Архив рубрики: Жастар саясаты

ЖАЛПЫ СЕНБІЛІКТЕ 50 МЫҢ ТҮП КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Мемлекет басшысының бастамасымен жалпыхалықтың деңгейде сипат алып, тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісай ауданында ауқымды сенбілік өтіп, 7 мыңға жуық түрлі көшет егілді.

Ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шараға мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті мәслихат депутаттары, ауданның белсенді жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты. 2 мыңға жуық адам мен 15 техника жұмылдырылған санитарлық тазалық жұмыстары қала, кент және барлық ауылдық округтерде арнайы бекітілген кесте негізінде жоғары деңгейде жүргізілді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен көшелерді, арық-атыздарды тазаласа, тұрғындар үйіргелік жерлерін, ал кәсіпкерлер кәсіпкерлік нысандарына жапсарлас аумақтарды күл-қоқыстардан, қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Өткен жылы бастау алған аталмыш шара аясында ауданда жыл басынан бері 100 мыңға жуық тұрғын мен 280 техника жұмылдырылған 77 ауқымды сенбілік өткізіліп, тазалық жұмыстары барысында 692 тонна қоқыс тиісті орындарға шығарылған. Сонымен қатар ауданда Жасыл белдеу қалыптастыру, көгалдандыру жұмыстарын жоспарға сай жүргізу мақсатында 7 мың түп түрлі ағаштардың көшеті егіліп, көлік қозғалысына кедергі келтіретін ағаштар бұталды.

Айта кетсек, былтыр аудан тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, шынар, қарағаш, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер отырғызылған еді. Биыл тағы 30 мың түп көшет егу жоспарлануда.

Арыс қаласы да игі іске ұйысып, жалпықалалық ағаш отырғызу акциясы өтті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шараға қала әкімі Қайсар Маңқараев пен ардақты қариялар, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер, мешіт имамдары мен түрлі мекеме ұжымдары белсене қатысты. Алғашқы көшеттер қала орталығындағы Құрметті азаматтар аллеясында отырғызылды. Мұнда ардагерлер, этно-мәдени орталық өкілдері мен еріктілер бірлесе 50-ден астам қарағай көшетін отырғызса, дайындық жұмыстарын «Жасыл Арыс» КММ ұжымы алдын ала үйлестіріп, жер телімдерін әзірлеп, су көздерін қолжетімді етті.

Игі іс одан әрі «Жеңіс» скверінде жалғасты. Мұнда да жұртшылық жұмыла еңбек етіп, 250 түп жас талды топыраққа қондырды. Әр көшет ерекше ықыласпен отырғызылып, ортақ іске деген жауапкершілік пен ұйымшылдық айқын сезілді. Шара барысында қала әкімі аға буын мен жастардың бірлескен белсенділігіне ризашылығын білдірді.

«Арыс әрқашан бірлігімен, жанашыр халқымен мықты. Бүгін соның тағы бір дәлелі болды. Ұрпақтар сабақтастығы деген – осы. Еккен талдарыңыз жайқалып, ел игілігіне айналсын!» – деді қала басшысы.

Шараның ең ауқымды бөлігі Арыс–Шардара автожолының бойында өтті. Бұл жерде мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйымдар мен белсенді тұрғындардың қатысуымен 3 700 түп қарағаш көшеті отырғызылды. Айта кетейік, егілген ағаштардың барлығы – Арыстағы жергілікті тұқымбақта өсірілген, топырақ пен климат жағдайына толық бейімделген көшеттер.

Акцияға қатысушылардың әрқайсысы бұл жұмысты тек сенбілік деп емес, туған жерге деген құрмет деп қабылдап: «Бұл талдар – болашаққа қалдырған аманатымыз» деген ортақ оймен еңбек етті. Жаппай ағаш отырғызу шарасы қала экологиясын жақсартуға ғана емес, халықты ұйымшылдыққа, туған жерді сүюге және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға шақырған ерекше бастама болды.

Одан бөлек, Ордабасы ауданында да «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды сенбілік шарасы өтті. Тазалық пен қоршаған ортаны қорғау мақсатында қолға алынған іс-шараға аудан бойынша 2954 адам қатысты. Олардың қатарында мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, ардагерлер, жастар, еріктілер және ауыл тұрғындары белсенділік танытты.

Сенбілік барысында аудан аумағында орналасқан бірқатар маңызды нысандар мен инфрақұрылымдар күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, М-32 республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойы, сондай-ақ К-16 және ішкі каналдарының айналасы арам шөптер мен қатты тұрмыстық қалдықтардан толықтай тазартылды. Тазалық жұмыстарына 15 дана арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 50 тоннадан астам күл-қоқыс сыртқа шығарылды.

