Архив рубрики: Ақпарат

«Түлкібас әк зауытында» 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Түлкібас ауданында үздіксіз және жоспарлы түрде жұмыс істеп келе жатқан мекеменің бірі — Түлкібас әк зауыты. Өндіріс орнының жылдық қуаттылығы 22 мың тоннаны құрайды. Қазіргі таңда зауытта 100 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. «Түлкібас әк зауыты» ЖШС 2021 жылы 43 млн. теңгеге жаңадан әк сындыру жүйесін іске қосқан. Алдағы уақытта мекеме басшылығы зауытты қайта құрылымдаудан өткізуді жоспарлап отыр.

 

 

 

 

— Өндірілген өнімді бүкіл Қазақстан бойынша жөнелтеміз. Сонымен қатар, Қырғызстанға да экспорттаймыз. Биылдан бастап Өзбекстаннан да сұраныс түсуде. Бұйыртса, көршілес тағы бір мемлекетке өнімдерді шығармақпыз. Шетелдік зауыттар жаңа технологиямен қамтылған, сондықтан оларға бірінші сұрыптағы әк керек. Біз егер сол талаптарға сәйкес өнімдерді шығарсақ, өте жақсы болар еді. Тиісінше, жергілікті өңірдің экономикасы да қосатын үлесіміз арта түсетін еді. Бүгінде зауытта 100 адам тұрақты жұмыс жасап жатыр. Егер  зауыттың ауқымы кеңейіп жатса , қосымша тағы да жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуға мүмкіндігіміз болады. Бұл бағытта, мемлекеттік бағдарламалардың аясында жобаларды жүзеге асыру мен бірқатар жоспарларымыз да бар.» — дейді «Түлкібас әк зауыты» ЖШС-нің бас директоры Перизат Әбдібекова.

 

 

 

 

Айта кетейік, Түлкібас ауданында алдағы үш жылда өнеркәсіп саласы бойынша 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соның аясында, 3685 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтіліп отыр. Жобалар жүйелі түрде іске асатын болса, өнеркәсіп өнімінің көлемі 127,6 млрд. теңгеге жетіп, салық түсімі 21,9 млрд. теңгеге артады деп көзделіп отыр. Ал, қазірдің өзінде Түлкібас ауданында 4 орта, 26 кіші және 6 қосалқы, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істеп келеді. Атап айтар болсақ тамақ өнеркәсібінде 10, құрылыс материалдары өнімдерін өндіру саласында 8, кен өндіру саласында 6 және өндірістің басқа да түрлерімен 8 мекеме айналысуда.

Түлкібас: «Жастар практикасы» жастарға жаңа мүмкіндік

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Т.Рысқұлов ауылының тұрғыны Алтынбек Азиза Ғаниқызы Түлкібас ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөліміне жолданған. Қазіргі таңда жас маман өзіне жүктелген міндеттер мен тапсырмаларды және тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.
 
Азиза Ғаниқызының мақсаты алдағы уақытта біліктілігін одан әрі арттырып, мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу. Түлкібас аудандық Мансап орталығының қолдауымен кәсіпкерлік бөлімінде қызмет жасап жүрген ол мекеменің ұжымы мен жұмыс орнына көңілі толатынын айтады.
-«Жастар практикасы» оқуын аяқтап, мамандық иесі атанған жастар үшін үлкен мүмкіндік деп білемін. Себебі алған біліміңді, тәжірбиеңді шыңдап, жұмысқа орналасуға үлкен қадам. Менде жоғарғы оқу орнын бітіріп, өзімнің туған ауылыма оралдым да, аудандық жұмыспен қамту орталығына, яғни қазіргі «Мансап» орталығына жүгіндім. Бүгінгі таңда «Жастар практикасы» бағдарламасымен Түлкібас аудандық кәсіпкерлік бөлімінде жұмыс жасап жүрмін. Маған өз мамандығыммен жұмыс жасау ұнайды»,- дейді Алтынбек Азиза.
Айта кетейік, 2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба 10 міндетті көздейді, оның 3-і халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған: өз ісін ашу және дамыту үшін жағдай жасау, субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту.

