– «Шынықсаң – шымырсың» деген қанатты сөз бекер айтылмаған. Спорт тек денсаулық кепілі ғана емес, түрлі этностар арасындағы ынтымақтастықты, достықты нығайтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде нашақорлық, құмарпаздық (лудомания), тұрмыстық зорлық-зомбылық, вандализм және ысырапшылдық сияқты әлеуметтік кеселдермен күресу ісінде Ассамблея маңызды рөл атқаратынын айтқан болатын. Бүгінгі жарыстың негізгі мақсаты осы – өңірдегі этнос жастарының Отанға, елге деген құрметін арттыру, этносаралық бірлікті насихаттау және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Білесіздер, қазақ халқы ұлттық ойындарға бай халық. Ата-бабаларымыз осы ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен ынтымағын жалғастырып отырған. Бұл спорттық шара жыл сайын өткізіліп келеді.Жарысқа жастардың көптеп қатысуы олардың спортқа деген қызығушылығы зор екенін көрсетеді. Мұндай жарыстардың ел бірлігін бекемдеуде маңызы жоғары, – деді Ерлан Бахытжанұлы.
Архив рубрики: Жастар саясаты
Дәрігерлер жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бір жастар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу, оларды салауатты өмір салтын ұстануға үндеу және жат қылықтардан бойын аулақ ұстауға шақыру. Себебі, зиянды заттардың зардабы еліміздің өркендеуі мен дамуына, білім мен ғылымға құштар азаматтарымыздың қалыптасуына, тіпті халықтың берекесі мен бірлігіне кері әсерін тигізіп жатады. Бұл туралы Мемлекет басшысы да өз жолдауларында, үндеулерінде, халықпен кездесулерінде басты назарға алып, онымен қатаң күресу керектігін мәлімдеген болатын.
«Біз жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет. Яғни, шын мәнінде озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керек. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды қадам. Ұлы Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген. Бұл – әрине, ешқашан ескірмейтін, мән-маңызын жоғалтпайтын өсиет. Бірақ әр заманның өзіне тән сын-қатерлері бар. Жаһандану үрдісіне, жаңа технологияның дамуына және басқа да себептерге байланысты қоғамға қауіпті жаңа кеселдер пайда болды. Әсіресе, біз мынадай бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет.», — деген болатын Мемлекет басшысы
Тиісінше еліміз бойынша білім беру мекемелерінде жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын-алу, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, темікінің зияндығы мен қанты көп сусындардың денсаулыққа кері әсері, дұрыс тамақтануды дәріптеу мақсатында түрлі іс-шаралар өткізіліп келеді. Осындай игі мақсатты бастама еткен іс-шаралардың бірі Түлкібас ауданында орналасқан А.Гайдар мектебінде де ұйымдастырылды. Мамандар «Нашақорлық -қоғам дерті» тақырыбында 8-9 сынып оқушыларымен кездесіп, білім алушылармен тренинг өткізді.
Түлкібас аудандық орталық аурухананың дәрігерлері нарколог дәрігер – Г.Есеева, СӨС маманы – Л.Ермағанбетова, психолог – А.Жайшибекова, ВОП дәрігер – Қ.Сейдуахам оқушыларға дәріс берді. Сондай-ақ кездесуде жас ұрпақтың білімдерін тиянақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға, темікі затының зияндығын, қанты көп сусындардың зияны, тамақтануды дұрыс жолға қою, стресстің алдын-алу туралы кеңестер берілді. Әлем дерті нашақорлық ауруынан сақтануға және Конго Қырым қанды қызбасының алдын- алу бойынша ескертулер де жасалды.
«Бүгінде қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлықтан қорғау. Яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Қоғам дерті саналатын нашақорлықпен күрес ешқашан күн тәртібінен түспеуі керек деп есептеймін. Дәл осыны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да айтқан болатын. Бұл дерт адам баласын құрдымға алып кетеді. Нашақорлыққа шалдыққан адамның мінезі өзгеріске ұшырап, өзін өзін ұстауы да басқалай бола бастайды. Көңіл-күйі жиі төмендеп, себепсіз ашуға булығып, тұйықталып, жеке кеңістігін тарылтады. Ұйқысы дұрыс болмай бұзылады, күні бойы маужырап жүреді. Оған бойұсынған адам ойына келгенін істеп, өз дегенімен ғана жүріп-тұрады, мезгілімен демалудан алшақтап кетеді. Тамақтану, тамақ ішу уақыты да мүлдем өзгеріске ұшырап, оған дұрыс тағам емес, есірткі керек болып тұрады. Түптеп келгенде нашақорлыққа шалдығып, одан бас тартпаған адамдар, соңында өз өміріне балта шабумен аяқтайды. Бақытсыздыққа душар ететін, өлімге итермелейтін нағыз қасіретті дертке ешқашан жол бермеңіздер. Себебі бұл жат қылық ешқандай жақсылыққа жетелемейді. Қазір сіздер жаңа өмір мен жаңа баспалдақтың алдында тұрсыздар. Болашақ сіздердің қолдарыңызда. Алға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңыз бар. Ата-аналарыңыздың қуанышы мен сенімі сіздер. Сондықтан ең бастысы осындай зиянды заттардан, есірткі тектес заттардан аулақ болыңыздар дегім келеді. Ең басты байлық денсаулық. Сондықтан өздеріңізді, өз денсаулықтарыңызды қадірлей біліңіздер», – деді Түлкібас аудандық орталық ауруханасының нарколог дәрігері Г.Есеева.