Бұл жолғы сенбілік тек тазалық шараларымен шектелмей, көгалдандыру және ағаш отырғызу жұмыстарымен де ерекшеленді. Биылғы көктем-күз маусымындағы ағаш егу жұмыстары жылдағыдан ерте басталды. Осыған орай, аудан орталығы Темірлан елді мекенінде орналасқан “Шәмші Қалдаяқов” атындағы аллеясында салтанатты түрде ағаш отырғызу рәсімі ұйымдастырылып, 50 түп арша (можжевельник, сосна), көшеттері егілді.

Бұдан бөлек, 10 ауыл округі аумағында 890 түп қара ағаш көшеттері отырғызылды және өзге де жасыл желек түрлерін отырғызуға арналған 14 мың көшет орны алдын ала дайындалды. Жалпы алғанда, аудан бойынша күз мезгілінің соңына дейін 21 150 дана ағаш көшетін отырғызу жоспарланып отыр. Бұл жоспар – аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға, ауаны тазартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі.

Сенбілікке қатысушылардың айтуынша, мұндай шаралар қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тұрғындарды табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Сенбілікке қатысқан мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері, жастар мен еріктілер мұндай бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табуын қолдайтындарын жеткізді.

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА ЧЕЛЛЕНДЖ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Түркістан қаласында өңірдің жастары экологиялық тәрбие мен табиғатты қорғауды насихаттау мақсатында «EcoAction» челленджін ұйымдастырды. Іс-шара облыстағы аудан-қалалық «Жастар ресурстық орталықтарының» қатысуымен өтті. Бұл бастама Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ  және түркістандық жастардың ұйымдастыруымен жүзеге асырылып, өңірдегі 17 аудан мен қалаларға жолданды. Челлендж аясында өңір орталығының жастары сенбілік ұйымдастырып, оны аймақтарға әлеуметтік желі арқылы жолдады. Кейін өзге өңірдегі жастар челленджі жалғастырды.

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Ернар Бектаевтың сөзінше, бұл бастама экологиялық мәдениетті нығайтуға, жастар арасындағы ынтымақтастық пен жауапкершілікті арттыруға бағытталған.

«- Табиғатты қорғау мақсатында ұйымдастырылған «EcoAction» челленджі экологиялық мәдениеттің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашып, өңірлік жастар қауымдастығына үлгі болуда. Сондай-ақ, жастардың қоғамдағы маңызды мәселелерге бей-жай қарамайтынын, табиғатқа деген жауапкершілігін және болашаққа деген қамқорлығын көрсетеді. Мұндай игі шаралар өңірде алдағы уақытта да ұйымдастырылады», – деді «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы Ернар Бектаев

Жастар – ертеңгі елдің тірегі. Сондықтан олардың табиғатқа, қоршаған ортаға, туған жерге деген көзқарасы бүкіл қоғамның болашақ келбетін айқындайды. Соңғы жылдары жастардың сенбіліктерге қатысуы, көшелер мен саябақтарды тазалау, ағаш отырғызу, қоқысты сұрыптау сынды игі бастамаларға белсенді араласуы қуантады. Бұл – олардың жауапкершілігінің артқанын, ой-санасының өзгергенін көрсетеді. Жастардың белсенділігі арқылы ауылдар мен қалаларымыздың келбеті өзгеріп, тұрғындардың экологиялық мәдениеті қалыптасып келеді. Ең бастысы – тазалықты тек акция кезінде ғана емес, күнделікті өмір салтына айналдыру үрдісі байқалады. Тазалық – тек аула емес, сана тазалығы екенін көпшілігі ұғына бастады. Яғни Мемлекет басшысының экологиялық бастамасы тек қоқыс жинау емес, ол – ой тазалығы, мәдениет деңгейі, жауапкершілік сезімі екенін сезіну керек.

« – Қоршаған ортаны таза ұстау – өз еліне, өз туған жеріне деген құрметтің белгісі. Жастардың осы бағыттағы белсенділігі қоғамға серпін беріп, үлкен буын өкілдерін де ойландырып, ортақ іске жұмылдырып отыр. Жастардың тазалықты өмір салтына айналдыруы – еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі. Бүгінгі саналы қадам – ертеңгі таза, көркейген Қазақстанның кепілі болатыны анық.