1. Бірінші міндет шеңберінде «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу мерзімі дара кәсіпкер ретінде үш жылдан кем болатын жұмыссыз немесе дара кәсіпкер ретінде грант беруге өтініш берілгенге дейін олар тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына гранттар беріледі.

2. Екінші міндет шеңберінде еңбек нарығында белгілі бір кедергілерге тап болған адамдарды (жұмыссыздар, жастар, мүгедектігі бар адамдар, зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар және т.б.) жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шаралар іске асырылады.

Оқу орындарының түлектеріне арналған Жастар практикасы, «бірінші жұмыс орны» және «ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша жұмыс орындары олар алған кәсіп (мамандық) немесе сабақтардың Ұлттық сыныптауышының сол сабақ тобына жататын ұқсас кәсіп (мамандық) бойынша құрылады.

Жастар практикасы алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).

«Бірінші жұмыс орны» жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген жұмыссыздарға жұмыс орындарын және қажетті еңбек дағдыларын беруге бағытталған (қатысу мерзімі 18 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК  (ай сайын).

Қоғамдық жұмыстар-қызметкерлерді алдын ала кәсіптік даярлауды талап етпейтін, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрлері. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға: жұмыссыздар; жазғы демалыс кезеңінде жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері; бос тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын) құқылы.

«Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан жұмыссыздардың экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған (қатысу мерзімі 36 айға дейін, субсидия мөлшері 30 АЕК — тен аспайды (ай сайын).

«Ұрпақтар келісімшарты» жобасы кейіннен зейнеткерлік жасқа толған жұмыскерді ауыстыра отырып, жұмысқа орналастыруға бағытталған (қатысу мерзімі 6 айға дейін, субсидиялар мөлшері 30 АЕК (ай сайын).

Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздардың жалақысын субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыруға арналған (қатысу мерзімі 12 айға дейін, субсидиялар мөлшері кемінде 20 АЕК (ай сайын).

Жоғарыда көрсетілген субсидияланатын жұмыс орындарына қатысу үшін мынадай құжаттар қажет: қатысуға өтініш; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасының көшірмесі (бар болса); білімі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, куәлік, диплом), бар болса оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат).

Жұмыссыз азаматтарды кәсіптік оқыту 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде келесі үш бағыт бойынша ұйымдастырылады.

Біріншіден, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында оқыту.

Оқыту оқытудан өткен адамдарды жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша ұйымдастырылады. Ол үшін тараптардың (жұмыспен қамту орталығы, жұмыссыз, жұмыс беруші және оқу ұйымы) арасында тараптардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін 4 жақты әлеуметтік келісімшарт жасалады.

Екінші, жұмыс берушіде жұмыс орнында оқыту.

Жұмыс берушілерде жұмыссыздарды жұмыс орнында оқыту білікті тәлімгерді бекіте отырып, кәсіпорындар базасында ұйымдастырылады. Оқу кезеңінде жұмыс беруші жұмыссыздармен еңбек шартын жасасады және оны уақытша жұмыс уақытына жұмысқа орналастырады.

Үшінші, платформада онлайн оқыту skills.enbek.kz.

Портал онлайн оқытудың қысқа мерзімді курстарының маркетплейсі болып табылады және сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген республика азаматы үшін қолжетімді.

Жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау үшін жеңілдетілген шағын несиелеу қарастырылған.

Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% — дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы-кепілмен қамтамасыз етудің міндетті шартымен 5 млн теңгеге дейін. Несиелеу мерзімі мал шаруашылығын қоспағанда, кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін (қызметтің осы бағыты үшін – 7 жылға дейін).

«2021 — 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны» әзірлеудің басты мақсаты:

Кәсіпкерлік құрылымындағы сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету:

— халықты жұмыспен қамтуды арттыру мақсатында шағын бизнесті дамыту;

— экономика салаларын әртараптандырудың драйвері – орта бизнеске сүйену;

— кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар – бәсекелестікті кешенді дамыту болып табылады.

