Биыл Түлкібас ауданында «Әлеуметтік жұмыс» орындарына 203 азамат , «Жастар практикасына» 115 азамат , ал «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 43 азамат жолданған. Сонымен қатар, «Күміс жас» жобасына 71 азамат , «Ақылы қоғамдық» жұмысқа 821 азамат жолданса, тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны 741 адамға жетіп отыр.
Аталған мемлекеттік бағдарламалар аясында, жұмысқа орналасып, еңбек етіп жүгендердің бірі – Түлкібас кентінің тұрғыны Өмерсерік Жанна Ерімбетқызы. Ол, ағымдағы жылы “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркелген.
Тиісінше, халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуды, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырып, жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына орналасуға жәрдем беретін орталық арқылы ЖК“Жарылгасова“ әсемдік салонына касметолог болып жұмысқа жолданған. Қазіргі таңда, Өмерсерік Жанна тиісті жұмыстарын абыроймен атқарып келеді.
– “Мен Түлкібас ауданындағы Түлкібас кентінің тұрғынымын. Биыл өзіме жұмыс іздеп, жұмыссыздарды тіркейтін орталыққа бардым. Мекемедегі қызметкерлерге жағдайымды айтып, олардан тиісті кеңес алдым. Осылайша, “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламасының бар екенін біліп, толық ақпарат алдым және жұмысқа орналасуға мүмкіндік барын білдім. Сосын, орталықтың мамандары маған қолдау білдіріп, менің “Жарылгасова” жеке кәсіпкерлігінің әсемдік салонына жұмысқа орналасуыма жәрдемдесті. Мұнда келгенімде, жұмыс беруші кәсіпкер азаматтарда демеу білдіріп, тәжірбиемді шыңдауға, өзім қалаған жұмысты атқаруыма мүмкіндік жасады. Жалпы, ауданда жұмыс іздеген тұрғындарға жұмыс табылады. Тек, еңбек ете білу қажет деп ойлаймын. Маған, жасап жатқан жұмысым ұнайды” – дейді Жанна Ерімбетқызы.
Айта кетейік, жас мамандар жоғарғы оқу орындарын немесе колледжді бітіргеннен кейін бірден жұмыс таба алмай жүріп қалатыны белгілі. Өйткені, жұмыс берушілер көбіне тәжірибесі бар кадрларды жұмысқа алу бағытына басымдық береді. Осы орайда, оқу орны түлектерін қолдау мақсатында «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба” шеңберінде жас мамандарды жұмыспен қамтуға қолдау көрсету және жәрдемдесу бойынша нақты іс-шаралары жүзеге асырылуда. Яғни, “Алғашқы жұмыс орны” жобасы жастардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оларды қажетті еңбек дағдылары мен бірінші жұмыс орнында бейімдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жұмыс беруші “Мансап” орталығымен келісім негізінде, Ұлттық жобаға қатысушыны кемінде 24 ай мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырады, ал мемлекет тарапынан жұмысшының жалақысы 1 жыл субсидияланады. Жергілікті бюджеттен ай сайынғы субсидия мөлшері салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыны және банктік қызметтерді, сонымен қатар экологиялық төлемдерді қоспағанда 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
«2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында білім беру ұйымдарының түлектеріне алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға және жұмысқа орналасуына септігін тигізетін жобалардың тағы бірі – Жастар практикасы. Бұл бағытта Түлкібас ауданында жүзден аса азаматтар жұмысқа жолданса, солардың бірі Тажетдинова Қолқанат Майрамқызы. Ағымдағы жылдың 18- ші мамыры күні “Жастар Практикасы” бағдарламасымен жұмыссыз тіркеліп тұрған Түлкібас кентінің тұрғыны Қолқанат Майрамқызы “Ауыл шаруашылығы мен Жер қатынастар бөлімі “ КММ – не жолданған болатын. Қазіргі таңда тиісті жұмыстарын абыроймен атқаруда.