Себебі табиғат – адамның тіршілік көзі, өмірдің бастау-бұлағы. Адамның әр тынысы, әрбір күнделікті ісі табиғатпен тығыз байланысты. Сондықтан табиғатқа жанашырлықпен қарап, оны қорғау – әрбір азаматтың ең үлкен жауапкершілігі және адамдық парызы. Бүгінгі таңда қоршаған ортаның ластануы, су мен жер ресурстарының азаюы, ауа сапасының нашарлауы әлемді алаңдатып отырған мәселелердің бірі. Бұл – тек мамандардың немесе тиісті мекемелердің ғана емес, бүкіл қоғамның, әр отбасының, әр адамның ортақ міндеті. Табиғатқа деген жауапкершілік ең алдымен қарапайым әрекеттерден басталады. Бұл дегеніміз қоқысты бей-берекет тастамау және суды, электр энергиясын үнемдеу мен жасыл желекті сақтау және көбейту. Одан бөлек жер мен су көздерін қорғау және жануарлар әлеміне мейіріммен қарау. Осындай шағын ғана істер үлкен экологиялық мәдениетті қалыптастырады.

Тазалық – мәдениеттің белгісі. Тазалық – тек сыртқы ортаның емес, адамның ішкі мәдениетінің көрсеткіші. Табиғатты қорғау арқылы адам өз болашағын қорғап, ұрпағына аманат болатын байлықты сақтайды. Балаға кішкентайынан табиғатты аялауды үйрету – отбасының, мектептің және қоғамның ортақ міндет. Егер бүгін табиғатқа қамқор болсақ, ертеңгі ұрпақ таза ауамен тыныстап, мөлдір судан ішіп, жасыл табиғаттың аясында өсіп-өркендейді. Ал бейқамдық танытып, немқұрайлы қарасақ, оның зардабын келешек кешіреді. Табиғатқа деген жауапкершілік – ұран емес, өмірлік ұстаным болуы тиіс. Әрбір азамат табиғатты қорғауға үлес қосса, еліміз де, жеріміз де, болашағымыз да жарқын болады.» – дейді облыстың жастары.

ТҮРКІСТАН: «ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫНА» ОРАЙ «БІР КОЛЛЕДЖ – БІР ӨНІМ» ЖОБАСЫ ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ

Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілді. Өңірлік жоспар 7 бағыт, 64 қадамнан тұрады. Бұл туралы Түркістан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова мәлімдеді.

«Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу аясында салалық басқармалар, аудандық және қалалық әкімдіктер мен техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының бірлескен жұмыстары жүзеге асырылмақ. Жалпы облыста 50 колледж жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі көпсалалы колледждер. Оның ішінде, ауылшаруашылық саласы мамандарын – 10, қызмет көрсету және туризм саласы мамандарын – 3, ал құрылыс саласы бойынша мамандарды – облыстағы 11 колледж даярлайды. Бүгінгі таңда 75 мамандық бойынша 45 студент білім алып жатыр. Сондай-ақ, 30 колледжде жұмысшы мамандар даярланады, студенттер саны 16 100-ді құрайды. 2024-2025 оқу жылында 15 525 мемлекеттік тапсырыс болса, оның ішінде 8 678-і – жұмысшы мамандықтар. Ал, 2025-2026 оқу жылына 15 500 мемлекеттік тапсырыс жоспарланған, оның ішінде жұмысшы мамандықтарының санын 9 500-ге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Биыл «Бір колледж-бір өнім» деп аталатын жобаны енгізе отырып, 5 колледждің базасында цехтар ашып, кіші кәсіпорындарға айналдыру жұмысын жүргізудеміз. Білікті жұмысшы маман дайындаудың жолы – дуалды оқыту жүйесі қолға алынған. Бүгінгі таңда 35 колледжде дуалды оқыту жүйесімен 64 мамандық бойынша 10 353 білім алушы қамтылған»,- деді спикер.

Айгүл Ерғалиқызының сөзінше, биыл «Мамандықтар атласы» даярланады. Сондай-ақ, инвесторлар мен кәсіпорындардың сұранысы негізінде жаңа мамандықтарды ашу бойынша жұмыстар жүргізілмек. Оның ішінде лифт және эскалатор, жылжымайтын мүлікті басқару, ет және ет өнімдерін өндіру, агрохимия, пилотсыз ұшу аппараттары, мақта шитін өңдеу және жіп иіру, вагон жөндеу слесары, жасыл энергетика, гидротехникалық құрылыс мамандықтары бар.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашовтың сөзінше, өңірде еңбекке қабілетті 850 мың адам бар. Оның ішінде, 200 мың адам жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Сондай-ақ, бекітілген ұлттық кәсіби классификаторда 1 270 мамандық тобы және 12 185 мамандық пен қызмет түрлері енгізілген.