Сонымен қатар білім алушылармен өткен тренингте салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану бойынша да мамандар ақыл-кеңестерін айтты. Жалпы салауатты өмір салтын ұстанатын азаматардан мықты ұрпақтар қалыптасады, мықты ұрпақ мықты мемлекетті қалыптастырады деген сөз бар. Яғни, еліміздің ертеңі жастар болғандықтан оларға үгіт-насихат жұмыстары ұдай жүргізілуі тиіс. Бұл бағытта мамандар денсаулықты нығайтуға бағытталған тәсілдерді де атап өтті.
« – Расында, әрбір адамның денсаулығы өз қолында екенін барлығымыз жақсы білеміз. Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет болып табылады. Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасып отырады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты қозғалыс белсенділігін дұрыс ұйымдастыру, организмнің өсу мен дамуына белсенді ықпал етіп, тәніміздің жұмысқа қабілеттігін жоғарылату және әр түрлі ауруларға төзімділікті арттырудан басталады. Яғни адам денсаулығының негізінің мықты болуы оның тамақтануына байланысты, балалық шақта қаланған денсаулықтың іргесі адамның бүкіл кейінгі өмірінің сапасына әсер етеді. Дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты – бала организмінің ауруларға жоғары тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті шарттар екенін естен шығармағанымыз абзал. Жасөспірімдердің күнделікті дұрыс тамақтануы қуатқа қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруы және күні бойы жұмсайтын күштерін толығымен қалпына келтіруі керек. Осыған байланысты мектеп оқушысына арналған негізгі салауатты тамақтану ұстанымдары туралы білу аса маңызды. Баланың жасының әр кезеңі алдыңғысынан өсу қарқыны және физиологиялық жүйелердің жетілуімен, өсу үстіндегі организмнің тіндері мен ағзаларында өтетін өзгерістердің сапасымен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың жасының әр кезеңіндегі тамақтануы айрықша талаптармен сипатталады, осы талаптарды ескеру арқылы баланың ақыл-ойы мен денесінің қалыпты дамуына, өмірлік әлеуетін арттыруға ықпал етуге болады. Салауатты тамақтану – өнімдердің пайдалы қасиеттерін ескеріп, қолданатын тамақтану. Салауатты тамақтану ұстанымдарын қадағалау организмнің ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, дәрумендерге, басқа да көптеген қоректік заттектерге барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Керісінше, салауатты емес тағам асқазан-ішек жолдары ауруларының, семіздіктің, қан айналымы жүйесі ауруларының, апаруы мүмкін. Дұрыс тамақтанбаудың жағымсыз салдары бірден білінбейді. Организм ағзалар мен жүйелердің қызметінің бұзылысын өтей алмайтын болған кезде ауру дами бастайды. Жылдар бойы жинақталған өзгерістердің бетін қайтару қиын. Бұл үшін сәйкес емдеу, уақыт және науқастың тарапынан дәрігердің ұсыныстын қатаң орындау қажет. Ең бастысы – адамның өз денсаулығына көзқарасын өзгерту. Сондықтан, баласына өмірінің басынан бастап дұрыс тағамдық дағдыларды қалыптастырған ата-аналар баласының денсаулығының мықты іргесін қалайды. Мамандар біз тұтынатын тағамды «тірі» және «өлі» түрге бөлуге болатынын айтады. «Тірі» тағам бізді өмірлік қуатпен және күшпен толтырып, денсаулықты нығайтады, семіздіктен, жүрек және қантамыр ауруларынан, диабеттен, қатерлі ісіктерден және басқа аурулардан қорғайды екен. «Тірі» тағамға жататындар: тұтас дәндер, көкөністер, жемістер, жидектер, бұршақ тұқымдастар. Олар дәрумендерге, минералдық заттектерге, өсімдік талшықтарына бай келеді. Өндірілетін азық-түлік тауарларының сақтау мерзімін ұзарту үшін «өлі» тағамды «тірі» тағамнан технологиялық өңдеу арқылы алады. Нәтижесінде «өлі» тағам коммерциялық тұрғыдан пайдалы болады, бірақ, өмірлік қуаттан, көптеген қоректік заттектерден, мысалы, дәрумендерден, минералдар мен талшықтан айырылады.Сонымен қатар, нарықта өтімділігін арттыру мақсатында дайындалатын өнімнің сыртқы және дәмдік ұнамдылығын арттыру үшін оларға түрлі бояғыштарды, дәмді күшейткіштерді, қант пен тұздың үлкен мөлшерін қосады. Сондықтан, «өлі» тағам иммунитетті төмендетеді, ауруларды туындатып, өмір жас ұзақтығын қысқартады. Сонымен қатар, «өлі тағам» өнімдеріне балалар тез үйреніп, тәуелділік те пайда болуы мүмкін. Денсаулығымыз мықты болу үшін бүкіл отбасы болып дұрыс тамақтана біліңіздер. Салауатты өмір салтын ұстанайық», – деді СӨС маманы Л.Ермағанбетова
Сондай-ақ, бұл күні психологиялық тренинг те өткізілді. Сонымен қатар, оқушылар өз ойларын ортаға салып нашақор адамдардың өмірін аянышпен немесе өліммен аяқталатыны туралы фотосуреттер көрсетті. Ақ жейделі абзал жандар оқушыларға денсаулыққа кері әсерін тигізетін зиянды заттардан аулақ болуын ескертіп, оларды салауатты өмір салтын сақтау үшін тек пайдалы тағамдар қолданып, спортпен айналысуға шақырды.
