
Қ.Нышанов: Ауыл тұрғындарының талап-тілегі басты назарда

Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының аудан, қалалардағы халық алдында есеп беру кездесулері жалғасын табуда. Кезекті жиын Арыс қаласында өтті. Түркістан облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов және облыстық мәслихат депутаты Ержан Қосмамбетов тоғыз жолдың торабында орналасқан қаланың тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, қала әкімдігінің салалық бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар басшылары, қала халқы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Кездесуді Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова жүргізіп отырды. Алғашқы сөз депутат Е.Қосмамбетовке беріліп, ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстық мәслихатта атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Кейіннен халық қалаулылары арыстықтардың ауыз сумен, электр энергиясымен қамту сынды көкейкесті сұрақтарына жауап берді.
Кездесуді қорытындылаған облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов Арыс қаласының экономикалық-әлеуметтік дамуына тоқталып, бүгінде облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының басшылығымен облысқа инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, бизнес саласын дамыту бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқандығын айтты.
“Мемлекеттің қаражатына жасалған жұмыстарды тізбектеп ауылға газ, жарық, ауыз су, жол жеткіздік деп мақтанудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұл тірліктер онсыз да бюджеттен бөлінетін қаржымен шешімін табады. Депутаттың ең басты әрекеті өз ауылдарына инвестиция тарту, демеушілер табу және кәсіпорындар салып, халыққа пайдасын тигізетін жұмыс орындарын ашумен бағаланады. Егер осындай істерді жүзеге асырған азаматтар болса, міне сол нағыз халық қалаулысы деп ойлаймын. Мұндай жұмыстар тек әкімнің міндеті болмауы керек. Аудандық, қалалық мәслихаттың депутаттары да белсенді болуы қажет деп есептеймін”,- деді Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов Арыс қаласының халқымен кездесуде
“Сондықтан ескі әдістерді, өтірік есеп беретін жиындарды қысқартайық. Керісінше ел болып, теміржолшылар мекені, тоғыз жолдың торабында орналасқан Арыс қаласының мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланайық”,- деді мәслихат төрағасы.
Кездесуден соң, облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жеке қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының мәселелерін тыңдады.Жеке қабылдауда қала тұрғындары көтерген барлық мәселелерді бақылауға алып, қала әкімдігіне тиісті ұсыныстар енгізді.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Шардара ауданында былтыр 3474 адам жұмысқа орналасқан. Аудандық «Мансап орталығы» ұсынған мәлімет бойынша өткен жылы 4408 тұрғын жұмыспен қамту жобаларына қатысыпты.
Нақтырақ айтқанда, өткен жылы жастар кәсіпкерлігін дамытуға арналған 2,5 пайыздық шағын несиені 33 азаматқа беру жоспарланып, нәтижесінде 21 азамат комиссия отырысына қатысқан және олардың бизнес жобалары мақұлданып, қаржылары аударылды. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған 400 АЕК көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант 78 азаматқа берілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына өткен жылы 29 жұмыс берушінің өтініміне сәйкес 198 азамат жолданды.
Ал, «Жастар практикасына» 2023 жылы 413 жас маман жолданды. Қоғамдық жұмыстарға 729 жұмыссыз азамат жіберілді. «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасына 27 жұмыс берушіге 76 адам қамтылса, «Күміс жас» жобасына 30 тұрғын жолданды. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша 2028 адам жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес 15 жұмыссыз тігінші мамандығы бойынша қысқа мерзімді оқуға жолданды. Жылдың қорытындысымен оқуды аяқтаған 15 азаматтың барлығы тұрақты жұмыспен қамтылған.
Жұмыссыздарды enbek.kz платформасында онлайн оқыту бойынша 130 адам оқып, сертификаттарын алды. Кәсіпкерлікті қолдау бойынша 690 адам кәсіпкерлік негіздеріне маманданды.
Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын құру бойынша берілген тапсырмасына сәйкес, ауданда биыл 898 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып, 1187 жұмыс орны ашылды.
Нақтырақ айтсақ, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Жанарыс Талипбеков Жағажай елді мекеніндегі өзінің 2,5 гектар жерін өрт сөндіру бекетін салуға берген. Тиісінше, бұл өрт сөндіру және құтқару бекетінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, Ж.Ералиев және Абай, Қызылқұм ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде өрт болған жағдайда немесе тұрғындардың суға бату жағдайлары орын алғанда төтенше жағдай қызметкерлерінің уақыттан ұтылмай, дер кезінде көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Осылайша халық қалаулысының Жанарыс Талипбековтың тартуы жалпы жергілікті халықтың әлеуетін арттыруға септігін тигізіп отыр.
Айта кетейік, Жетісайлық депутат бұған дейін де өз иелігіндегі 90 соттық жерін медициналық нысан және спорт алаңшасы мен ауыл тұрғындарына аллея салу үшін тегін берген. Қайырымды азаматтың мұндай игі істеріне жалпы түстік өңірдің халқы өз ризашылықтары мен алғысын білдіруде.
Жанарыс Талипбеков Жетісай ауданындағы өзекті мәселелердің шешімін қарастыру, тұрғындардың талап-тілегі мен өтініштерін орындау бойынша да белсенді жұмыс атқарып жүрген депутаттың бірі. Ел аманатын арқалаған халық қалаулысы, өзінің әріптесі Алладин Мырзахановпен бірге ауданның ахуалын Астана қаласына жеткізіп, Мәжіліс депутаттарының назарына ұсынған.
Сондай-ақ, Жетісай ауданындағы өзекті проблемалардың бірі – ағын су. Егіншілікпен айналысатын ауыл тұрғындарына ағын суды жеткізу үшін арық-атыздардың таза болғаны абзал. Осындай маңызды істі елеусіз қалдырмаған белсенді депутат Абай ауылдық округіндегі ағын су жүйелерін қоқыстан арылтуға бастама болып, “жаздың қамын” ойлауды үйлестіріп жүр. Жанарыс Талипбековтың мұндай бастамаларын жергілікті азаматтарда әрқашан қолдап отырады.
Елдің игілігі үшін өз иелігіндегі жерлерін тарту етіп, ауылдардың әлеуеттін арттырып, халықтың сенімі мен үмітін арқалаған Жетісайлық депутаттың бұл істері көпшілікке үлгі болары сөзсіз.
“Екеуі де – ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері, жас мамандар. Біреуінің “магистр” атағы бар. Ұстаздардың әрекетін педагогикалық кеңесте талқылап, жиналысқа әдейілеп тек әйел мұғалімдерді қатыстыруды жөн көрдім. Жиналыстан кейін ұстаздар өз еркімен жұмыстан кету туралы арыз жазды. Олар – тек ұстаз емес, сонымен қатар әйел кісілер, бала тәрбиелеп отырған ана. Әріптестеріміздің мұндай әрекетке барғаны өте ұят болды”, – деп мәлімдеді мектеп директоры Гүлжахан Нарбаева.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты №250 мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері Қызыл теңіз жағасында тынығу үшін мектеп әкімшілігін ескертіп, ақысыз демалыс алуды ұйғарған. Алайда кейін ұстаздардың Түркиядағы трансвеститтер клубында демалған видеолары әлеуметтік желілерде тарап кетіп, ата-аналардың наразылығын тудырған.
