— Тарихы терең, табиғаты тамаша, ел арасында «Кіші Швейцария» атанып кеткен Түлкібас ауданында өздеріңізбен жүздесіп, маңызды мәселелерді бірге талқылау үшін арнайы келіп отырмын. Ауданда 447 млрд. теңгеге 11 ірі инвестициялық жобаны іске асыру пысықталуда. Атап айтқанда, «Састөбе» инновациялық кешені жылына 100 тонна каустикалық сода, 1 млн. тонна цемент өндірісін қолға алуды жоспарлап отыр. Ауыз су және алкогольсіз сусындардың өндірісі іске қосылады. Жылына 2 мың тонна күркетауық етін өндіру және өңдеу жоспарлауда. Нәтижесінде 3 мың 635 жаңа жұмыс орындары құрылып, өнеркәсіп өнімінің көлемі 128 млрд. теңгеге, салық түсімдерін 13,5 млрд. теңгеге арттыру көзделуде. Былтыр ауданда 408 жаңа жұмыс орны ашылды. «Еңбек» бағыты бойынша 2 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу» жөніндегі тапсырмасының аясында 806 жұмыс орны ашылды,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Архив рубрики: Денсаулық
ТҮРКІСТАН: ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНДА «АКВАЧЕЛЛЕНДЖ» САЙЫСЫ ӨТТІ
Жаз – балалар асыға күтетін, түрлі қызыққа толы жыл мезгілі. Сондай-ақ, бұл демалыс маусымын бүлдіршіндер су қызықтарынсыз елестете алмайды. Осы орайда, бүгін «Оқушылар сарайы» — ЮНЕСКО клубында «Аквачеллендж» су эстафета сайысы өтті. Мекеме директорының орынбасары Асылзат Ибраеваның сөзіне сүйенсек, бұл сайыстың балаларға берері мол.
– Бүгін сарайымыздағы үйірмелерге қатысатын балалар өзара сайысып жатыр. Бұл іс-шараның басты мақсаты – оқушыларымыздың, жалпы жасөспірімдердің спорттық ойындарға деген қызығушылығын, жылдамдығы, дәлдігі мен ептілігін арттыру. Балаларды ұжымдық жұмысқа, бірге әрекет етуге үйретіп, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осы жарысқа қатысқан және көрермен болған барша бүлдіршіндер бүгін бір сергіп, серпіліп қалды деп ойлаймыз. Тағы бір айта кетерлігі – «Оқушылар сарайындағы» 60-тан астам үйірме жаз бойы балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін қызмет етеді, — деді ол.
Атап өтер болсақ, жарысқа түрлі үйірме оқушыларынан құралған «Достық», «Бірлік», «Пантера», «Алаш», «Beeline» және «Болашақ», жалпы 6 топ қатысты. Ең белсенді 30 оқушы 6 кезең бойынша сайысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, «Пантера», «Алаш» және «Болашақ» топтары үшінші орынды місе тұтса, «Достық» және «Beeline» топтары екінші орынға ие болып, жас таекводошылардан құралған «Бірлік» командасы жеңімпаз атанды.
Тиісінше, жүлдегерлерге арнайы диплом мен медаль берілсе, бас бәйгені қажығалаған командаға кубок тапсырылды. Айта кетсек, мұндай көңілді сайыстар мен түрлі іс-шаралар жаз бойы жалғасатын болады
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН “AMANAT CUP” ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ ТУРНИРІ ӨТУДЕ
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен, Түркістан қаласы әкімдігі және облыстық “Жастар Рухы” жастар қанатының бастамасымен Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған үстел теннисінен «AMANAT CUP» облыстық ашық турнирі өтуде. Турнирдің ашылуына «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары Қалыйма Жантөреқызы, Түркістан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Мырзабаев Арман және “Жастар Рухы” жастар қанатының облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерік қатысты.
Ашық біріншілік 2023 жылдың шілде айының 17-19 жұлдызына жоспарланған. Алғашқы күні дене қыздыру, жаттығу күніне арналған. Жарысқа Түркістан облысына қарасты аудан, қалалардан бөлек Шымкент қаласы, Жамбыл облысы, Қызылорда облысы және Қырғыстан мемлекетінен теннисшілер келді. Бүгін, 18 шілде жасөспірімдер арасында турнир басталды. 200- ге жуық жасөспірім турнирде бақ сынауда. 136 ұл, 64 қыз тіркелді.
Жалпы 7 санатты қамтыған жарысты ертең 19 шілде күні ересектер қорытындылайды. Жеңімпаздар арнайы алғыс хаттар мен жүлделі орындармен марапатталатын болады.
ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ «QAISAR» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Астанада «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымдастырған «Qaisar» әскери-патриоттық ойындары ұйымдастырылып, нәтижесінде Түркістан облысының жастары жеңіс туын желбіреткен болатын.
Түркістан облысының жүлделі орынды иеленген командасын бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, партия ғимаратында марапаттап, қайсарлы өңір жастарымен кездесу өткізді. Жастарға партия атынан алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.
— «Qaisar»-дың басты мақсаты жастардың бойында патриоттық рухты оятып, олардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан еліміздің абыройын асқақтататын жастарымыздың қатары көп болғаны қуантарлық жағдай, — деді өз сөзінде А.Үмбетәлиев.