Түлкібас ауданында нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Түлкібас ауданының келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардан зардап шеккен жастарына психологиялық көмек көрсету мақсатында «Нашақорлық – қоғамдық дерт!» атты нашақорлықтың алдын алу бойынша семинар-тренинг өткізілді. Семинар-тренингте “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы және “Заңғар-Медет” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарханбаева Лайла инновациялық технологияларды қолдана отырып, лудоманиямен күресу жолдарын түсіндірді.
“Жаһандану қарқынды жүріп жатқан уақытта өмір сүріп жатырмыз. Ел болашағы-жастардың бойында отансүйгіштік пен еңбекке деген құрметті қалыптастыру, адамгершіліктің асыл қасиеттерін сіңіру, адам құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу, ұлттық құндылықтарды дамытудың маңызы артып келеді. Өйткені әлеуметтік желілерден алынған, сүзгіден өтпеген ақпараттардың шамадан тыс көптігі өскелең ұрпаққа оң әсерімен қатар елеулі қауіп-қатер де төндіріп отырғаны жасырын емес. Сондай жағымсыз әдеттердің бірі – нашақорлық. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес Президенттің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарының бірі болып белгіленгені баршамызға белгілі”,- деді “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында және Ұлттық құрылтайларда есірткі қылмысын еліміздегі өзекті мәселелердің бірі ретінде атап өтіп, әсіресе оның жастар арасында белең алуына қарсы күрес жүргізуді күшейтуді тапсырған болатын.
«Біз жақсылыққа жетеміз десек, жағымсыз әдеттерден арылуымыз керек. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирене білуіміз қажет. Яғни, шын мәнінде озық ұлт болу үшін жақсылыққа ұмтылумен қатар, еліміздің өсіп-өркендеуіне кедергі болатын жаман әдет, жағымсыз қылық және қауіпті кеселден құтылуымыз керек. Бұл – ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолындағы өте маңызды қадам. Ұлы Абай «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол» деген. Бұл – әрине, ешқашан ескірмейтін, мән-маңызын жоғалтпайтын өсиет. Бірақ әр заманның өзіне тән сын-қатерлері бар. Жаһандану үрдісіне, жаңа технологияның дамуына және басқа да себептерге байланысты қоғамға қауіпті жаңа кеселдер пайда болды. Әсіресе, біз мынадай бес кеселмен бүкіл ел болып күресіп, біржола тосқауыл қоюымыз керек. Алдымен, есірткі саудасы, соның ішінде синтетикалық есірткі айналымы. Өкінішке қарай, бұл індет жаппай белең алып барады. Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын», – деді Мемлекет басшысы
Сондай-ақ, Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың отырысында Мемлекет басшысы ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, таза ұрпақты тәрбиелеу өте маңызды мәселе екенін атап өткен болатын.
«Жас ұрпақтың, әсіресе, қазіргі құбылмалы заманда сыни тұрғыдан ойлай білуі маңызды. Балаларымыздың танымы кең болуына жағдай жасауымыз қажет. Бұл туралы белгілі қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев өте орынды пікір айтты. Мектепте оқушылардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін дәрістер оқытылуға тиіс. Жастар ақпаратты қорыта білуді, уақытын дұрыс пайдалануды, қаржы сауаттылығын мектеп қабырғасынан біле бастауы қажет. Өскелең ұрпақты түрлі ойындарға құмар болудан сақтандыру керек. Бұл мәселе бойынша құрылтайдың бірқатар мүшелері, соның ішінде белгілі спортшы Ислам Байрамуков жақсы айтты. Жеңіл жолмен пайда табу жақсылыққа апармайтынын үнемі түсіндіріп отырған жөн. Адал табыс адал еңбекпен келеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл ретте Президент жастар арасындағы нашақорлық мәселесіне ерекше тоқталып өткен болатын.
«Бұл – ұлт саулығына зор қауіп төндіретін кесел. Есірткі жастардың жанын да, тәнін де улап жатыр. Біз есірткіні қолданудың, дайындаудың және таратудың жолын кесіп, тамырына балта шабуға тиіспіз. Әйтпесе, бүкіл еліміздің болашағы бұлыңғыр болады. Бұл мәселе мені қатты алаңдатады. Химиялық есірткілер нарықта кең ауқымда сатылуда. Криминалдық топтар жастарды осындай заңсыз әрекеттерге тартып жатыр», – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.
Елімізде 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесіне қарсы күрестің ведомствоаралық ауқымды кешенді жоспары әзірленіп, бекітілді. Ресми статистикаға сүйенсек, еліміз бойынша есірткі тұтынушылар саны азайғанымен, синтетикалық есірткіге тәуелділер қатары көбейген.