«2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл «Ұлттық жобалар» аясында жүзеге асырылатын 375 жоба шеңберінде 4 074 жұмыс орнын ашу көзделуде. «Еңбек» бағытындағы бос жұмыс орындары бойынша ашылатын 57 221 жұмыс орны мен 32 448 субсидияланған жұмыс орны бойынша да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, облыста биыл 125 инвестициялық жоба негізінде 2004 жұмыс орнын ашу көзделген. Бүгінде жаңа жұмыс орындарына жолданатын азаматтарды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткізу үшін жеке инвесторлармен меморандумдар түзіліп жатыр. Бұдан бөлек, 2025 жылы 32 448 адамды уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына жолдау жоспарлануда»,- деді спикер.

Айта кетейік, облыста биыл бос жұмыс орындары жәрмеңкелері мен өндіріс орындарында ашық есік күндерін өткізу жоспарланған. Аталған жәрмеңкелерде 350-ге жуық жұмыс берушілерден 1500-ден астам бос жұмыс орындары ұсынылуда. Бос жұмыс орындарының 57 пайызы жұмысшы мамандықтарға тиесілі.

ТҮРКІСТАНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында «Мансап» орталықтарының ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Шараға пробация қызметі есебінде тұрған азаматтар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар мен мүгедектігі бар адамдар қатысты. Жәрмеңкелерде «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыстар», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Күміс жас» сынды бағдарламалар арқылы бос вакансиялар ұсынылды.

Бұл шара әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсетуге, олардың тұрақты жұмыспен қамтылуына және кәсіби бейімделуіне ықпал етуді көздейді. Жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, сұхбаттасты. Сондай-ақ, еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы толық ақпараттар алды. Нәтижесінде жәрмеңкелерге 529 жұмыс беруші қатысып, 2 мыңнан астам бос жұмыс орындары ұсынылды. Сондай-ақ, 2318 тұрғын жәрмеңкеге келіп, 1205 адамға тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жолдама берілді.

Айта кетейік, жыл соңына дейін бекітілген кестеге сәйкес, облыста 84 рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен 38 рет ашық есік күндерін өткізу жоспарланған. Осы жұмыстардың аясында 14 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген.

Н.КӨШЕРОВ: «АЛДЫМЕН ЖЕРГІЛІКТІ МАМАНДАРДЫ ЖҰМЫСҚА АЛУ КЕРЕК»

Түркістан облысында «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі өңірлік жоспар бекітілген. Бұл бағытта ауқымды шаралар жүзеге аспақ. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте Президент тапсырмасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Онда облыс әкімі барлық жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Облыстағы колледждер мен арнаулы білім орталықтарында мемлекеттік тапсырыспен оқытылып жатқан мамандықтарды қажетті жұмысшы мамандықтарына сәйкестендіруді, инвесторларға алдымен жергілікті мамандарды жұмысқа алу бойынша талап қоюды міндеттеді.
Қазақстан Президенті өз Жолдауында 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялады. Бұл шешім жұмысшы кәсіптердің беделін арттыру, оларды жастар арасында танымал ету және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында қабылданды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады»,- деп атап көрсеткендей, еңбек адамы бүгінде көпке үлгі болуы тиіс. Жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеріп, олардың қоғамдағы маңызын дәріптеуіміз керек. Жауапты басшыларға колледждер мен арнаулы білім орталықтарында мемлекеттік тапсырыспен оқытылып жатқан мамандықтарды қажетті жұмысшы мамандықтарына сәйкестендіруді тапсырамын. Өңірімізде іске асырылып жатқан жеке инвестиция жобаларына қажетті мамандықтарды айқындап, колледждерге кәсіби маман даярлауға ұсыныс енгізіңіздер. Жұмысшы мамандақтарын белсенді дамыту керек. Инвесторларға ең алдымен жергілікті мамандарды жұмысқа тарту бойынша талап қою қажет. Жұмысшы мамандардың әлеуметтік қорғалуы, жалақы мен еңбек жағдайларын жақсарту, олардың жұмысқа деген ынтасын арттырады. Осыған байланысты еңбек ақыны көтеру, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруды тапсырамын, – деді Нұралхан Көшеров.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, өңірде еңбекке қабілетті адам саны 800 мыңнан асады. Соның ішінде 200 мыңнан астамы жұмысшы мамандығы бойынша жұмыс істейді. Мәжілісте баяндалғандай, бүгінгі таңда облыстағы жұмыс берушілерден 3600-дей жұмысшы мамандықтарға қажеттілік анықталған. Колледждерге бөлінетін мемлекеттік тапсырыс қалыптастыру барысы осы қажеттілікке қарай реттеледі. Яғни, қажетті мамандар еңбек нарығының сұранысына қарай даярланады.
2025 жылға «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бекітіліп, 130 769 жұмыс орындарын ашу жоспарланды. Оның 57% -ы жұмысшы мамандықтар болмақ. «Ұлттық жобалар» аясында жүзеге асырылатын 375 жоба шеңберінде 4 мыңнан астам жұмыс орындары құрылады. «Еңбек» бағытындаға бос жұмыс орындары бойынша ашылатын 57 221 жұмыс орындары мен 32 448 субсидияланған жұмыс орындары бойынша да жұмысшы мамандықтарға басымдық беріледі.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өңірде 125 инвестициялық жоба негізінде 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылуы көзделуде. Олардың тең жартысы – жұмысшы мамандар. Сұранысқа сәйкес жаңа жұмыс орындарына жолданатын азаматтарды қысқа мерзімдік кәсіптік оқытудан өткізу жоспарланды. Яғни, жеке инвестор өз базасында кәсіби оқытуды жүргізсе, оқытудың шығындары мемлекет тарапынан өтеліп, әрі қарай, жеке инвесторда тұрақты жұмыспен қамтылады. Бұдан бөлек, мақта өндіру саласын дамытып жатқан шетел инвесторына 1 400 жұмыс орындары ұсынылды.
Бекітілген кестеге сәйкес, Түркістан облысында барлық аудан, қалаларында бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылуда. Онда 1500-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынуда.

