін Өскеменде әскери борышын өтеп, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ІІО-да жұмыс істейді. Үйленген, үш ұл тәрбиелеп отыр.
Бейбарыс Серікбаев белгілі әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың ұлы. Маэстро өзінің туған қаласы Арыс қаласында 51 жасында жол апаты кезінде қайтыс болды.
Қайғылы оқиғадан кейін жас жігіт өз өмірін полиция қызметімен байланыстыруға шешім қабылдады. Бейбарыс 2022 жылдан бастап ІІО-да қызмет атқаруда.
2023 жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР «Әлеуметтік Кодекс» өз күшіне енді. Елімізде “Еңбек мобильділігі орталықтары” құрылып, халықты жұмыспен қамту орталықтары «Мансап орталықтары» филиал ретінде қайта қызметін бастады. Осы орайда облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау бойынша мәжіліс өтті. Жиында сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелер талқыланды.
Түркістан облысы әкімдігінің қаулысымен облыстық «Еңбек мобильділігі орталығы» құрылып, Әділет департаментінде тіркелді. Сонымен бірге облыстың барлық аудан, қалаларында «Мансап орталықтары» құрылды. Аталған орталықтардың қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығы мен біліктілігін арттыру үшін арнайы оқыту семинарларын ұйымдастырып, халыққа қызмет ететін мемлекеттік мекемелерді заман талабына сай жабдықтау жоспарлануда.
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан және қала әкімдеріне тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, тұрақты жұмыспен қамту бағытындағы жұмыстарды күшейтуді және көрсетілетін қызметтерді толық цифрландыру бойынша жұмыстарды сапалы атқаруды міндеттеді.
– Әрбір аудан, қала әкімдері, осы саланы қайта жіті қарап шығыңыздар. Жұмысты жүйелеу керек. Жаңа жұмыс орындарын ашуға басымдық берілсін. Сонда ғана экономика көтеріледі. Жауапты басқарма жұмыспен қамту бойынша жаңа өзгерістерді сапалы жүзеге асырсын, – деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды
Жиында Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева жаңа жұмыс орындарын құру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен іске асырылатын жоспарларды баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, биыл «Еңбек» бағыты бойынша 84 056 адамды жұмыспен қамту шараларына жолдау, оның ішінде 44 729 адамды бос жұмыс орындарына орналастыру жоспарланды. 1 шілдеге 60 072 адам жұмыспен қамту шараларына, оның ішінде әлеуметтік және қоғамдық жұмыс орындарына, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» және «Күміс жас» жобалары аясында 16 416 адам тұрақты, 28 414 адам уақытша жұмыс орындарына жолданды.
“Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен биыл жастарға жеңілдетілген 2,5 пайызбен 5 млн. теңгеге дейін 594 адамға шағын несие беру жоспарланды. Бүгінгі таңда конкурстық комиссияда 249 үміткердің бизнес-жобалары қаралып, 110 азаматқа шағын несие беру шешімі шығарылды. Бұдан бөлек, 2023 жылы әлеуметтік осал топтарға жататын азамттар үшін жаңа бизнес идеясын дамытуға 1 380,0 мың теңге көлемінде гранттар беру көзделген. Бүгінгі таңда грант берудің 1 және 2 легі өткізіліп, 927 адамға гранттар берілді. Үшінші және төртінші лектер бойынша гранттар беруді қыркүйек айында өткізу жоспарлануда”, – деді Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева.
Айта кетейік, биыл Ұлттық жобалар шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық жобаларда 5000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланды. 2023 жылдың 1 шілдесіне 184 жоба бойынша жарияланған 1727 бос жұмыс орынына 1384 адам жұмысқа орналасқан. Ал «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орын құру» бағдарламасының жеке бастамалар шеңберінде облыс бойынша 22 595 жұмыс орындарын ашу көзделіп, нақты 13 628 жаңа тұрақты жұмыс орындары құрылды.
Бұл бағытта, Түлкібас ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылып, нақты шаралар жүзеге асырылып жатыр. Ағымдағы жылдың 7 айында аудан бойынша «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында 5588 адамды кешенді жоспарға сәйкес жұмыспен қамту жоспарланған. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 2755 адамды құрап отыр. Оның ішінде «Әлеуметтік жұмыс» орындарына 203 азамат жолданды. «Жастар практикасына»115 азамат жолданды.«Алғашқы жұмыс орны» жобасына 43 азамат жолданды. «Күміс жас» жобасына 71 азамат жолданды.«Ақылы қоғамдық» жұмысқа 821 азамат жолданды. Тұрақты жұмыспен 741 азамат жұмысқа жолданды. «Жаңа жұмыс» орнына 56 адам жолданды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілді.