 

Айта кетейік, Түлкібас ауданында «Ұлттық жоба» аясында мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ниетті азаматтар мен азаматшалар

Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі 318 мекен-жайында орналасқан «Мансап» орталығының қызметіне жүгіне алады.
Байланыс:
Тел: 8 (725 38) 52 864
8 (725 38) 52 724

ТҮЛКІБАСТЫҚ ОТБАСЫ ҚҰЛПЫНАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА

Түркістан облысына қарасты бірқатар аудандарда «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында кәсіпкер атанғандар қатары күн санап артып келеді. Оған дәлел, Түлкібас ауданында тұратын Тілемісовтер отбасы құлпынай егіншілігін қолға алып, кәсібінің нәсібін көріп келеді. Бұған дейін түлкібастықтар дүйім жұртты алмасымен таңғалдырса, енді құлпынай жемісі нағыз брендке айналып келеді. Аталған жоба, елді мекендердегі егіншіліктің дамуындағы алғашқы баспалдақ саналады. Халықтың әлеуетін жақсарту мақсатында қолға алынған бағдарлама шаруалар үшін таптырмас мүмкіндік.
Ағайынды Тілемісовтердің айтуынша, бұл кәсіпті «Ауыл аманаты» жобасымен мемлекеттен 2,5 пайыздық несие арқылы 7 миллион теңге қаржы алып, шаруашылық жерлерінің көлемін ұлғайтқан. Мәліметтерге сүйенсек, осыған дейін ауданда 188 миллион теңгені құраған 31 жоба қаржыландырылған. Шаруа қожалықтың дамуы алғашында, қайтарымсыз грант аясында кішігірім үй ауласынан басталған екен. Сонан соң, «Ауыл аманаты» жобасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, құлпынай алқабын тағы 3 гектар жерге кеңейткен.
Ағайынды Тілемісовтердің сөзінше, бұл жеміс, басқа өсімдіктерге қарағанда, едәуір күтімді қажет етеді. Сол себепті бұл кәсіпке келмес бұрын өсімдікті жан-жақты зерттеп, күтіп-баптаудың қыр сырымен толықтай танысқан.
-Қазіргі таңда алқапта құлпынайдың Италияндық Альбион, Азия, Мурано атты үш түрлі сұрыпы егілді. Аталмыш сұрыптар ерте көктемнен бастап, қара күзге дейін жылына 30 тонна жеміс береді. Алқапта Израилдық тамшылатып суару әдісін қолданамыз, себебі суарудың бұл түрі ылғалды сақтап қана қоймай өнім көлемін арттырады. Бүгінде қожалықта ауылдың бірқатар жастары еңбек етеді. Негізінен шаруашылыққа қызғушылығым әуел бастан жоғары еді, оның ішінде құлпынай жемісін өсіруге қызығушылық басым болды, — дейді кәсіпкер.
Жалпы Түлкібас ауданы бойынша «Ауыл аманаты» жобасына Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтері енгізілген. Аталған бағдарламада өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, сондай-ақ кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мол мүмкіндіктер қарастырылған.

«AMANAT»: КЕНТАУЛЫҚТАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев Кентау қаласындағы тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үй аулаларын аралап, қаладағы Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.
Фракцияның жетекшісімен бірге облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов алдымен тозығы жеткен көпқабатты тұрғын үй аулаларын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарымен танысты. Тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдады.
 
Кенді қалада 56 көп қабатты тұрғын үй аулалары бар. Солардың қатарында абаттандыру мақсатында, 33 ауланың жобалау сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған. Алайда жергілікті халық аулада қауіпсіздік шараларын сақтау, абаттандыру, балалар алаңшаларын салу және қоқыс мәселесін айтып наразылық білдірді. Үй аулалары мен көше бойын жарықтандыру қажет екендігін айтты.
Шағым айтқан халыққа Мәжіліс депутаты;
— Кентау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің жағдайы төмен екенін білемін. Алайда бүгінгі келген мақсатымыз осы аулаларды абаттандыру жұмыстарымен танысу. Көгалдандыру жұмыстарын жасау. Аталған 33 үйдің ауласын абаттандыру бойынша құжаттар жасалды. Республикалық бюджеттен қаржы қаралып, жұмыс жасалатын болады-деді Е.Бейсенбаев.
Кентау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің 33 ауласын абаттандыру мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы жүзеге асыру 2022 жылы жоспарланған. Сметалық жоба құны -5 082,225 мың тенге.
Сонымен қатар, Фракция жетекшісі Кентау қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында болып, қызметкерлермен кездесті.
 