« – Мен 2022 жылы М.Әуезов атындағы университетті биотехнолог мамандығы бойынша тәмамдадым. Қазіргі таңда, жастар практикасымен аудандағы Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастар бөліміне жұмыс жасауға келдім. Жоғарғы оқу орнынан кейін, бұл жоба маған үлкен қуаныш силап отыр. Яғни, алған білімімді жұмыспен, іс жүзінде дәлелдеуге, тәжірбие жинақтауыма және жастар практикасынан кейін тұрақты жұмысқа орналасуыма мүмкіндіктер арта түсетініне сенімдімін», дейді Қолқанат Тажетдинова
Ал, Састөбе кентінің тұрғыны Шымырбаева Әтіркүл Күбейқызы, ағымдағы жылдың ақпан айында “Күміс Жас” бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркеліп, “Нұрлы жол” жеке кәсіпкерлігіне аспазшы болып жұмысқа жолданған. Қазіргі таңда, өзінің адал қызметімен еңбек ақысын тауып жүрген Әтіркүл Шымырбаеваны мекеменің басшылығы да қолдап отыр.
– «Бүгінде «Нұрлы Жол» жеке кәсіпкерлігінің тамақтану орнын дамытып келеміз. Келушілер мен тұтынушылар да күн санап артуда. Сондықтан, Мансап орталығы арқылы «Күміс жас» бағдарламасымен зейнет жасына жақындаған Әтіркүл Күбейқызын жұмысқа қабылдадық. Ол , аспазшы болып жұмыс жасауда. Өзінің жұмысын өте жақсы атқарады және басқа қызметкерлерге өзінің еңбегі арқылы үлгі болып жүр. Жалпы, аспазшымыздың әзірлеген дәмді тағамдарына келушілер де ризашылығын білдіріп жатады», – дейді кәсіп иесі Ұлжалғас Пернебаева
Сондай-ақ, Түлкібас аудандық “Мансап” орталығының мәліметінше жыл басынан бері ауданда «Жаңа жұмыс» орнына 56 адам жолданған. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» бойынша 608 азамат жұмысқа орналасыпты. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант 44 азаматқа берілген.
Солардың бірі – Түлкібас ауданының тұрғыны Ғалия Жайшаева. Ол, ұлттық жоба негізінде “Мемлекеттік қайтарымсыз грант” алып, қазіргі таңда бизнес жобасына сәйкес “Косметологиялық қызметтер” көрсету арқылы, өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Мемлекеттен берілген қаражатқа тиісті құрал-жабдықтар алып, өз бизнесін өркендеткен Ғалия Жайшаева, соңғы жылдары жалпы косметологиялық қызметке жүгінетін адамдардың қатары көбейгенін және бұл бағытта емдік шаралар да атқарылатынын айтады.
Ал, жаңа бизнес идеясын қорғап, мемлекеттің қайтарымсыз қаражатына ие болған көпбалалы ана Махаббат Сапарбекова, бүгінде тігін шеберханасының жұмысын жүргізіп, жергілікті тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр. Тігін шебері жеке тапсырыстарды да қабылдап, табысын еселеуді қолға алған. Жеке кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында заман талабына сай жаңа құрылғыларды сатып алуға мүмкіндік алған.
Бұдан бөлек, Түлкібас ауданында мүгедектігі бар еңбекке қабілетті 283 адамға әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Оның ішінде 8 азамат әлеуметтік жұмыс орнына, 2 азамат жастар практикасына, 2 азамат күміс жас жобасына, 1 азамат алғашқы жұмыс орнына, 45 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа, 190 азамат «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсына қатысып, 15 азамат жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз грант алған және 20 азамат деректер қорындағы бос жұмыс орнына жолданған.
Түлкібас ауданында «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жұмыс іздеуші азаматтарға тиісті қолдау көрсетіліп жатыр. Бұл бағытта бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі тұрақты түрде өткізіліп, азаматтарға «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес заңдылықтары, «Электрондық еңбек биржасы» ақпараттық порталы (enbek.kz) арқылы бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде. Сонымен қатар «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында ұйымдастырылатын жұмыс орындарына қатысу тәртібі тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар бағдарламаға қатысу бойынша насихат жұмыстарын атқарып келеді.
Бұған дейін дәл осы бағытта өткізілген жәрмеңкеге 16 жұмыс беруші мекемелерден 29 бос жұмыс орындарының мәліметі ұсынылған. Оның ішінде білім саласынан 10, денсаулық сақтау саласынан 10 бос жұмыс орны және басқада салалардан 9 бос орындарға сұраныстар болды. Жәрмеңкеден кейін 5 жұмыс іздеуші азаматқа жұмысқа орналасу үшін жолдама берілген. Сонымен қатар, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына, айта кеткенде қоғамдық жұмыстарға 210 уақытша жұмыс орны, жастар практикасы бағдарламасы бойынша 31 уақытша жұмыс орындары ұсынылды.
Түлкібас ауданының тұрғындары қосымша ақпараттар мен мәліметтерді Түлкібас аудандық Мансап орталығынан біле алады. Айта кетейік, биыл шілде айынан бастап бұған дейін жұмыс істеп келген «Халықты жұмыспен қамту орталықтары» енді, Мансап орталықтары болып қайта құрылды. Жаңадан құрылған еңбек мобильділігі орталықтарының негізгі қызметін еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекітті. Яғни, аталған мекеме жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты талдау, болжау негізінде өңірдің еңбек ресурстарының теңгерімдерін қамтамасыз ету, өңірлік жұмыспен қамту карталарын әзірлеу және оларды жергілікті жерлерде іске асыруды үйлестіруді жүзеге асырады. Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың барлық мемлекеттік бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде ашылатын жұмыс орындарының құрылуына мониторинг жасайды. Жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында азаматтардың ерікті көші-қонына жәрдемдесіп, азаматтарды көшіру бағдарламаларын өңірлік деңгейде үйлестіруді және жұмыс іздеуші ретінде жүгінген азаматтарды тіркеумен айналысады.
Жалпы алғанда, орталықтың негізгі мақсаты «Ұлттық жоба» арқылы халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады. Бұл орталық жұмыссыз азаматтарды есепке тіркейді, жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау үшін қажетті құжаттарды қабылдайды. Жұмыссыздарды тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем береді, кейбіріне уақытша жұмыс орындарын ұсынады. Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша қысқа кәсіптік оқытуды ұйымдастырады. Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіптік бағдар беру жұмыстарын да қоса атқарады. Азаматтардың барлық санаттарына арналған бос орындар жәрмеңкесін және халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сондықтан кез-келген жұмыс іздеуші азаматтар немесе өз кәсібін дамытуды қалайтын жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға ниетті тұрғындар Түлкібас аудандық Мансап орталығының қызметіне жүгіне алады.
Түлкібас ауданында алдағы 3 жылда өнеркәсіп саласы бойынша 447 млрд теңгелік 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіліп, жобалар іске асырылған жағдайда 3635 жаңа жұмыс орны ашылмақ,-деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі. Аталған ақпаратты Түркістан өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов мәлімдеген.
«Ауданда 6 айдың қорытындысымен негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 7 466,8 млн. теңгені құрады. Одан бөлек, көтерме және бөлшек сауда тауар айналымы 6 айлық нәтижемен 6 873,8 млн. теңгеге жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,3% құрады. Аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 10 мыңға жетіп, оларда 12 720-ға жуық адам жұмыспен қамтылып, өнім көлемі І тоқсан қорытындысымен 8,1 млрд. теңгеге жетті. Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 24 жобаны іске асыру көзделіп, 168 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр», – деді Нұржан Жақсылықұлы.
Аудан әкімі брифингте туризм саласының әлеуетін де атап өтті. Жалпы 6 айда ауданға 5 700 турист келген. Қазіргі таңда табиғаты әсем аймақта 36 туристік нысан жұмыс істейді екен. Туризм саласы бойынша алдағы 3 жылда 12,4 млрд теңгелік 8 жобаны іске асыру жұмыстары жүргізіліп, жобалар бойынша 228 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Сондай-ақ, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша Түлкібас ауданында 2 ауылдық округ таңдап алынып, өсімдік, мал, өз кәсібін ашу, балық, құс шаруашылығын дамыту үшін кооперативтер құрылған.
“Қазіргі таңда 73 азамат бағдарламаға қатысуға ниет білдіріпті. Қабылданған жобалар саны – 55 (312,3 млн. теңге), оның ішінде қаржыландырылған өтінімдер – 22 (111,8 млн. теңге). Одан бөлек, 2023-2025 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 10,5 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған, нәтижесінде 202 жаңа жұмыс орны ашылады деп көзделіп отыр.”- деді аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов.
Түлкібас ауданы, Жаскешу ауылында мүміндігі шектеулі баласын тәрбиелеуші санатындағы жеке кәсіпкер Назира Телғозиева мемлекеттік грант иегері атанып, бүгінде қияр шаруашлығын дамытуға кіріскен. Бастау бизнес жобасы аясында, өзінің бизнес-идеясын қорғап, 2023 жылдың сәуір айында мемлекеттен 1 380 000 теңге алған азаматша ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында 3 га егістік алқабында қияр өсіруде. Тәулігіне төрт тонна қияр алатын егістікте, 20 адамды жұмыспен қамтып отыр. Тиісінше егістік алқабын игеруге де мүмкіндік алды.