Бұдан бөлек, Түлкібас ауданында мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілуде. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына, 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданды.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында Ұлытау облысының ақпараттық-түсіндірме жұмыс тобы Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді.
2023 жылдың 9 тамызында Түлкібас ауданына Ұлытау облысынан келген жұмыспен қамту саласына жауапты басшылары мен әкімдік өкілдері «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында халқы тығыз орналасқан Оңтүстік өңірінің халқын Ұлытау облысына көшіруді насихаттау бағытында, аудан тұрғындарымен Түлкібас кент әкімі аппаратының мәжіліс залында кездесу өткізіп, мүмкіндіктер мен еңбек нарығының басым бағыттарын атап өтті.
Кездесудің мақсаты – «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында еңбек күшінің ұтқырлығын арттыру мақсатында, қабылдау өңірі Ұлытау облысындағы өңірлік квотаның орындалуы, бос орындар жәрмеңкелерімен таныстыру, еңбек нарығындағы жағдай, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс, қоныс аударудағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат ұсыну.
Аталған жиынды Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы төрағалық етіп, жұмыс тобымен таныстырып өтті.
Насихаттық топ құрамына:
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Орынбаев Нуржан Серикович; тел: 8-777-262-92-24;
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Койшыбаев Айдар Саятович; тел: 8-747-990-99-90;
«Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы
Даниярова Гулим Сапаровна; тел: 8-702-622-65-41;
«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Әбен Берік Абдыкамалұлы; тел: 8-701-800-03-16;
«Жезқазған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі
Бекішев Абай Данаұлы; тел: 8-777-486-49-41;
Ұлытау аудандық «Мансап орталығы» филиалының директоры
Ұлытау аудандық «Мансап орталығы» филиалының маманы
Мұңайтпас Аян Ноянұлы
Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты Айнабұлақ ауылдық округі, М.Жұмажанов ауылдық округтерінен арнайы келген әкімдер қоныс аударуға ниет білдіріп жатқан аудан тұрғындарына өз тараптарынан, ауылдық шаруа қожалықтар тарапынан көрсетілетін көмек түрлерін жеткізіп, барынша қолдау көрсетілетінін атап айтты.
Сондай-ақ, кездесуге аудан тұрғындарының ішінде көпбалалы отбасылар, жастар, алқалы билері қатысты.
Жалпы саны 60 адам қатысып, олардың ішінде аталған өңірге қоныс аударуға қызығушылық білдірді.
Кездесу барысында насихаттық топ мүшелеріне жиналысқа қатысушылардан түрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. Кездесу соңында жиналысқа келген тұрғындарға брошюралар таратылып, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Орманов Ербол Керімбекұлы үгіт-насихат жұмысымен келген жұмысшы тобына аудан тұрғындары атынан алғысын айтып, елбасымыздың ұстанып отырған саясатын іске асыру жолында жасалып жатқан еңбектерінің нәтижелі болуына тілектестігін білдіре отырып, ауданымыздың жұмыссыз, аз қамтылған, баспана мәселесінің шешімін таба алмай жүрген азаматтарды Ұлытау облысына қоныс аударуға және де кәсіпкерлердің осы облыс аумағында кәсіпкерлікпен шұғылдануына кеңес беріп жиынды қорытындылады.
«Отырар-2050» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 22 сәуіріндегі Отырар ауданы әкімдігінің №128 қаулысымен құрылған. Мекеме теңгеріміндегі автотұрақтарды, суағарлар, гүлзарлар,субұрқақтар, көше жарықтандыру құралдарын және жаяу жүргінші жолдарын, саябақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары бойынша қызмет атқарады. Бүгінгі таңда мекемеде 47 жұмысшы қызмет атқарады. Сонымен қатар мекемеге арнайы тіркелген 20- дана автокөліктер мен техникалар бар.
Мекеме теңгеріміндегі жалпы жер учаскелері. Атап айтқанда:
«Жасыл аймақ» алқабы -353га
Темір ауылында орналасқан «Ұсталар саябағы» -8,7 га
«Жастар саябағы» -5,6га
Орталық саябақ -3,6 га
Ардагерлер саябағы -2,4 га
Темір ауылындағы саябақ -11,3га
Шәуілдір-Темір тас жолының оң жақ және сол жақ беті – 17 га
«Тәуелсіздіктің -20 жылдығы атындағы саябақ» -4,2га
Бүгінгі таңда, мекеме қызметкерлері күннің аптап ыстығына қарамастан, көшеттерді күтіп баптау, көше бойындағы ағаштарды күзеу, арық-атыздарды тазалап ретке келтіру, саябақтарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын атқаруда.