Мекеме ғимараты Кентау қаласы әкімдігінің теңгерімінде болғандықтан, 2012 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, жөндеу жұмыстарының жоқтығына байланысты мұнда электр желісінде ақау бар. Салдарынан электр жарығы жиі сөніп, халыққа қызмет көрсетуге кедергі келтіреді. Резервтік генератор жоқ. Оған қоса мүмкіншілігі шектеулі жандардың ғимаратқа кіріп шығуына бейімделмеген.
Сондай-ақ, қалалық халыққа қызмет көрсету орталығында интернет желісінің жылдамдығы өте төмен,- деді мекеме қызметкерлері.
Фракция жетекшісі кездесуде айтылған барлық өтініш- тілектерді назарға алып, партия тарапынан бақылауда болатынын айтты.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

«AMANAT» МӘСЕЛЕ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Түркістан облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев Кентау қаласына арнайы барды. Мәжіліс депутаты №5 ЖЭО-ң 92 пайыз тозығы жеткен қазандықтарына қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты.
Қала әкімі Жандос Тасов 92 пайызға тозығы жеткен сервис орталығында бүгінгі таңда, 4 қазандыққа ағымдағы жөндеу және 4 қазандыққа қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
80 жылдық тарихы бар жылу мекемесі Кентау қаласындағы қуаттылығы 100 Гкал/сағ. жоғары жалғыз орталық болып саналады. Осыған дейін орталықтың тозуына байланысты, қазандықтарын, жылу жүйелерін және қосалқы қондырғыларын қайта құру жұмыстарын жасау жоспарланған болатын. Сметалық құны 13,7 млрд. млн.теңгені құрайды.
Қазандықтардың қайта құру жұмыстары 30 — қазан аяқталады.
— Станцияның тозу дәрежесі жоғары болғандықтан, авариялық келеңсіз жағдай тудыруы мүмкін. Жылу орталығының қайта құру жұмыстары аяқталғаннан кейін қала тұтынушыларын сапалы әрі тұрақты жылумен қамтамасыз ету арта түспек. Сондықтан жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауды қадағалау тиіс. Нысан толығымен партиялық бақылауға алынған , — деді Е.Бейсенбаев
Айта кетейік, нысан 2024 жылға өтпелі. Қазіргі таңда қазандықтардың демонтаж жұмыстары орындалуда. Дайындық жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.
Одан бөлек, жылыту маусымына 6,6 шақырым магистралды жылу желілері мен 4 насостық станцияны қайта жаңғырту үшін ағымдағы жылға 3,8 млрд. теңге бөлінген.

Белгілі әнші-сазгер Ержан Серікбаевтың ұлы бір қызды өлімнен құтқарып қалды. (Видео)

Түркістан облысындағы үйлердің бірінде түнгі уақытта екі тәртіп сақшысы өзін-өзі өлтіруге шешім қабылдаған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап ТАQ.KZ ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Тәртіп сақшыларының бірі белгілі әнші-сазгер Ержан Серікбаевтың ұлы Бейбарыс Серікбаев болып шықты. Оқиға Төлеби ауданында болған. Түнде павлодарлық жас жігіт Төлеби АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын өзінің танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керектігін хабарлайды. Полиция қызметкерлері Есенғали Асқарбеков пен Бейбарыс Серікбаев ойланбастан бірден қыздың тұрғылықты мекен-жайын анықтап, сол жерге жетеді.
Учаскелік инспекторлар үйдің қақпасын қаққанымен, ешкім ашпайды. Содан кейін тәртіп сақшылары уақытты жоғалтпау керектігін түсініп, қақпаның үстінен асып түседі. Бейтаныс әйел жүгіріп шығып, полицейлердің не істеп жатқанын сұрайды. Олар қоңырау арқылы келгендерін түсіндіреді, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтады.

Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермекші болады. Осылайша олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және ас үйде қоштасу хаты тұрғанын анықтайды.
Олар үйдің барлық жерін аралай бастады, бірақ қыз із-түзсіз жоқ. Бейбарыс Серікбаев үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған жоғалған қызды табады.

Учаскелік қызметкер дереу әріптесін көмекке шақырады. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастайды. Содан кейін полиция оған алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар жансызданған аяқ-қолдарын уқалап, жасанды тыныс алып, жедел жәрдем шақырады.
Қырағылық пен келісілген әрекеттің арқасында полицейлер 24 жастағы қызды осылайша құтқарып қалады.

Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Оқиғаның толық мәнжайы әлі де анықталуда.
Анасы тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді. Сондай-ақ полицейлерге дәрігерлер де алғыс айтып, қыздың уақытында құтқарылғанын, сапалы алғашқы көмек көрсеткенін атап өтті. Дәрігерлердің айтуынша, егер олар бірнеше секундқа кешігіп қалса, онда қыз өмірімен қоштасуы мүмкін еді.

 

 

Полиция қызметкері Есенғали Асқарбеков 2006 жылдан 2007 жылға дейін Өскеменде әскери борышын өтеп, 2009 жылдың қыркүйегінен бастап ІІО-да жұмыс істейді. Үйленген, үш ұл тәрбиелеп отыр.
Бейбарыс Серікбаев белгілі әнші әрі композитор Ержан Серікбаевтың ұлы. Маэстро өзінің туған қаласы Арыс қаласында 51 жасында жол апаты кезінде қайтыс болды.

Қайғылы оқиғадан кейін жас жігіт өз өмірін полиция қызметімен байланыстыруға шешім қабылдады. Бейбарыс 2022 жылдан бастап ІІО-да қызмет атқаруда.

 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті XLIX есеп беру – сайлау конференциясы өтті.

Конференцияның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев, облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық және қалалық саяси кеңес мүшелері, партия ардагерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды:
1. Партияның облыстық филиалы Саяси кеңесінің 2021-2022 жылдарға атқарылған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері;
2. Облыстық сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша жол картасының орындалу барысы;
3. Бақылау-тексеру комиссиясының 2021-2022 жылдарға атқарылған жұмыстары және алдағы кезеңдегі міндеттері;
4. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамын сайлау;
5. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Бақылау-тексеру комиссиясын сайлау.
Өз кезегінде облыстық филиал төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев облыстық филиалдың 2022 жылы атқарған жұмысы туралы есеп берді.
Партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне, 2021 жылы 22 мыңнан астам арыз-шағым келіп түссе, олардың 70%-ы оң шешіліп, 30%-ына заң аясында кеңес берілген.
Ал, 2022 жылы партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 17 мыңға жуық арыз-шағым келіп түссе, 53%-ы оң шешіліп, 47%-ына заң аясында кеңес берілген ,- деді А.Үмбетәлиев.
Фракция жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы 2023 жылға арналған партияның рөлін күшейту және халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту бойынша міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ, аманаттықтарға өңірдегі партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейту қажеттігін атап өтті.
Түркістан облыстық партия филиалы Республика көлемінде партия мүшелері санынан бірінші орындағы ең ірі филиал болып саналады. Бүгінгі таңда 80 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін, 242 бастауыш партия ұйымы бар. «Жастар рухы» жастар қанатының 7 мыңнан астам мүшелерін біріктіретін, 17 филиал жұмыс істейді.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

”Балаларды мектепке даярлаймыз” қайырымдылық акциясы өтті

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясының Фракция жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Түркістан қаласына келді. Парламент Мәжілісінің депутаты киелі өңірге сапарын алдымен балаларды қуантудан бастады. Оқушылар сарайында өткен
«Балаларды мектепке даярлаймыз» атты акцияға қатысты.

Игі шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы және БАҚ өкілдері қатысты. Акция мақсаты, мектеп жасындағы балаларды мектепке толық қамтуға жағдай жасау, жаңа қарқынмен, білімге деген құштарлық, асыға күткен алтын ұя мектебіне сағыныш сезімін ұялату.

Шараға қатысқан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы сөз сөйлеп, жаңа оқу жылымен көпшілікті құттықтады.

— Біз балаларымыздың жайлы мектептерде оқып, білікті азамат болып шығуына бар күш-жігерімізді саламыз. Сайлауалды бағдарламамыз аясында бүкіл ел аумағында мектеп тапшылығын жойып, заманауи үлгідегі оқу ғимараттарының салынуын қамтамасыз етеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар басталып та кетті. Білімді ұрпақ тәрбиелеу – біздің қасиетті борышымыз, — деді Е.Бейсенбаев.

Фракция жетекшісі акция аясында 30 бүлдіршінге мектепке қажетті құрал — жабдықтар табыстап, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлаймыз» атты қайырымдылық акциясы жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Акция биыл «Балаларға көмек берейік» ұранымен жалғасып отыр. Елнұр Сабыржанұлы шара соңында оқушылар сарайын аралап, балалар қатысатын түрлі үйірмелердің жұмыстарымен танысты. Оқушылар сарайы алты негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді: «Технопарк және IT Sana», «ЛингвоLand», «Спорт», «Ғылым қалашығы», «Шығармашылық», «Өнер» бөлімдерінде алпыстан астам үйірмелер бар.

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балабиев Қайрат Рахымұлы Түркістан қаласындағы “Жеңіс” саябағында Түркістан қаласының жастарымен кездесу өткізді.

Кездесуге “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының төрағасы Сарсенбаев Ғаппар Амантайұлы, «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Таштеев Сұлтанхан Батырханұлы және ”AMANAT” партиясы Түркістан қалалық “Jastar Ruhy” ЖҚ мүшелері қатысты.

 

 

— Қашан да еңбектің наны тәтті. Таза еңбекпен табысқа жеткен адамның күндіз күлкісі, түнде ұйқысы тыныш болады. Тынымсыз еңбек телегей табысқа жеткізеді. Жастар жастық шақта білім алып, тіл үйреніп, жан-жақты жұмыс істеп үйренсе, жалқаулыққа жол бермейді. Әркім өз мамандығын сүйсе, сүйсініп жұмыс істейді. Мамандық таңдауда жаңылмау керек. Жаңылған жағдайда да жеңілмеу керек. Қиындықтарды сабырмен және табандылықпен жеңуге тырысқан жөн, — деді Қ.Балабиев жастармен болған кездесуде.

Жастар тек өз деңгейінде шектеліп қалмай, ел дәрежесінде қызмет етуі тиіс. Бүгін, Қайрат Рахымұлы Түркістанда жастармен жүздесіп, ашық әңгімелесті.

 

Кездесу барысында Қайрат Рахымұлы қаламыздың жастарын өз өмір жолымен таныстырып, Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айтып өмірді өзгертуге арналған маңызды кеңестерімен бөлісті.

ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балабиев Қайрат Рахымұлы “AMANAT” партиясы Түркістан қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуге «AMANAT» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Таштеев Сұлтанхан Батырханұлы, Түркістан қалалық “Ақсақалдар алқасы” ардагерлер ұйымының төрағасы Әзіретбергенов Жарылқасын және “Станция Түркістан” БПҰ төрағасы Сырлыбеков Қадыр қатысты. Қала тұрғындары кездесу барысында әлеуметтік, экономикалық, білім беру, денсаулық, тұрғын үй және рухани мәселелерді алға тарта отырып, қаламыздағы қордаланған өзекті мәселелерді шешуге ықпал жасауды өтінді. Кездесуге қатысқан қала тұрғындары Қайрат Рахымұлына қоғамдық көліктерді көбейту, әйелдердің зейнет жасын қысқарту, қаламыздағы өнеркәсіп орындарын көбейту және облыстық деңгейдегі денсаулық және білім беру салаларын қайта қалалық деңгейге ауыстыру жайында өз ұсыныстарын жеткізді.

Кездесуде көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізген ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Балабиев Қайрат Рахымұлы мәслелерді шешуге оң ықпал жасайтындығын мәлімдеді.