«Бүгінде ізденіп еңбек етіп, жеке кәсібін өрлетемін деген азаматқа мүмкіндіктер өте көп. Ең бастысы ерінбеу керек деп ойлаймын. Жолдасым екеуміз осы кәсіпті игеріп келе жатқанымызға біршама жыл болды, отбасылық кәсіп деп айтуға да болады. Бүгінде еңбегіміздің нәтижесін көріп отырмыз. Табысымыз отбасымызға толық жетеді. Қазіргі тағда қиярға сұраныс өте жоғары, сол үшін балаларымыз да арасында көмек беріп, қолдау көрсетеді»,-дейді Назира Телғозиева.
Егін алқабының басынан келісін көтерме бағада 90-100 теңгеден кәсіпкерлердің өзі келіп алып кететінің алға тартқан отағасы, алынып жатқан қиярлардың басым бөлігі көршілес Сайрам ауданына кетіп жатқанын айтады. Телгозиевтер отбасы мұнымен тоқтап қалмай алдағы уақытта өнім көлемін ұлғайтып, тағы біршама адамды жұмыспен қамтымақ.
Қиияр шаруашылығымен айналысу елімізде кеңінен тараған кәсіптің түрі ғой. Шаруалардың көпшілігі оны жылыжайларда өсіріп жатады. Бірақ, қиярды кез-келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда да өсіруге болады. Ол басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда, топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды бойына тез сіңіреді. Жалпы қияр өнімін оның пісіп, жетілуіне қарай теріп отыру қажет. Себебі оны уақытылы жинамасаң, ұрықтанып, басқа да көкөністердің өсуіне кері әсерін тигізеді, жеуге де жарамсыз болып қалуы мүмкін. Әсіресе, шілде айында жеміс беру уақыты қызған шақта, күніне немесе екі күнде бір рет өнімді жинап алу керек. Қииярдың күтімі дұрыс болу үшін, топырағын қопсытып, уақытылы арам шөптерін жұлып және жаңа өскен сабақтарын қыстырып отыру қажет. Сосын бұл көкөніс түрі суды жақсы көреді.Сондықтан,оғанда баса көңіл бөлу қажет. Мен бастау бизнес аясында осы кәсіпті бастағаныма қуаныштымын. Шаруашылыққа отбасым,жақындарым да қолдау білдіріп жатыр – дейді Назира Телғозиева.
Айта кетейік, бүгінде Түлкібас ауданында мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, өз кәсібін өркендетіп жатқан кәсіпкерлердің қатары артқан. Тіпті, шаруаға қосымша азаматтарды тартып, оларды жұмыспен қамтып жатқандары да бар. Ал, 2023 жылға берілетін мемлекеттік қайтарымсыз гранттың үшінші легі ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарланып отыр.
Түлкібас ауданы, Састөбе ауылының тұрғыны Гүлнәр Жақсыбаева бизнес бастау жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанып, өзі иелік ететін наубайхананың қуаттылығын кеңейтіп, кент тұрғындарын ыстық нанмен қамтып отыр. Бұған дейін өз қаражатымен жүргізіп келген кәсібін мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен қайта дамытып, қажетті жабдықтарды алған жеке кәсіпкер күніне 600-700 дана нан пісіріледі. Мейрамханалардан тапсырыс түскен жағдайда күніне 1000 данаға дейін нан жабылады. Алдағы уақытта нысанды кеңейтуді де жоспарлап қойған.
“ – Қазір біз кент ішіндегі 15 дүкенің әр қайсысына күніне 40-60 данадан нан өткіземіз. Кейде тапсырыс көп беріп жатады. Оған үлгермейміз. Кейін үлкейтіп, ауылдық округтерге тасысам деген жоспар бар” – деді Гүлнәр Жақсыбаева.
Айта кетейік, жеке кәсіпкер Гүлнәр Жақсыбаева мемлекеттік бағдарламаның шеңберінде 2023 жылдың сәуір айында 1 380 000 теңге қайтарымсыз қаражат алған. Аталған наубайханада қазір 2 адам тұрақты жұмыс атқарып келеді. Алдағы уақытта наубайхана көлемі ұлғайып, сұраныс артып жатса тағы бірнеше азамат жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ нан өнімін шығаратын орын жергілікті тұрғындарға да тиімді болып отыр. Яғни, жылдар бойы ас атасын аудан орталығынан тасыған тұрғындардың мәселесі шешімін тауып отыр.
Жалпы нан пісіру саласы тамақ өнімдерінің ішіндегі көшбасшылардың бірі болып саналады. Оның өнімі ең керекті және оған деген сұраныс әрдайым жоғары болып табылады. Кішігірім нан пісіретін наубайханалар стандартты ақ нан мен қара нан өндірісі бойынша үлкен зауыттармен бәсекелесе алмауы мүмкін, бірақ мұндай наубайханалар диеталық, ұлттық, эксклюзивті нан пісіру бойынша нарықтан орын алып, жақсы табыс табуға мүмкіндік береді.
Жеке кәсіпкер Гүлнара Жақсыбаева кішігірім наубайханасына конвекционды пеш, шкаф, дайын өнімдерді қоятын жылы сөрелер мен тот баспайтын болат противиньдер, мұздатқыш ларь секілді құрал-жабдықтарды да орнатқан. Бүгінде, өнім бағасы да сатып алушыларға қолжетімді болып отыр. Келешекте жеке кәсіпкер, тұтынушылардың санын көбейту үшін және бизнесті кеңейту үшін пісірілген өнімді үйге немесе жұмыс орнына жеткізіп беру іспетті қосымша қызмет көрсетулерді ұсынуы да мүмкін.
Түлкібас ауданы Т.Рысқұлов ауылындағы Б.Момышұлы көшесінде тұратын Сағынбек Элмира таңқурай шаруашылығын дамытып жатыр. 22 жастағы жас кәсіпкер жаңа бизнес-идеясын ұсынып, бастау бизнес жобасы аясында мемлекеттік грант иегері атанған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында 2023 жылдың сәуір айында, 1 380 000 теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат алған ол, бүгінде раушангүлдер тұқымдасына жататын, жартылай бұталы көпжылдық өсімдіктің жемісін көруде.
Жалпы, Түркістан облысында таңқурай өсіру кәсібімен шұғылданатындардың қатары көп емес. Ал, бұл бастамасын Сағынбек Элмира болашақта одан әрі жандандырып, адам денсаулығына пайдалы, ағзаға қажетті дәрумендерге бай жемістің көлемін ұлғайтуды мақсат етеді. Айта кетейік, таңқурайдың құрамында қант, пентон, органикалық қышқылдар мен түрлі дәрумендер, калий, мырыш, фосфор, кальций, йод, цинк, хром және хош иісті заттар бар. Халықтық медицинада оны ежелден бері ем-дом үшін пайдаланады. Жапырағы да, гүлдері де, жидегі де емдік қасиеттерге өте бай. Оның құрамындағы химиялық элементтері, қатерлі ісік және жүрек қан-тамырлары, асқазан, тұмау ауруларымен жақсы күреседі. Ұмытшақтыққа да, қан аздыққа да, көз көру қызметіне де аса пайдалы дейді мамандар.
Жалпы таңқурайдың пісу кезеңі шілде, тамыз айлары болса, Түлкібас ауданындағы жас кәсіпкер Сағынбек Элмираның бақшасындағы жеміске бүгінде сұраныста арта түскен. Таңқурайды құрамындағы қанттың көптігіне қарамастан, диеталық тағамдардың қатарына қосуға болады. Бір стақан жидекте 64 калория бар екен. Ал,одан жасалған қайнатпаны дене қызуын түсіруге, бүйрек тасын шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Оны табиғи қалпында немесе кептірілген күйінде қайнатып, сусын жасап, қыста тұмау кезінде қолдануға да болады. Әсіресе, тибет медицинасында таңқурайдың жапырағы, жемісі және сабағы да қолданылады. Жапырақтарын бұқтырып шайдың орнына ішеді. Сонымен қатар таңқурайдан тосап, сусын, шырын, джем жасайды. Кондитерлік тағамдарға қосады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері және Өңірлік даму жөніндегі кеңестердің бірлескен мәжілісі өтті. Кеңестердің бірлескен мәжілісін Өңірлік даму жөніндегі кеңестің төрағасы Серманизов Бахытжан Қыпшақбайұлы төрағалық етіп, жүргізді.
Мәжіліске облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Тұрсынбаев Полат Мұратұлы, облыстық Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің төрағасы Райымбеков Ғани Ақылбекұлы, Түркістан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Мырзахметов Нұржігіт Назарбекұлы, Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Полатбеков Бақытжан Әнуарбекұлы, Түркістан облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілі және кеңес мүшелері мен партия қызметкерлері қатысты.
Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды:
1. Түркістан облысының экономикасындағы шағын және орта бизнестің үлесін көбейту туралы;
2. Түркістан облысында минералды тыңайтқыштардың көлемін арттыру туралы;
3. Түркістан облысындағы 100 елді мекенді газдандыру туралы;
4. Түркістан қаласында темір жол вокзалын күрделі жөндеуден өткізу туралы.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Н.Мырзахметов күн тәртібіндегі мәселе бойынша «AMANAT» партиясы Түркістан облысының
2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын орындалуы жөніндегі жол картасындағы көрсеткіштерге тоқталды. Өңір экономикасында шағын және орта бизнестің үлесі 2023 жылы 22,5% – ға, ал 2027 жылға дейін 25,5% – ға жеткізу көзделгенін атап өтті. 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 25,4%-ды құраған. Ағымдағы жылдың 1 мамырына Ұлттық жоба шеңберінде несиенің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау құралы бойынша 126 жоба 9,7 млрд. теңгеге қолдау алған болса, ішінара кепілдендіру құралы бойынша 54 кәсіпкерлік субъектісі 1,2 млрд. теңгеге кепілдендірілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың екінші жартысында ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну құралы бойынша 148 млн. теңгеге қайтарымсыз гранттар ұсыну жоспарланған. «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру мақсатында ағымдағы жылы Түркістан облысына 19,8 млрд. теңге бөлінгенін, аталған жоба шеңберінде халықты 2,5 % жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету мақсатында 6 бағыт таңдалған. Атап айтқанда;
– – өсімдік шаруашылығын дамыту;
– – мал шаруашылығын дамыту;
– – құс шаруашылығын дамыту;
– – балық шаруашылығын дамыту;
– – ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау;
– – тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты.
– Бүгінгі таңда, «Ауыл аманаты» жобасының алтыншы бағыты (тұрғындардың өз кәсібін ашу бағыты) бойынша 50 шағын өндірістік жобалар іріктеліп, 2,5% – дық жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Сонымен қатар, «Оңтүстік» Аймақтық инвестициялық орталығы арқылы 2023 жылдың 5 ай қорытындысымен
6,9 млрд. теңгеге 822 жоба, «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы
3 079 млрд. теңгеге 584 жоба (2023 жылға 13 бағдарлама бойынша қаржыландыру жоспарланған) қаржыландырды.
Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қатысушылар баяндамашыларға сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Қордаланған мәселелерге байланысты алдағы уақытта кеңес құрамы бекітіліп аудандарды аралап жұмыс барысымен танысатын болады.
Парламент мәжілісінің депутаты Болатбек Әлиев Qasqa Jol Youtube арнасына берген сұхбатында 4 пайыздық жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасына қарсы пікір білдірді, деп хабарлайды ТАQ.KZ ақпараттық агенттігі informburo.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, автонесие бағдарламасымен берілетін көліктер отандық, яғни Қазақстанда құрастырылған дегенмен, оның бөлшектерінің бәрі Қытай, Кореядан әкелінеді. Сәйкесінше, ақша сол елдердің экономикасына кетіп жатыр. Ал, халыққа тұтыну кредитін көптеп беру инфляция көрсеткішін арттыра бермек.
“Мұның бәрі – тұтыну кредиті. Көлік телефонмен алғанмен бірдей, екеуі де өнім шығармайды. Оны тек тұтынасыз. Ал тұтыну кредиті инфляцияны күшейте береді. Үкімет тұтыну несиесін беру арқылы инфляциямен күресудің орнына керісінше жасап отыр. Анығында, халық көшеге көлігі болмағандықтан емес, айлығының аздығынан, табысының төмендігінен шығады. Ал біз адамдардың мойнына тағы да кредит салмағын салып жатырмыз. Қазақстан бүгінде суперәлеуметтік мемлекетке айналып отыр”, – деді Болатбек Әлиев.
Мәжілісменнің айтуынша несиені керісінше, ауыл шаруашылығы техникаларын алуға бағыттау керек.
“Бізде “халықта ақша жоқ” деген түсінік бар. Онда несиеге автокөлік берсеңіз, оның өтеуін қалай төлейді? Несиені адамдар мемлекеттің қолдауымен банктен алады. Неге сол несиені ауыл шаруашылығы техникасын алуға бермеске? Сонда шаруа жұмыс істеп, өнім шығарып, сатып, ақша табар еді. Тапқан қаржысына автокөлігін өзі-ақ алады ғой. Мемлекет 100 млрд теңгені жеңілдетілген автонесиеге бергенше, техника алуға берсін. Керісінше, техникаға бөлінген 30 млрд теңгені жеңіл автокөлік алу үшін бөлсін. Халық шаруашылықпен айналысып, өнім өндіріп, жағдайын дұрыстап жатса қаржысын бала-шағасына, азық-түлікке, көлікке жұмсайды. Есесіне банкке тәуелді болмайды”, – деп түсіндірді ол.
2023 жылы Түркістан облысында жаңа бизнес-идеялар ұсынған 1688 азаматқа грант беру жоспарланса, 594 жасқа 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі. Мемлекеттік қолдаулар халықтың табысын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен бағдарламалардың аймақта іске асырылу барысын талқылау жиыны өтті. Мәжіліске Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілі, жергілікті әкімдіктердің жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері шақырылды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, «Еңбек» бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант берудің бірінші легі 20 ақпан – 3 наурыз аралығында жүргізілген. Үміткерлердің өтінімдері Business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданып келеді.
Алғашқы лекте 385 азаматқа грант қарастыру көзделіп, 5199 адам өз жобаларын аталған платформаға жолдаған. Нәтижесінде 381 қатысушыға грант беріліп, игілігін көруде. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізгендердің қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған тұлғалар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақыларды алушы санаттарындағы азаматтар бар.
Осы тұста Әсия Құралқызы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін аудан, қалаларда грант беру жөніндегі комиссия отырыстарының барысы жергілікті Халықты жұмыспен қамту орталықтарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілімі жүргенін айтты. Грант берудің екінші легі 15 мамырда басталып, 26 мамырға дейін өтінімдер қабылданды. 2023 жылдың 22 мамырындағы мәліметке сүйенсек, өңір көлемінде 3862 жоба тіркелген.
Мәжіліс барысында облыс әкімінің орынбасары жастарға арналған жеңілдетілген несие беру шараларын баяулатпай, сапалы әрі жедел орындау керектігін қатаң ескертті.
– Бұл мәселе облыс басшысы Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауында. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламаларды жүргізуге селқос қарамай, басты назарда ұстаңыздар. Халық игілігін көруі тиіс. Жастар арасында бағдарлама жөнінде толық ақпарат жетпейтіні байқалады. Өйткені, басым бөлігі мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынуда. Дегенмен бізге басқа да кәсіп түрлерін өндіріп, қызмет көрсету саласын дамыту қажет. Жан-жақты ізденулері үшін жастарға бағыт-бағдар мен кеңес беріп көмектесіңіздер. Сенім білдірілген агент ретінде айқындалған «Аграрлық несие корпорациясы» өздеріне жүктелген міндетті дұрыс атқаруын жеке қадағалауыма аламын. Сондай-ақ грант алған азаматтар жобаларды мақсатына сай пайдалануына талдау жасау керек. Былтыр мұндай жағдайлар орын алып, тосқауыл қоя білдік. 2022 жылы кәсіпкер ретінде тіркелмеген 93 азаматтың қаржысы Заң аясында кері қайтарылды. Осы жұмыстар жалғасын табады, – деді Ермек Кенжеханұлы.
Айта кетейік, Түркістан облысының жастарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие үлестіру үшін мемлекеттен 2,9 млрд. теңге бөлінген. Агенттіктің хабарлауынша, бүгінге дейін жалпы 256 жас кеңес алуға келіп, оның 130-ы бизнес-жобасын ұсынған. Комиссия қарауына 105 жастың құжаты өткізіліп, 25-26 мамыр күндеріне жоспарланған комиссия отырысында өз жобаларын қорғайды.
Түркістан облысында «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл шаруашылығы саласына арналған 2,5 пайыздық несие беру басталды. Жобаға облыстың 16 ауданынан 32 ауылдық округінің тұрғындары қатыса алады.Жоба бойынша кооператив басшылар мен мүшелерінен құжат қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Несие кімдерге және қалай беріледі? Басты ережелері мен талаптары қандай? Бұл сұрақтарға «Ырыс» МҚҰ басқарма төрағасы Мұхит Мыңбаев жауап берді.