«Тәуелсіздігіне-20 жыл атындағы саябақтың ішіне ретке келтіру жұмыстары бойынша 4,2 гектар жердің арықтары тазаланып арам шөптер шабылды. Көктемгі көшеттер егілу үшін, көшет орындары қазылып 1500 түп қара ағаш көшеті, клен ағашынан 300 түп және 101 түп тұт ағашы егілді. Ал, Орталық саябақтардың ағаштары әктеліп 400 түп тұт ағашы және 70 түп туя егілді. Гүл егілетін орындар дайындалып ұрықпен егілуде. Суғару жұмыстары тұрақты бақылауда. Сондай-ақ, Жібек жолы даңғылы бойындағы егілген ағаш көшеттері арнайы техникалармен және канал арқылы суғарылуда. 500 дана тұт көшеті, 1332 дана сир роза көшеті отырғызылды»,- дейді “Отырар-2050” КММ директоры Мырзатай Артықбай Тәжіұлы.
Отырар ауданында саябақтар мен жасыл аймақ бойынша жалпы ұзындығы – 1575 метр, ені- 75 метр жер тегістеліп арық атыздар тартылып көшеттер егілген. 5,8 гектар жерге жалпы егілген көшеттер – шырша 500 түп, жеміс ағаш 1200 түп, қараағаш 800 түп, терек 420 түп. Жалпы жалпы ұзындығы 800 метр, ені 30 метр жалпы көлемі 2,4 гектарға – шырша 220, қараағаш 421, терек 280, жалпы 4481 дана көшет егіліпті. Кенжеалив каналы арқылы ағын сумен қамтылған. Бүгінгі таңда күніне екі рет суғарылды.
«Мекеме теңгеріміндегі жалпы жер учаскелеріне қараағаш 1490, туя 113, сосна 42,шаған 600,тұт 940, сир роза 2300, роза 1900, аморфа 150, можжевельник – 9, терек 500 барлығы 8044 көшет егілді. Мекеме теңгеріміндегі барлық жер учаскелеріндегі ағаштарға және Жібек Жолы даңғылы бойындағы күз және көктем айларында егілген ағаштардың өнімділігін жақсарту мақсатында «ГУМИ» минералды тыңайтқыштары берілді. Күтіп баптау жұмыстары бақылауда.», -дейді мекеме басшысы
Айта кетейік, мекемге 3-дана жаңа шөп оратын агрегат /газонокасилка/ және 1-дана электрлі шөп оратын орақ алынып, бұйрық арқылы бекітіліп, жауапты жұмысшыларға берілген.
Қазақстан Республикасының президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы «барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» №105 жарлығына сәйкес, осы жылдың 19 наурыз күні сайлау өтті. Сол сайлаудың нәтижесінде сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына 18 депутат сайланып, 30 наурыз күні бірінші сессиясы өтіп, сол сессияда Түркістан қалалық мәслихаты құрылды. Мәслихат төрағасы сайланды және мәслихаттың тұрақты комиссиялары құрылып, депутаттық фракция тіркелді. Сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатына барлығы 18 депутат сайланса, оның 17 депутаты “Amanat” партиясынан. Айта кетерлігі, Түркістан қалалық мәслихатында бір ғана әйел депутат бар. Ол – Сүлейменова Жәмила Төреханқызы. Бүгінде, «Бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрайымы қызметін де атқарады.
“AMANAT” партиясының бастамасымен барлық деңгейдегі депутаттар халықпен кездесуден бөлек, БАҚ өкілдеріне атқарылған және атқарылатын жұмыстар жөнінде баспасөз мәжілісін өткізуде. Кезекті брифингке Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары Сүлейменова Жәмила мен Данияр Аюпов қатысып, БАҚ өкілдеріне нақты іс-шараларды баяндап берді.
– “Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары қаламыздың экономикасының өркендеуіне, қала халқының тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына қала әкімдігімен бірлесіп бірқатар жұмыстар атқарылуына ықпал етуде. Қаламыздың тыныс тіршілігінің жақсаруы мақсатында қаланы аббаттандыру, көгалдандыру, көшелерді асфальттау, жарықтандыру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, газдандыру тағы да басқа да өзекті мәселелерді қаржыландыру бойынша тұрақты комиссиялардың отырысында жан-жақты талқыланып, олардың шешілуі жөнінде нақты ұсыныстар айтылып, сессияларда шешімдер қабылданды және сол шешімдердің орындалу барысы үнемі басты назарда болып келеді”, дейді Жәмила Төреханқызы
Депутаттардың айтуынша, жыл басынан бері Түркістан қалалық мәслихатында 4 сессия өткізілген. Сондай-ақ өзекті мәселелерді талқылап, тиісті шешім қабылдау мақсатында 8 тұрақты комиссия отырысы болған. Жалпы 24 мәселе қаралып, барлығына нақты шешімдер қабылданған. Ал, бюджетке қатысты қабылданған шешімдер саны – 2.