Айта кетейік, 120 қатысушы екі күн бойы тартысқан додада өңір жастары жүлделі бірінші орынды иеленді. Олар қашықтыққа жүгіріп, арнайы әскери жаттықтырушылар дайындаған кедергілермен жүріп өтті. Сонымен қатар саптық дайындық деңгейлерін көрсетіп, «Менің елім – Қазақстан» атты әскери-танымдық викторинада білімін шыңдады.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Шымкентте олимпиадаға келген оқушылардың жаппай ауыруының себебі айтылды
Шымкентте олимпиадаға келген оқушылардың жаппай ауыруына ішек таяқшасы тобындағы бактериялар себеп болуы мүмкін екендігі айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап Тaq.kz сайты
Бұл туралы Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов мәлімдеді. Шымкент қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жүргізген зертханалық зерттеулерге тағам үлгілері, су сынамасы, сүртінді және асхана қызметкерлерінен бактерия тасымалдаушылыққа бактериологиялық зерттеуге анализдер алынған. Зерттеу нәтижелерінде сүртінділерден ішек таяқшасы тобындағы бактериялар табылған. Ал, қалған сынамалар бойынша әлі де жұмыс жүргізіліп жатыр.
«25 наурызда 15 науқас бала сауығып, стационардан шығарылды. Барлығында бактериологиялық зерттеулер нәтижесі – теріс. Оларға «Басқа және анықталмаған гастроэнтерит және инфекциялық колит» қорытынды диагнозы қойылды. Сондай-ақ, 23 наурызда №5 жатақханада тұратын 1 олимпиадаға қатысушы «желшешек» диагнозымен қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды, бүгінде сонда ем қабылдап жатыр», – деді Алдарқұл Ахметов.
Сондай-ақ, СЭҚБ мамандары жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде біршама шаралар қабылданған.
«23 наурыздан бастап №5 жатақханада тұратын олимпиадаға қатысушыларды тамақтандыру №1 қалалық мектеп-гимназиясының асханасына ауыстырылды. Берілген ұсыныстарға сәйкес, оқушылардың қатысуымен өтетін олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі тоқтатылды. 2023 жылдың 3-8 сәуірінде Шымкент қаласында өткізу жоспарланған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың форматы қайта қаралып, олимпиада аймақтарда өткізілетін болды», – деді ол.
Дәрігерлер сәбилердің ағзасынан 100-ден астам бөгде затты алып шыққан
Жамбыл облысында кішкентай балалардың тыныс алу жолдарына бөгде заттардың түсуі жиілеген, деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Былтыр осындай жағдаймен дәрігерге жүгінудің 30 дерегі тіркелсе, биыл небәрі үш ай ішінде 27 адам шағымданған. Сондай-ақ, былтыр асқорыту жолындағы бөгде заттарды алу процесі 160 рет болса, биыл алғашқы үш айдағы жағдай 50-ден асыпты.
Осыдан бір ай бұрын тараздық дәрігерлер бірнеше ине жұтқан баланы аман алып қалған болатын. Аймақта жыл басынан бері балалардың ағзасынан осындай ірілі-ұсақты 100-ге тарта бөгде зат шығарылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, балалардың ағзасынан алынған заттардың қатарында ілгек, түйме, тиын, кішкентай қыздардың шаш түйрегіштері, перде ілгіш, кілт, майда ойыншықтар, тіпті есту аппараттары бар.
«Бөгде заттар баланың ағзасына ауыз, мұрын, құлақ арқылы түседі. Тыныс алу жолдары арқылы кірген зат мұрын ішінде, кеңірдекте, өкпе тінінде тұрып қалуы мүмкін. Ең қауіпті жер – көмей мен кеңірдек. Тез арада медициналық көмек көрсетілмесе, балаға ауа жетпей 1-2 минут өтпей-ақ, көз жұмуы ықтимал. Мұндай жағдайлар, әсіресе 1-3 жастағы сәбилер арасында жиі кездеседі,» — дейді №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігері Ержан Серікбекұлы.
ШҚО-да карантин жарияланды
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған елдімекен әкімінің шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды ТАQ.KZ тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап
ҚЫЗЫЛША АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ЕКПЕ САЛДЫРУ ҚАЖЕТ
Қатерлі ісік ауруларының көшін сүт безі обыры бастап тұр
Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам адам онкологиядан қайтыс болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында мәлімдеді. Оның айтуынша, қатерлі ісік ауруларының көшін сүт безі обыры бастап тұр.
«Аурушаңдықтың құрылымын қарасақ: бірінші орында – сүт безі обыры (13,2%), екінші орында – өкпе обыры (10%), үшінші орында – колоректалдық обыр (9,3%) тұр. Жыл сайын елде обырдан 13 мыңнан астам адам қайтыс болады. Өлім құрылымында бірінші орында өкпе обыры (16,3%), екінші орында – асқазан обыры (12%), үшінші орында – тоқ ішек обыры (10,6%),» — деді Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ, өткен жылы еліміздің бірқатар облыстары республикалық көрсеткіштерге қол жеткізе алмаған.
«2022 жылдың қорытындысына сәйкес Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары 5 көрсеткіштің үшеуі бойынша республикалық көрсеткіштерге қол жеткізе алмады. Мәселен, Қостанай облысы – өлім-жітім көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 1,2 есе жоғары, ерте диагностикалау 5 пайызға төмен, көзге көрінетін обыр 4 пайызға жоғары. Ақмола облысында өлім-жітім көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 1,5 есе жоғары. Ал ерте диагностикалау 6 пайызға төмен, елдегі көзге көрінетін обырдың ең жоғары көрсеткіші 27 пайызды құрады,» — деді Ажар Ғиният.