“Қазіргі таңда синтетикалық есірткі немесе психотропты заттар жастар арасында көп қолданылатындығы анықталып отыр. Мәселен, елімізде дәстүрлі есірткі заттарын тұтынушылардың орта жасы 40-45 жас аралығы болса, синтетикалық есірткі пайдаланушылар негізінен 30-35- тегі, ал ұшпа ерітінділерді 20-25-тегі жастар тұтынатын көрінеді.Сондықтан жасөспірімдердің жат әдеттерден бойын аулақ ұстап, теріс жолға түспеуі үшін ақпараттық-насихат жұмыстарының пайдасы зор деп білемін»,- деді “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы
«Нашақорлық – қоғамдық дерт!» атты нашақорлықтың алдын алу бойынша өткізілген семинар-тренингте нашақорлыққа, темекіге және құмар ойындарға тәуелділіктің зардабы кеңінен түсіндіріліп, елімізде синтетикалық ескірткіні өндіру, сақтау және таратуға қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығы жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар нашақорлықтан келетін қауіп-қатерлер, адам ағзасы мен психикасына келтіретін зияны, зиянды әдеттерге еліктеудің соңы жақсылыққа апармайтындығы айтылып, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты сақтау және нығайту, спортпен шұғылданудың пайдасы жөнінде еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.
Қоғам алдындағы тұрған басты міндеттің бірі-балалар мен жасөспірімдерді шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлықтан қорғау, яғни жат әдеттерге қарсы төзбеушілікті қалыптастыру. Осы мақсатта облыста оқушылар мен жастар арасында “Есірткінің адам ағзасына зияны”, “Нашақорлық-қоғамдық дерт”, “Ертеңіңді ойласаң, есірткіге жолама” тақырыптарында дәріс-тренингтер, семинарлар өткізіліп, дәрігерлік кеңестер беріліп келеді. Жиында “Заңғар-Медет” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дарханбаева Лайла да өз пікірін айтып, жастарды қоғам дертінен аулақ болуға шақырды.
«Нашақорлық-әлеуметтік құбылыс. Қоғам дертіне айналған нашақорлық адамның өзіне де, қоғамға да аса зиян. Оның қасіретін өскелең ұрпақ жақсы білуі үшін әрбір ата-ана отбасында балаларына жат әдеттердің зардабы туралы айтып отырса, сонымен қатар әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыстар жүйелі жүргізіліп тұратын болса ұтарымыз көп болмақ. Өйткені бала тәрбиенің 60 пайызын отбасынан, қалғанын сыртқы ортадан алатындығын ұмытпайық. Есірткі – адамның өміріне жақсылық әкелмейтінін сіздер жақсы білесіздер. Барлық адамдар басында есірткі қабылдауды қызығушылықпен бастайды. Кейіннен, соған тәуелді болып қалады. Ал тәуелділіктің арты қайда апаратындығы баршамызға мәлім. Сондықтан жастар, өздеріңізді Қазақстанның болашағы екендіктеріңізді сезіне отырып, нашақорлыққа қарсы күресуіміз керек. Сонымен қатар, зиянды әдеттерден аулақ болып, саламатты Қазақстанның өркендеуіне үлес қосуымыз керек, Яғни жастар спортпен шұғылданып, қоғамда өз орнын тапқан азамат болып қалыптасуы тиіс. Ал есірткінің адамның ағзасына тигізер кері әсері адамзаттың түбіне жетіп тынады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсері болғандықтан, есірткі қызметі аяқталған соң адам ауруды тым сезгіш болады. Мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Сондай-ақ, ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді» деді “Заңғар-Медет” қоғамдық бірлестігінің төрайымы Лайла Дарханбаева
Мамандардың айтуынша нашаға бойұсынған адамның мінезі өзгеріске ұшырап, көңіл-күйі жиі төмендеп, себепсіз ашуға булығып, тұйықталып, жеке кеңістігін тарылтады. Ұйқысы бұзылады, күні бойы маужырайды, ойына келгенін істеп, өз дегенімен ғана жүріп-тұрады, мезгілімен демалудан қалады. Бұл дерттің тағы бір белгісі адам ағзасындағы өзгеріске байланысты бет-аузының көкшіл тартуы, көз астының ісінуі және тамырларындағы иненің іздері. Тамақтану, тамақ ішу уақыты да мүлдем өзгереді. Түптеп келгенде нашақорлықтың соңы адам өміріне балта шабумен аяқталуы ықтимал. Бақытсыздыққа душар ететін, өлімге итермелейтін нағыз қасіретті дерт. Мұндай сұмдықтың алдын алуда ата-аналардың әрекетінің маңызы зор. Яғни кез келген ата-ана балаларының, әсіресе өтпелі кезеңдегі ұл-қызының бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, олармен тығыз әрі ашық байланыс жасауда, сырттай әрқашан бақылауда ұстауға, мектеп қабырғасындағы, арнаулы орта оқу орнындағы араласатын ортасымен, ұстаздарымен байланыста болуда белсенділік танытуы керек.
«Бұл ғасыр дертінің кең таралуын, жастардың есірткінің боданына түспеуінің алдын алуда ширақ әрі жүйелі шаралар қабылдануы тиіс. Нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы күресте болашақта жақсы нәтижеге жету үшін, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналығының негізінде, ең алдымен нашақорлыққа қарсы қоғамдық корғаныс қабілетін, әлеуметтік иммунитетті қалыптастырудың маңызы зор. «Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан болсын» деген ата-баба сөзінің астарын ұғынып, жас буынның жарқын болашағы үшін, елдің келешегі үшін бүгіннен алаңдасақ, отбасынан бастап жаман әдеттерден аулақ болуға баулысақ, дені сау ұрпақ қалыптасары анық. Ең бастысы перзенттің міндеті ата-ана үмітін ақтау, лайықты білім алып, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасу болса, аға буынның мақсаты – қоғамға пайдалы азаматты, жан-жақты, салауатты, сауатты адамды тәрбиелеп шығару. Бұл ретте ең алдымен бала үшін ұстаздар қауымының да қосар үлесі зор. Мектеп қабырғасындағы әрбір жасөспірімнің психологиялық жағдайын танып білу арқылы дер кезінде әрекет ете алу, баланың жақсы қабілеттерін дамытып, кемшін тұстарын жөнге келтіру де мұғалімдерге жүктеледі. Үйдегі ата-ана тәрбиесінің жалғасы ұстаздардың тәрбие тағылымымен ұштасуы қажет. Біз де алдымызға келген әр оқушының келешекте тұлға болып қалыптасуына, үлкен өмірден өз орнын табуына, салауатты өмір салтын ұстанатын азамат болуына күш-жігерімізді жұмсаймыз. Қоғамды алаңдатқан нашақорлыққа қарсы шараларды, түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп отырамыз. Балалармен де кездесулер, жиындар өзкізіліп тұрады. Осындай шаралардың алдағы уақытта баланың санасында жақсылыққа бастайтын адами қасиеттердің өркен жаюына септігін тигізетінін білеміз»,- деді “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологы, Педагогика ғылымдарының магистрі, практик-психолог Тұрсынбаева Айсұлу Полатқызы
Қазіргі заманда адамзаттың болашағына және бүкіл жер жүзінің шексіз ғарыштап дамуына қауіпті қатер төндіріп отырған дерт – нашақорлық. Біздің қаншама жастарымыз, жасөспірім балаларымыз, азаматтарымыз оның торына түсіп алданып, жақсы қабілеттерінен, қуаныштарынан, бақыттарынан, негізгі өмір жолының бағытынан айырылып, азап шегіп жүр. Бүгінгі күні нашақорлықтың жасөспірімдер арасында кеңінен таралуы алаңдаушылық тудырып отыр. Күн сайын осындай ессіздікке жастар көптеп бой ұруда. Ал оның соңы кісі өлімі мен зорлық-зомбылық жасауға соқтыруда. Әлеуметтік құбылыс ретінде нашақорлық есірткілерді қолдануға жаңа құрбандарды тарту есебінен өмір сүріп және дамып келеді.
Ел болашағы – дені де, тәні де сау ұрпақты тәрбиелеу баршамызға жүктелген абыройлы міндет.
“АЛТЫН БЕЛГІ” ИЕГЕРЛЕРІМЕН ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов ашық аспан аясында биылғы оқу жылында ҰБТ-ден жоғары балл жинап, «Алтын белгілерін» ақтап шыққан 70-ке жуық білімді жастармен кездесті. Кездесу еркін форматта қаладағы С.Қожанов саябағында ұйымдастырылды. Жиынды қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы С.Азат жүргізіп отырды.
Қала басшысы ең алдымен жастарға ұстаздарының және ата-аналарының үмітін ақтап, Кентау қаласының мерейін үстем еткен жетістіктерімен құттықтап, алғысын білдірді.
«Сіздердің осындай жетістікке жетуде бойларыңызға білім мен тәлімді тәрбие беруде тер төккен ұстаздарыңыздың еселі еңбектерінің нәтижесі деп білемін. Алдағы уақытта Абай атамыз айтқандай: “бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық” бола білсеңіздер, жақындарыңыз бен жанышырларыңыздың мақтанышына айнала бересіздер. Енді бұдан кейін үлкен өмірге қанат қағып барасыздар. Қанаттарыңыз талмай, биіктерге самғай беріңіздер! Жоғары оқу орнына оқуға түсіп, студенттік дәуірді қызықты өткізіп, абыроймен бітірулеріңізге тілектеспін. Таңдаған мамандықтың мықты иесі, кәсіпқойы болыңыздар!», деді қала әкімі.
Жайма шуақ жаздың керемет сәтінде өткен кездесуде жастар тарапынан қала басшысына түрлі тақырыпта еркін сауалдар жолданып, ойларымен бөлісті.
Еліміз бойынша ҰБТ-ден ең жоғарғы 138 балл жинаған Айдос Қожанов сөз алып, қала басшылығына өз ризашылығын жетікізіп, білім беру жолындағы ұлағатты ұстаздарына алғысын жеткізді. Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос әке жолын қуып болашақта математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді.
Қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы кездесу барысында жастарға алдағы өмірлеріне үлкен сәттіліктер жолдап, «Алғыс хаттар» табыс етті. Сонымен қатар, ұлы ғұламалардың терең мағынаға толы кітаптарын тарту етті.
Қала бойынша 2023-2024 оқу жылында 928 түлек оқуын аяқтады. Мектеп бітіруші түлектердің арасында 53 оқушы «Алтын белгі», 30 оқушы «Үздік үлгідегі аттестат» иегерлері болды.
Айта кетейік 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектепті 31210 оқушы бітіріп, 27 340-і Ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынады. Түркістан облысында биыл 45713 оқушы 9 сыныпты бітіріп, бәріне аттестат берілді. Оның ішінде «Үздік аттестатқа» 4367 оқушы қол жеткізді. Ал, 11 сыныпты 31210 оқушы аяқтап, қолдарына мектепте білім алғандарын растайтын аттестат тапсырылды. Осылайша 2023-2024 оқу жылында Түркістан облысында 9,11 сынып түлектерін қосқанда 77 мыңға жуық оқушыға аттестат табысталды. Сондай-ақ, 11 жыл үздік оқыған түлектерге өздері оқыған білім ордасында “Алтын белгі” табысталды. 2023 -2024 оқу жылында Түркістан облысында 1704 түлек “Алтын белгі” иесі атанды. Сондай-ақ, 2400 оқушы “Үздік аттестат” алды.
Салт-дәстүр мен ұлттық ойындар насихатталды
Қазақ халқының салт-дәстүрінде ұлттық ойындардың алар орны ерекше. Ертеден келе жатқан ұлттық ойындарымыз кейінгі жылдары қайта жаңғырып, ел арасында кеңінен насихатталып жүр. Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, сонымен қатар рухани байлық пен денсаулық үшін де пайдасы орасан зор екені анық. Ұлттық ойынның бала тәрбиесіне, денсаулығы мен ойлау жүйесіне әсері мол. Сондықтан, жаман қылық пен ерсі әрекеттерден алшақтатып, ұлтжанды ұрпақ өсіру, ұл-қыздардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, ұрпақ санасын арттыруға үлкен серпіліс беру өте маңызды істердің бірі.
Дәл осындай бағытта, Келес ауданы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Ауылдағы бір күнім” атты іс шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты жас ұрпақты ауылдың тыныс тіршілігімен, негізгі кәсібі мал шаруашылығымен, атқа міну мәдениетімен таныстыру, қазақ халқының ауыл шарушалығына байланысты ұмыт қалған көне сөздерді жастардың жадында жаңғырту, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты насихаттау. Аталған шараны Келес ауданы әкімінің орынбасары Даурен Сариев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
– Осындай ұлттық салт-дәстүрлерімізді қала берсе ұлттық ойындарымызды насихаттайтын іс-шаралар ауданымызда көптеп ұйымдастырылса, ұмыт болып бара жатқан дәстүрлеріміз қайта жанғырары сөзсіз— деді аудан әкімінің орынбасары Даурен Сариев.
Жалпы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі, дәстүрлі шаруашылық өмірінен бастау алады. Олардың басым бөлігі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген. Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Яғни, ата-бабаларымыздан бізге жеткен, өткені мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлық, асыл қазына деуге болады. Яғни, ұлттық ойындар адамның шығармашылық қабілетін оятып, ойдың қалыпты дамуына жол ашады. Әсіресе жастардың санасына ұлттық құндылықтардың тәрбиесін сіңіре отырып, салт-дәстүр, әдет-ғұрып нақыштарымен тәрбиелеу өте орынды. Келес ауданында ұйымдастырылған шара барысында ауданға қарасты ауыл және ауылдық округтерден жиналған 100ге жуық жастар өзара команда болып бөлініп қазақтың ұлттық ойындарынан белдесіп кіл мықтылардың арасынан шын мықтыны анықтады. Атап айтар болсақ, арқан тарту, садақ ату, қой көтеру, ләңгі тебу,сиыр сауу түрлерінен болған сайыс қызық әрі тартысты өтті.
Жалпы, ұлттық ойындар педагогиканың дәстүрлі құралы болып саналады. Ол, бала өмірінің табиғи серігі, көңіл-күйінің бұлағы. Онда адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт-дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, шеберлік қимылдарды меңгеру, сондай-ақ шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ептілік пен тапқырлыққа деген талпыныс айқындалып жетіле түседі. Осылайша жасөспірімдер санасына жастайынан туған елдің мәдениетіне, әдет-ғұрпына деген қызығушылық, сүйіспеншілік және қадірлеу секілді сезімдер қалыптасады. “Ауылдағы бір күнім” іс шарасында осындай бағыттар басты назарға алынып, жастарға тағылым болсын деген мақсатпен арнайы қой сойылып, оны жік жікке бөліп жіліктеу де үйретілді.
Іс-шара барысында жастардың қызығушылығын арттырған ұлттық спорттың бірі садақ ату болды. Негізі садақ ату өнері көне дәуірлерден бері көшпенділерден жалғасып, қазақтың дәстүр-салтынан өзіндік орнын алған құндылықтардың бірі. Қазақтың тарихында жебені жанына серік етіп, құралайды көзге атқан мергендер де өте көп болған. Оған батырлық эпостар, хисса-дастандарда кездесетін деректерде дәлел. Жалпы, садақ пен қазақ егіз ұғым деуге де болады. Оны ата-бабаларымыз ертеде аң аулауға, кейін соғыс ісінде қару ретінде пайдаланды. Сәйгүлік мінген жау-жүрек батырлар қорамсаққа қол салып, кезеген жебелері нысанадан мүлт кетпегені тарихтан белгілі. Ежелгі ата-баба қоныстарындағы таңбалы тастардағы суреттер осының айғағы.
Тіпті, өзге ұлт пен ұлыс өкілдері ағаштан жасалған қарапайым садақты ұстаса, қазақтар оның жетілдірілген күрделі құрама түрін ойлап тапқан деген тарихи деректер де бар. Көшпенді өмір салтын осы уақытқа дейін ұмыт қалдырмай, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп сақтап келген қазақ халқы, ердің бес қаруының бірі саналатын садақты да көптеп насихаттап келеді. Ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәнін кеңінен дәріптеу және жастардың бойында ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында ұйымдастырылған “Ауылдағы бір күнім” атты іс шарада да дәл осы садақ ату өнерінің қыр сыры дәріптелді.
Сондай-ақ бұл күні жастар арқан тартудан өзара мықтыларын анықтады. Арқан тартыс ойынының бір өзінде көптеген тәрбиелік мән бар. Оның пайдасы өте көп. Арқан тартыс ойыны адамдарды шымырлыққа, ептілікке үйретеді. Дененің қимыл-қозғалысын ширатуда ешбір спорт түрінен кем түспейді. Сонымен бірге балалардың зердесін дүние-танымын кеңейтетін бірден-бір ойын. Қазақтың ұлттық ойыны арқан тартыс арқылы қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, туған елге, жерге, өз отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыруға да болады.
Айта кетейік, бұл күні қатысушылар кешкі алау аясындағы еркін форматтағы жүздесуге қатысып, өзара әсерлерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
ҚАЛА ӘКІМІ ҮЗДІК ТҮЛЕККЕ АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов Ұлттық бірыңғай тестілеуден еліміздегі ең үздік көрсеткішке қол жеткізіп 138 балл жинаған кентаулық түлек Айдос Қожановты қабылдады.
«Мемлекетті өркениетке жеткізетін білімді елдің болашағы өзіңдей білімді жастар.Үлкен өмірге басқан қадамыңыз құтты болсын! Таңдаған мамандығыңыз бойынша жоғары оқу орнына түсуіңізге тілектеспін. Сізді осындай дәрежеге жеткізген ата-анаңызға, ұстаздарыңызға алғысымды білдіремін» – деді қала әкімі.
Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос әке жолын қуып болашақта математика пәнінің мұғалімі болғысы келеді.
Айта кетсек, Кентау қаласында 2023-2024 оқу жылында 857 түлек мектеп бітіріп,оның Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 788 өтінім білдірген. Оның 43-і – «Алтын белгі» белгіге, 54оқушы – «Үздік аттестатқа» үміткер.
КЕНТАУДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «ИНТЕЛЛЕКТ БАТТЛ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ ӨТТІ
САУРАН АУДАНЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарына жәрмеңке болып өтті. Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев қатысып, жұмыссыз жүрген азаматтарға тұрақты жұмысқа орналасып кетуілеріне сәттілік тіледі.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – келушілерге жұмыс берушімен қарым-қатынас барысында жұмысқа орналасудың қолайлы нұсқалары мен шарттарын таңдауға мүмкіндік беретін, жұмысқа орналасуға көмектесудің тиімді әдістерінің бірі болып есептеледі. Сондықтан аудан, қалаларда ұйымдастырылатын мұндай шаралардың маңыздылығы өте зор.
Сауран ауданында өткен жәрмеңкеде 6 мекемеден 74 бос жұмыс орындары ұсынылған, жыл басынан бері 1110 азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. 2024 жылы аудан бойынша 6840 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған болса, жыл соңына дейін халықты жұмыспен қамту жұмыстары тұрақты түрде жүргізілетін болады. Мансап орталығы арқылы өткізілген бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 125 азамат қатысты. Жәрмеңкеге қатысқан азаматтардың ішінен 20-ы жұмыс орындарымен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орнына 8, жастар практикасына 6, әлеуметтік жұмыс орындарына 4, алғашқы жұмыс орнымен 2 азамат жұмыспен қамтылды.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген Еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітілген болатын. Онда ұсынылған шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын 3,6 млн-ға дейін ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға септігін тигізеді.
Тұжырымдама ұлттық басымдықтар мен мақсаттарды, сондай-ақ еңбек және жұмыспен қамту саласындағы халықаралық міндеттемелер мен стандарттарды ескере отырып әзірленген. Бұл 2030 жылға дейінгі кезеңге еңбек нарығын дамыту жөніндегі негізгі бағыттарды, іс-шараларды, индикаторларды және жауапты орындаушыларды айқындайтын стратегиялық сипаттағы құжат болып табылады. Дүниежүзілік банк өкілдерімен бірлесіп, жұмыс орындарын құру динамикасы мен құрылымын ескере отырып, еңбек нарығын шолу, экономика секторларын талдау, өндірістік тізбекті оқшаулаудың қолда бар алғышарттары және т. б. бойынша талдау жүргізілді.