Түркістан қаласының 2022 жылғы жергілікті бюджет түсімдерінің орындалуы 132 миллиард 37 миллион 418 мың теңге болса, ал шығысының атқарылуы 131 миллиард 929 миллион 618 мың теңге болып бекітіліпті. Сондай-ақ, назарларыңызға Түркістан қаласының 2023 жылға арналған бюджеті туралы мәліметті ұсынамыз.
Мазмұны
Бекітілген бюджет
Нақтыланған бюджет
Айырмасы
%
Жалпы кірістер
73 983 568,00
106 411 891,00
32 428 323,00
143,8
Өзіндік кірістер
32 889 427,00
45 736 858,00
12 847 431,00
139,1
Жалпы шығыстар
73 983 568,00
106 411 891,00
32 428 323,00
143,8
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес, депутаттық өкілеттілігіне байланысты, тұрғындардың өтініштері негізінде және қоғамдық қабылдаудың нәтижесі бойынша атқарушы орган өкілдеріне депутаттық сауалдар мен жолданым хаттар жолданған. Оның ішінде депутат Сүлейменова Жәмила Төреханқызы төмендегі мәселелерді көтерген:
– М.Әбенова мектебі аумағындағы келеңсіздіктер туралы;
– Балалар ойын алаңшаларының қоршауының жарамсыздығы;
– Егілген көшеттердің қурап кету жағдайы;
– Аумақтың санитарлық жағдайының төмендігі;
– Иригациялық суландыру жүйесінің сапасы туралы;
– Гауһар ана көшесіндегі сарқынды су жүйесінің сапасы туралы;
– Мәдениет. Ш.Қалдаяқов көшелеріне тас төсеу жұмыстарын жүргізу;
– Көше қиылыстарына көше атаулары жазылған маңдайшалар орнату;
– Қ.Рысқұлбеков көшесіндегі асфальт төселмей қалған 500 метрге жуық жерге асфальт төсеу;
– Қ.Рысқұлбеков көшесімен Гауһар ана бұрылыс көшесі аумағындағы кәріз жүйесі жүргізілмей қалған 15 үйге кәріз жүйесін жүргізу;
– Жаңа қала аумағына тікелей қоғамдық көлік бағытын ашу;
– Дулыға көшесіне кәріз құдықтарын орнату;
– Сүйіліш батыр көшесіндегі электр бағандарының сапасы;
– Өсиет және Сыбаға көшелеріне ауыз су жүйесін жүргізу;
– Меркі және 23 көшелерге тас төсеу жұмыстарының сапасы туралы;
Мұнымен қоса, Жәмила Төреханқызы тұрғындармен кездесу барысында айтылған өтініштерінің негізінде, халықпен жұмысты оңтайландыру және тиімділігін арттыру мақсатында Отырар тұрғындар алабын екіге бөліп, жаңадан тұрғындар алабын ашу мәселесін көтерген.
– “2023 жылы, яғни жыл басынан бері 8 қоғамдық қабылдау өткіздім. Жеке қабылдауға келгендердің саны 37 азаматты құрап отыр. Тұрғындардың басым көпшілігі жол, қоғамдық көлік, ауыз су, жалпы әлеуметтік мәселелерді жеткізеді. Кейде, жеке отбасылық жағдайын айтатындары да бар. Бірақ, кез-келген өтініш пен ұсыныс айтушының сөзіне бей-жай қарамаймыз. Мен, бұған дейін де бірнеше шақырылымның депутаты болғанмын. Сондықтан, Түркістандағы өзекті мәселелерді де білемін. Мәслихаттың депутаттары да өте белсенді жұмыс жасап жатыр. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар да аз емес. Оның барлығы кезең кезеңімен шешімін тауып жатыр,” дейді «Бюджет, экономикалық және әлеуметтік даму, өнеркәсіп, кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының төрайымы Жәмила Сүлейменова.
«AMANAT» партиясының Түркістан қаласы бойынша 2023 жылға арналған жол картасының бүгінгі күнге дейінгі орындалуы бойынша барлығы 35 индикатор болса, оның ішінде 9 индикатор орындалыпты. Ал 26 индикатор орындалу барысында дейді Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары.