Архив рубрики: Ақпарат

“Бозторғай” телехикаясының шындығын айтты

“Бозторғай” телехикаясы — бұл өмірде болған оқиға. Бұл туралы “Хабар” Агенттігі” АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәли айтты, деп хабарлайды ТAQ.KZ тілшісі.
Берік Уәли фейсбук әлеуметтік желісінде «Бозторғай» сериалы «шынайы оқиға болғасын және шығармашылық топ жан-тәнімен жұмыс істегесін кей көрермен кейбір жағымсыз кейіпкерге қаһарын төгіп, жазба қалдырып жатқанын» мәлімдеген. Сондай-ақ, ол ұжымның шын мәнінде тақырып таңдауда да, шығармашылық ізденіс бойынша да қателеспегенін жеткізген.
(суреттер Берік Уәли парақшасынан алынды)
«Қазір Қостанай облысында тұратын аты аңызға айналған Қарлыға апай мен Нұрлан аға сонау 1991 жылы Арқалық қаласындағы сәбилер үйінен 1 жасқа толар-толмас 6 қыз 4 ұл баланы асырап алған. Қазақстанда 7 балаға дейін ғана асырау мүмкін болса да, олар 10 баланы бауырына басқан екен. Сол қиын-қыстау заманда олар адал еңбектерінің арқасында өздерінің 2 ұлымен бірге барлығы 12 баланы тәрбиелеп жеткізді. Қазір олар да өсіп-өніп, бір-бір отбасы болып отыр. Шынайы оқиғаға негізделген сериалдың интернеттегі қаралымы миллионнан асып кетті. Күн сайын көрермені артып, қаралымы одан да көбейіп келеді.
(суреттер Берік Уәли парақшасынан алынды)
Осы қаңтар айының 30 күні Қарлыға Естекқызы 60 жасқа толады екен. Апайдың көрер қызығы көп болсын! Бұл отбасының ерлікке пара пар әрекеті барша елімізге үлгі»- деп жазба қалдырған “Хабар” Агенттігі” АҚ Басқарма төрағасы.     

ШЫМКЕНТТЕ АЛТЫ ЕЛДІМЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗҒА ҚОСЫЛАДЫ

Шымкентте осы жылдың соңына дейін Тассай, Тұран, Асар-2, Сәуле, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Бозарықта газ құбырларын тарту жұмыстары аяқталып,  алты елді мекеннің тұрғындары табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Мақсат Ердембеков әкімге есеп беруі жиынында баяндады.
Сонымен қатар,  тағы 8 елді мекенді толық табиғи газбен қамту үшін тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін Батыс, Қайнарбұлақ, Тұран, Нұрсәт, Түркістан шағынаударындағы 5 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, жергілікті халық сапалы электр жарығына қол жеткізбек.

Шымкентте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиал басшысы ұсталды

Шымкентте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қалалық филиалы басшысының пара алғаны әшкереленді, деп хабарлайды ТАQ.KZ  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Олар пойыздарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және т. б. лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА КӨМІРДІҢ ЖЕТКІЛІКТІ ҚОРЫ БАР

Сарыағаш ауданында көмір тапшылығын жою мақсатында біршама жұмыстар атқарылып, көмір қоры тұрақталған.
Желтоқсан – қаңтар айларында ауа райының күрт суытуына байланысты, жылыжай шаруашылығына біршама қауіп төнген болатын. Төтенше жағдайларға байланысты 2023 жылдың 1-27 қаңтар аралығында ауданға 481 вагон, яғни 33 мың 189 тонна көмір жеткізілді. Ал 27 қаңтарда ауданға қосымша 69 вагон көмір келіп, тағы 181 вагон ауданға бағыт алған.
 
Қазіргі таңда, жылыжайлардағы өнімдерді аман алып қалу үшін бірінші кезекте шаруашылықтарға көмір жеткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Темір жол тұйықтарына жеткілікті мөлшерде көмір келген. Бүгінде аудан шаруаларының жылыжайларға көшет отырғызу жұмыстарын бастауға негіз бар. Жалпы ауданда 683,2 га жылыжай орналасып, оның 400,0 га жуығы жылытылмақ.

АРЫСТА ТАБИҒИ АПАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Арыс қаласына қарасты Қызылкөпір (Екпінді) елді мекенінде орналасқан Бөген өзені арнасын арнайы техника көмегімен кеңейту және тереңдету, өзен арнасын тазалау, жағаны бекіту секілді шаралар атқарылуда.Тиісті жұмыстарды Дермене ауылдық округі әкімдігі мен «Тұран су» МКК-ны бірлесіп жасап жатыр.
   
Өзен бойына жақын тұратын ауылдықтар атқарылып жатқан жұмыстарға өз алғыстарын білдіруде.
Бүгінгі таңда, мамандар Сырдария, Арыс өзендері бойына белгілер қойып, судың деңгейі мен мұздың қалыптасу жағдайына күнделікті бақылау жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, құлақтандыру жүйесі дайындыққа келтірілген.

Шымкентте 20 лауазымды тұлға сотталған

Шымкентте үш жыл ішінде шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне лауазымды тұлғалардың заңсыз араласуының 21 фактісі анықталып, 20 лауазымды тұлға сотталған, деп хабарлайды Taq.kz сайты ҚазАқпарат порталына ссілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев кәсіпкерлермен кездесуде мәлімдеген.

Сондай-ақ, Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнесті қорғау және заңсыз араласуға жедел ден қою мақсатында арнайы мобильді топ құрды. Топтың құрамына қала әкімінің орынбасары, аудан әкімдері, антикор қызметкерлері, кәсіпкерлер палатасы, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменттерінің өкілдері, кәсіпкерлер қауымдастығы, заң кеңесшілері мен қоғам белсенділері еніп отыр.

Мобильді топ тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, өтініштер мен шағымдарды, ұсыныстар қабылдайды, кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірген жағдайлар туралы телефон хабарламаларына шұғыл жауап береді.

ӘСКЕРДЕН КЕЛГЕН ЖАСТАРҒА УНИВЕРСИТЕТКЕ ТҮСУГЕ ҚАНДАЙ МҮМКІНДІКТЕР БАР

ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі Айгүл Төлембаева мерзімді әскери қызметін өткерген жастарға оқуға түсу үшін қандай жеңілдіктер қарастырылғанын түсіндірді.
«2022 жылдан бастап Қорғаныс министрлігі әскери қызметтің беделін арттыру, оның ішінде ҚР Қарулы күштерінің, басқа да әскери құралымдар қатарында мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтар үшін білім беру жеңілдіктерін алу жұмысына бастамашы болды. Бұл жобаға жастар оң пікірлерін айтып жатыр», — деді А. Төлембаева орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Осы орайда ол мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген азаматтарға берілетін жеңілдіктерге тоқталды.
Біріншіден, қызмет аяқталғаннан кейін ҰБТ-ны ескерместен екі жыл ішінде ақылы негізде ЖОО-ға оқуға түсу мүмкіндігі бар.
«Екіншіден, жауынгерлік даярлықта, жүктелген міндеттерді орындауда жоғары нәтижелерге қол жеткізген және үлгілі әскери тәртібімен ерекшеленген әскери қызметшілерге ҰБТ тапсырмай-ақ, ЖОО есебінен оқу құқығы беріледі. Бұдан өзге, оқу орнының әскери кафедрасында емтихансыз тегін оқуға болады. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметін өтеген шыққандар қатардағы жауынгер болады. Ал егер офицер шенін алғысы келсе, олар әскери кафедрада білім алып, лейтенант атанады», — деді министрдің кеңесшісі.
Бұл келісім әскери қызмет өткерген және орта мектепті бітіргені туралы аттестаты, техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар адамдарға қатысты.
Сонымен қатар, мерзімді әскери қызметтен өткендер ҚР Қорғаныс министрлігі оқу орындарына емтихансыз түсе алады.

ҰСТАЗ ПАРАМЕН ҰСТАЛДЫ

Таразда студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, — деп хабарлайды ТAQ.KZ сайты Tengrinews.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 46 жастағы оқытушыны кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұстаған. Аталған оқиға, Тараз қаласындағы жоғары оқу орнының бірінде орын алған.

Полиция қызметкерлері аға оқытушының бұған дейін 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беру үшін, әрқайсысынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткені анықталды.Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындаған. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған алаяқтық) бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Шымкент қаласының әкіміне жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды, — деп хабарлайды Тaq.kz ақпараттық порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Сонымен қатар, Премьер-министр Шымкент әуежайының жағдайы халықаралық мәртебеге сәйкес келмейтінін атап өтті.           «Жаңа терминал салу 2018 жылы тапсырылған болатын. Не себептен әлі күнге дейін пайдалануға берілмей отыр? Қалаға немесе елге келген туристер мен қонақтар ең алдымен әуежайдың жағдайына назар салады. Сол себепті тез арада жаңа терминалды пайдалануға беру керек», — деді Әлихан Смайылов.

Шымкент қаласының әкімі Марат Әйтенов бүгінгі таңда жоба 80 пайыздан аса аяқталғанын, құрылыс 40 мың шаршы метр алып жатқанын айтты. Ал, терминал 2023 жылдың соңында толығымен пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Үкімет басшысы әкімдікке жұмыстардың барлығын мүмкіндігінше тезірек аяқтап, құрылыстың одан әрі созылуына жол бермеу қажеттігін атап өтті.

КЕНТАУДА «ТЕҢ ҚОҒАМ» БӨЛІМІ АШЫЛДЫ

«Тең қоғам» бөлімде — мүгедектерге санаторлы курортты емделумен, инватакси және әлеуметтік такси қызметімен, құлағы кеміс еститін мүгедектерге ымдау тілі маманымен, мүгедек балаларға күндізгі қатынау бөлімшесі мен оңалту орталықтарымен қызмет көрсетеді. Жалпы онда І және ІІ топтағы мүгедектерге 4 инватакси қызмет көрсетеді, ІІ топтағы мүгедектер мен 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 3 әлеуметтік такси бар.
 
Сондай-ақ, алдағы уақытта мүгедектерге арналған кітапхана, дойбы, шахмат инвентарлары және йога бөлмесі қарастырылуда. Мүгедектігі бар адамдармен кәсіпкерлік бағытта тренинг пен дөңгелек үстелдер ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Биыл санаторлы курортты емделумен 856 мүгедекке қаржы қарастырылып, шипажаймен қамтамасыз етілу жоспарлануда. Санаторлы курортты емделуге мүгедектер өздерінің электронды цифрлы қолтанбасы (ЭЦҚ) арқылы әлемуеттік қызметтер порталынан шипажай түрін таңдап, бара алады.