ЖАСТАРҒА ПАЙДАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР – МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ.

Қоғамның дамуы мен өркендеуі көбінесе жастарға байланысты. Себебі жастар – елдің тірегі, мемлекеттің белсенді бөлігі. Олар жаңа идеяларды енгізіп, өзгерістердің көшбасшылары бола алады. Сондықтан олардың ең басты міндеті — жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тұрақты даму үшін алға жылжу.

Осы орайда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігімемлекеттік қызметке білімді жастарды тарту үшін бірқатар шараларды қабылдауда.

Солардың бірі, Президенттің Жарлығымен айқындалған  Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында мектеп пен жоғарғы оқу орындарын қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институтын көздейді.

Онда, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан бітіруші сынып оқушыларын мемлекеттік қызметке дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Бұл дегеніміз оқушылардың мектепқабырғасында жүрген кезден-ақ олардың қарім-қабілетін, білімі мен біліктілігін дамыту, мемлекеттік қызметке қызығушылық танытқан жастарға кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, мемлекеттік қызметтің қыр сырын түсіндіру.

Өз кезегінде, Департамент Түркістан қаласындағы білім беру ұйымдарының жоғарғы сынып оқушыларына мемлекеттік қызмет саласында өткізілетін кездесу, форум, «Ашық есік күні»
іс-шараларына қатыстырып,  бірлесе жұмыстар жүргізуде.

Бұдан басқа, Қ.А. Ясауи атындағы қазақ-түрік университетінің жоғарғы курс студенттерінен құралған Департамент жанындағы «Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебінің тыңдаушыларына бүгінгі мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері мен негізгі жұмыс бағыттары түсіндірілуде.

Бұл – білімді жастардың дағдыларын дамыта отырып, оларды мемлекеттік қызметке тартудың бірден бір тәсілі.

Қазіргі уақытта, осы мектептің 10 тыңдаушысыорталық, облыстық және қалалық, аудандықдеңгейдегі мемлекеттік органдарда қызмет атқаруда.Яғни, кешегі студенттер бүгінгі мемлекеттік қызметтегі әріптесімізге айналып отыр.

Жалпы, білімге құштарлық әрқашан біздің халқымызға тән қасиет. Бүгінгі білімді жас – ертеңгі кәсіби білікті маман. Сондықтан, мемлекет білімді,  талапты жастарға  үлкен үміт артатыны анық.

Осы тұста, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына бірқатар өзгерістер енгізіліп, жастардың мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жеңілдеді.

Соның бірі, мемлекеттік грантпен жоғарғы оқу орнын жақсы бағамен аяқтаған түлектер (GPA 3.33-тен жоғары) бір жыл ішінде аудан, ауылдардағы төменгі лауазымдарға конкурссыз орналасуы.

Осы мүмкіндікті пайдаланып республикада – 442,облыста – 35 түлек мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеусіз қабылданды.