-Жеке тұлғалар өздерінің мақсаттары үшін, таныстарына мобильді аударымдарды жасап, қабылдай алады. Мұндай аударымдар бір реттік болғандықтан, оны декларациялаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ, жеке тұлғаның жеке банк шотына қатарынан үш ай iшiнде 100 және одан да көп әр түрлi тұлғалардан ақшалай қаражат түсетін болса, бұл кәсіпкерлік санат болып саналады. Бұл шаралар жасырын кірістер мен тіркелмеген кәсіпкерлерді, әсіресе жеке шоттарына мобильді аударымдар арқылы төлем алатындарды анықтауға бағытталған. Кәсіпкерлер төлемдерді арнайы бизнес шоттарына қабылдау керек. Бүгінде бақылау шараларына жеке кәсіпкерлік ретінде тіркеу және кірістер бойынша толық есеп беру бақылауға алынып отыр. Жалпы камералдық бақылау салық төлеушілерге заң бұзушылықтарын өз бетінше жою мүмкіндігін беруге бағытталған. Осыған байланысты анықталған бұзушылықтар бойынша хабарлама жіберіледі. Салық төлеуші өзінің заң бұзушылықтарымен келісетін болса, ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек немесе табыстың декларацияланбаған сомасын қосымша декларацияға көрсетіп ұсыну тиіс. Ал егер салық төлеуші өзінің заң бұзушылықтарымен келіспеген жағдайда түсініктеме жазып және оны растайтын құжаттарды беруге құқылы. Хабарлама орындалмаған жағдайда салықтық тексеру тағайындалады. Одан бөлек, банктерден шот бойынша толық ақпарат сұратылады және бұзушылықтардың бар жоқтығы туралы нақты шешім қабылданады,- деді Мейрамбек Байқадамұлы.
Мақтаарал ауданындағы «М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы орта мектебі» білім сапасын ішкі және сыртқы бағалаудың нәтижелері (оқу жетістіктерін сыртқы бағалау, ұлттық бірыңғай тестілеу және халықаралық зерттеулер рәсімдерінің нәтижесі ) бойынша 56 мектептің арасында 5 орында.
Мектепте педагогтарды ақпараттық-коммуникациялық технологиямен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі сапалы өзгерістерді зерттеу мониторингісінің нәтижесі жоғары деңгейде. Сондай-ақ, педагогтар мен басшылардың кәсіптік және жеке өзін-өзі көтеруі үшін жағдай жасау бойынша білім беру ұйымында ақпараттық-әдістемелік кеңістіктің қалыптасқан.
Орта білім беретін ұйымның ерекше миссиясы: функционалды сауатты, мемлекеттік грант иегерлері мен еліміздің патриот азаматтары мен азаматшыларын тәрбиелеп шығару. Жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын табысты меңгерген оқушылар үлесінің серпіні- 2018-2019 оқу жылында ҰБТ-ге қатысқан бітіруші түлектердің 60 пайызы мемлекеттік грант иегері атанған.
Соңғы үш жыл ішіндегі оқушылардың оқу рейтингтік жоғары көрсеткіштері:
2015-2016 оқу жылы-білім сапасы – 41, үлгерімі-100, орта бал-3,50.
2016-2017 оқу жылы білім сапасы – 42, үлгерімі-100, орта бал -3,57.
2017-2018 оқу жылы білім сапасы – 43, үлгерімі-100, орта бал-3,6.
2018-2019 оқу жылы білім сапасы -44,үлгерім-100,орта бал-3,6.
2019-2020 оқу жылы білім сапасы -45, үлгерім-100, орта бал-3,7.
Оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және еңбегін қорғауға жағдай жасау мен білім беру ұйымдарында білім алушыларды спорт секцияларының қызметімен қамту бағытында мектепте 5 спорттық және спорттық би үйірмесі жұмыс жүргізеді.
Сонымен қатар, Облыстың білім саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін Мақтаарал ауданы, «М.Тоқжігітов атындағы №42 жалпы орта мектебі» 2019 жылдың «Үздік мектебі» номинациясының иегері болып танылған.
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы облыстық әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Табысты менеджер-2019» облыстық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленгені үшін марапатталған.
Қазақстан Республикасы оңтүстік аймақтың жетекші мектептерінің «Жаңару жаршысы – 2019» атты І форумында белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен мектеп директоры марапатталған.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын, математикалық, жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын дамыту және қалыптастыру критерийлері, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жүлдегер оқушыларының үлесі- 50 пайыз. Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру (халықаралық ұйымдармен жасалған шарттар саны, халықаралық жобаларға қатысқан оқушылар мен педагогтар үлесі)- 10 пайызды құрайды
Білім беру сапасын басқару бойынша оқушылар мен ата-аналар қажеттілігінің білім беру мониторингісінің нәтижесі негізінде басқарушылық шешімдер қабылдау өз деңгейінде. Білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесі қызметінің нәтижелілігі де жоғары деңгейде.
@ Тұрғаутова Динара Пернебекқызы – Мақтаарал ауданы білім бөлімінің М.Тоқжігітов
атындағы №42 жалпы орта мектебінің директоры
Сауран ауданының Майдантал ауылдық округіне қарасты, Ынталы елді мекенінде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асырылады. 600 оқушыға шақталған білім ордасының құрылысы биыл бастау алады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қолға алынған игі бастама ауыл халқының әлеуеттін арттыруға септігін тигізбек.
Жалпы Майдантал ауылдық округі 3 елді мекеннен құралған, атап айтсақ Ынталы, Қаражон, Егізқара елді мекендері. Ынталыда 2317 адам, Қаражонда 930 адам, Егізқара ауылында 59 адам. Жалпы ауылдық округте 3306 адам тұрады. Майдантал ауылы әкімі аппаратына 2023 жылдың 12 айында барлық шығындарын өтеуге 35 млн 270 мың теңгеге қаржыландырылып, барлық қаржы кезеңімен толық игерілді. Ал мүлік салығы 273000 теңге, жер салығы 159000 теңге, көлік салығы 3 539 014 теңгеге орындалды.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылы 12 айында атаулы әлеуметтік көмекке 118 азамат өтініш беріп, олардың ішінде 73 отбасына тағайындалды. 14 873 909 теңге төленді, қалған 45 отбасына кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады. Екі атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы «Ауыл аманаты» жобасы негізінде 2,5 пайыз несиеге өтініш білдіріп, кәсібін бастауына байланысты атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылды. Ақылы қоғамдық жұмысқа 50 азамат жұмыспен қамтылып, қазіргі таңда Ынтала және Қаражон елді мекендерінде көше тазалық жұмыстарын ақаруда. Жастарды жұмысқа тарту негізінде жастар пракикасымен 9 жас маман Әйтеке би жалпы орта мектебінде және Майадантал ауылдық емханасында 1 жас маман, Майдантал ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесінде 1 жас маман жұмыс атқаруда. Ал, демеушілік есебінен 10 отбасыға азық-түлік беріліп, 6 отбасы қатты отынмен қамтамасыз етілді.
Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебі оқушыларына «Жалпыға міндетті білім қоры» тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен 56 отбасының мектеп жасындағы 62 балаға құрал жабдықтары және мектеп формасы берілді. Мектеп мұғалімдері демеушілігімен жағдайы төмен отбасылардың балаларына (11 балаға) оқу құрал жабдықтарына көмек көрсетілді. Ауыл кәсіпкерлері демеушілігімен 34 балаға мектеп формасы берілді.
Қаражон жинақталған шағын жалпы орта мектебі оқушыларына «Жалпыға міндетті білім қоры» тарапынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының мектеп жасындағы балаларына (жалпы саны 25 оқушы) оқу құрал жабдықтары және мектеп формасы берілді. Сонымен қатар толық емес отбасы, яғни жартылай жетім 8 балаға демеушілер есебінен мектеп формасы мен оқу құрал жабдықтары берілді. Мектеп мұғалімдері демеушілігімен 10 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді.
Майдантал ауылдық округінде «Ауыл аманаты жобасы» бойынша Ынталы, Қаражон және Егізқара елді мекендерінен несие алуға 40 тұрғынынан өтініш түсіп, оның ішінде 31 өтінім «Ырыс» мекемесіне өткізілді. 21 өтінім мақұлданып, 15 азамат қазіргі таңда қаржыландырылды. Ауылдық округте «Сапа-СПК» ауылшаруашылық кооперативі құрылып, 27,600 млн.т несие «Ауыл аманаты жобасы» бойынша қаржыландырылды. Қазіргі таңда «Сапа-СПК» ауылшаруашылық кооперативі Қытай елінде шығарлыған ҮТО-LX954 тракторы және МТЗ-Казакстан ЖШС шығарған Беларус 920 тракторы қосалқы жабдықтармен алынып жұмыс жүргізуде.
Майдантал ауылдық округі бойынша жалпы жер көлемі 73258,47 га. Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері – 53630,39 га. оның ішінде:
3.Су қоры жері-560,0 га
4.Өнеркәсіп,байланыс,қорғаныс және өзгеде а/ш мақсатына арналмаған жерлер – 66,46 га
5.Орман қорының жерлері – 10015,90 га
6.Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлері – 20,5 га
7.Өзге жерлер – 591,75 га
Округке қарасты 3 елді мекеннің жалпы жер көлемі – 886,17 га.
Оның ішінде:
1.Ынталы елді мекенінің жалпы ауданы – 580,0 га
2.Қаражон елді мекенінің жалпы ауданы – 250,50 га
3.Егізқара елді мекенінің жалпы ауданы – 55,67 га
2023 жылы жоспар бойынша 1470 га жерге ауылшаруашылық дақылдарын егу жұмыстары жүргізілді .
Ауыл шаруашылығы мақсатында көктемгі дала жұмыстарына 135,0 тонна жеңілдетілген жанар жағармай шаруа қожалықтары төменгі бағамен алынды.
Майдантал ауылдық округінде 2023 жылы салынған нысандар мен жүргізілген жөндеу жұмыстары.
2.Ынталы-Егізқара елді мекені 5 км авто жолына орташа жөндеу (тас төсеу) жұмыстарына мердігер анықталып, 19 540 000 теңгеге тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
3.Қаражон елді мекені орталығына қосалқы құрылғыларымен ( 1 дана қуаттылығы 160 кВА трансформатор орнату) және Ынталы елді мекені орталығына қосалқы құрылғыларымен (1 дана қуаттылығы 160 кВА трансформатор орнату) жұмыстарына сметалық құны 22 000,0 мың теңге болатын тарансформаторлар қойылды.
Майдантал ауылдық округінде 2024 жылы салынатын нысандар мен жүргізілетін жөндеу жұмыстары.
Майдантал ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер де жоқ емес. Тұрғындардың талап тілегі бойынша:
Қаражон елді мекенінде интернет оптикалық интернет желісін орнату қажет.
– Бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу қажет ( тұрғын үй жері кезегінде тұрған 256 азамат).
– Майдантал ауылық округінің орталығы Ынталы елді мекенімен Қаражон елді мекені арасындағы 7 шақырым автомобиль жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
– Майдантал ауыл округіндегі Ынталы елді мекеніне таудан келетін жер асты транзитке су құятын 5 шақырымды құрайтын тас арықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет.
– Ауыл шаруашылығы егіс алқабына баратын тасарықты (лоток) күрделі жөндеуден өткізу қажет.жалпы ұзындығы 12 шақырым.
Жалпы алғанда ауылдың әлеуетті артып келеді. Мемлекеттік бағдарламалар мен Президент тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар халықтың қолайлы өмір сүруі мен ауылдардың өркендеуіне өз септігін тигізуде. Майдантал ауылдық округін дамыту мен тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын орындау да басты назарда болады…
@ Майдантал ауылдық округінің әкімі Жандос Досболов