Кешенді және жүйелі түрде шешуді талап ететін еңбек нарығының негізгі проблемалық мәселелері:
– еңбек өнімділігінің төмендігі және табиғи ресурстарды өндіру мен экспортқа тәуелді экономиканы әртараптандырудың жеткіліксіздігі;
– жұмыскерлердің біліктілігі мен дағдыларының еңбек нарығының талаптарына сәйкес келмеуі, сондай-ақ кәсіптік білім беру мен оқыту жүйесінің жеткіліксіз дамуы;
– формалды емес жұмыспен қамтудың жоғары үлесі, әсіресе ауылдық жерлерде, сондай-ақ жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаудың төмен деңгейі;
– әйелдер, жастар, мүгедектігі бар азаматтар, этникалық азшылықтар және басқалар сияқты халықтың әртүрлі топтары арасындағы жұмыс орындарына қолжетімдік пен табыстың теңсіздігі.
2000 жылдардағы демографиялық өсімнің арқасында Қазақстанда
2029 жылға қарай еңбек нарығына қосылатын жастар саны жыл сайын 300 мыңнан астам адамды құрайды. Еңбек нарығын толықтыратын азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жаңа сапалы жұмыс орындарын құру жөнінде шаралар қабылдауды талап етеді.
Тұжырымдамаға сәйкес сапалы жұмыс орнының негізгі сипаттамалары: тұрақты жұмыспен қамту (жылына кемінде 6 ай), еңбекақының лайықты деңгейі (өңірдегі орташа жалақыдан төмен емес), қауіпсіз еңбек жағдайлары, кәсіби даму және мансаптық өсу үшін мүмкіндіктер, еңбек құқықтары мен әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету болып табылады.
Сапалы жұмыспен қамтудың өсу драйвері болуы керек:
– өнеркәсіп (тау-кен өндіру, өңдеу, энергетика, сумен жабдықтау), құрылыс, көлік саласы, сауда және қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы, IT-сала, өнер және туризм, сондай-ақ қорғаныс қызметі сияқты экономиканың негізгі нақты секторларын индустрияландыру;
– жаңа технологияларды енгізу және ілгерілету;
– жұмыс уақытының икемділігіне негізделген жұмыспен қамтудың жаңа түрлерін құру.
Тұжырымдамада елдің оңтүстік өңірлерінде бастапқы индустрияландыру, орталық және шығыс облыстарда қайта индустрияландыру, республиканың солтүстігінде агробизнесті кластерлеу және батыс өңірлерде офтейк-келісімшарттарды дамыту жөніндегі шаралар көзделген.
Еңбек нарығындағы негізгі сұраныс орта білікті мамандарға тиесілі екенін ескере отырып, алдағы жылдары техникалық және кәсіптік білім адами капиталды дамытудың драйвері болады. Алынған білім мен дағдылардың жұмыс берушілердің талаптарына сәйкестігін кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және білім мен дағдыларды тәуелсіз бағалау арқылы ұлттық біліктілік жүйесін дамыту есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Сондай-ақ, Тұжырымдамада платформалық қызметкерлерді ресімдеудің жаңа тәсілдеріне көп көңіл бөлінді, 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда шамамен 1 млн адам платформалық жұмыспен айналысады. Платформалық жұмыспен қамтудың басты артықшылықтары: жұмыс уақытының икемділігі, негізгі қызметпен ұштастыру мүмкіндігі, мансап пен жеке өмірдің тепе-теңдігі. Сондықтан платформалық жұмыспен қамту спектрі жыл сайын ауқымын кеңейтіп, қызмет көрсету, туризм, IT, сауда, құрылыс, жылжымайтын мүлік және т.б. салаларға енетін болады. Мемлекеттің негізгі міндеті – платформалық жұмыспен айналысатын жұмыскерлер үшін еңбек құқықтарын қорғауды және әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету.
Еңбек нарығының инфрақұрылымын дамыту жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік қорғау саласында мемлекет көрсететін барлық қызметтерді жаппай цифрландыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Негізгі критерийлер ашықтық және барлығына қолжетімділікті арттыру.
Автоматтандыру және цифрландыру нақты уақыт режимінде еңбек нарығындағы жағдайды бақылауға және талдауға, кадрларға деген қажеттілікті анықтауға, білім беру бағдарламаларын экономиканың нақты қажеттіліктеріне қарай түзетуге және өзектендіруге, сондай-ақ экономикалық ынталандыру шараларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Ұсынылған шараларды іске асыру сапалы жұмыс орындарының санын ұлғайтуға және жұмыспен қамту құрылымын жақсартуға әкеледі. Ел экономикасында 2029 жылға қарай 3,6 млн сапалы жұмыс орнын қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл жұмыспен қамтудың жалпы құрылымында 45%-ды құрайды. Жыл сайын табысы медианалық табыстан асатын адамдардың саны орта есеппен 250 мыңға артады.
Бүгінде Сауран ауданында “Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған” тұжырымдамасы аясында 2024 жылдың маусымға дейін, жобадағы бағдарламар бойынша 6368 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 2487 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу пайызы 39% құрап отыр. Оның ішінде, санаттары бойынша бөлінісі: жұмыссыздар – 1011, өзін өзі қамтығындар – 1017, жұмыс іздеушілер – 970, 160 азамат композиттік қызметке тіркелді (композиттік қызмет жоспары – 220).