Бұл өз кезегінде білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан,ауылдарға  оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп отыр.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірге келген іссапарында «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керек» деп айтқан болатын.

Осы орайда, дарынды жастарды мемлекеттік басқару ісіне араластыру мақсатында, Агенттік 2019, 2021, 2023 жылдары Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде, 400 адам резервке алынып, бүгінде оның
300-ден астамы мемлекеттік органдарда және квазимемлекеттік секторларда басшылықлауазымдарда қызмет етуде.

Сол сияқты, білімді жастардың пулын қалыптастыру бойынша 2024 жылы алғаш рет Өңірлік кадр резервіне іріктеу жүргізілді. Оған облысымызда ниет білдірген 600-ден астам адамдардың арасынан 30 адам резервшілер тізіміне ілікті.

Айта кету қажет, түрлі салаларда еңбек еткенрезервшілерге мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасу немесе мемлекеттік қызметте одан әрі ілгерілеу бойынша заңнамаларда ерекшемүмкіндіктер берілген.

Осы мүмкіндікті пайдаланған 9 резервші облыстық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда еңбек етуде.

Жалпы, кадр резервіне іріктеудің мақсаты – талантты жастар арасынан жаңашыл ойлайтын көшбасшылар мен жас басқарушылардың тобын қалыптастыру.

Қорыта келе, жастар қоғамның негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылатындықтан, олар жаңа идеялармен, белсенділікпен ерекшеленеді және өздерінің күш-жігерін қоғамның дамуына арнауы тиіс. Сондықтан, жастардың әлеуетін дұрыс пайдалану арқылы қоғамды жақсартуға, болашаққа деген сенімді арттыруға болады.

Осы орайда, елдің дамуына әрбір жастың өзүлесін қосуы үшін,
жастарды мемлекеттік қызметтегі мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға шақырамын.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы,   Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы

Абылайхан Дағыстанұлы Наурызбаев

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ЧЕМПИОНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Жетісай ауданының спортсүйер азаматтары классикалық белбеу күресінен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мен Әлем чемпионы Біржан Шаймерденге құрмет көрсетіп, ағайын-туыстары тұлпар мінгізді. Ауыл ақсақалдары баталарын беріп, алдағы дүбірлі додаларда жеңіс тіледі.
Шараға Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов пен Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Талғат Қаржауов, Жетісай аудандық мәслихатының төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, чемпионның ағайын-туыстары мен ел ағалары қатысты.
Шаймерден Біржан Ыдырысұлы 1996 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласында дүниеге келген. 2002 жылы Жетісай қаласындағы «Ю.Гагарин» атындағы мектеп табалдырығын аттап, 2008-2010 жылдары Астана қаласындағы «Қажымұқан Мұңайтпасов» атындағы Республикалық дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында, 2010-2013 жылдары аралығында Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің грек-рим күрес бөлімінде аға жаттықытушы Қанат Сүлейменовтың қол астында жаттыққан. 2014-2018 жылдары Астана қаласындағы «С.Сейфуллин» атындағы Қазақ Агротехникалық университетінде оқыған.
Спорттық мансабында Біржан Ыдырысұлы 2015 жылы грек-рим күресінен ҚР универсиадасының қола жүлдегері, белбеу күресінен ҚР 7 дүркін чемпионы, 2020 жылы Иран елінің Тегеран қаласында өткен Иран ұлттық күресінен Әлем чемпионы, 2023 жылы Бішкек қаласында өткен белбеу күресінен Гран-при турнирігің қола жүлдегері, Краснодар қаласында өткен Әлем кубогінің қола жүлдегері, 2024 жылы Ресей Федерациясының Казань қаласында өткен Белбеу күресі турнирінде Әлем чемпионы, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атақтарының иегері. ҚР Спорт және Туризм министрі Ербол Мырзабосыновтың жарлығымен өткен жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
«Спорт – тек дене шынықтыру мен белгілі бір нормативті орындайтын сала ғана емес, сонымен қатар, тәрбие құралы. Жастарды төзімділікке, табандылыққа, достық қарым-қатынасқа, алдына қойған мақсаттарына жете білуге дағдыландыратын күш. Бүгінгі сенің жеткен жетістіктерің үлкендер үшін мақтаныш болса, ізіңнен ерген інілерің үшін үлгі» деген аудан басшысы спортшы мен атасы Шаймерден ақсақалға сый-сияпат жасады.

ЖАЙЛЫ МЕКТЕП – БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептер және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған. Міне осындай білім ордасының бірі Созақ ауданында бой көтеруде. Аталған нысанның құрылысы аудан басшылығының басты назарында. Кезекті насандарды аралау барысында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынып жатқан 900 орындық Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс алаңында болды. Мердігер мекеменің өкілдерімен тілдесіп, білім ордасының құрылыс барысымен танысты.

Қазіргі таңда мектеп ғимаратының ішкі және сыртқы жұмыстарының қарқыны арта түскен. Ғимараттың фасадтары травертинмен қапталып, мектептің сыртқы келбеті сәнді әрі заманауи сипатқа ие болуда. Сонымен қатар, құрылыс аймағында абаттандыру жұмыстары да қоса жүргізіліп, аумағына асфальт жабындысы төселіп, көлік тұрақтары ретке келтірілуде. Бұл жоба ауданның білім саласын жаңа деңгейге көтеріп, оқушыларға заманауи және жайлы оқу ортасын ұсынуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. Мектептердің құрылыс жұмыстарына дайындық қалай? Нендей мәселелер бар? Осы және өзге де сұрақтар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының басты бақылауында екенін айта кеткен жөн.

– «Жайлы мектеп» жобасы – өңірімізде мектеп тапшылығын шешуге берілген үлкен мүмкіндік. Енді осы жобаны сапалы жүзеге асыру керек. Жауапты орынбасар, басқармалар, аудан, қала әкімдері білім ұяларының құрылысын уақтылы әрі талапқа сай етіп аяқтау бағытында жұмыс істеңіздер. Мектептердің инфрақұрылымын тарту, газ, су, электр, жылу, ғаламтормен қамту бойынша тиісті шаралар қабылдансын. Мектептердің құрылыс материалдары сыртқы және ішкі көрінісі, сәулеттік жобасы бойынша да барлық мердігерге біріңғай нұсқа берілуі тиіс. Ең бастысы, осы «Жайлы мектептерді» жоғары деңгейлі ұстаздармен қамту аса маңызды. Қазірден бастап білікті басшылар мен мұғалімдер жасақтауды қолға алған жөн, – деген болатын облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы.

«Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында құрылысы салынатын 63 мектептің, яғни жобалық қуаттылығы 49 000 орын болатын нысандардың іс-шара жоспары бекітіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жаңа мектеп құрылысын салуға тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылып, жұмыстар атқарылған еді. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілген болатын.

Түркістан облысында жалпы екі жылда 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 25 мектеп, 900 орындық 15 мектеп, 1200 орындық 6 мектеп, 1500 орындық 4 мектеп және 2000 орындық 2 мектеп салынады. Жоба аясында 2023 жылы құрылысы басталатын 29 мектептің жер телімі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ меншігіне өткізіліп, бүгінгі күнге, құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда. 29 мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Жалпы аталған жоба бойынша елімізде 2024-2025 жылдары барлығы 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектеп салу жоспарлануда. Негізгі басымдық қала мен ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Осылайша, салынған білім нысандарының жартысына жуығы ауылдық жерлерде орналасады.Үкімет отырысында баяндама жасаған салалық ведомство басшысы жаңа форматтағы мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылатынын атап өткен болатын. Яғни, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың кедергісіз жүріп-тұруына да мүмкіндік жасалады. Оқу орындарын жобалау кезінде кіре беріс, жеделсаты, баспалдақ, оқу сыныбы, жуынатын бөлме және тағы басқалары ескеріледі. Заманауи техникалық құрал-жабдықтар орнатылып, қауіпсіздік шараларын арттыруға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, жергілікті бақылау органдарына қосылған цифрлық бейнебақылау, дабыл түймесі және дыбыстық хабарлау, есіктер мен блоктарды автоматты түрде құлыптау, лицензияланған күзет және тағы басқалары.

Қазіргі уақытта министрлік жайлы мектептер үшін кадрлық резерв жасақтауда. «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы бойынша директорлар корпусына 208 адам резервке алынған екен. Сонымен қатар, педагогтардың базасы жасалып жатыр. Еліміздің жетекші мектептерінің тәжірибесі бойынша оқу процесінің мазмұнын трансформациялаудың жаңа моделі де әзірленуде. Айта кетейік, бүгінде 217 жайлы мектептің құрылысы басталған. Жоба үш тетік арқылы жүзеге асырылады: бірыңғай оператор арқылы нысаналы құрылыс жүргізу, дайын ғимараттарды жеке инвесторлардан сатып алу, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестік шеңберінде.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН МҮМКІНДІКТЕР

Мемлекеттік саясаттың негізгі бағытыол жастарды білім, тәрбиеге баулып, мәдени-рухани дамуына, кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал ету, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау.

Бүгінгі күні әлемде еңбектің барлық секторларында адами ресурстарға, оның ішінде жас дарындарға күрес болып жатыр. Осы орайда, талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту – мемлекеттің басты приоритетті міндеттеріне айналды.

Бұл ретте, жастардың мемлекеттік қызметке келуін оңтайландыру мақсатында 2022 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң)бірқатар өзгерістер енгізіліп, соның негізінде жоғары оқу орнын мемлекеттік грантпен оқып, жақсы бағамен аяқтаған (GPA 3.33 төмен емес) түлектер бір жыл ішінде аудан, ауылдағы төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз орналасу мүмкіндігін алды.

Сол сияқты, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын мемлекеттік грантпен үздік аяқтаған мемлекеттік қызметшілер де бір жыл ішінде жоғарғы лауазымдарға конкурссыз, уәкілетті органның келісімімен тағайындалу мүмкіндігіне ие болды.

Қазіргі таңда, республикада осы мүмкіндіктерді пайдаланған 412 түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасса, Мемлекеттік басқару академиясын үздік бітірген 30-ға жуық мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға конкурстық іріктеуден өтпестен тағайындалды. Соның ішінде,
Түркістан облысында 33 түлектің орналасуы жүзеге асырылды.

Мемлекет басшысы «Жастарға жаңа мүмкіндіктер беруіміз керек. Ол үшін жастарды олардың өмірін жақсартуға, мансабы бойынша жоғарылауға арналған әлеуметтік лифттер іс жүзінде жұмыс істеуі керектігін» баса айтқан болатын.

Бұл ретте, жас басқарушылардың өңірлік пулдарын қалыптастыру және өңірлерді дамытуға талантты жастарды тарту мақсатында, биылғы жылдың
1 наурызынан басталған Өңірлік кадр резервінің іріктеуіне 35 жастан аспаған, жоғары білімді, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар 634 жас өтініш білдірсе, соның 30 іріктеудің нәтижесіменрезервке алынды.

Резервке алынғандарға Заңның 15-бабына сәйкес, сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналасу мүмкіндігі берілген.

Осыған баланысты, бүгінде резервке қабылданғандар арасынан
7 резервші, яғни оның 2-уі мемлекеттік қызметке алғаш рет, ал 5-уі төменгі лауазымнан келесі тұрған жоғарғы санаттағы лауазымға конкурссыз орналасты.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызметшілер қатарында білімді, өзін-өзі дамытуға дайын жастар көп. Олардың бірқатары осыған дейін Президенттің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына сәйкес жүзеге асырылып іріктелініп алынған Президенттік жастар кадр резервінің 400 резервшісі.

Қазіргі таңда олардың 280ге жуығы, яғни 70%-ы орталық және жергілікті атқарушы органдарда жауапты лауазымдарда болса, бірқатары квазимемлекеттік секторда және бизнес саласында еңбек етуде.

Президенттің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың
2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында мемлекеттік қызметті кәсібилендіру тетіктерінің бірі ретінде мемлекеттік қызметте ерте кәсіптік бағдарлау институтын енгізе отырып, жастардың мемлекеттік секторда жұмыс істеу қажеттілігікөрсетілген.

Сондай-ақ, жастарды мемлекеттік органдарға тарту үшін мектеп және университет деңгейін қамтитын ерте кәсіптік бағдарлау институты құрылатыны айтылған.

Өз кезегінде, Департаменттің бастамасымен 2018 жылы
«Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебі құрылып, бүгінде бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып келеді. Оған әр жылы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жоғарғы курс студенттері тартылып, мемлекеттік органдардаөндірістік тәжірибеден және Мемлекетік басқару академиясының филиалында дайындық бағдарламаларынан өтуде. Ендігі жерде оларзаңнаманы білу және жеке қасиеттерін бағалау бойынша тестілеуден өтіп, мемлекеттік сектордағы таланттар пулына қабылданады.

Бүгінде, Түркістан облысында 6 мыңнан астам мемлекеттік қызметші болса, оның ішінде 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 2 мыңнан асады (38,5%).

Осы орайда, жастарды мемлекеттік қызметтегі жаңашылдықтарды пайдаланып, ел игілігі жолында жұмыс істеу үшін мемлекеттік қызметке түсугешақырамыз!

А. Наурызбаев

ҚР Мемлекетік қызмет істері

агенттігінің Түркістан облысы

бойынша департаментінің басшысы,

Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы